5 -бет 6 -бет жастар газеті жастар – болашақтың кепілі №3



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата15.03.2017
өлшемі3,76 Mb.
#9693
1   2   3   4

Жастар ұйымдары ауыл-

дарда да қызмет етсе…

Бүгінде елімізде 1000 астам ұйымдар бар. 

Оның  ішінде  11  республикалық  деңгейде 

жұмыс  жасап  жатыр.  Соңғы  онжылдықта 

елімізде жастар ұйымдарының саны 7 есе-

ден  астам  өсті.  Қазақстан  жастар  конгресі 

(2002)  жəне  «Нұр  Отан»  ХДП  жанындағы 

«Жас  Отан»  жастар  қанаты  (2008) 

сияқты  бұқаралық  ұйымдарға  жастардың 

шоғырлану  процесі  жалғасуда.  2005  жылы 

«Қазақстан 

студенттерінің 

альянсы» 

студент  жастардың  қоғамдық  бірлестігі 

құрылды.  2011  жылдан  бастап  «Қазақстан 

жас  депутаттарының  қауымдастығы»,  ал 

республиканың  бүкіл  өңірлерінде  –  жастар 

мəслихаттары  жұмыс  істейді.  2011  жылы 

«Жас Қыран» жəне «Жас Ұлан» балалар мен 

жасөспірімдерге  арналған  жаңа  ұйымдар 

пайда  болды,  олардың  басым  міндеті 

патриоттық  тəрбиелеу  болып  табылады. 

Жастар  ұйымдар  бірқатар  бағдарламалар 

мен  бастамалармен  жұмыс  жасап  келеді. 

Мəселен,  «Жастар  практикасы»,  «Жа-

сыл  ел»,  «Жастар  кадрлық  резерві», 

«Мемлекеттік  қызмет  мектебі»,  «Жастар  – 

Отанға!»  бағдарламалары  іске  асырылып, 

қоғамдық оң көзқарасқа ие болуда.

Еліміздің  жас  буыны  өсіп  келе  жатқаны 

қуантарлық  жайт.  Алайда,  жастар  арасын-

да  жиі  кездесетін  мəселелердің  шешілмеуі 

жастар  арасындағы  қылмыс,  суицид, 

психологиялық  дағдарыстарға  ұшырауына 

ықпал  болып  жатады.  Сол  себепті,  жа-

стар  саясатының  басты  парасы  –  жастар 

ұйымдарының  қызметі  екені  анық.  Жастар 

ұйымдарының  ауылдар  мен  аудандарда 

қызмет етуін қадағаласа құба құп болар еді. 

Соңғы сайлау қорытындылары бойынша жа-

стар саясатқа белсене атсалысып жүргенін 

аңғаруға болады. Бұл да жас буынның мем-

лекет  ісіне,  ел  болашағына  немқұрайлы 

қарағысы  келмейтінін  аңғартса  керек.  Жа-

стар  саясаты  қанат  жайып,  өз  тұғырынан 

орын табуы шарт.



P.S.  Тəуелсіз  елдің  ертеңі  бүгінгі 

жастардың  қолында  екені  даусыз. 

Қазақстанда  жастар  саясатына  баса 

мəн  беріледі.  Өйткені  Қазақстанның 

əрбір  екінші  тұрғыны  30  жастан  жас 

азаматтар.  Дамыған,  бəсекеге  қабілетті, 

гүлденген  Қазақстанды  қалыптастыру 

кəсіптік білімі, дені сау əрі адамгершілігі 

мол, бəсекеге қабілетті, елін сүйер жəне 

əлеуметтік тұрғыдан жауапты жастардың 

ғана қолынан келеді. Осыған байланысты 

мемлекеттің  басым  міндеті  мемлекеттік 

жастар  саясатын  уақыт  талаптары-

на  сай  бейімдеу  арқылы  жастарды 

Қазақстанның  бəсекеге  қабілеттілігінің 

маңызды  факторына  айналдыру  керек 

екендігін тағы баса қадап айтамыз.

Жанар ЕЛЕШОВА

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ – 

ЖАСТАР САЯСАТЫНАН БАСТАЛАДЫ

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 

университетінің студенті,

Марат Ақбөпе

ЕҢСЕЛІ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ…

Қазақстанның  тəуелсіз  мемлекет  ретінде  танылуы 

Н.Ə.Назарбаевтың  Ұлт  көшбасшысы  қызметінің  жемісі.  Елба-

сы  туралы  кітап  жазған  ағылшын  жазушысы  Дж.Айткен  2009 

жылғы 14-шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне бер-

ген сұхбатында «…Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқы үшін 

сіңірген бəрінен де үлкен еңбегі аса қиын жағдайда сан ұлттан 

құралған  халқын  соңынан  ертіп,  олардың  тарихи  қалыптасқан 

достығы мен ауызбірлігіне сына қақтырмай, топтасқан күйінде сын сəттен сүріндірмей 

алып  шыққандығы,  осының  негізінде  жас  та  тəуелсіз  мемлекетті  құра  алғандығы  деп 

есептеймін. Ұрпақтарға болашақ үшін жол сілтейтін бұл құбылыс Қазақстан тарихындағы 

маңызы өлшеусіз болып табылады жəне əлі талай айтылатын болады» деген.

Ұлт  көшбасшымыздың  көрегендігі,  мемлекет  пен  халық  тағдырына  қатысты  өзекті 

мəселелерді болжай білгіштігі дана адамға ғана тəн қайталанбас парасат иесінің бейнесі. 

Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысының кемеңгерлік қадамы қарыштап алға 

басады.  Міне,  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 

бағыты» атты Елбасы Жолдауының шыққанына аз ғана уақыт өткеніне қарамастан, ел-

басымыз еліміздің жарқын болашағы үшін «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан 

Республикасы  мемлекеттік  жастар  саясатының  2020  жылға  дейінгі  тұжырымдамасын 

қабылдады.

Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылған мемлекеттік жастар саясатының 

тұжырымдамасы бəсекеге қабілетті, ұлтжанды ұрпақ тəрбиелеуге бағытталған маңызды 

құжат.  14  пен  29  жас  аралығындағы  жастардың  барлық  санаттарының  назардан  тыс 

қалмай,  жаппай  қамтылуы  –  тұжырымдаманың  басты  ерекшелігі.  Тұжырымдамада 

ел  жастарының  көңілінен  шығатын  тұстар  өте  көп.  Солардың  бірі  –  қолжетімді  баспа-

намен  қамту  жайы.  Жастарды  баспанамен  қамту  мəселесінің  биылғы  жылдан  бастап 

мықтап қолға алынатындығына қуаныштымыз. Сонымен қатар, жас кəсіпкерлерге қолдау 

көрсетіледі, жас ғалымдар да назардан тыс қалмайды. Өз басым мемлекеттік жастар са-

ясаты туралы тұжырымдамадағы мақсаттар мен міндеттерді толықтай қолдаймын жəне 

оның жүзеге асуына өз үлесімді қосқым келеді.

Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаев біздің буынның сүйіп оқитын кітабына айналған 

«Қазақстан  жолы»  атты  өз  еңбегінде  атап  айтқандай,  «Егер  де  жастар  гуманизмді, 

білімді, жауапкершілікті, əділдікті таңдап алса жəне өзімшіл болмаса, онда олармен бірге 

табыс та ілесіп жүреді». Егер əрбір азамат осы пікірді қолдаса, сол бойынша өмір сүрсе – 

еліміздің болашағы зор болады. Қазақстанның болашағы жарқын! Келешек жастардың 

қолында!


С.Торайғыров атындағы ПМУ Агротехнология 

факультетінің студенті,

Ғабит Хафиз

Ел сеніп жүрген жастардың 

жайы қандай?

Қазақстанның  тəуелсіздік  алған  тұстан  бастап  қазіргі 

кезеңге дейінгі дамуы барысында еліміздің экономикалық 

жəне қоғамдық-саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер бо-

лып,  нəтежиесінде  экономика  саласымен  қоса,  саяси 

салада да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Атал-

мыш салалардағы қайта өзгертулер, ірі жобалар, шиеленіскен мəселелер барлық 

тұрғын  халықтың  əлеуметтік  қабаттарына,  оның  ішінде  жастарға  да  ықпалын 

тигізді. Міне осы себептен жас ұрпақтың ойдағыдай əлеуметтеніп дамуы елеулі 

істердің көлеңкесінде қалып қоя берді.

«Мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы»  заңда  жастардың  əлеуметтік  жағдайы 

ескерілмей қалғанын баса айтар едім. Оның өзіндік себебі жоқ емес. «Мемлекеттік 

жастар саясаты туралы» заң алғашында 1998 жылғы əлемдік дағдарыстан кейінгі 

жағдайды ескере отырып қабылданды. Меніңше, қазіргі кезде бүкіл əлем қаржы 

дағдарысынан  қалай  аман  қаламыз  деп  қарбаласып  жатыр.  Соған  қарамастан, 

болашағымызды  баянды  ететін  заңды  жалпы,  жастар  мəселесін  ысырып  шетте 

қалдыруға болмайды. Əсіресе қазақ жастарын рухани азудан құтқару керек. Оның 

үстіне жастар саясаты – патриоттық тəрбие, мемлекеттік идеология жұмыстары 

өзара сабақтасып жататын ауқымды мəселе. Қай заң болса да жалаң декларативті 

сипатта қалып қоймай, жастардың өзекті мəселелерін шешуге жұмыс істеуі керек. 

Нақтырақ  айтқанда,  патриотизмге  тəрбиелеу,  əлеуметтік  қолдау  жəне  құқықтық 

қорғау  назардан  тыс  қалмаса  деймін.  Өкінішке  қарай,  əлі  күнге  дейін  жастар 

мəселесімен  түбегейлі  айналысатын  бірде-бір  мемлекеттік  жеке  орган  жоқ. 

ЖОО-дағы  жастар  кəсіподақтарының  жұмысы  жастар  саясатын  жүзеге  асыруға 

жеткіліксіз. Білім жəне ғылым министрлігінде Жастар саясаты департаменті бар. 

Бірақ жастар мəселесі ЖОО-да білім алып жатқан студенттермен шектеліп қалмауы 

керек.  Мəселен,  оқу  бітіріп,  отбасын  құрып,  жұмыс  істейтін  көпшілік  жастардың 

құқықтық мəселесі, жалпы жағдайы ескерілмей келеді. Өркениетті елдерде жастар 

саясатының дұрыс жолға қойылғаны белгілі. Жастар туралы заңды қабылдадық, 

енді оны іске асыруды шет елмен салыстыра отырып атқару керек деп ойлаймын. 

Өзгенің жақсы-жаманын ескере отыра жасалған іс өміршең болмақ.

Олай  болса  президентіміз  Н.Ə.Назарбаевтың  бастамасы  жастар  саясатының 

2020  жылға  дейінгі  тұжырымдамасы  жастардың  қоғамдағы  орынын  айқындап 

береді деп ойлаймын.



4

Ұлыстың ұлы күні



Журсиля Кайрул-

лаева, кітапхана 

қызметкері

Наурыз  –  ерекше 

мейрамдардың 

бірі. 


Жер  беті  жаңарып, 

адамдар  жаңаша  күн 

кешеді.  Біздің  уни вер-

ситетімізде  де  Наурыз 

мейрамы  қарсанында 

«Наурыз  келді!  Көк тем 

келді!», «Махаббат жа-

лыны» атты кітап көрмесін ұйымдастырдық. 

Былайша  айтқанда  оқырман  қауымға  ерек-

ше  сыйлық  болды.  Ал  біздің  оқырмандар 

наурызға  қарсы  жылы  сөздері  мен  қолдан 

болса да шың жүрегінен жасалынған аққуды 

наурыз тарту етті. Менің ойымша сыйлықтың 

қандай  екені  маңызды  емес,  ең  бастысы 

жүректен сыйланса болғаны.

Тəуелсіздікпен  бірге  запыран  замандарда  жо-

ғалтқан  ұлттық  болмыс-бітімімізді  бүтіндеп,  құн-

ды лықтарымызды  қайта  жандандырып  жатырмыз. 

Десек  те,  барымызды  бағамдап,  бай лығымызды 

түгендеуге  əлі  де  салғырт  қарайтынымыз 

анық  аңғарылады.  Мəселен,  бір сыпыра  салт-

дəстүрлеріміздің  тамыры  солғалы  қашан?!  Ал, 

салт-дəстүр дегеніміз, ол қай ұлт тың болмасын бет-

бейнесі, жаны, ұяты, ұлы қазынасы.

«Наурыз»  мейрамы  ежелден  ата-бабамыздың 

асыға күтетін, асыр салып тойлайтын думаны болған

Сəулесі бар Наурызда таңғы үміттің

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы күні паш етейік

Белгісін Достық пенен Мəңгіліктің

Наурыз  жылдың  бірінші  күні,  жыл  басы,  көктемнің 

алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, 

Əз Наурыз», «Əз болмай, мəз болмас» деп қарсы алған. 

Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қыстан аман-

есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу 

мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін 

құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтылады. Наурыз – 

бақыттың  бастамасы,  жақсылықтың  жаршысы,  өмірге 

нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін 

күн.

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні

1926  жылдан  бастап,  тоталитарлық  жүйенің  ық па-

лымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Ал 

1988  жылдан  бері  наурыз  мейрамын  тойлау  дəстүрі 

өз  жалғасын  тапты.  Бұл  мереке  жөнінде  Абай  «Біраз 

сөз  қазақтың  қайдан  шыққаны  туралы»  деген  тарихи 

мақаласында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың со-

нау «хибаги», «хүзағи» деп аталған заманға дейін апа-

рып: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы 



болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. 

Сол күнді «Ұлыстың Ұлы күні» дейді екен», – деп жазады. 

Ақын Наурыз тойын дінге жанастырмай, көктем мерекесі 

екенін ашық жазады да, «Ұлыстың Ұлы күні» деген сөздің 

өз заманында алғашқы мəнін өзгертіп, Құрбан айтқа бай-

ланысты айтыла бастағанын ескертеді. Наурыз мерекесі 

1997  жылы,  15  наурызда  Қазақ  ССР  Президентінің 

қаулысының негізінде мемлекеттік мəртебеге ие болды. 

ҚР Тұнғыш Президенті Н.Назарбаев наурыз айының 22 

жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 

жылдың 24 сəуірінен наурыз айының 21, 22, 23, күндеріне 

Наурыз мерекесін мемлекеттік деңгейде тойлап келеді. 

2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар ұйымының Бас ас-

самблеясы «Халықаралық Наурыз күні» атына сəйкес 21 

наурыз – Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.



Наурыз – көне мейрам

Орта  Азия  халықтарында  5000  жыл  бойы  аталып 

өтілуде.  Əлемдегі  тойланатын  мейрамдардың  көнесі. 

Наурыз  мерекесінің  туу  тарихы  турасында  талас  көп. 

Көбі  ел  аузындағы  аңызға  жүгінеді.  Аңыздың  өзі  сан 

алуан.  Дегенмен,  аңыздың  түбінен  ақиқаттың  бір  ұшы 

қылт ететіні де рас. Кейбір ғалымдар бұны зороастризм 

кезеңіне дейінгі уақытпен байланыстырады. Кейбіреулер 

Парсы патшасының жорықтарымен жақындатады.

Наурыз  –  халқымыздың  ежелден  желісі  үзілмей  жет-

кен  көне  салт-дəстүрлері  мен  əдет  –  ғұрыптары  руха-

ни,  мəдени  жəне  адамгершілік  дүниеміздегі  қымбат 

қазыналарымыздың бірі.

Əбу  Райхан  Бируни,  Омар  Һайям,  т.б.  еңбектерінде 

шығыс  халықтарының  Наурызды  қалай  тойлағанды ғы 

туралы мəліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар 

Наурызды  бірнеше  күн  тойлаған.  Олар  бұл  күндерде 

əр  жерге  үлкен  от  жағып,  отқа  май  құяды,  жаңа  өнген 

жеті  дəнге  қарап  болашақты  болжайды,  жеті  ақ  кесе-

мен  дəстүрлі  ұлттық  көже  наурыз  көже  ұсынады,  ескі 

киімдерін  тастайды,  ескірген  шыны  аяқты  сындырады, 

бір-біріне  гүл  сыйлап,  үйлерінің  қабырғасына  дөңгелек 

ою – күн нышанын салады, үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі, 

түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.



Наурыз қай елдерде тойланады?

Наурыз  мемлекеттік  мереке  ретінде  Қазақстанда, 

Қырғызстан,  Түркия,  Тəжікстан,  Албания,  Əзір-

байжан,  Иран,  Түркіменстан,  Ауғанстан  мен  Ирактың 

Күрдістанда,  Үндістан  мен  Македонияда,  сондай-ақ, 

Татарстан,  Башқұртстан,  Босна-Гершек,  Пəкістан, 

Қытай  жергілікті  жерлерінде  тойланады.  2010  жыл-

дан  бері  ол  ұлттық  мереке  ретінде  Грузияда  тойланып 

келеді.  Наурыз  мерекесін  тойлау  дəстүрі  дүние  жүзі 

халықтарының  көпшілігінің  тұрмыс-салтында  бағзы  за-

мандардан  орын  алған.  Бұл  мейрамды  ежелгі  гректер 

«патрих»,  бирмалықтар  «су  мейрамы»,  тəжіктер  «гүл 

гардон», «бəйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «нау-

сарджи», татарлар «нардуган», буряттар «сагаан сара», 

соғдылықтар  «наусарыз»,  армяндар  «навасарди»,  чу-

ваштар «норис ояхе» деп түрліше атаған.



Нұқ пайғамбар заманынан тойланып 

келе жатқан мереке

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан 

қалыптасқан  жыл  бастау  мейрамы. Бұл  кезде  Ұлыстың 

Ұлы күні деп неге аталады? Бір күні Нұх пайғамбардың 

кемесі  Қазығұрт  тауына  келген  сəтте  жердің  бетін 

жайлаған топан су кері қайтады. Сол сəт жер бетіне та-

баны  тиген  барлық  тіршілік  иелері  көк  аспаннан  түскен 

қасиетті  қазаннан  дəм  татады.  Содан,  бұл  күнді  – 

Ұлыстың  ұлы  күні  деп  жариялайды.  Ұлыс  күні  міндетті 

түрде  қазан  пайдаланады.  Жеті  қазынаның  бірі  –  қара 

қазанның  халқымыздың  тұрмыс-тіршілігінде  атқарған 

қызметі  аса  қастерлі  де  мəнді.  Оған  сиынған  халықтың 

наным-сенімдер  желісінің  елестері  біздің  дəуірімізге 

түрлі көмескіленген ауыз əңгімелер түрінде жетіп отыр.



Наурыз күндеріндегі салт-дəстүрлер 

мен ырымдар

Əр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған, жаңа өнген 

жеті дəнге қарап болашақты болжаған, жеті ақ кесемен 

дəстүрлі  наурыз  көже  ұсынған,  ескі  киімдерін  тастаған, 

ескірген шыны аяқты сындырған, бір-біріне гүл сыйлаған, 

үйлерінің  қабырғасына  дөңгелек  ою  –  «күн  символын» 

салған,  үйлеріндегі  тіреу  ағашқа  гүл  ілген,  жамбы  ату 

тəрізді түрлі жарыстар өткізген, бұл күні кəрі-жас мəз бо-

лып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.

Түйін.  Кектің  тынысын  тыңдап,  жердің  тамырын 

басқан,  тұрмыс-тіршілігін  табиғат  –  анамен  тығыз 

байланыстырған  халқымыз  Наурызды  жаңару  мен 

жасампаздықтың  бастауы,  ырыс  пен  берекенің 

арқауы деп бағалаған. Олай болса, наурыз мерекеcі 

баршаңызға  жаңа  жетістіктер,  молшылық  пен 

татулық  əкелсін,  жылан  жылы  тыныш,  туған  жер 

аман болып, əр отбасында шат көңіл, бақыт береке 

салтанат құрсын. Бұл күн – күн мен түннің теңелетін, 

жан–жануар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, 

жер жүзінде шаттық орнаған күн. Ұлыстың ұлы күні, 

құтты болсын ағайын!

Айгерім СОЛТАН

ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА НАУРЫЗ 

ТАРТУЛАРЫН СЫЙЛАЙСЫЗ БА?

Бибігүл 

Мұқанқызы, 

мұғалім

Атам заманнан 

сыйлық  сыйлау 

дəстүрі 


бірлік 

пен 


татулыққа 

қо ғам ды  баулу 

үшін не гіз дел ген. 

Бү гін гі 

қо ғам-

да  осы  дəс түр ді 



ұстанса екен деген тілек бар. Жаңа 

жылда,  көктемнің  нұрлы  шуағында 

үл кен 

адамдарға 



«Белкөтер» 

сияқты  дəстүрді  жалғастырып, 

тəтті тағам əзірлеп беру нұр үстүне 

нұр  болар  еді.  Бір  жақсы  құнды 

сыйлық  сыйласақ  қарттарымыз  да 

бір  шаттанып  қалады  ғой.  Жастар 

бір – біріне сүйіспеншілік танытып, 

көңілдерінен  шығатындай  сыйлық 

сыйлап жатса құба құп.

Ахметова 

Маржан, 

студент

Иə,  Наурызда 

ж а қ ы н д а р ы м а 

сый лықтар  жа-

саймын. Бұл күнi 

ескi ше жаңа жыл 

ғой,  сондыктан 

бұл  күні  ренiш 

ұмытылып адам-

дар  татуласып,  жылы  сөздермен 

қауышады.Ежелден  келе  жатқан 

«Ұйқыашар»,  «Селтеткізер»  дəс-

түрлеріне  сүйене  отырып  қазіргі 

замаңғы 


сыйлық 

сыйлаймын. 

Мысалы:  Əдеміліктің  символы 

ретінде гүл, айна, сырға, алқа сын-

ды  сыйлықтарды  құрбыларыма 

сыйлаймын.  Себебі:  Бұл  күнде  өз 

дəстүрімізді  ұмытсақ  ертеңгі  күн 

бұлыңғыр болады ғой.



Ернар 

Бекебаев, 

əскери 

қызметкер

« Ұ й қ ы а -

шар»  «Сел-

т е т  к і  з е р » 

сынды  сый-

лық  сыйлау 

дəс түр ле рі 

бар  еке нін 

қо ғам ға  жақ-

сы лап  дə ріп те се  көп ші лік  бұл 

салтты  бі лер  еді  деп  есеп тей-

мін. Өз басым сүйік ті ме əр мей-

рам  сайын  сый лық  сый лау ға 

тырысамын.  Бір де  гүл,  əше кей 

бұйым дар сыйлаймын. Ал бі рақ 

22 Наурызда сыйлық сыйламап-

пын.

БЕЛКӨТЕРЕР



Ертеректе  наурыз  мерекесінде  ата-əжелер,  қа-

рия  кісілердің  үйіне 



«белкөтерер»  апарып,  жас-

тар бата алған екен. Бұл – қарт кісілерге арналған 

жылы-жұмсақ тағамдар. Олар əрі жұмсақ, əрі дəмді, 

нəрі  мол  қазы,  сарымай,  жент,  қымыз,  ақ  ірімшік, 

бал, тағы сол сияқты тамақтардан əзірленеді. Бұны 

балалары, көрші-қолаңдар, сыйлас кісілер арнайы 

дайындап  апарады.  Бұған  риза  болған  қарттар 

оларға өздерінің 



ақ батасын айтады.

СЕЛТЕТКІЗЕР МЕН ҰЙҚЫАШАР

Осы  күні  жас  қыздар  мен  жігіттердің  бір-біріне 

беретін  ерекше  сыйлықтары:  «селтеткізер» 

мен  «ұйқыашар».  Сағат  он  екіде,  жұрт  ұйықтап 

қалмауы  үшін  жас  қыздар  «ұйқыашар»  деп  ата-

латын дəм тағайындап, өздері ұнатқан жігіттерге 

апарып  береді.  Ұйқыашардың  қарымтасына 

жiгiттер  селт  еткендіктен  «селтеткiзер»  рəсiмiн 

жасайды. Яғни, қалауынша айна, тарақ, зергерлік 

бұйым дарды сыйлаған екен.

Ұлыстың  Ұлы  күні  бозбала  мен  бойжеткен  бір-

біріне  «ұйқыашар»  мен  «селтеткізер»  сыйлаған. 

Көктемнің  нəзік  сезімдері  наурыз  тартулар  арқылы 

айшықтала  түскен.  Мəдениетімізге  жат  Валентин 

мерекесін  көпшілік  қауым  ерекше  күтіп,  ғашық  жан-

дар  бір  –  біріне  деген  сезімдерін  сыйлық  арқылы 

білдіріп жатады. Ал, Ұлыстың Ұлы күні ұсынылатын 

сыйлар  бүгінде  неліктен  тартылмайды?  Тарих-

тан  біліп,  кітаптардан  оқып  қана  қоятын  сый  тарту 

дəстүрін бұл қалпынан шығара аламыз бе екен?

Сауалнаманы жүргізген Назгүл РАБИЛОВА

Ұлағаты мол Ұлыстың ұлы күні



5

Қыз ғұмыры

Дəріс  беруші  жалпы  журналистер  үшін  аты  аңызға 

айналған  профессор  Тауман  Амандосов  екен.  Асыға 

күткен сəт те туды. Қоңырау соғылысымен аудитория есігі 

ашылды да, жазық маңдай, қыран жанар, буырыл шашты, 

кең иықты, таяққа сүйенген ұстаз кіріп келді. Бəріміз орны-

мыздан тұрып, амандасу рəсімін жасадық.

– Жарайды, жігіттер, отырыңдар, (“қыздар” деп айтпады 

да.–  С.Қ.)  –  деді  де,  үстел  үстіндегі  журналға  бір  қарап, 

бəрімізді отты жанарымен шарпып өтті. “Профессор не дер 

екен?” дегендей үнсіз отырмыз.

–  Ау,  мынау  журналистиканың  тарихында  болмаған 

жаңалық қой. Елудің 21-і қыз. Бұрын əрі кеткенде төртеуден 

аспайтын.  –  Дауысында  қуаныштан  туған  таңдану  емес, 

əлденеге  беймазалану  бар.  Аудиторияны  үнсіздік  жайла-

ды. Кенет, тынысын тереңнен алып:

–Айналайын,  қыздарым-ай,  журналистиканы  бекер 

таңдапсыңдар! Араларыңнан шықса, екі-үш қыз ғана жур-

налист болар, одан көп болса, мұрнымды кесіп берейін, –

деді.

Аңсай  күткен  профессорымыздың  тосын  əңгімесі 



жанымызға қатты батты. Арамызда “біз өмірді көріп келдік” 

деп  үнемі  өзін  көтере  сөйлейтін  ересектеу  қыз  болатын, 

сол орынан тұрып:

– Ағай, неге олай дейсіз? – деді.

–  Əй,  шырақтарым-ай!  Журналистика  –  күн  мен  түннің 

ара жігін елетпейтін, қызығынан қиындығы көп мамандық. 

Боран соғып тұр ма, жаңбыр жауып тұр ма, басың ауырып, 

балтырың сыздап тұр ма, бəрі бір – газетке ұшқыр мате-

риал керек екен, ешбір сылтаусыз жолға шығып, ертеңіне 

көрген,  білгеніңді  ой  елегінен  өткізіп,  қағазға  түсіріп, 

редактордың үстеліне қоюың керек. Ұлы сөзде ұяттық жоқ. 

Қыз бала күйеуге шығады. Ал күйеуің мазасыз біреу болса, 

əр басқан қадамыңа тұсау салып, “не мен, не газет” дейді. 

Так  что,  журналистика  қыздардың  қолы  емес.  Пока  не 

поздно, орындарыңды табыңдар. Сендердің орындарың – 

медицина, мектеп. Экономист, бухгалтер болсаңдар, тіпті, 

жақсы», – деген Қазақстан журналистер одағының мүшесі 

Светлана Қайыпғалиеваның «Егемен Қазақстан» газетінде 

жарық көрген туындысы ойыма оралды.

Шыңдығына  келгенде  көпшілік  адамдардың  тұ жы-

рымдары  осылайша  сипатталады.  Иə,  журналист  өте 

жігерлі  жəне  қиын  мамандықтардың  бірі.  Бірақ  қазіргі 

қоғамда  мамандық  таңдау  саласында  ер  мен  əйел  деп 

бөлудің жөні бар ма? Мəселен, қазіргі қоғамда əйел адам-

дар  өндірісте  де,  құрылыста  да,  көлікті  де  жүргізіп,  бала 

да  тəрбиелеп,  журналистер  қызметін  алып  та  жүр.  Со-

нау  қазақ  журналистикасының  сандуғаштарына  айналған 

Лəзиза  Серғазина,  Руслана  Құдайбергенова,  Нəзипа 

Құлжановалардың  орны  бөлек.  Кəсібім  өмірім  –  деп 

халықтың  жаршысына  айналғандары  анық.  Қазақ  журна-

листикасында қазақ қыздарының еңбегі ерен болған.

 Ал қазір экранның жұлдыздарына айналған Дана Нұр жі гіт 

пен Қымбат Досжан сияқты журналист əйелдер өз біліктілі-

гін  баяғыда-ақ  дəлелдеп  кетті.  Кəсіби  шеберліктерінің 

ар қасында  «нағыз  журналист»  деген  атаққа  ие.  Шғар ма-

шылығымен ұшталатын мамандықта қыздарымыз аз емес. 

Дегенмен,  əйел  заты  үшін  журналистиканың  қиындығы 

мен қызық тұстарын білуге кəсіби журналистердің ақпарат 

құралдарында берілген пікірлерін ұсынсам:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет