5 Дәріс: Кәсіпорын нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу Дәріс мақсаты



Дата17.11.2022
өлшемі17,33 Kb.
#50783

5 Дәріс: Кәсіпорын нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу
Дәріс мақсаты – Кәсіпорын нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлығының теориялық негіздерін меңгеру.
Негізгі түсініктер. Кәсіпорын . Кәсіпорын нарығын. Кәсіпорын нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлығы.
Дәріс сұрақтары

  1. Кәсіпорын нарығы

  1. Кәсіпорын нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлығы

  2. Кәсіпорын нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлығының әсер ететін факторлар

Өнеркәсiпке арналған тауарлар рыногi (ӨАТ)
ӨАТ нарығы – бұл сатылатын, жалға берiлетiн және басқа тұтынушыларға жеткізілетін тауарлар мен қызметтердi өндiру үшiн қолданылатын тауарлар мен қызметтердi сатып алатын ұйымдар мен тұлғалар жиынтығы. Оған келесi салалар кiредi: ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, тау-кен өнеркәсiбi, өңдеу өнеркәсiбi, құрылыс, көлiк, байланыс, коммуналды шаруашылық, қызмет сферасы.
ӨАТ нарығының негiзгi сипаттамалары:

  • сатып алушылар саны аз;

  • аз болғанымен сатып алушылар iрi;

  • сатып алушылар географиялық шоғырланған;

  • ӨАТ сұранысы тұтыну тауары сұранысымен анықталады, икемсiз сұраныс;

  • бұл тауарларға сұраныс күрт өзгередi (тұтыну тауарына сұраныстың өсуi шикiзатқа, отынға және энергияға, жұмыс күшiне және тауар өндiрiсi үшiн қажеттi құрал-жабдыққа сұранысты бiр уақытта өсiредi).

  • бұл тауарды сатып алушылар – тауар жөнiнде бiлiктi мамандар (техникалық сараптамашылар).

ӨАТ сатып алушылар тәртiбiне (iс-құлығына) 4.1-суретте келтiрiлген факторлар тiзбегi ықпал етедi.
Сатып алуды iске асыру жағдаятының негiзгi үш түрi бар:
өзгертусiз қайта сатып алу;
 өзгертумен қайта сатып алу;
 жаңа мәселелердi шешу үшiн сатып алу.
Шешiмдердiң ең аз саны - өзгерiссiз қайта сатып алушылардың үлесiнде, ал ең көп саны жаңа тапсырманы (мәселенi) шешу үшiн сатып алушылар үлесiнде.

1-сурет. ӨАТ сатып алушының іс-құлығына ықпал етуші факторлар


Жаңа тапсырманы (мәселенi) шешу үшiн сатып алу iс-әрекеттi кезiнде, сатып алушы өзi үшiн төмендегiлердi анықтау керек: тауардың техникалық сипаттамасы, баға шегi жабдықтау шарты мен уақыты, техникалық қызмет ету шарты, төлем шарты, тапсырыс мөлшерi, қолайлы жабдықтаушылар, «таңдалған» жабдықтаушылар.


Көптеген сатып алушылар комплектiлi сатып алуды көздейдi (мысалы өзара байланысты тауарлар тобы сатылса және қорды басқару, өндiрiс жүйесi және т.б. ұсынылса).
ӨАТ сатушылар қоршаған ортаның нақты факторларына өзiнiң тактикасын орната отырып, мына факторларды қатаң есте сақтауы қажет: ұйым ерекшелiгi, сатып алу iс-әрекетiне ықпал ететiн жеке қатынастар және жеке тұлғалардың ерекшелiгi.
Бұл тауарды сатып алушылар бiрнеше кезеңдердi ескерiп соңғы шешiм қабылдайды:
 мәселенi сезiну;
 қажеттiлiктi жалпыламалы сипаттау;
тауар сипаттамасын бағалау;
 жабдықтаушыларды iздеу;
 ұсыныстар сұратыру;
 жабдықтаушыларды таңдау;
 процедураны өңдеу және тапсырманы беру;
 жабдықтаушылар жұмысын бағалау.
Осы кезеңдер толығымен, жаңа тапсырманы шешу үшiн сатып алу iс-әрекетi жағдайында жүзеге асырылады. Өзгерiссiз және өзгертулі сатып алу iс-әрекетi жағдайында көрсетiлген кезеңдердiң бiрнешеуi (кейбiреулерi) қысқартылады.
Осы себептi, өнеркәсiптiк маркетинг - өз клиенттерiнiң қажеттiлiгi басты тапсырма болатын және сатудың тиiмдi маркетингтiк жоспарын қалыптастыру үшiн олардың сатып алу iс-әрекетi процедурасының ерекшелiгi басты болып табылатын сатушы қабiлетiнiң сферасы
Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай факторлар рыноктағы тұтынушылардың мінез-құлқын (іс-қылығын) анықтайды?

  1. Сатып алушының мінез-құлық моделінің құрамдастырының маңызы және рөлдерін сипаттап көріңіз?

  2. Үрдістің қай кезеңдерінде және сатып алу шешіміне қалай басқа біреудің және қоршаған жағдайдың әсері болады және қалай өтеді?

  3. Жаңашыл тауарды қабылдау үрдісін сипаттап шық.

  4. ӨАТ рыногын сипаттаңыз?

  5. ӨАТ сатып алушыларына әсер ететін факторларды талдаңыз?

  6. ӨАТ сатып алушыларының шешім қабылдау үрдісін қарастырып шығыңыз?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А. Маркетинг iaaicaa?i – Aeiaou.: ²acaº oieaa?neoaoi, 2002

  1. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент - СПб.: Питер Ком, 2001

  2. Есимжанова С.Р. Маркетинг в Казахстане: Теория методология, практика А: Аян Эдет, 2004г.

  3. Голубков Е.Н. Маркетинговые исследования: теория, практика и методология – М.: ДИС, 2003


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет