№50-51 (7033) 13 желтоқсан 2016 жыл


Аудандық мәслихаттың алтыншы сессиясы да (төраға Жалғас Әшенов)



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата06.03.2017
өлшемі14,54 Mb.
#7769
1   2   3   4   5   6   7

Аудандық мәслихаттың алтыншы сессиясы да (төраға Жалғас Әшенов) 

кезектен тыс өтіп, аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы 

№27-2 «Бөкей ордасы ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті 

туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.

 Аудандық  экономика  және  қаржы  бөлімі  басшысы  Раушан Абдоллинаның 

хабарламасын  халық  қалаулылары  бірауыздан  мақұлдап,  дауыс  берді.  Жол 

жөндеуге  қаралған  15  миллион  теңге  қаржының  4  миллионы  ғана  игеріліп, 

қалғаны кері қайтарылғанына қынжылыс білдірген депутат, «Нұр Отан» пар-

тиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстан-

беков  болашақта  тендер  иелерімен  мәслихат  депутаттарының  кездесуін, 

іс  барысында  депутаттардың  бақылауын  ұйымдастыру  жөнінде  ұсыныс 

түсірді.  Сондай-ақ,  аудандық  мәслихаттың  2016  жылғы  19  ақпандағы  №29-

3  «2016-2020  жылдарға  арналған  Бөкей  ордасы  ауданының  аймақтық  даму 

бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі 

Раушан Шайдөкқызының күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша хабарламасы 

да еш өзгеріссіз қабылданды.

Сессияға қатысып, сөз сөйлеген аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов қаражат 

жайымен  қатар  ағымдағы  істерге  тоқталып,  Тәуелсіздік  күніне  әзірлік  бары-

сын әңгімеледі. Шаруашылық жұмыстарымен қоса, ауылдың әлеуметтік-сая-

си, мәдени-көпшілік шараларына белсене араласып жүрген масиндік депутат 

Нағым Тәжімұратовқа облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті (суретте).

Жадымыздасыз, 

жақсы аға!

Ардагер есімі 

ардақталды



13 желтоқсан 2016 жыл

4

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Ей,  бүгінгі  жиырмадағы  жас  буын!  Сол 

ызғарлы  желтоқсанда  көк  мұздың  үстінде 

жалаң аяқ, желең киіммен тұрып теңдік сұраған 

дәл  бүгінгі  сенің  жасыңдағы  жас  жігіттер  мен 

қыздар  қазір  сенің  жаныңда  жүр.  Мүмкін, 

қайсыбірі  сенің  ата-анаң  да  шығар!  Бірақ 

өздері кеткенмен, тәуелсіздік үшін ғұмырларын 

қиды  ғой  «Қайрат!»,  «Ляззат!»  деп  бір-екі 

есімді  атағанымыз  болмаса,  осы  мерекеде 

біз  сол  ызғарлы  желтоқсанда  алаңға  шыққан 

мыңдаған қазақ қыздары мен ұлдарының қазір 

қайсысын  қадірлеп,  қатарға  отырғызып  жа-

тырмыз?!  Қайсысын  қасқайтып  қойып,  «Міне, 

Тәуелсіздікті  әкелген  осы  кісі»  деп  қошемет 

жасап,  қол  соғып  жатырмыз?!  «Таудың 

ұлылығы түбінде тұрған кісіге көрінбейді» дей-

ді  ғой.  Сол  бір  қаһарман  қазақ  жастарының 

Кеңестер одағымен қолтықтасып алып, қоңыр 

тірлік  кешіп  отырған  қазақ  жұртын  бір  сәтте 

тәуелсіздіктің  тар  соқпағына  қалай  салып  жі-

бергенін  өздері  де  сезбейтін  шығар.  Жылдар 

өтер.  Бұл  қозғалыстың  қаһармандары  да, 

қатардағылары  да  қалтарыста  қалмайтынына 

имандай  сенемін.  Себебі  жер  үстінде  иненің 

жасуындай  әділдік  қалса,  солай  болады!  Со-

лай болуға тиісті!

«Тәуелсіздік саған не берді?» деген сұраққа 

әдетте  жорытудан  гөрі  жамбастуды,  ойлану-

дан  гөрі  ойбайлауды,  бірігуден  гөрі  бытыра-

уды  ұнататын  біздің  ағайын  әуелі  қотандағы 

қойының  саны  мен  астындағы  машинасының 

маркасын айта бастайды.

...Тап  сол  желтоқсан  оқиғасы  кезінде  мен 

өзім  Маңғыстау  облысында  бір  бөлімнің 

бастығы  едім.  Жексенбі  күн  болатын.  Ақтау 

қалалық  партия  комитетінің  төтенше  плену-

мына  шақыртылдық.  Ол  кезде  Ақтау  қаласы 

Мәскеудің  тікелей  басқаруындағы  жартылай 

жабық  қала  еді.  Пленум  мүшелерінің  де  90 

пайызы  –  орыс.  Қалалық  партия  ұйымының 

да  басшысы  орыс-ты.  ...Ол  сөзін  сол  кездегі 

елге белгілі «...Алматыда наркоман, маскүнем 

қазақ  жастары...»  деген  сөздермен  баста-

ды.  5-6  қазақ  бір  бұрышта  бүрісіп  отырмыз. 

Зал  әлсін-әлсін  біздің  жаққа  қарай  бастады. 

Сөйлеушілер: «...Оларды күшпен басу керек», 

«...бұл  интернационалды  партия  саясатын 

аяққа  таптау,  біз  оған  құрық  саламыз»  десе, 

кейбіреулер  сөйлей-сөйлей  келе  «...их  надо 

сжечь каленым железом» дегенге дейін барды. 

Жастардың  неге  көтерілгені  туралы  хабардар 

едік.  Шындықты  ішімізден  сезіп  отырмыз.  Де-

сек те, сол 500-600 адамның ішінде 5-6 қазақ 

«Жоқ!  Олай  емес!»  деп  ешқайсымыз  мінбеге 

шыға  алмадық,  сүмірейіп,  жұрттың  соңынан 

залдан шықтық.

...Мен сонда адам санатында ма едім?! Әй, 

қайдам!..

Егер мен, жоғары білімді жас жігіт, автобусқа 

әуелі  өзге  ұлтты  отырғызып  барып  отырсам, 

егер автобуста келе жатқан екі қазақ бір-біріміз-

бен  өзіміздің  ана  тілімізде  сөйлесе  алмасақ, 

егер менің ана тілім тамақ асырауға жарамай 

Өткен сенбіде ҚР Тәуелсіздігінiң 

25 жылдығына орай «Нұр 

Отан» партиясы ғимаратында 

әр салада еңбек етіп жүрген 

Тәуелсіздік жылдарының төлдері 

дөңгелек үстелде бас қосып, ел 

егемендігінің өскелең ұрпаққа 

сыйлаған бейбіт те тату-тәтті тір-

лігі жайында келелі әңгіме өрбітті. 

Алдымен сөз бастаған «Нұр Отан» партия-

сы  аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары  Тілеген  Арыстанбеков  бүгінгі 

шырайлы шаққа оңайлықпен жетпегеніміз ту-

расында  қатпарлы  тарих  парақтарынан  сыр 

ақтарса, аудандық «Нарын жастары» жастар 

қоғамдық  бірлестігінің  жетекшісі  Жалғас 

Әшенов  пен  аудандық  жастар  ресурстық 

орталығы  директоры  Исатай  Құрмашев 

қатысушыларды  тақырыпқа  сай  білген-

түйгендерімен  бөлісіп,  ашық  ой  алмасуға 

шақырды. Бұл шараның маңызына тоқталып, 

ұйымдастырушыларға  алғысын  білдірген 

сөйлеушілер  өз  қызметтері  барысын,  мере-

кені  қалай  қарсылап  жатқандарынан  хабар-

дар етті.

Иә,  «Жас  толқын  –  жаңа  күш»  демекші, 

олардан  заманауи  леп,  жарқын  идеялар 

мен  нәтижелі  іскерлік  күтілері  хақ.  Алдағы 

кемел  келешектің  алып  тұтқасы  да  осы 

замандастарымыздың еншісінде. Ендеше, сол 

сенімге лайықты болуға бар қайрат-жігерімізді 

жұмсағанымыз абзал.



Г.БАДЕЛОВА.

Егемен елдің ертеңдері

Орал шаһарынан хат

Тәңірге тағзым, 

Тәуелсіздікке тәубе! 

Әрине, біздің Тәуелсіздік декларациясын қабылдаған 

жылымыз – 1990 жыл. Алайда, тәуелсіздіктің толғауы тым 

әріден басталады. Тіпті, қазақ баласының өз-өзі болып 

тарихта аты аталып, түсі түстелгелі айтып келе жатқан 

кертолғауы, керімсал арманы, шойырылған белі мен 

сөгілген көбесі десем болмас па?! Тәуелсіздік жолындағы 

соңғы бұлқыныс 1986 жылғы 16 желтоқсанда болды.

қалып, күн көру, өсу-өрбу үшін өзге тілге жал-

барынсам,  менің  қай  жерім  адам  санатында 

болғаны?!

Жетпіс  жылғы  Қазақстанның  кеңестік  тари-

хын шолып өтіңіз де, айтыңызшы, Қазақстанның 

басшысы  қай  шетелге  қанша  рет  қызмет  ба-

бымен  барды  екен?!  Өзімнің  есімде  қалғаны 

80-жылдары  Д.Қонаевтың  Жапонияға  барған 

сапары.  Менің  замандастарымның  осы  сапар 

да,  сол  кездегі  бойымызды  кернеген  қуаныш 

пен мақтаныш та есінде шығар. Димаш ағаның 

Жапониядан не шешіп келгенін қайдам, бірақ, 

Қазақстан  басшысының,  қазақ  басшысының 

бүкіл  одақ  атынан  шетелге  сапар  шегуі  –  ол 

кезде  біздің  ұлттық  мерейімізді  біраз  өсіргені 

кәміл. Сол заманда да батылдары барып, айта 

алмағанмен қай халық та өз сөзін өзі сөйлегісі 

келді,  өз  сыбағасын  өзі  жегісі  келді.  Оның  не 

сөкеттігі бар еді? Әрі ол кезде туристік сапар-

мен шетелге барып, «Мен – Қазақстаннанмын» 

деп  өзіңді  таныту  мүмкін  емес  еді.  Шетел 

Қазақстанды  білмейтін,  СССР  десеңіз,  «О, 

Россия!» деуші еді.

Қазір  ел  Президенті  қаншама  елге  барып, 

қаншама  үлкен  жиындарда  өрелі  ой  айтып 

жүр.  Қаншама  елдегі  Қазақстан  елшілігінде 

қаншама  Қазақстанның  жалауы  желбіреп  тұр. 

Бүгінде Президент түгілі қолына қамшы ұстаған 

қаймана қазақтың шетелге бармағаны бар ма, 

сірә?!  Қай  елге  барсақ  та,  «Қазақстан»  деп 

қаймықпай  айтатын  болдық.  Шүкір,  «ту»  десе 

түкірігі  жерге  түспейтін  Америкадан  бастап, 

Африканың ең кемтар еліне дейін Қазақстанды 

таныды, мойындады.

Сол үшін Тәуелсіздікке тәубе демегенде  не 

дейміз?!

Тәуелсіздік 

деген 

тәңірді 


төрімізге 

отырғызғанымызға  да,  міне,  ширек  ғасыр 

болыпты.  Жиырма  бестегі    бозбаладан 

не  сұрайсыз?  Біз  де  сондай  шақтамыз. 

Қайсыбіріміз  әлі  тәуелсіздіктің  не  екенін 

толықтай түсіне де алмай жүрміз. Түсінгеніміз 

санамызға  сіңіре  алмай  жатырмыз.  Есіңізге 

алыңызшы,  Тәуелсіздік  жарияланған  күннің 

ертеңіне  талай  қазақтың  баласы  кеудесін 

соғып,  көшеге  шықты!  «Енді  мен  қожайын! 

Қане,  жол  беріңдер  қазаққа!»  деп  күркіредік. 

Амантай  қажы  деген  ағамыздың  шықпаған, 

шығып  алып  ұрандатпаған  Алматының  терегі 

қалған  жоқ.  Америкадан  бастап  талай  «тәңір 

алғыр капиталисті» қарғадық, сіледік, телпегін 

теріс айналдырып кигіздік. «Ешкімге ештеңе та-

тырмаймыз! Өз байлығымыз – өзімізге! Өзіміз 

игереміз»  деп  өзеуредік.  Өзге  ұлт  маманда-

рын  өзегінен  тептік.  Бұрын  көзіміз  көрмеген, 

қолымыз тимеген құлыптар ашылды, пульттер-

ге отырдық. Аптығымызды бассақ, электронды 

технологияда,  космос  саласында,  қорғаныста 

бұранды  бұрай  алатын  ұлттық  мамандар  жоқ 

болып шықты. Жеріміздің астындағы мың сан 

мұнайды  соратын  бір  дана  станогымыз,  оны 

құрайтын бірде-бір ұлттық маманымыз да бол-

мады.

Амал  жоқ,  сол  өзіміз  өзегінен  тепкен 



«тәңір  алғыр  капиталистерге»  қол  жайдық. 

Олардың  да  Қазақстанды  гүлдеткісі  келіп 

отырмағанын  білдік.  Білсек  те  көндік.  Сайып 

келгенде, тәуелсіздік деп жүргеніміз өркениетті, 

мәдениетті  тәуелділік  болып  шықты.  Бүкіл 

дүние жүзі солай өмір сүріп отыр екен.

Өткен  өмірімді  ойлап  отырсам,  Тәуелсіздік 

тұсындағы  25  жылымды  есептемегенде,  40 

жылдай  кеңестік  Қазақстанда  өмір  сүріппін. 

Осы жылдар ішінде мен түйе арбадан бастап, 

оншақты көліктің түрін міндім. Соңғысы «Тойо-

та-Камри» болды. Осы жылдар ішінде мен ақ 

қағаз болмай, ескі кітаптың бетіне, онда да еке-

уара бір қарындашпен кезегім келгенде жазған 

адаммын.  Қазір  де  көп  қағазды  білмеймін. 

Компьютермен басамын, электронды поштаға 

саламын.  Ашыққан  күндерім  мен  киімімнің 

сықпытын  айтпай-ақ  қояйын.  Бәрібір  ешкім 

сенбес. Ендеше, 40-50 жыл бұрынғы ғұмырды 

өзге түгілі өз басыңнан өткерген өзің сенбестей 

қылған  Тәуелсіздікке  тәубе  демегенде,  кімге 

тәубе деймін?!

Иә,  салыстырып  отырсақ,  бұрынғы  одақтас 

республикалардың ішінде Қазақстанның соңғы 

жылдарда оқтай озып, суырылып алға шыққаны 

көзге  көрініп  тұр  емес  пе?!  Бүгінгі  қарқынға 

көңілің  тасиды,  ертеңгі  болашақты  ойлағанда 

аузыңды  ашып,  көзіңді  жұмасың!  Өзім  өз 

болғалы  мен  Қазақстанның  мұндай  қарқынды 

дамуын көрген емеспін! Тағы да осыған жеткіз-

ген Тәуелсіздікке тәубе демегенде не деймін?!

Тәуелсіздік  күнін  бұдан  кейін  де  талай  жыл 

тойлармыз. Дүниеге талай ұрпақ келер. Бірақ, 

Тәуелсіздікті  бүгін  тойлап  отырған  ұрпақ  ең 

бақытты  ұрпақ  деп  есептеймін.  Әрине,  енді 

елу  жылда,  жүз  жылда  тұрмыс  бұдан  да 

түзелер. Қазіргі «Құлдық сана» деп батысы мен 

шығысына жалтақтап жүрген біздің орнымызға 

«құлдық  сана  деген  не?»  деп  сұрайтын  сана-

сы азат ұрпақ келер. Алайда, мен осы күнімді, 

осы  заманымды  ешбір  мырғам  заманға  да, 

алтын тұғырға да айырбастамас едім. Өйткені, 

осы ұлы Оқиға, кез-келген ұлттың басына бір-

ақ рет орнайтын осы Бақыт менің заманымда 

болды,  менің  көз  алдымда  өтті!  Мен  сол  ұлы 

Тәуелсіздіктің келуіне үлес қостым! Бүгінгі өмір 

сүріп  жатқан  қай  ұрпақтың  да  «Тәуелсіздікті 

мен әкелдім!» деуіне толық құқысы бар!

Сөз  арасында,  Тәуелсіздіктің  төл  баласы 

біздің  облыстық  қазақ  драма  театры  екенін 

де  айта  кетейін.  Оралда  сонау  Сәкен,  Ілияс 

сияқты  қазақ  зиялыларының  көзі  тірі  кезін-

де  ашылған  Абай  атындағы  сазды  драма 

театры  1948  жылы  «көрермені  аз,  қаражат 

жетіспейді»  деген  сылтаумен  жабылып,  Аты-

рау  қаласына  көшірілген  екен.  Содан  1993 

жылға  дейін  Оралдың  орысы  да,  қазағы  да 

Островский  атындағы  орыс  театрына  барды. 

Барғысы  келмегенді  барғызды.  Ауылдан  кел-

ген  кезіміз.  Бір  ауыз  орысша  білмейтін  қазақ 

әдебиеті  бөлімінің  студенттері  –  біздерді  осы 

театрға қойдай айдап әкелетін. Қалғып-мүлгіп 

отырып  шығамыз.  Ертеңіне  сол  спектакльдің 

идеялық  мазмұнын,  ойнаған  әртістердің  ше-

берлігін сұрайтын. Қазір ойлап отырсам, орыс 

мәдениеті мен тілін зорлап енгізудің бұл да бір 

жолы  екен  ғой.  Орыс  тіліне  қысым  жасалуда, 

қазақ  тілі  зорлап  үйретілуде  деп  ілуде  біреу 

болса  да  орыс  ағайындар  айтып  қалып  жа-

тады.  Десе  де,  қазақ  театрына  зорлап,  тобы-

мен айдап әкелінген бір орысты көргенім жоқ. 

Театрымызға там-тұмдап орыс та, шетелдіктер 

де  келіп  тұрады.  Әдетте  олардың  жанында 

аудармашы  болады,  не  өзіміз  көмектесеміз. 

Міне,  сол  1993  жылдың  дәл  16  желтоқсаны 

күні  М.Әуезовтің  «Қаракөз»  трагедиясымен 

шымылдығын  ашқан  төл  театрымызға  осы 

Тәуелсіздік  күні  23  жыл  толады.  Осы  жылдар 

ішінде  жүздеген  пьеса  сахналанды.  Олардың 

бәрі де көрерменнің көз алдында шығар. Ішінде 

сәттісі де, сәтсізі де болды. Жоқтан жинадық, 

болмашыдан  бар  жасадық.  Құладық,  сүріндік. 

Осылайша  бой  түзедік.  Жарты  ғасырлық  та-

рихы  тарлан  театрларға  ердік,  олармен  иық 

тірестірдік.  Ұлтым-жұртым  дейтін  Оралдағы 

іргелі бір шаңыраққа айналды. Асылық айтсам, 

кешіріңіз, қазір мен Оралды қазақ театрынсыз 

көз алдыма елестете алмаймын.

Олай  болса,  өз  халқын  тілімен,  салт-

ғұрпымен табыстырған Тәуелсіздікке тәубе де-

мегенде не деймін! Тек Тәуелсіздіктің шапағаты 

– баянды, ғұмыры – мәңгі болғай да!



Құжырғали ТӨЛЕУІШЕВ,

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі,

театр қайраткері.

Орал қаласы.

13 желтоқсан 2016 жыл

5

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


лында  дүниеге  келген.  Әкесі 

Қажыгерей  домбыра,  сыр-

най, 

скрипка 


аспабында 

шебер  ойнаған,  күй  тартып, 

ән  салған,  өнерге  де  жақын 

адам  болған.  Болашақ  сан 

қырлы  дарын  иесі  әкесінің 

жүзін  көрместен  анасы  Рәш 

кейуананың  тәрбиесінде  өсті. 

Балалық  шағы  өткен  Са-

ралжын  ауылында  төрт  жа-

сында атақты күйші Аманғали 

Иманмағзомұлынан  домбыра  

тартуды  үйреніп,  кейін  сыр-

най  мен  мандолина  аспабын 

да  еркін  меңгереді.  Күй  ата-

сы  –  Құрманғазы,  күй  анасы 

–  Дина  және  Мәмен,  Сей-

тек  секілді  дәулескер  күйші 

бабаларымыздың 

күйлерін 

тыңдап өскен оның маңдайына 

тағдыр күйші болуды жазыпты. 

1969  жылы  орта  мектепті  бітіріп,  Алматыға 

жол  тартады.  Чайковский  атындағы  музыка 

училищесінде  күйші  Тілеш  Бәделовтың,  Алма-

ты  консерваториясында  Қазақстанның  халық  

әртісі  Қали  Жантілеуовтың  класын  үздік  бітіріп 

шығады. Тумысынан зерек, өнерді шексіз сүйген 

кейіпкеріміз училищеде оқып жүрген кезінен-ақ 

Құрманғазы атындағы академиялық ұлт-аспап-

тар  оркестрінің  құрамында  өнердегі  еңбек  жо-

лын бастайды. 

Ұлтымыздың  ұлылығы  мен  даналығын 

құдіретті  күймен  күмбірлеткен,  қазақтың  киелі  

қара  домбырасын  40  жылдан  астам  серік  ет-

кен  Т.Шәмелов  саналы  ғұмырын  оркестрге  ар-

нап,  қатардағы  домбырашыдан  жеке  орындау-

шы  деңгейіне  көтеріледі,  бас  концертмейстер, 

өмірінің  соңына  дейін    оркестрдің    көркемдік 

жетекшісі қызметін қоса атқарады. Құрманғазы 

атындағы  әйгілі  академиялық  ұлт-аспаптары 

оркестрі  ұжымымен  дүниенің  төрт  бұрышын 

шарлап,  қазақтың  ұлттық  музыка  өнерінің 

мәртебесін жоғары ұстап, абыройын әлемге паш 

етті.  1996  жылы  Қазақстан  мен  Қытай  елдері 

мәдениет  министрліктерінің  келісімімен  Құлжа 

қаласында  қазақ,  ұйғыр,  хансу,  сібе,  дұнған 

секілді ұлттардан құралған оркестрді басқарып, 

алты ай бойы оның өнерпаздарына дәріс оқыды. 

Ол жеке орындаушы ретінде де Қазақстан өнер 

шеберлері  құрамында  Америка,  Финляндия, 

Польша, Португалия, Италия, Ауғанстан, Фран-

ция,  Қытай,  Корея,  Пәкістан,  Германия,  т.б. 

мемлекеттерде өнер көрсетіп, ұлтымыздың күй 

өнерін  жоғары  кәсіби  деңгейде  насихаттады. 

Сырлы өнеріміздің көсегесін көгертіп, ұрпақтан 

ұрпаққа жалғастыра беру – мерейлі парыз деп 

ұғынған  Т.Шәмелов  тек  күйші  ғана  емес,  ол 

көптеген  әндердің  де  авторы.  Оның  «Ауылым 

аңсарым»  (сөзі  М.Райымбекұлынікі),  «Нұрғиса 

ағаға  сағыныш»  (Т.Молдағалиев),  «Асқарлы 

азамат»  (М.Құлкенов),  оркестр  мен  қобызға 

арнап  жазған  «Көктем  көріністері»,  «Домбы-

ра»  (Қ.Мырза-Әлі),  «Ауылымды  сағындым», 

«Ауылым  –  әсем  ән-сағым»  (А.Асылбек), 

«Тырналар» 

(М.Мәшекенов), 

«Күндер-ай» 

(Б.Телебаев),  тағы  да  басқа  көптеген  әндері 

халық  арасында  кеңінен  танымал.  Сондай-ақ 

«Ақжелең», «Қали, Мәмен – күмбір күй» атты екі 

күйі  тарихта  қалды.  Шектінің  ұрпағы  Тілеуұлы 

Мөңке  бабымыздың  «Жиын  алқа,  кеңес», 

«Қиқу дәурен», «Шалқыма», «Өттің жалған-ай» 

күйлерін келешек ұрпаққа мәңгілікке табыстады, 

оның табиғатын зерттеп, нотаға түсірді, алғашқы 

орындаушысы өзі болды. 

Тұяқберді  Қажыгерейұлы  республикалық, 

халықаралық 

конкурстардың 

лауреаты. 

Ұлттық өнерді дүниенің өшпес шырағы ретінде 

жандырған  сан  қырлы  өнер  иесі,  Құрманғазы 

атындағы  I  республикалық  конкурстың  (1983) 

лауреаты. Үздік өнері үшін Белоруссия (1981), 

Қазақстан  (1984),  Өзбекстан  (1995)  республи-

калары  Мәдениет  министрліктерінің  Құрмет 

грамоталарымен  марапатталды,  1994  жылы 

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 1998 жылы 

Қазақстанның  халық  әртісі  атағына  ие  болып, 

2006  жылы  «Құрмет»  орденімен  марапаттал-

ды.

Ол  көптеген  лирикалық  әндердің  авторы. 



Жүрек  қылын  шертетін  «Гүл»,  «Тырналар», 

«Жазира  көктем»,  «Өтті  ғой,  сәулем,  ай  та-

лай», көңілді мұңға толтыратын «Арманда кет-

кен  ағалар»,  «Сен  ғана  оралмадың»  әндері 

халқына  композитор  ретінде  танымал  етті. 

Ол  Жаңақаланы  жанындай  жақсы  көріп  өтті. 

Жаңақалада  өткен  Құрманғазы,  Дина,  Қали, 

Оқап  сынды  өнер  алыптарының  атындағы 

республикалық  деңгейдегі  шаралардың  бәріне 

де  қатысып,  оның  жоғары  дәрежеде  оздыры-

луына  атсалысты.  Жаңақала  ауданының  60 

жылдығына  арнап  «Әнім  сенсің,  Жаңақала» 

атты ән жазса, ауданның қайта құрылуының 40 

жылдығына тағы тамаша ән тарту етті. Осындай 

еңбектері  үшін  Жаңақала  ауданының  құрметті 

азаматы атанды. 

Осыдан 15 жыл бұрын Тұяқ ағамыз 50 жасқа 

толғанда  өз  ұжымы,  Құрманғазы  атындағы 

академиялық  оркестрдің  ақынжанды  бір 

мүшесі: 


«Өзен болар бұлақтар жылғалаған,

  Тамыр жаймай тұрар ма тұлғалы адам.

  Сыңғыр-сыңғыр күй туып сырғалардан,

  Әлди-әлди ән тусын іңгәлаған», - деп арнау 

жазған екен.

Батысқазақстандық тележурналист Мұнайдар 

Балмолданың  «Ұлы  дала  төсінде  атың  қалды 

Тұяқтай» өлеңінде:

Ақ Жайықтың төсінде әнің қалды айтылмай,

Домбыраның шегінде күйің қалды

 

 

 



           тартылмай. 

Жылы жақты бетке алған сүйріктей сұлу 

 

 

 



             тырнаның,

Көмейінде бүлкілдеп сазың қалды 

 

 

 



       сарқылмай...

Сарғаяды  Саралжын,  Нарын  құмың  алтын-

дай,

Қамыс-Самар сыбдырлап, егіледі 



 

 

 



           халқың-ай...

«Мың тұяқтың дүбірі – бір Тұяқтың саусағы»,

Күй төккенде күмбірлеп, жан дүние 

 

 



 

        балқыды-ай!..

Құрманғазы, Динаның көзіндей ең Тұяғым,

Мәмен, Қали, Оқаптың өзіндей ең Тұяғым.

Жаңа жауған ұлпадай аппақ еді-ау иманың,

Аппақ жанды ажалға, қалай ғана қиямын?

Ұлы дала төсінде атың қалды Тұяқтай,

Күйдің күмбір көшінде сазың қалды бұлақтай.

Айнала ұшқан төбеңнен ән-сұлулық тізілген,

«Қариға-қариға тырналар...» қаралы жұртты 

 

 

 



              жұбатқай,

Тұяғынан  айырылған  жаралы  жұртты 

жұбатқай,-демекші,  Тұяқберді  ағамыздың  кін-

дік  қаны  Орда  топырағында  тамса,  Жаңақала 

жерінде жерленді. Мәңгілік мекеніне ақ шаңқан 

мазар тұрғызылды.



Гүлзада ӘБІЛҚАЙЫРОВА,

Бөкей ордасы тарихи-мұражай

 кешенінің бөлім меңгерушісі.

Сахнада ұялылық танымал әнші Сек-

сенбай  Өталиев  «Көк  тудың  желбіре-

гені» әніне басқанда қазақы рух бойла-

рын  билеп  көрермендер  орындарынан 

еріксіз  тұрып,  ризашылықтарын  біл-

дірді.  Концерт  соңында  Ұялы  ауылдық 

мәдениет  үйі  директоры  Сайлаубек 

Мұхтаров  өнерпаздарға  рахмет  айтты. 

Ел  тәуелсіздігіміздің  мәңгі  баянды    бо-

луын  тілеп,  әсем  ән  мен  тәтті  күйдің 

атадан балаға  берілер мұра екенін атап 

көрсетті.  

Б.ҚАЛИЕВ.

Тартымды концерт

Мұратсай  ауылдық  мәдениет  үйінде  А.Құнанбаев,  А.Құсайынов, 

Т.Әубәкіров,  М.Мәметова  атындағы  көше  тұрғындары  Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мұратсай – құтты 

мекенім» атты концертін көпшілік назарына ұсынды.

Ардагер-ұстаз  Каспи  Жахатов  төгілткен  Динаның  «1916  жыл», 

Сейтектің «Заман-ай» күйлерімен сахна шымылдығы ашылып, Нәсіп 

Бисенғалиева  әжеміз  шырқаған  «Цыганочка»  әні  көпті  серпілтті. 

Бұрын сахнадан көрінбеген Лариса Ғұмарова, Кенжайым Дәулетова, 

Торғын  Саламатова,  ерлі-зайыпты  Мирхат  Қапезов  пен  Жазира 

Өтебаева дуэті көрермен ықыласына бөленді.

«Ұлағат»  әжелер  ансамблінің  орындауында  «Маусымжан»,  «Би-

пыл»  әндерін  ауылдастар  қосыла  шырқап,  үлкен  әсер  сыйлады. 

«Тұмар» бишілер тобының  Тәуелсіздікке арнаған жаңа биі  де көптің 

көзайымына айналды. 

Осынау  әсерлі  шара  соңында  ауыл  әкімі  Сымбат  Қапезова, 

мәдениет  үйінің  директоры  Қасым  Есекешевтер  өз  лебіздерін  біл-

діріп, әр көше арасындағы тартымды концерт әлі де жалғасын таба-

тынын айтты.



Бағила БЕРҚАЛИЕВА,

мәдениет үйінің 

көркемдік жетекшісі.

Әсерлі ән кеші

«Күмбір күйдің шебері»

«Желбіреген сияқты биігімде көп тулар,

Әуен емес – шанақтан ұшып жатты 

 

 

 

               аққулар!

Саусақ емес – дария дүркіреп бір өткендей,

Гүлдеп жүре берді ғой, көкіректер 

 

 

 

         көктемдей» 

Қадыр МЫРЗА-ӘЛІ.

Жерлесіміз,  күйші-композитор,  тума  талант, 

Қазақстан  Республикасының  халық  әртісі,  саз-

гер,  «Құрмет»  орденінің  иегері,  профессор 

Тұяқберді  Шәмеловтің  туғанына  биыл  65  жыл 

толды. Соған орай Бөкей ордасы тарихи-музей 

кешенінің  қызметкерлері  Жәңгір  хан  атындағы 

орта  мектептің  музыка  пәні  мұғалімі  Рита  Ал-

мурзинамен  бірлесіп,  6-сынып  оқушыларына 

«Күмбір күйдің шебері» атты ашық сабақ өткізді. 

Басты  мақсат  –  жерлес  күйшінің  өмірбаяны 

жайлы әңгімелеу, жеткіншектердің эстетикалық 

қызығушылықтарын  арттыру,  дүниетанымын 

кеңейтіп,  өнер  адамын  құрметтеуге  тәрбиелеу 

болатын.

Сабақ  өте  тартымды  әрі  қызықты  өтті. 

Оқушылар  сыныпқа  күй  әуенімен  кіріп,  ең  ал-

дымен  күйші-композитор  Т.Шәмеловтің  отба-

сын, еңбек жолын баяндайтын шағын бейнеро-

ликті тамашалады. Содан кейін олар сазгердің 

«Ауылымды сағындым» әнін орындады. Әннің 

мазмұнын  түсіндіріп,  ойларын  қорыта  келе, 

«Туған жер – алтын бесік» екен деген пікірлерін 

білдірді.  Сабақ  соңында  Тұяқберді  ағамыздың 

Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің 

орындауындағы «Толғау» атты күйі тыңдалды. 

Алдын-ала  үш  топқа  бөлініп  отырғызылған 

оқушыларға  тыңдаған  күйге  байланысты 

шығармашылық  жұмыстар  берілді.  Музыканы 

тыңдай отырып, күйді суреттеп беру ұсынылды. 

Балалар 4 жол өлең шығарып, сол арқылы му-

зыкадан алған әсерлерін әңгімелеп берді. Ашық 

сабаққа мектеп мұғалімдері де қатысты. 

Тұяқберді  Шәмеловтің  өмірі  туралы  жер-

гілікті  басылымдарда  жазылып  та  жүр.  Де-

сек  те,  дәулескер  күйші-домбырашы,  әдемі 

әуезді  әндердің  авторы,  Қазақстанның  халық 

әртісі, барлық саналы ғұмырын өнерге арнаған 

мәңгілік тұлға туралы кейінгі ұрпақтың жадын-

да қала беруі үшін тағы да бір айтып кетсек еш 

артық етпес. 

Өнерпаз 


ағамыздың 

саусағына 

таңғалғандардың бірі Айтқали Жайымов: «Тұяқ 

– саусағының желі бар күйші» деген екен. Ал, 

Тұяқ  Шәмелов  болса  әрдайым  бұл  саусақтың 

ғана  емес,  күй  өнерінің  құдіретінен  деп  жауап 

беріпті.

Тұяқберді  Қажыгерейұлы  Шәмелов  1951 

жылы  6  қыркүйекте  өзіміздің  Саралжын  ауы-

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығына 

орай    Ұялы  ауылында  өткен  «Әндер 

мен  жылдар»  атты  ән  кешіне  көршілес  

Саралжын,  Бөрлі  ауылдарының  да 

өнерпаздары қатысты. 

Бөрлі  ауылдық  мәдениет  үйінің 

қызметкерлері    Жаннат  Бегишанова 

«Еркемді»,  Алтынбек  Қабдығалиев 

«Кешір  мені»,  Гүлзада  Шалғынбаева 

«Анашым»,  Тұңғиық  Садықов  «Ботам-

ай»  әндерін  әуелетсе,  саралжындық 

өнерпаздар  Нұрсұлтан  Тілепқалиев 

«Кім  білген»,  Бекзат  Өтеғалиев    «Бір 

досың  керек  екен»  және  трионың 

орындауындағы  «Жаным  қазақ»  әндері  

жұртшылық  көңілінен  шықты.  Ұялылық 

Айдос Меңдіғалиев өзінің төл туындысы 

«Ұялымды»,  мәдениет  қызметкерлері 

Алмагүл Бегишанова мен Әсем Жапаев-

алар  дуэттік  орындауда  «Егіз  лебіз», 

Жансая  Баянова  «Ару  ана»,    Жансая 

Мүбиінқызы  «Көктемге  хат»,  Фардана 

Хамзина  «Ақ  самал»  әнін  тамылжыта 

шырқағанда  залдағы  көрермен  жаппай 

қол соғып, қошемет көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет