5-сынып Математика Әдістемелік нұсқауға қосымша



бет1/24
Дата22.05.2023
өлшемі0,66 Mb.
#95811
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

5-сынып
Математика
Әдістемелік нұсқауға қосымша
(Авторлары: А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова)


Қалыптастырушы бағалауға және жиынтық бағалауға арналған тест тапсырмалары


1 тарау. Натурал сандар және нөл саны


Қалыптастырушы бағалауға арналған 1-тест тапсырмалары (§1)


Дұрыс жауапты белгілеңдер:
1. Сандардың натурал қатары қай саннан басталады:
1) 0 2) 1 3) кез келген
2. Натурал қатарды көрсетіңдер:
1) 0, 1, 2, 3, 4, 5 4) 1, 2, 3, 4, 5
2) 0, 1, 2, 3, 4, 5, … 5) 1, 2, 3, 4, 5, …
3) 1, 3, 6, 2, 4, 5, …
3. Жұп цифрды көрсетіңдер:
1) 0 2) 1 3) 10 4) 11.
4. Тақ цифрды көрсетіңдер:
1) 0 2) 1 3) 10 4) 11.
5. Барлығы қанша араб цифры бар?
1) 7 2) 9 3) 10 4) шексіз көп.
6. Барлығы қанша сан бар?
1) 7 2) 9 3) 10 4) шексіз көп.
7. Барлығы қанша рим цифры бар?
1) 7 2) 9 3) 10 4) шексіз көп.


Қалыптастырушы бағалауға арналған 2-тест тапсырмалары (§2)


Дұрыс жауапты белгілеңдер:
1. Бірлік кесіндінің ұзындығы
1) тек 1 см 2) тек дәптердің бір торкөзі 3) кез келген шама.
2. Координаталар басына сәйкес келетін нүкте
1) сәуленің басы 2) сәуленің кез келген нүктесі.
3. Бірлік кесіндінің бір ұшы қай кезде координаталар басы болады?
1) әр уақытта 2) кейде ғана.
4. Санды сәуледе не міндетті түрде белгілеу керек?
1) натурал қатардың әр санын
2) натурал қатардың бірнеше санын
3) бірлік кесіндінің ұштарын немесе ұзындығы бірлік кесіндінің ұзындығына еселік болатын кесіндінің ұштарын белгілеу керек.
5. «А нүктесінің координатасы 9-ға тең» сөйлемінің жазылуы
1) 9 (А) 2) А (9) 3) А – 9 4) 9 – А.


Қалыптастырушы бағалауға арналған 3-тест тапсырмалары (§3)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет