5 дәрістің тақырыбы: Білім берудің гуманистік парадигмасын жүзеге асырудың психологиялық аспектілері Жоспары: А. Маслоудың «Гуманистік психология»



бет2/7
Дата30.04.2022
өлшемі111.99 Kb.
#32919
1   2   3   4   5   6   7
1-сурет. Мотивация құрылымы

 Мотивация құрылымының қадам бойынша іске асырылуын оқушының танымдық мотивация бойынша түсіндіретін болсақ, баланың оқуға деген мотивациясын арттыруда, алдымен, оның сабаққа деген қызығушылығын ояту; қызығушылық болған жағдайда баланың саналы түрде оқуға, тануға деген өзіндік қажеттілігі пайда болады; осыдан келіп бала білім алуға байланысты өзіндік мақсатын қояды (мақсатты бала өзі қоюы қажет); ал мотив адамды əрекет жасауға итермелейтін ішкі күші деп түсінсек, бұл жерде баланың оқу мақсатына сəйкес өз əрекетін ұйымдастыруы жатады (үй тапсырмасы, таңертең сабаққа тұру деген əрекеттерді ата-ананың нұсқауымен емес, өздігімен жасауы); əрекет дегеніміз — мақсатқа жету барысында қолданылатын амалдар мен тəсілдер. Осы тізбек ретімен орындалып шыққанда мақсатқа қол жеткізу жəне қажеттілік пен қызығушылықтың қанағаттандырылуы жəне баланың оқу мотивациясының қалыптасқандығы туралы айта аламыз. Қорыта айтқанда, жаңа формация педагогы үшін гуманизм принципіне сəйкес мақсат қойып, соған қол жеткізуде ішкі мотивінің болуы өте маңызды.

Адам қажеттілігі иерархиялық сипатқа ие болғандықтан, төменгі қажеттіліктер қанағаттандырылмайынша, жоғары қажеттіліктерді өтеуге деген мотивациялардың мəні маңызды бола бермейді. Себебі төменгі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда өз маңыздылықтарын жояды да жоғары қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген мотивация пайда болады. Өмірдің мəнін түсінуге тырысу арқылы адам өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып өзін дамытуға талпынып, тұлға дамуының жоғарғы кезеңі — өзін жүзеге асыру кезеңіне өтеді.

Тұлғаның жоғарғы қажеттілігі болып табылатын өзін-өзі өзектендіруге деген қажеттілігі, яғни адам өз табиғатынан кім бола алады сол салада өзін өзектендіруі, өзінің потенциалды мүмкіндіктерінің жоғарғы шыңына жетуі. Қандай мамандық саласы болмасын адамның өзін өзектендіруіне негіз бола алады, сол кəсіпті терең игеріп, сапалы орындау арқылы да жоғары қажеттіліктерін қанағаттандыруға болады. Кейде адамдар өз əлеуметін түсінбей, оны жетілдіруді маңызды деп ойлай бермейді, себебі өз мүмкіндігі мен қабілеттеріне күмəнданады, ал өзін-өзі өзектендіру тəуекелге бел байлаумен, сыртқы күшке қарсы күресумен байланысты болғандықтан, қауіпсіздікке деген қажеттілікті қанағаттандыруды қолайлы санайды. А.Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы бойынша бойымыздағы психологиялық түйінді анықтап, сонымен жұмыс жасау арқылы дамудың келесі кезеңіне өтеміз.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет