5. VII-XII ғғ. мұсылман ғалымдарының ғылыми жаңалықтары



Дата17.05.2022
өлшемі174,52 Kb.
#34753

1 билет

1. Дәстүрлі араб-мұсылман философиясының қалыптасуындағы саяси-әлеуметтік алғышарттар

Рулық құрылымның әлсіреуі. Қолөнер мен сауда қызметінің қарқындылығы. Жамағат- үмбеттің құрылуы. Арабтар үшін біртұтас мемлекеттіліктің құрылуы. Билік теократиясы. Мемлекет басында және діни өмірде заң бойынша құдайды мойындаған пайғамбар әулетінен шыққан имам жұмыс істейді. Төрт әділ халифаның тұсында - Әбу Бәкірдің (632-634), Омардың (634-644), Османның (644-656), Әли (656-661) және Омайядтардың (656- 661) билігі кезінде араб халифатының аумағы бірнеше рет кеңейген.X ғасырда, Багдад халифаты феодалдық мемлекеттерде биліктің ыдырауы кезінде зайырлы билеушілер басып алды, ал Бағдад халифаты мұсылман әлемінің ең жоғарғы діни билігі болып табылатын имам ретінде өзінің діни қызметін сақтап қалды.

2. Әл Кинди – алғашқы «араб философы», «ақиқатты іздеуші» Аристотель философиясының негізгі тұжырымдарын араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл Әл Кинди,шығыс перипатетизмнің атасы деп есептелді,осылайша "араб философы-ақиқатты іздеуші" деген құрметті лақап атқа ие болды.Ақиқаттың қайдан шыққанына ұялатын ештене жоқ ол тіпті біз танымайтын білмейтін алыс елден болса да ақиқат іздеген адамға ақиқаттың өзінен жақсы ештене де жоқ ақиқатты бізге жеткізгендерге жоғарыдан карауга болмайды,ақиқатпен ешкімді төмендету мүмкін емес,керісінше адамды биікке көтеретін акикат

3,Эманация Эманация- бұл сәулелендіру, ағыс, күн сияқты жарқырайды, жылу береді, жарық береді және күн сәулелерін жылытады.

2 билет


5.VII-XII ғғ. мұсылман ғалымдарының ғылыми жаңалықтары

Әл хорезми 780-860- aрифметикалық трактат Математиканың дербес саласы ретінде алгебраның негізін калаушы,алғаш 0 санын қолданды транскрипциясы Әл хорезми-алгоритм

Әл-Баттани(858-929) Астрономия бойынша кестелер курды,Күн жылын есептеді,тригонометриялық функцияларды зерттеді

Әл Бируни(973-1048) математика,астрономия,ботаника,тарих Жер шенберін анықтады Жердің күнді айналуының мүмкіндігін тапты заттың салыстырмалы салмағы анықталды. Жер бетінін ауданын есептеді

Ибн Хейсам(965-1051) Оптиканың негізін калаушы (Бейнелеу кітабы) Кеплер,Л.Д.Винчидін әрекеттеріне серпініс берді,ғылыс әлемінде бұл кітап 600 жыл ішінде іргелі болып саналды. Сфералық айналарда жарықтың шағылысу механизмі

6. Ибн Синаның таным теориясы

Ибн Сина әлемді тану теориясы үш кезеңнен тұрады: - бірінші тікелей нақты сезімдер, яғни спаа қасиет байланыс қатынастар объектісінің бейнеі- бұл алғашқы саты. -екінші кезең ойда бейнеленген заттардың бейнесі негізінде заттардың идеясымен тұжырымдамасын қалыптастыру. -үшінші кезең бұл адам ойымен ғана қол жетімді дерексіз абстарктілі ойладуың жоғарғы формасы. Яғни сезім пайым ақыл.

7. Дахрит Дахрит- бірінші қағида-бұл дүниенің мәңгілігі туралы ереже, дүниенің құдаймен бірге мәңгілігі

3 билет

8. Әл Кинди философиясындағы ғылым топтамасы

1.Сан туралы ғылым-математикалық ғылымдар кешені,барлық ғылымдар негізі Матем үлкен мәнге ие,сан болмаса,есептеу де болмайды айта кету керек,дәл осы жағдай,пифогоршылдармен сәйкес келеді,себебі пифагорда өзініз еңбектерінде әлем сансыз,есептеусіз тіршілік ете алмайды дейд,ал сан әлемсіз тіршілік ете береді,себебі кез келген нарсенін сандық өлшемі бар,ұзындығы,ені,биіктігі,салмағы,көлемі жане т б , бунын бари сандық өлшемдер болып табылады матем,жоғарғы матем де де абстракциялау(шынайылықтын кандай да бір аналогы) жүреді 2.Екінші ғылым-бұл геометрия қатаң дәлелдер негізіндегі аудан өлшемдері туралы ғылым,бұл түсініктіде,сол уақыт үшін осы аумақтық бейне дәл осы геометрияның дамуына септігін тигізді,жерді есептеу,өңдеу,қалалардың салынуы,урбанизация,геометриялық жоспарлау-осының барлығы геометрияға акеледі 3.Келесі ғылым жұлдыздар туралы,астрономия,жане астрология осы үш ғылым бірігіп,үйлесімділік ғылымын құрайды.Үйлесімділік барлық ғылымдарда орын алады жане бұл алем мен адам жанынын курылымы туралы ғылымда анық байқалады. Гармония туралы ілім негізінен сандар,геометрия,жұлдыздар туралы ғылымдардан турады,баскаша айтканда үйлесімділік туралы ғылым-бұл ғалам туралы ғылым Мұнда Әл Кинди дүниені калай тану керектігін немесе өз заманында әл фараби айткандай потенциялды акылдан белсенді акылға калай жету керектігіне жол сілтейді

9. Ортағасырлық мұсылман мәдениетіндегі ой еркіндігі

10. Детерминизм Детерменизм- үшінші қағида. Себепті шарттылық қағидасы негізінде құрылады. Дүниедегі барлық зат себепті шартталған.Себеп-салдар

4 билет


11. Әл-Фарабидің таным теориясы (ақыл-потенция, белсенді, игерілген, ғарыштық)

Потенциалды ақыл-ойлауға қабілеттілік,адам потенциялды акыл мен дүниеге келеді,дәл осы пот,акылды абайдан да таба аламыз,содан кейн тілді уйрену процесінде грамматиканы логика матем,игеру барысында белсенді акыл потенциялды акылдан шығатыны белгіілі болады,бул адамға белсенді акылды жүзеге асыруға көмек беретін бастапқы білім,адамнын жануардан айырмашылығы оссында,жануарда потенциялды акыл болмайды,сондықтан оларды окыту мумкын емес,потенциялды акыл оған белсенді қатынасты талап етеді,егер ешкандай даму болмаса,адам баскалармен араласпаса ол сол вегетативті жануар куйінде калады

Игерілген акыл-ой тұжырымы,акылды тәжірібие арқылы қалыптасады,яғни жаратқанды тану арқылы бақытқа кенелу тәсіллі,баскаша айтканда бұл белсенді ғарыштық акылды тану,яғни адам жаны белсенді гарыштық акылда болады жане адам ен сонында осы иерархия бойымен жоғары қозғала отырып,оны тани бастайды,жане ары карай алғашқы мәнге жетеді,ақылдылыққа адам тәжірибиелік қызметтін аркасында кол жеткізеді Белсенді ғарыштық акыл бәрін камтиды,ол ай асты әлеміне бағытталған,белсенді акыл жане игерілген акыл,белсенді ғарыштык акылмен байланыста болады,сондыктан әл фараби үшін акыл адамның психологиялық жағдайы касиеттерінін бірі гане емес,онын кәбілетінін ерекшеліктерінін ен жоғарғы көрінісі

12. Әл-Ғазали этикасындағы жетілген адам идеясы

әл ғазалидін әдептіліктегі кемел адам туралы идеалы ізгілік пен әділеттілік категорияларымен байланысты,адамгершілік пен әділеттілік,өйткені кудай жаксылықты жасаушы,адам да осы жаксылыкты өз бойында дамытуы керек,әл ғазали әділеттілікті зұлымдық пен ізгіліктін ортасы деп атауға болмайды деп санайды,ол әділеттілік терминін көбінесе жаннын шынайы күйінін синонимы ретінде колданады,бұл жан ішіндегі әділеттілік жаннын калпы,әл ғазалидің адам бойындағы кемел адам туралы идеалы әділеттілік пен арамдықты жену категориясынан куралған,сопыларға да тән болған,адаамгершілікті жетілдіруге апаратын жол бұл тарикат,ол өзінін ішкі адами менін терендету,жетілдіру кемістіктерін болдырмау дегенді білдіреді

13.Метафизика Метафизика” терминін алғаш қолданған Аристотель. Сөзбе-сөз алғанда ол “физикадан кейін келетін” деген мағына береді. Аристотель оны “ бірінші философия” деп атады; ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді.

5 билет

14. Шығыс елдеріндегі философия мен ғылымның өз ара байланысы (VII-XII ғғ.)

араб халифаты жағдайында,әсіресе бағдад халифаты кезенінде ғылыми білімге деген қызығушылық артты,көптеген аудармаларда,филос жане ғылыми енбектерде,грек тілінен алынған табиғат,астрономия,жаратылыстану туралы әртүрлі білімдер жазылған жане топтастырылған,химия,физика,био,әсіресе математика жане осы білімнін көкжиегі кенейе түсті

VIII-XIIғ таяушығыстағы ғылым жолындағы адамдарға өте улкен кұрмет көрсетілді,оларға адамгершіліктін улгісі ретінде карады,сондықтан ғылыммен бар жанымен айналысу адамнын адамгершілік тұрғыда тазаруына ен жақсы жол деп есептелді,ғылымнын өзі өмірмен тығыз байланысты болды,діни ыкпалдан толык босатылған, философия тарихы араб тілді ойшылдардын ғылымнын дамуына коскан үлесін егжей тегжейлі сипаттайды,

15. Әл-Фарабидің онтологиялық жүйесі (әлем иерархиясы)

16. Араб халифаты

Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж.) мен алғашқы төрт халифтің (Әбу Бәкір (632-634 ж.ж.), Омар (634-644 ж.ж.), Осман (644-656 ж.ж.), Әли (656-661 ж.ж.)) билігі; Омейядтар династиясының билігі (661-750 ж.ж.); Аббасидтер династиясының билігі (750-1258 ж.ж.)Халифаттың мемлекеттік құрылымы. Мемлекеттік билік орталықтандырылған сипатта болатын. Мемлекет басында жоғарғы діни (имамат) және мемлекеттік (эмират) билікті жүзеге асыратын халиф тұрды. Мемлекеттік басқарудың орталық органдары ретінде диуандар (ведомстволар) қызмет етті: 1) диуан-әл-джунд — әскерді қаруландыру мен жабдықтау бойынша ведомствосы; 2) диуан-әл-харадж-қаржылық-фискальдық (салықтық) ведомствосы: 3) диуан-әл-барид — жол және пошта бойынша ведомствосы. Жоғарғы шенеунік болып уәзір табылды, ол тек халифтың алдында ғана есеп беретін болған. Провинцияларды әмірлер басқарған. Кез келген империя сияқты халифатқа да бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінуге тура келді, оған сонымен қатар халифаттың тұрғылықты халықтарының үздіксіз көтерілістері де әсер етті. Жергілікті әмірлер қол астындағы әскери күштерін нығайтып, өздерін дербес басшы ретінде жариялауға тырысты.Мұндай жағдай Хорасандағы (Иранның бір бөлігі) тахиридтарда. Орта Азиядағы саманидтарда, Египеттегі тулунидтарда, Армениядағы және Грузияның бір бөлігіндегі багратидтарда, Ирандағы буидтарда кездесті. X ғасырдың басында Аббасидтердің колында иек Араб Ирагы мен орталығы Багдаттағы Батыс Иран ғана калды, мұның алдында, VIII ғасырдың аяғында Испаниядағы Кордова әмірлігі (астанасы Кордова қаласы) бөлініп шықты. Нәтижесінде Аббасид халифтері саяси биліктен айырылды, оларда тек кана діни билік сақталып қалды. Халифаттың құқығы. Шариғаттың діни ережелер жиынтығы екенін ескере отырып, шариғатты құқық пен діннің тоғысуы ретінде түсінуге болады. Шариғаттың негізгі қайнар көздері болып мыналар табылған:Құран — діни-моральдық ережелерден құралған, мұсылмандардың басты қасиетті кітабы; Сүннет — Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен жүріс-тұрысы туралы хадистердің (аңыздардың) жиынтығы, мұнда отбасылық-мұрагерлік және сот құқығының ережелері көрініс тапқан, ол белгілі бір дәрежеде сот прецедентіне ұқсас болып келеді, яғни, Мұхаммед пайғамбардың белгілі бір істерге қатысты шығарған шешімдері кейінгі соған ұқсас істерге үлгі ретінде қолданылатын; Иджма — беделді ислам заңгерлерінің шығарған шешімдері, ол жоғарыда аталған қайнар көздер қамтымай өткен мәселелерге қатысты шығарылатын, бұл жағдайда судьялардың (иджтихад) дербес қалауы қолданылатын.

6 билет


17. Авиценна философиясындағы онтология (әлем болмысы жайлы)

Ибн-Сина «ғылыми мәселелердің түрлерін түсіндіру» деп атаған болмысты ғылыми тұрғыдан зерттейді. Осындай төрт сұрақ бар: «бар ма?» Тіршіліктегі бейболмыс немесе болмыс туралы сұрақ, яғни «ол бар ма», бұл зат бар ма, тас бар ма, металл бар ма, бар ма шынымен, шынында тіршілік ете ме – бірінші сұрақ.Екінші сұрақ, оның бар не жоғына көз жеткіздік. Егер ол болмаса, сұрақтар бітті. Сонда нені зерттеу керек, жоқ затты қалай зерттейміз. Ал егер бар болса, «бұл не» деген екінші сұрақты қоямыз. Міне «не, бұл не зат» адамда туылғаннан бастап болатын сезімдік деңгейде болатын қызығушылық сұрақтары болып табылады. Инстинкт, бұл не? Бұл тек білім инстинкті ғана емес, қызығушылық инстинкті, алайда оның өзін өзі сақтау инстинктіне тікелей қатысы баар. Бгл не? Қауіпті-қауіпті емес, өлтіреді-өлтірмейді, пайдалы-пайдасыз. Адамда осы инстикт бар ма немесе жоқ па. Егер адам осы дүниеде бағдар табуға қиналатын болса. «Бұл не зат?» менің алдымда, яғни бұл заттың қасиеттері және сапасы туралы сұрақ қойылатын, зерттелуі тиіс заттың қандай сапалары болатындығын сұрайтын сұрақ.Біз қоятын келесі сұрақ бұл «ол қандай?» -Бұл не, қалай? Ол қандай? «Ол қандай» заттарды нақтылауда олардың нақты белгілері нақты көріністері ол қозғалыста қандай болатындығы, ол отта қандай болатындығы, ол суда қандай болатындығы, ол әр түрлі жағдайларда қандай болатыны туралы қойылатын сұрақ. Ол қандай да бір нақты көріністерде қандай болатыны туралы сұрақ. Бұл металл балқи ма, сынғыш шыны ма немесе қатты ма деген сұрақ?Және төртінші сұрақ «Неліктен?». Себептері туралы қойылатын сұрақ. Егер ол сынғыш болса, онда ол неліктен сынғыш? Егер ол қатты болса, неліктен, егер ол иілгіш-солқылдақ болса, неліктен иілгіш? Осының барлығын Аристотельден алынған. Айта кету керек Аристотельде дәл сол себептер бар: материалдық себеп, формалды себеп, ары қарай қозғайтын себеп және соңғы көзделген себеп не мақсатпен не үшін? Неліктен?

18. Ибн Араби – суфизм өкілі

Сопылық ойшылдар ілімінде кемел адам тұжырымдамасы /әл-Инсан әлКәмил/орталық орынды алады. Сопылық және жалпы классикалық арабмұсылман ағымындағы ойлау жүйесінде «кемел адам» терминін сопылар арасында «ұлы шейх» (аш-шайх аль-Акбар) деген лақап атпен белгілі философиялық сопылық ілімінің негізін салушы Ибн-Араби (1165-1240) болатын. Ибн-Араби шығармаларында осы терминнің мазмұнын алуан түрлі қырдан ашатын ондаған синонимдері бар, және олардың бәрі осы мәнмәтінде жетілудің бір қарағанда солай көрінуі мүмкін моральдық этикалық мағанада емес, онтологиялық және гностикалық мәнде.Кемел адам туралы ілімнің көптеген қырларының ішінде үш негізгі қырын бөліп көрсетуге болады: онтологиялық, космологиялық және гностикалық қырлар. Енді соларға толығырақ тоқталамыз. Ибн-Араби және оның ізбасарлары, вуджудистердің философиясында ең алдымен, абсолютті монизм философиясы бар, яғни, жалғыз және бөлінбейтін құдай. Олардың құрылымының басты ерекшелігі барлық тіршілік атаулының, яғни барлық болмыстың абсолютті бірлігі туралы вахдамутлака/ ілім болып табылады. Дүние бір және құдаймен бірге, мәңгі. Кез-келген көптіктің соңында олар оның бірлігінің барлығын қамтитынын көреді. Кез-келген затта олар оны басқа заттармен байланыстыратын, оларды органикалық тұтастыққа тұрақтандыратын Жалғыз, Бірінші және Болмыстың көрінісін байқайды.Барлық болмыс бір, деп жазады әл-Араби, және әлемде ең жоғары бірыңғайдан басқа, немесе көп нәрседен көрініс табатын (көп затта бір болатын)вагдадальвагдадтан басқа ештеңе жоқ

19. Ишракизм

ИШРАКИЗМ (араб тілінен аударғанда «ишрак» — «нұрлану») (жарықтандыру философиясы, иллюминативизм), классикалық араб-мұсылман философиясы мектептерінің бірі. Ишракизм исламға дейінгі ирандық мәдениет мұрасын, ең алдымен зороастризмді ортағасырлық ислам ой-пікіріне тән монистік ұстанымдардан қайта қарастырудың нәтижесі болды.

7 билет

20. Әл Кинди– шығыс перипатетигі

жалпы Әл Кинди философиямен айналысатын адам үшін математика астрология асстрономия геометрия сияқты ғылымдардың алар орны көп деп есептеген,себебі ол адам математиканы білмей,бірак философияны өмір бойы оқыса да оны барипте түсіне алмайды деген тұжырым келтірген болатын,әсіресе әлемнін жалпы көрінісін бейнелейтін астрономия барлық білімді қамтитын философиянын ішіндегі манызды ілім болып саналады

Әлкинди білімді екіге бөледі-сезімдік таным-жануарларға ғана тән,жане акылмен таным-адамдарға тән,Шығыс перипатетизмінін тарихында төрт интеллект немесе белсенді акыл туралы тұжырымдаманын ерекше орны бар,әмбепаптар жиынтыгы төменнгі болмыста потенциялды акылға ие,игерілген акыл-жанда бар әмбепаптардың жиынтығы жане акылдағы көрніс-бұл сырттан танылатын әнбебап Әл кинди аристотель сияқты рационалды ойлайтын философ жане философия барлығы туралы білім,екінші субстанция жайлы ілім ретінде карастырылад

21. Антик философиясы –араб-мұсылман философиясының алғышарты

22. Гностик гностик, Гностицизм (ежелгі грек тілінен γνωστικός, «білімге ие болу») — біздің эрамыздың 1-ші ғасырдың аяғында еврей және ерте христиандық секталардың арасында пайда болған діни идеялар мен жүйелердің жиынтығы [1]. Гностицизмді ұстанушылар жеке рухани білімді (гнозисті) православиелік ілімдерден, дәстүрлерден және дәстүрлі діни институттардың беделінен жоғары қойды.

8 билет

23. Ортағасыр араб-мұсылман философиясыныңнегізг ібағыттары (6-бағыт)

1. Кәлам - рационалды философия, теология.

2. Исмаилизм философиясы - исламдағы шиизмбағыты /әл-Кармани XI ғ./. Императивті этика, адам мен қоғамды жетілдіру.

3. Ишракизм –нұрлануфилософиясы /жарық/. XII ғасырдағы мистикалық ілім.Шихат ад-Дих ретінде Сухраварди. Иллюминативизм XI ғасыр.

4. Сопылық /құпия ілім/.

5. Фальсафа - шығыс перипатетизмі.

6. Ибн-Халдунның әлеуметтік-саяси ілімі.

24. Әл-Фараби философиясындағы дүниетанымның негізгі қағидалары

әл фараби фил-к көзкарастары негізгі уш кағидаға сүйенеді 1-бұл дүниенін мәнгілігі туралы ереже,дүниенін кудаймен бірге мәнгілігі,дахрит,бейне бір кудаймен дүние бірінгай мәнгі тарихта кобысатындай,3-болмыстын әртүрлі денгейлерінін өзара байланысы деп аталады,бұл ретте бұл өзара байланыс детерминизм,себепті шарттылық кағидасы негізінде курылады,дүниедегі барлық зат себепті шартталған,кудай барлық тіршілік атаулынын бірінші себебі болып табылады,ослайша бұл кагидалар дүние мен кудайдын бірге мәнгі жасайтындығы қағидасы,бірінгай акыл мәні жане детерминизм кағидасы

25. Субстанция

субстанция (бастапқыда таза форма Құдай ретінде). Субстанция (лат. substantіa – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Сонымен қатар дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дәрежеде түсіндіретін форма.

9 билет

26.«Таза ағайындылар» философиясындағы адам, сенім, білім

27. Суфизм -исламдағы аскеттік мистикалық бағыт

28. Аподейтика

Аподейктика (грек. apodektіkos — сенімді), логикада — дау-талассыз дәлелденетін, мейлінше нанымды, айқын білімді білдіретін термин. Аристотель А. деп ақиқаттылығы мен жалғандығы дедуктивті (қ. Дедуктивтік теория) тәсілмен тұжырымдалған дәлелдемені айтады.

10 билет


29. Ибн Рушд материя жайлы, оның формасы мен қозғалысы

30. Суфизмнің қалыптасуындағы рухани алғышарттар

31. Риторика

Риторика (ағылш. Rhetoric; Шешенсөз, немесе Шешендік өнер) - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бері көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі сөйлеу өнерінің жалпы атауы. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады.

11 билет

32. Әл-Фарабидің әлеуметтік саяси ілімі

жалпы кайырымды кала тургындары туралы жазбасында әл фараби кайырымды каланын баска барлық калалардан ерекшелігін карастырды,кайырымды кала-бұл жетілген кайырымды адамға уксайтын идеал,жане онын тәні мен жаны уйлесімде болады,Осылай кайырымды кала тұрғындары да бейбітшілікті сактау үшін,бір біріне көмектесулері,білім беруге камкорлык жасаулары,данышпан билеушіге бағынулары тиіс,осылайша әл фарабидін саяси идеалы кайырымды жане надан,адамгершілігі жок,адаскан калаларды карастыру барысында көрінеді,кайырымды калада білімді билеуші болуы керек,білім,ғылым,колонерлер дамуы керек,адамдар бір біріне көмек берулері керек-міне,бұл бакыт Карама карсы белгілері бар надан калалар,да болган,егер кайырымды идеалды калалар көп болса онда адамдар да кайырымға толы,мейірімді де дамыған болады деп тұжырымдаған әл фараби,адамзат тағы бір сатыға жоғары көтерілмек деген,мұнда әл фараби жалпы барлық коғам мүшелерін сонымен катар барлық адамзатты калай кайырымды кылсам керек,мемлекетті калай идеалды денгейге жеткізсем екен деген маселе көтеріп,осы мәселені толығымен ашуға,яғни крарастыруға тырыскан

33. Әл-Ғазали-мусульман креационизм теоретиктерінің бірі. Теодицея

Теодицея (лат. theodicea — «құдайды ақтау»: гр. θεός, «құдай» + гр. δίκη, «хұқық, әділдік») — қайткенде де бәрінен құдәретті, асқан ақылды және қайырымды құдайға сенім мен дүниеде зұлымдық пен әділетсіздіктің болуының арасындағы айқын және ымыраға келмейтін қайшылықтарды ақтауды мақсат еткен бірнеше дәни-философиялық ілім, доктрина,

34. Исламдық радикализм

12 билет

35. Қазіргі араб философиясы

36. Суфизмдегі «толық адам» концепциясы

Сопылық ойшылдар ілімінде кемел адам тұжырымдамасы /әл-Инсан әл- Кәмил/орталық орынды алады. Сопылық және жалпы классикалық араб- мұсылман ағымындағы ойлау жүйесінде «кемел адам» терминін сопылар арасында «ұлы шейх» (аш-шайх аль-Акбар) деген лақап атпен белгілі философиялық сопылық ілімінің негізін салушы Ибн-Араби (1165-1240) болатын.Сопылық философиядағы адам мәселесі Болмыстың Бірлігі (ал-Уахдат- ул Вужуд) теориясымен бірлікте жүйелі арнаға түсті. Сопылықтағы кемел адам (ал-инсан-ул камил) концепциясы арқылы адам сопылық философияның ең маңызды мәселесіне айналды.Сонымен, алғашқы онтологиялық метафизикалық аспект бойынша кемел адам, әмбебап адам деп те аталады, ол логос болып табылады. Бұл логос әмбебап шынайылықтың синонимі ретінде немесе шынайылықтардың–шынайылығы, немесе идеялардың–идеясын ретінде көрініс табады.Бұл әмбебап адам осы шеңбердің ортасында тұр және физикалық сәулелер шашқандай немесе физикалық сәулелер ғарышты, бүкіл әлемді тесіп өтіп, содан кейін оған қайта оралады, бірақ жай ғана оралмайды, сонымен бірге белгілі бір білім алады, яғни, мистикалық ілім (адам Құдайдан білім алады). Бұл алғашқы кемел адам.Бірінші кемел адам логос ретінде. Екінші кемел ғарыш ретінде. Сопылық философтардың іліміндегі ұлы болмыс шеңбері келесі түрде жоғарғы полюстен бастап доға, алғашқы ақыл, әлемдік жаннан жерге дейін өтеді.Нақтырақ төрт физикалық элементтер: жер, ауа, су, от, қарама– қарсы полюс. Соңғысынан доға минералдардан, өсімдіктерден, жануарлардан өтіп, адаммен аяқталады (әл-Фарабидегі сияқты). Адам - бірінші ақылдың аналогы.Үшінші кемел адам гностик ретінде. Гностик – бұл білім. Осылайша, космологиялық деңгейде бар нәрселерден бұрын, айтқанымыздай, кемел адам - бұл әр адам, адамзат баласының өкілі. Сопылар көзқарасы бойынша барлық адамдар кемел. Жалғыз Абсолюттің ең керемет көрінісі(бейне бойынша айтылған, ұқсастық ретінде адам жаралған).Мұнда да солай, әрбір адамда бейне бір ең толық аяқталған элемент, бірыңғай Абсолют бөлігі бар іспетті.Және әрбір адам әлеуетті түрде универсумның бірлігі мен әлемдік тұтастықтағы өзінің орнын саналы түрде ұғына алады

37. Панисламизм

Панисламизм Панисламизм, ислам өз ұстанушыларының ұлттан жоғары және таптан жоғары бірлестігін қамтамасыз ететін және халифаның жетекшілігімен мұсылмандардың саяси бірлестігі бәрінен маңыздырақ деген идеяға негізделген діни-саяси идеология. басқа мемлекеттік және саяси бірлестіктер.

13 билет

38. Ибн Синаның философиялық көзқарасы

Бәрінін негізі-алғашқы,мәнгілік кажет-бар,әлем кажеттіліктен пайда болады-бар-алғашқы жане мәнгі өмір суреді

Кажетті накты мүмкіндіктін алдын алуы уакытта емес,мәні бойынша болуы керек,себеп салдарға дейін болады,бірак уакыт өте келе олар бірге өмір сүре алады

Әлем мәнгілік,өйткені пайда болғаннын бәрі бәрі онын пайда болуынан бурын болуы мүмкін

Субстрат болмысынан алдын ала бір нарсенін пайда болуы мүмкін емес,яғни материя

39. Мутакаллимдер космологиясы. Әлемнің жаратылуы және фатализм

Ғалам үнемі кеңейіп келеді тек құдайдың күші бірлік пен біртұтастықты сақтауда Құдай мен әлем арасындағы байланыс. Құдайдмен әлемнің имманенттілігі. Құдай мен әлем мәңгі /дахрит/ Материяның бөлінбейтіндігі туралы теория /атомизм/ Адамның Ақыл-ойы мен сезімдерінің әлсіздігі ақиқатты түсінуді қиындатады /Мутазилиттердің тым рационализміне қарсы/

Мутакаллимдер Құдайды адамның рухани қасиеттерімен «Әлемді адамның ерік-жігері, білімі және күшімен жасалынған шебермен теңеген соң, олар Алланы мәңгілік адам деп санайды, оны адам деп қабылдауға мәжбүр етеді /Құдай мәңгілік, ал дене өтпелі/ бәрін жасайды метафора және поэтикалық сөз». /Ибн Рушд/

Фатализм – әрбір оқиғаны және адамның әрбір әрекетін о баста бекітілген деп білетін, қалау еркі мен кездейсоқтықты жоққа шығаратын дүниетанымдық тұжырымдама. Фатализмнің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады.қайырымдылықтың, сырқаттың немесе жұмыссыздықтың сипаттамасы ретінде жиі анықталады

40. Инсания

14 билет


41. Ибн Рушдтың гносеологиялық көзқарасы

42.«Таза ағайындылар» философиясындағы рационализм, натурализм мен синкретизм

Таза ағайындылар» философиясындағы рационализм, натурализм мен синкретизм Таза ағайындар философиясындағы адам, сенім және білім:рационализм, натурализм және синкретизм. Синкретизм – бұл әр түрлі ілімдерді қандай да бір бірыңғай тұжырымдамаға біріктіру. Х ғасырдың ортасында Бағдат халифатының ең маңызды қалаларының бірінде, Басрада өте белсенді діни-философиялық ұйымпайда болады,оның негізін қалаушылар - философтар, ғалымдар, Аббасидтердің теократиялық мемлекетінің саяси қарсыластары, олар жөнінде нақты мәліметтер жоқ. Бұл ұйым «Таза ағайындылар» деп аталады. Тарихи-философиялық әдебиеттерде әдетте олардың исламдық ортаға жақындығы көрсетіледі, бұл– мутакаллимдер. «Таза ағайындылар» ұйымы мен исмаилиттер арасындағы идеялық мазмұнортақтықтар аз емес.Ағайындылар мутазлиттер бастаған рационализм желісін жалғастыра отырып кей жерлерін нығайта түседі.Құпия ұйым құрып, «ағайындылар»оның алдына этикалық-саяси мақсаттар қояды, ал сол мақсаттарға жетудің басты құралдары ретінде ғылыми және философиялық білімді кеңінен таратуда деп біледі. Бұл ұйымның қызметі ежелгі пифогор одағының қызметін еске салады. Тарихта бұл екі ұйым арасын мың жарым жылдық кезең бөліп жатса да, алуан түрлі айырмашылықтары бола тұра, осы ұйымның пифогор одағымен байланыстыболғандығы айқын. Яғни, бұл ұйым философияны математикамен, біліммен бірлікте қарастырған жабық ұйым болатын және осы рационалистікбілімнің таралуы, яғни тәжірибе мен сенім емес, ойлау, пайымдаудың нәтижесінде алынған білімнің таралуы «Таза ағайындылар» ұйымының ерекшелігі еді. Олардың натурализмінің мәні неде?Адамды олар табиғаттың бір бөлігі микрокосм) ретінде, тәндік ұйым ретінде қарастырады.Алайда адам жаны материализм элементтері аз емес натуралистік түсінік берудегі салада қала береді, бірақ ақыр соңында идеализм жеңіске жетеді, /құдайы жан/. Материалдықтан рухани сатыға көтерілу. Жанның қос табиғаты бар:бір жағынан,ол жалпыға ортақ жанның көріністерінің бірі болса, соның ішіне құдайы жанда кіреді,екінші жағынан ол танымдық күш ретінде анықталады, яғни сезім, күйзеліс және т.б.Өздерінің этикалық көзқарастарының қорытынды бөлімінде таза ағайындылар мистикалылық білімдіинтеллект-ақылмен сабақтастырады. Бұл мистицизм сопылықмистицизмнен анағұрлым ұстамдыдарақ (жұмсақ), олар үшін тәндік өмір (тән сұранысы) әлемде тіршілік ететіндердің барлығы секілді сұмдық, қорқынышты.Сондықтан ақыл-ойға сүйене отырып, «Таза ағайындылар» дегенмен дүниені ақылмен тану шегінен шығады және оның құпия, мистикалық жолына түседі.Бұл мистицизм өзінің арғы тегі – жалпыға ортақ жан, аспан жаны, құдайы жанға қайтатын жеке адамның зияткерлік белсенділігін күшейтті8. Рационализм (лат. Ratio – ақыл) – ақылды, ойлауды ең анық, сенімді білімнің негізі және қайнар көзі деп есептейтін философия мен ғылым әдіснамасындағы (методологиясындағы) бағыт. Бұл термин тек ХІХ ғ. Ғана белсенді қолданыла бастады

Натурализм (французша: naturalіsme, латынша: natura – табиғат) – философияда табиғатты барлық нәрсенің түп негізі, тану мен түсіндірудің әмбебап принципі ретінде қарастыратын философиялық бағыт.

Синкретизм – «жігі ашылмаған», біте қайнасқан сөз тіркесінің синонимі болып табылатын бұл ұғым, қандай да болсын құбылыстың жетілмеген дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді.

Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады.

43. Таухид

таухид. Таухид (араб.: توحيد - бірқұдайшылық, бірқұдайшылық) – Аллаһтың бірлігі мен бірлігі туралы догманы білдіретін исламдық термин Таухид – Исламның негізгі, негізгі қағидаларының бірі, ол ең алдымен «Аллаһтан басқа тәңір жоқ» деген формуламен айтылған көпқұдайшылықты (ширкті) жоққа шығаруды білдіреді. «Таухид» сөзі уахһада етістігінен шыққан, «бір нәрсені бір ету», «бір нәрсені жалғыз деп санау» дегенді білдіреді.

15 билет

44. Араб философиясындағы әмбебап парадигмалар мен жаһандану

46. Постклассикалық исламдық философия

46. Поэтика

16 билет

47. ИбнРушд философиясындағы «қос ақиқат» ілімі

48. Мутакаллимдер философиясы -каламның ерекше түрі

49. Потенциалды ақыл

Ақыл — адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат.

• Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.

• Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті

17 билет


50. Арабмұсылман философиясындағы мәдени дәстүр және бүгінгі заман

51. Ашаризммәні және ерекшелігі

. Ашаризм-мұсылман "алыпсатарлық теологияның" (калам) негізгі бағыттарының бірі, оның өкілдері ал-Ашари ілімінің ізбасарлары болды (ақыл. 941 ж.), Мутазилиттер ілімінің рационалистік ерекшеліктерін неғұрлым салмақты түрде мұра еткен.

52. Джуванийя

18 билет

53. Шығыс мұсылман философиясындағы гуманистік мұраттар

54. «Таза ағайындылар» философиясындағы рационализм, натурализм мен синкретизм

55. Мульк

Мүлк (араб. ملك – меншік, иелік) – Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі, оның ішінде Кавказ бен Орта Азиядағы феодализм дәуіріндегі жеке жер меншігінің бір түрі. Жылжымалы мүлік ұсақ деп аталды. Феодалдану процесінде ислам елдеріндегі терминнің мағынасы сараланды:

19 билет


56. Ибн-Халдун мемлекетті ң пайда болуы туралы. Тарихтың кезеңдік үлгісі

57. Фәлсафаның дінге қатынасы

58. Хобийя/ Бидави

20 билет


59. Ибн-Рушд. Құдай мен әлем тұтастығын натуралистік – пантеистік тұрғыда түсіндіру

60. «Таза ағайындылар» және сенімді достар трактаттарындағы» негізгі міндеттер

61. Асабийя

Асабия немесе Асабия (араб.: عصبية) - бұл ұйымшылдық пен бірлікке, топтық санаға, ортақ мақсат пен әлеуметтік бірлікке баса назар аударылатын әлеуметтік ынтымақтастықты білдіретін термин. Ол алғашында рушылдық пен рушылдық аясында қолданылған. Қазіргі заманда бұл термин әдетте ынтымақтастықпен теңестіріледі.

21 билет

62. Мутазилиттер мұсылман теологиясының қалыптасуы

Бірінші мұсылман теологиясының қүрастырылуына негізгі философиялык категориясы сұрауларға жауап іздеу арқасында құрастырылды. Мұндай категориялар: Күнә деген не? О дүние, «Қүдай болмысы», «еркіндік», «Тағдыр» және т.б. ұғымдарға жауап іздеу жолында қалыптасады. Осындай сүраулардың шығуына Құрандағы және Хадистердегі (суннадағы) қарсы және кайшы догмалар тудырады.Қаламдық көзкарастан көптеген мектептер шығарды. Үлкен мектептерге мутазилиттер, ханбалиттер, ашаритер, суфистер жатады.Мутазилиттер(араб, -бөлінгендер, окшауланғандар) Дамаскіде және Бағдат халифатында ҮІІІ-ІХ гг. үлкен рөл аткарды. Бүндай атты олар аль Хасана аль Басри (728 жылы өлді) және оның шәкірттерінен Амра ибн Убайда (761 ж.өлді), Васла ибн Ата (699-766) бөлініп шыққандары үшін осылай атады. Мутазилит ілімі дәстүрлі Аристотель мен Неоплатоник философиясына бейімделіп дамыды. Рационалды мутазалиттердің доктриналары ақылды сенімнен биік койды. Олардың айтуынша, қандай бір көзкарас болмасын, әрдайым оның ақиқаттылығына күмәндану керек. Мутазилиттердің дүниетанымдық көзкарасы адамның өмір сүру максаты мен дүниеде алатын орнына үлкен көңіл бөлді. Мутазилиттің тарихи тағдыры халифат тарихымен бірге болды. IX ғасырда Мутазилиттің қаламы өзінің ең биік шыңына жеткен кезеңі еді. Ол ғасырда Мутазилиттің ілімі Аббасид халифтің діни идеологиясы болды.

63. Араб философиясындағы әмбебап парадигмалар және жаһандану

64. Хаджиб

Хаджиб (араб тілінен حجب hajib – жабу, рұқсат бермеу) – орта ғасырдағы мұсылман елдеріндегі жоғары ресми лауазым.

22 билет

65. Ибн Халдунныңқоғамның өзгеру теориясы

66. Мутазилиттер мен мутакалимдер арасындағы айырмашылық

Мутазилиттер- Ислам тарихында пайда болған ағымдар қатарында өзіндік із қалдырған, Ислам ғылымына «Калам» саласын ендірген, Ислам философиясының іргесін қадаған, әлемге әйгілі Ислам философтарын шығарған, көне грек еңбектерін араб тіліне аударуда елеулі қызмет атқарған ағым.

Мутакаллимдер- радикалды исламды жақтаушылар.Мутакаллимдер мектебінің діни өкілдері исламның діни догмаларын негіздеп,араб-ислам схоластарының рөлін атқарды

67. Хидара

23 билет

68. Ислам әлеміндегі жаһандық мәселелерге ұсынатын альтернативті жобалар

69. Сенім мен білім сәйкестігі (мутазилиттер)

Ислам дінінің басты қағидалары бойынша қайшылықтар VІІеІ-ІХ ғасырларда мұсылман ойшылдарының табиғат, Алланың сипаттары және оның адаммен, әлеммен байланысы жайлы философиялық көзқарастартөңірегінде дамыды.Осы мәселе төңерегінде монотеистік ислам дінінің қалыптасуымұсылман теологиясы антик философиясы идеяларымен біріккен,діни сенімді саналы ұғынумен бірге жүретін және т.б. мұсылмандықтың бірыңғай доктринасы сипатына ие жалғыз құдай туралы ілімнің негізінде қалыптасты. Бұлар қаламның беделді мектептерінің бірі - мутазилизм.Мутазилиттер теологияға тән мәселелерді рационалистік көзқараспен бағалады. Құдайлық құдірет ілімінің және бүкіл адам әрекеті Алла тарапынан абсолютті түрде белгіленетіндігі(детерминизм) жөніндегі догмаға қатысты. Жетінші ғасырдың өзінде-ақ адам қалауы еркіндігі мен тағдыр мәселесіндеадамның еркін әрекет ету мүмкіндігінің жақтасатары кадариттер оған қарсы шығады.Жаратушының алдын ала айқындап қойған тағдыры, яғни адам еркін емес, оның тағдыры тікелей құдайдың жазғанына тәуелді екендігін анықтайтын жазмыштың болуы.Теология,философиялық мәселелер VIII ғасырда пайда болған ықпалды бағыттардың бірі мутазилиттер мектебінде одан бетер тереңдей түсті. Мутазилиттердіңкөрнекті теоретигіИрак тумасы, Уасил ибн Ата (699- 748ж.) болды. Олқорғаған басты, маңызды жағдай– Жаратушының даралығы мен Алланың абсолюттік әділдігі жайындағы ереже.Жаратушының жалғыздығы оның қандай және қанша атрибуттары болуы керек деген негізгі мәселеге әкеледі. Құранда бірнеше рет бекітілген, Құдай туралы антропоморфты түсініктер,Алланың көркем есімдерін мұсылман өз құлшылықтарында айтуға тиіс екендігі сендірілген. Ибн Ата,Алланың жалғыздығы мен мәңгілігін дәлелдей отырып, антропоморфты сипаттарына (яғни, адами сипаттар беруге) қарсы тұрады. Құранда орын алған Алланың сипаттарын сыртқы мәніне қарап түсініктеме жасау Құрандағы мағынасы айқын аяттармен қайшы келеді. Сондықтан, аталған Бірлік сеніміне сай түрде Алланы оған қайшы сипаттардан арылтатын бөлімдер аясында түсіндірілуі тиіс. Оның шынайы мәні Алланың іліміне сай келуі тиіс

70. Хобийя/ ИМАН

иман - ішкі сенім, сенім, білім. Адамның даралануы. Өмір мен өлімді және оларға деген көзқарасты түсіну. Қиямет күні, тозақ, жұмақ, Құдайдың құлы - Алланың құлы - құдіретті, бәрін білуші, мейірімді.

24 билет

71. XX-шы ғасырдың екінші жартысындағы араб философиясы

араб философиясынын мәдениеттанулық дәстүрінін курамына мәдениет жетістіктері мен мәдени феномендер жетістіктері,19-20ғ мұсылман мәдениетінін құндылыктары кіреді,алайда бұл тарихи өткеннен бас тарту дегенді білдірмейді,дәл осы кезенде мәдениеттану саласында келесі зерттеушілер шығады-бұл мусылман мәдениеті,біреуден ілгері,біреуден кейн болу жолдарын іздеу,мусылман мәдениетінін кундылыктары жане 20ғ сонындағы тарих тағылымы,жұмыстардын көп бөлігі ар турде араб елдерінде жарияланды,бұл көптеген макалалар мен монографиялар,ғалымдардын кызыгушылығын тудыратын мәселелер аукымы кең

20 ғасыр қарсаңында Ислам философиясы., әсіресе, Египет пен Сирияда, еур. филос. ой мен мәдениетке қызығушылықтың оянуынан, Батысты мадақтаудан отаршылдыққа қарсы күрес пен еур. өркениетті сынауға қарай ойысты. Әлеум.-саяси мәселелерді шешудегі ағартушылық көзқарас жаңа заманғы Ислам философиясының айрықша белгісіне айналды. Басты назар қоғамға пайдалы тұлға ретінде адам мәселесіне, адамгершілік мәселелеріне аударылды. Алайда, бұл Ислам философиясы. дәстүрлі құндылықтарды мүлдем ұмытты деген сөз емес. Ол Батыстың филос. идеяларын ислам өркениеті негіздері тұрғысынан, дәстүрлі ислам дүниетанымы тұрғысында қарастырды. Әлеум.-саяси және мәдени жағдайлардың өзгеруі барысында ынтымақтастық мәселесі жаңаша қарастырылды. 20 ғасырлардың 2-жартысы Ислам философиясының алдына мүлдем жаңа – демократия, филос.-теологиялық және әлеум. ойды нарықтық өзгерістер мен индивидуализм тұрғысынан дамыту мәселелерін қойды. Олар ең алдымен, әлеум.-саяси дамудың социализмнен де, капитализмнен де өзгеше “үшінші жолын” іздестірумен сипатталды. Соның негізінде “ислам мемлекеті”, “ислам экономикасы” және т.б. тұжырымдамалар жасалынды. Партикулярлық ұлтшылдық пен панарабшылдық түріндегі ұлтшылдық әлеум.-филос. ойдың үстем формасына айналды. Батысқа қатысты екіжақты ұстаным қалыптасты: прогрессивті даму мақсатында Батыстың оңды жетістіктерін пайдалануға ұмтылыс арта отырып, сонымен бірге батыстық өмір салтына сенімсіздік көрсету, оны қабылдамау күшейе түсті. Саяси және әлеум. тұрғыдан алғанда, ислам дербестіктің, филос.-этик. тұрғыдан – рухани және адамгершілік құндылықтардың символы болып қала берді. Батыстық рационализм мен прагматизмді сынай отырып, Ислам философиясының өкілдері батыстың филос. ой-пікірлеріне де жол беріп, әдістерін қолданды. 20 ғасырлардағы Ислам философиясының дамуы ұлттық егемендікке жету, ислам әлемі елдерінің экон. және саяси тәуелсіздігін нығайту үрдісін қалыптастырумен сипатталады. Бұл ислам өркениеті мен Ислам философиясының қарқынды дамуын білдіреді.

72. «Таза ағайындылар».Әлем мәні жайлы ілім және эманация принципі

73. Ортодоксалді мистицизм

25 билет

74. Ибн Халдунның тарих философиясы



Ибн Халдун өз дәуірінің ең ірі тарихшысы болды. Өзінің «Пролегомендер» атты ауқымды еңбегінде ол өзінің тарихқа деген қызығушылығын түсіндіреді, және жаңа тарихнаманы құрудың негізін қалаушы қағидаларын анықтайды. Ибн Халдун Ғылыми болатындай тарихнаманы жасау міндетін қояды. Бұл оның тарих философиясы, оның осы тақырыпқа енгізуге тырысқан жаңалығы. Себебі тарих оған дейін ғылым болып есептелмеді. Себебі бұл дәуірде тарихнама әлі Ибн Халдун өмір сүрген кезеңде дербес ғылым ретінде бөлініп шықпады (14-15 ғасырлар). Тарихнама әлі дербес ғылым болып есептелмеді, ол қосалқы діни пән болып саналды, оның пәні әлі анықталмады, ол биографиялық, этнографиялық және бірқатар басқа да мәселелерді қарастырумен айналысты. Әрине олар мен таза тарихи сұрақтардың арасындағы айырмашылық біліне бастады, география мен тарихтың әрқайсысының жөні бөлек екені, тарих пен этнография арасындағы айырмашылық неде екені айқындала бастады. Алайда көбіне олар бірдей болып есептелді. Осы кезеңнің ғылыми терминологиясында тарихнама араб сөзі «тарих» деп атала бастады. Осы кезеңнің араб тарихнамасының қалыптасуында ол әлі тарихнама ғылымы болған кездегі бірнеше желілерді бөліп көрсетуге болады. Бұл желілер өзара байланысты болды, экономикалық, әлеуметтік-саяси немесе араб қоғамының өміріндегі мәдени аспектілердің өзгеруіне байланысты өзара күрделі шиеленісіп жатты. Яғни тарихқа қоғам өміріндегі экономикалық, әлеуметтік-саяси немесе мәдени өзгерістерге байланысты қарайтын болды. Осы желілер туралы қысқаша шолу: Бірінші желі, тарихтың қосалқы діни пән ретіндегі туындауы мен қалыптасуы, яғни тарих діни дүниетанымдарды бекітуге көмектесті, бұл халық мінез-құлқы, оның дамуының мәдени мұрасы. Осының барлығы тарих арқылы сипатталып отырды. Алайда сонымен қатар ол негізгі болмады, қосалқы пән болды, бірінші кезекте ол Хадистердің ішінде болды, яғни әңгімелерде немесе Хадистер туралы ғылым ретінде белгіленді, ғылымдар туралы тарих - хадис. Араб басқыншыларының Сирия, Египет, Иран, Ирак, солтүстік Африка және т.б. алып аумағына таралуы кезеңінде осы тарих қажетті болды, яғни тарихи фактілерді білу қажет болды. Қолданыстағы мемлекеттік әкімшілік органдарды, аймақтар, шекараларды, жаңартып, жаңаларын құру қажет болды, яғни басқаша айтқанда тиесілі мемлекеттік саясатты, соның ішінде экономикалық саясатты өмірге енгізу, әзірлеу қажет болды. Құран мен хадистер арасындағы формальды айырмашылық, біріншіден, құран мәтіндерін Мұхаммед пайғамбар экстатикалық қалыппен айтатын, яғни әндету, діни экстазда әуелету, ал хадистер едәуір қарапайым күнделікті тілмен әңгімеленеді. Осы тұрғыда бірінші айырмашылық болды. Екіншіден, Құран мәтіндері Құдай атынан делініп, айтылды, ал хадистер пайғамбардың өзінің атынан айтылды.Үшіншіден, Құран мәтіндері өз әдеби формасында поэзияға жақын, ал хадистер, ережеге сай, әдетте әңгімелесу тіліне жақын. Міне осы тұрғыда, осыған негізделген тарих, олардың айырмашылықтарының негізінде тарихнама құрылды. Осы негізде заңгерлік, экономикалық, этикалық нормалар әзірленді, белгілі бір ережелер, заңдар бекітілді, кейіннен қоғамдық өмір, өз болмысындағы тарих тарихи фактілер секілді белгіленді. Осылайша «тарих» - бастапқыда қосалқы діни пән ретінде қалыптасты, заң шығару аясында ол негізінен тарихнама емес, өмірбаян секілді болды, бұл осы «тарих» атауынан ақ көрініп тұр – күндерді ретімен қою. Бұл жағдайда күндерді ретпен қою биография болып отыр. Тарихты осылай аударады. Ол әлі ғылым ретінде болған жоқ, жай ғана туылған және дүниеден озған күндерін, өзге жерлерді басып алған күндерді, осындай кезден бастап осындай кезге дейін болған соғыстардың күндерін белгілеп қойып отырды. Осының барлығы жай ғана тарих болды, мұнда ешқандай да ғылым болмады. Алайда бір мезгілде мұнда оқиғалар мен олардың желісін сипаттаумен өзінің жеке тарихнамасымен байланысты тарихнаманың екінші желісі қалыптаса бастайды. Мұнда жорықтар, қалалар, биография бөлігі болған тайпалар генеалогиясы (шежіресі) туралы мәліметтер берілді. Тарихнаманың қалыптасуының өтпелі кезеңі заң шығарушылар, соттар, дәрігерлер және т.б. туралы дерекқорлардың шығуы болды.Ондай дерекқорларды құру әкімшілік тұрғыда қажет болды, жинақтардың өздері қайта жазу нәтижелері секілді болды. Осылайша тарихнаманың пайда болуының екінші желісі қалыптасты.Ибн Халдун пікірінше тарихты абсурдтық хабарламалар мен аңыздар толтырды. Тарихнамалық шығармаларды келтірілетін фактілерді ол жеткіліксіз, ойлап шығарылған қағидалар ретінде қарастырылды, немесе олар шынайылықтың әмбебап және объективті критерийлерімен тексерілмеді. Сондықтан Ибн Халдун тарихта бастысы шындық, яғни бастысы фактілер шындыққа жанасса болғаны деп есептеді. Ибн Халдун тарихи хабарлардың шынайылық өлшемдерін әзірлеу қажеттілігі туындады деп есептеді. Ибн Халдун тарихының философиясы. Ол тарихты екі бөлікке бөлді: біріншіден бұл ғалымдар қандай да бір пайым жасаудан бас тартып отырған шынайылық туралы құдайлық заң шығарулармен байланысты хабарламалар. Екіншіден, бұл ғылыми тарихнама аясында олардың шынайылығын бекіту туралы мәселе қойылғандарға қатысты шынайы болып жатқан оқиғалар туралы хабарламалар. Ибн Халдунның объективті сыны ақсүйектер тарихнамасына ғана емес, діни тарихқа да қарсы бағытталды, себебі барлық хадистер сенімділік элементтеріне ие.

75. «Таза ағайындылар» философиясындағысенім символдары



Таза ағайындар (Ихван ас-сафа) туралы нақты мәліметтер жоқ. Ол құпия ұйымдардың бірі деген болжамдар бар. Негізгі еңбектері — «Таза ағайындар трактаттарының» авторлары да белгісіз. ІХ-ғасырдан бастап философия діни-саяси қозғалыстардың идеоло-гиясына әсерін тигізе бастады, сондықтан бұл трактатты кейбір ғалымдар айтқандай, дінді философиядан қорғау үшін жазылған деуге болмайды, керісінше, дін өкілдері бұл еңбекте философиялық тұжырымдарға ұмтылды. Олар: «Біздің ағайындар ешқандай ғылымға қарсы емес, ғылымның барлық бағыттарын түгел қамтиды, біреуін бөле-жара қарастырмайды» дейді. Ресей ғалымы, ортағасырлық мұсылман философиясын кеңестік дәуірдің өзінде-ақ жан-жақты зерттеп, батыл пікірлер айтқан В.Игнатенко бұл пікірден олардың жеке секта емес екені көрінеді деп тұжырымдайды, оған біз де қосыламыз. Фалсафа тарихын қазақ жүртына алғаш таныстырған академик Ғарифолла Есім «Таза ағайындар» бірлестігі Бағдат халифатында Х-ғасырдың екінші жартысында Басра қаласында діни-философиялық бірлестік ретіңде әл Киндидің ізімен қалыптасты және 51 томдық энциклопедиялық жүйе дайындады, негізгі мақсаттары — исламға еніп кеткен қоқыстарды философия арқылы тазарту деген дұрыс пікір айтады. Не десек те, «Таза ағайындар» діни және философиялық білімдері өте мықты, жан-жақты дамыған ойшылдардың бірлестігі болғаны айқын. «Таза ағайындардың» мақсаты — әр түрлі идеялық ағымдар негізінде болмыстың синкретикалық концепциясын жасау. Олардың еңбектерінде Платонның, Аристотельдің, Пифагордың идеялары көп кездеседі. «Таза ағайындардың» Рухани Қала (әл Мадина ар Руханийя) туралы іліміне тоқталайық. Бұл еңбекте Платон, Аристотельдің «идеалды, мінсіз мемлекет» туралы ілімдерін дамытуға талпынысты көреміз, бұл мәселе әл Фарабидің еңбектерінде де кеңінен талқыланған. Таза ағайындардың пікірінше, қоғамда адамдардың бірлігі қажет. Жал-ғыз адам бақытсыз өмір кешуге жаралған. Бақытты өмір үшін көп нәрсе керек, ал оның бәрін бір адам игере алмайды, себебі өмір қысқа. Сондықтан да әрбір қала мен ауылда адамдар бір-біріне көмектесу үшін бірігеді: біреулер құрылыспен, біреулер — саудамен, енді біреулер — ғылыммен айналысады. Тек осы жол арқылы ғана олар нашар өмірден құтыла алады. Адамдар бірігу үшін ағайындардың, ақылшылар мен достардың көмегі қажет, олар діннің мәніне бойлаған, заттардың ақиқатын біледі, сондық-тан басқа өмірге жетудің жолын көрсетеді. Рухани Қалада әрбір адам өздерінің денелері бөлек болғанымен. жандарының бір екенін біледі. Рухани Қала курделі, онда рухани бірлік пен жер бетіндегі адамдардың нақты бірлігі бар. Рухани Қала көкте, ол жерде бола алмайды, себебі қалалардың тұрғындарының адамгершілігі бұзылады; суда бола алмайды, себебі құйындар мен толқындар оны басып қалмауы тиіс; ауада емес, себебі оған бұзылған қалалардың ауасы көтерілмеуі керек. Рухани Қала жақсылық, адалдық, рухани тазалықтың негізінде салынылуы тиіс. Рухани қалада тұратын адамдардың құрылымы:1) қолөнершілер — ақыл мен сезім күші бар адамдар, бұл сатыға ад 15 жасында жетеді;2) саясаткерлер — ағайындары туралы қам жеп, мейірім мен аяушлық көрсетушілер (30 жастан кейін жетуге болады) 3) билікке ие билеушілер. Олардың міндеттері — тиым салу арқылы, жұмсақтық көрсете отырып тұрғындар арасындағы араздықтың алдын алу (40-тан асқанда);4) періште күшіне ие болу — бұл саты жанның денеден құтылуы дайындық сатысы, оған 50-ден асқанда жетуге болады. Осы сатыға жет- кендер ақиқатты көре алады, көкке өрлеп, Жаратқанмен кездесе алады«Таза агайындар » Рухани Қаланы космостың ажырамас бөлігі, жо- гарыдан төмен қарай өсетін рухани агаш және адамдар бірлігіне бастаушы керек дейді. Олардың пікірінше, басқарудың екі турі бар: «дене және «рухани » басқару. Біріншісі — тирандар мен билеушілер, олар адам дарды құлдарга айналдырады. Екіншісі адамдарды құдайы заңдар арқылы басқарады, о дүиедегі өмірде бақытты етеді.«Таза ағайындардың» пайымдауынша, Рухани Қаланың басшысы рухани басшы. «Таза ағайындар» өздерін Рухани Қаланың үлгісі деп есептеді, олардың жолын қуушылардың көбеюі рухани әлемді құруға жеткізеді деп есептеді.

76. Тариқат



Тариқат (араб.: طريقة — жол, сапар) - Исламдағы ақиқатқа жетудің мистик, танымдық жолы. Тариқат Исламның моральдық-этикалық жүйесінің, психологиялық тәжірибесінің практикада жүзеге асуы. Тариқатта, шариғат сөзі де араб тілінде жол деген мағынада қолданылады.Бірақ шариғат үлкен жол,Тариқат жалғыз аяқ жол дегенді білдіреді. Ал діни терминологияда шариғат - дін, Тариқат - хақ пен ақиқатқа жету жолындағы діндегі арнаулы жол, түсінік деген сөз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет