5. 2-тапсырма. Өз ойыңызды жазыңыз



Дата22.06.2022
өлшемі7,96 Kb.
#37174
түріСабақ

5.2-тапсырма.
Өз ойыңызды жазыңыз:
Менің оқыту тәжірибемдегі педагогикалық дизайн.
Менің пән бойынша сабақ жоспарлау тәжірибем қалай өзгереді?
Менің оқыту тәжірибемдегі педагогикалық дизайн.
Менің пән бойынша сабақ жоспарлау тәжірибем қалай өзгереді?
Педагогикалық шеберлік орталығында әзірленген бірінші деңгей бағдарламасын игеру барысында мен өмірге деген көзқарасымды, жалпы мектептің оқыту тәжірибесіне, әріптестеріммен, оқушыларыма қарым-қатынасымды өзгерте бастадым. Деңгейлік бағдарламаның негізгі идеясын түсінгеннен кейін мектептің оқу үрдісіне өзгерістің қажеттілігін ұқтым. Бағдарлама аясында енгізіліп жатқан өзгерістердің тиімді екенін өз бойымнан да көре аламын.
Біріншіден, өз тәжірибеме қатысты рефлексия жасауға үйрендім. Себебі ЭЫДҰ-ның 1-ші сілтемесінде былай делінген: «Мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз тәжірибесіне қатысты рефлексия жасауға, яғни ой толғауға міндетті». Осы сілтемені негізге ала отыра рефлексия жасаудың арқасында атқарылған іс-шараларды ой елегінен өткізу арқылы кемшіліктерді көріп, оны болашақта болдырмау үшін нені өзгерту керек екендігі туралы ойланып, тәжірибе жинақтап, оның менің өсуіме ықпалы болды. Әрдайым өзіме «Неге?» «Не себепті?» деген сұрақтар қою арқылы оның шешімін іздеп отырдым.
1. Талдау (оқыту қаншалықты қажет (білім алушылардың қажеттіліктеріне талдау жасау) оқу қандай мақсатты талап етеді (оқу мақсаттарына талдау жасау), алдағы оқудың құралдары мен жағдайлары қандай (жағдайларды талдау).
2. Жобалау (жоспарлау, прототиптерді әзірлеу, негізгі шешімдерді таңдау, сценарийлерді құру).
3. Әзірлеу (жоспарларды, сценарийлерді, прототиптерді оқу материалдарының жиынтығына, контентке айналдыру).
4. Қолдану (Оқу материалдары оқу процесінде қолданылады).
5. Бағалау (оқу нәтижесі бағаланады, бағалау нәтижелері оқу материалдарын түзету, пысықтау үшін пайдаланылады).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет