5. Үйде оқытылатын оқушыларға білім беру мазмұны



Дата19.11.2022
өлшемі12,26 Kb.
#51200

5. Үйде оқытылатын оқушыларға білім беру мазмұны

Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).


Әрбір білім беру деңгейінің мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалардың кешені (немесе жиынтығы) болып табылатын жалпы білім беретін бағдарламалармен айқындалады.
Үлгілік қағидалардың 19-тармағына сәйкес инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, оның ішінде үйде оқытылатын балалар жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін. Ал 20-тармақта оқу және тәрбие процесі оқу жұмыс бағдарламаларына және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатыны атап көрсетілген.
Үлгілік оқу жоспарының вариативті бөлімінің пәндері (оның ішінде түзету пәндері) бойынша үлгілік оқу бағдарламасы болмаған жағдайда, сондайақ білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдеу кезінде үйде білім алушы үшін «жеке оқу жұмыс бағдарламасын» әзірлеу ұсынылады.
Осылайша, үйде оқытылатын оқушылардың пәндік білім мазмұны жалпы білім беру пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен, қажет болған жағдайда білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, кемістіктің күрделілігін, ерік-жігер саласының ерекшеліктерін, сырқаттың жүру сипатын есепке ала отырып жасалған үлгілік оқу бағдарламалардың негізінде әзірленген жеке оқу жұмыс бағдарламасымен анықталады.
Үлгілік оқу бағдарламаларының (немесе жеке оқу жұмыс бағдарламалар) негізінде мұғалімдер әрбір пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлейді, ол әдістемелік бірлестіктің отырысында талқыланады және мектеп басшысымен бекітіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет