5 дәрістің тақырыбы: Білім берудің гуманистік парадигмасын жүзеге асырудың психологиялық аспектілері Жоспары: А. Маслоудың «Гуманистік психология»



бет6/7
Дата30.04.2022
өлшемі111.99 Kb.
#32919
1   2   3   4   5   6   7
Білім беру моделі

Бүгінгі күннің негізгі міндеті — білім беру жүйесін дамыту парадигмасының «баршаға білім беруден — таңдау бойынша білім беруге» ауысуы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығында, «Жалпыға білім беру» моделінен «əр адамға білім беру» моделіне көшуге негізделген.

Ұстаз шəкіртінің білім алуға деген құштарлығын тудыра алмаса, оның ынтасы, пəнге қызығушылығы қалыптаспайды. Білім беруде оқушы өзі ізденіп жаңа тақырыпты өз бетінше оқып, түсініп, сыныптастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз нəтижеге қол жеткізгені. Оқушының білім алуға, ізденуге деген жауапкершілігі артқан сайын мұғалімнің міндеті мүлде өзгеріп, ол шəкіртімен пікірлесетін, олардың білгенін саралап, қиналған тұстарына кеңес беретін бағыт берушіге айналуы керек. Жаңаша білім беруде педагог өз бойында ізгілік принциптерін меңгерумен қатар, шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалыққа ұмтылып, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгергенде ғана білімі мен білігі жоғары маман бола алады. Педагог əр сабағын мақсат көздеп, проблемалық ситуациялар бере отырып, оқушының ойлануына, шығармашылық қабілетінің шыңдалуына жағдай жасайды. Таңдаған мамандық саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, заман талабына сай бейімделе білу адамнан икемділікті де талап етеді. Ал өзгерістерге тез бейімделу үшін ойлаудың шаблонды түрінен гөрі икемді болуы қажет.

Кəсіби шеберліктің жоғарғы шегі — шығармашылық жұмыс. Анықтамасына тоқталсақ, шығармашылық — бұл теорияны практикамен шебер ұштастыру, оқу-тəрбие проблемаларын жоғары біліктілікпен шешу, белгілі бір бақылау, зерттеу жүргізу. А.Маслоудың гуманистік психология теориясы бойынша өзін сыйлата білу жəне өзін өзектендіре білуге деген жоғары қажеттіліктерді қанағаттандырумен сəйкес келеді. Шығармашылық іс-əрекетке қойылатын талаптар:



  • мақсат көздеу, оған жетуде белгілі бір тақырыппен айналысу;

  • оқытудың, тəрбиелеудің жəне дамытудың технологияларын, əдіс-тəсілдерін кеңінен оқып үйрену, меңгеру;

  • ғылыми ойларды, озық педагогикалық іс-тəжірибелерді, білім беру технологияларын, əдіс- тəсілдерді мектеп практикасына, оқу-тəрбие үрдісіне кеңінен енгізуде белгілі бір зерттеуден (эксперимент) өткізу;

  • кезіккен проблемаларды шешуде білім, білік, дағдыны жүзеге асыру;

  • жүргізілетін жұмыстардың нəтижесін талдап, мониторинг жүргізу;

  • алынған қорытындыны баспаға шығару, тəжірибе тарату.

Білім сапасы білім, іскерлік, дағды негіздерінен тұрады: берілетін теориялық білімнің оқушы мүмкіндігі мен жас ерекшелігіне сəйкес жүйелі болуы, оқушының алған білімді практикада қолдану арқылы  оны  дағдыға  айналдыруы.  Сапалы  білім  осы  үш  негізді  педагогикалық  ұжымдағы əрбір мұғалім қамтамасыз еткен жағдайда жүзеге асады. Ол үшін оқушының танымдық мотивациясына назар аударып, білімге деген қызығушылығымен, қажеттілігін қалыптастыру ең маңызды бастама болып табылады. Берілген білімді оқушы өз əрекетінде диагностикалап, өзін-өзі бағалап, өз іс- əрекетін мақсатқа сəйкес жоспарлап жүзеге асыру арқылы кемшіліктері мен олқылықтарын анықтап дер кезінде түзетулер енгізсе, тиімді нəтижеге қол жеткізе алады. Нəтижеге  бағыттала  жұмыс жасауда ізгілікті педагог жұмысын жүйелі ұйымдастыру үшін білім беру саясатының мақсатына сəйкес, мектеп мақсатын ескере отырып, өз пəнінің мақсатын қояды. Себебі оқушылардың білім, білік жəне дағды деңгейі, пəндердің оқытылу жағдайы үнемі бақылауда болып, оқушы біліміне кешенді диагностика жүргізіп, алынған нəтижелерге үнемі талдау жасалған жағдайда педагогтың өз іс-əрекетіне деген жауапкершілігі артады. Оқыту үрдісінде алынған нəтиже бастапқыдағы мақсатқа сəйкес келсе, яғни, білімнің сапасы үнемі бағаланып, алынған нəтиже мен күтілген нəтиже өлшеніп отыратын мониторинг жүргізіліп отырса, оқушы бойында қалыптасып жатқан білім, білік, дағдының көзделген мақсатқа сай болуы немесе ауытқуын көре аламыз. Мониторинг қорытындысы арқылы педагогте, оқушы да өз əрекеттеріндегі кемшіліктер түзеліп, айырымдар анықталады. Осы əрекеттер үнемі жүргізілген жағдайда педагогтар мен оқушылардың танымдық мотивациясы артады жəне нəтижеге бағытталған іс-əрекет жүзеге асады.

Білім берудегі гуманистік парадигманы жүзеге асырудың психологиялық аспектілерін ескере отырып ізгілікті қасиеттерді бойына сіңірген педагогикалық ұжым, білім беру  мекемесінде гуманистік орта құру арқылы өзін жəне өзгені сыйлап, құрметтей алатын, ойын еркін жеткізе алатын, стандарттан тыс ойлауға қабілетті, өзімен жəне қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүретін, толыққанды тұлғаның тəрбиеленуіне ықпал етеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет