50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



жүктеу 6.59 Mb.
Pdf просмотр
бет14/47
Дата12.03.2017
өлшемі6.59 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47

«Өзіммен өзі» - бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай 

білуіне  септігін  тигізеді.  Ол  баланың  сезімі  мен  эмоциясын,  жалпы 

рефлексияға  қабілеттерінің  дамуын  ынталандырады.  Осы  тәсіл  балаларға 

жайлы  әсер  етеді,  олардың  қиялын  дамытады,  топтағы  мінез-құлыққа 

жағымды  ықпал  етеді  және  әдетте,  материалды  жаңадан  түсіну  барысында 

пайдаланылады.  Осы  мақсаттарды  жүзеге  асыру  барысында  мұғалімнің 

сөзімен  қатар,  сондай-  ақ  аудиоқатарлар  (классикалық  музыка,  табиғат 

дыбыстары және т.б.) қолданылады. 

 



«Оқу»  -  оқушылардың  білім  және  адамгершілік  қасиеттер  мен 

құндылықтар  туралы  түсініктерін  кеңейтуге,  оқу  іскерліктерін  дамытуға 

бағытталған  әдіс.  Оқушылардың  танып  –  білуге  құштарлығын  арттыру 

мақсатында  үлкендермен  бірге  және  өз  бетінше  көркем  шығармаларды  оқу 

ұсынылады. Бұл әдіс оқушылардың ойлауын, еске сақтауын, эмоциялық ерік- 

жігер салаларын дамытады. 

 

«Сабақтың  дәйексөзі»  оқушылардың  танымдық  белсенділігін 



арттыруға,  оқу  материалын  эмоционалды-бейнелі  қабылдауға  ықпал  ететін 

өзін-өзі  тану  сабақтарының  міндетті  элементі  болып  табылады.  Сабақтың 

дәйексөзі ретінде мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер алынады. 

 



«Мұғалімнің 

әңгімелеуі», 

«Оқушының 

әңгімелеуі» 

– 

оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым болып тыңдауына 

жағымды  жағдай  туғызатын  сөйлеу  және  ойлау  іс-әрекеттерінің  маңызды 

түрі. Балалар осы әдіс арқылы әңгімені тыңдай және ести білуді, сезіне алу 

және сезіммен қабылдауды, ой елегінен өткізу мен пайымдай алуды үйренеді. 

Шығарманы  әңгімелеудің  кідіріспен,  сахналау  элементтері  арқылы 

мазмұндап айту турлері қолданылады. 

 



«  Әңгімелесу»  –  бұл  балалардың  тақырып  мазмұнын  түсінуіне 

мүмкіндік  беретін  дидактикалық  тәсілді  сұрақтар  мен  жауаптар  түріндегі 

қарым- қатынас нысаны. Әрбір оқушы өзінің пікірін айта алады, тақырыпқа 

өзінің көзқарасын білдіре алады, өзін толғандыратын сұрақтарды қоя алады. 

Мұғалім  балалардың  ойлау  қабілеттерін  дамытады,  оларды  өз  пікірлерін 

және жағдаяттар мен әрекеттерге қатысып білдіре алу іскерлігіне үйретеді. 



129 

 



 

«Ойын», «Жаттығу» – балалардың танымдық қызығушылықтарын 

жандандыру  және  меңгерген  ұғымдар  мен  іскерліктерін  бекіту  үшін 

ұсынылатын оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың 

жеке  тәжірибесі  негіінде  оқу  материалының  мазмұны  жүзеге  асырырылады. 

Балалар  ойындар  мен  жаттығулар  нәтижесінде  құрбыластарымен  жағымды 

қарым  -  қатынас  жасау  дағдыларына  ие  болады,  өмірлік  дағдыларды 

меңгереді. 

 



«Шығармашылық  жұмыс»  –  өзін-өзі  тану  сабағының  маңызды 

бөлігі. Сурет салу,  макет, коллаж жасау мен өлең, өсиет әңгіме, ән және т.б. 

шығару түрінде әртүрлі нысанда өзбетінше және ұжымдық әрекеттер арқылы 

жүзеге  асырылады.  Бұл  тәсіл  шығармашылық  әлеуетті  ашуға,  символдар, 

бейнелер  мен  әрекеттер  арқылы  өзіндік  «Менін»  білдіре  алуға  көмектеседі. 

Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдық, 

ұқыптылық  сияқты  адами  қасиеттердің  маңыздылығын  ұғынуына,  өзінің 

пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу іскерліктерін дамытуға 

мүмкіндік береді. Балалардың өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен 

шығармашылық 

мүмкіндіктеріне 

сенімдерін 

қалыптастырады, 

жауапкершілікке тәрбиелейді. 

 

«Жағдаяттар  кезінде  ойлану»  –  балалардың  нақты  өмірлік 



жағдаяттарды  бағалай  білу  қабілеттерін  дамытуға,  өзінің  ойы  мен  ісіне, 

әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл. 

Жағдаяттарды  талқылау  балалардың  ойлауға  бейімділіктерін,  өзін  және 

өзгелерді  бағалауға  икемділіктерін,  қоршаған  әлеммен  жағымды  өзара 

әрекеттерін,  қоршаған  әлеммен  жағымды  өзара  әрекеттестікті  құра  білу 

іскерліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

 

«Бейнематериалдар көру» (фильмнен, мульфильмнен, үзінділер 



және  т.б.)  оқу  ақпараттарын  жеткілікті  көрнекілік  нысанда  ұсынуға 

мүмкіндік  беретін  әдістемелік  тәсіл.  Айқын  көркем  бейнелер  балалардың 

өтілген материалдардың мазмұнынын қабылдауы мен меңгеруін күшейтеді. 

 



«Ән шырқайық, достар!» – сабақта қосылып ән айтуды ұйғаратын 

әдістемелік  тәсіл.  Ән  айту  балалардың  сезімдерін  сергітіп,  көңіл-  күйін 

жадыратады. Бұл тәсіл сабақтың кез келген кезіңінде қолданылады. 

 



«Сергіту сәті» – шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, 

денеге  түскен  күшті  төмендету  қажетті  өзін-өзі  тану  сабақтарының 

компоненті  .Сергіту  жаттығулары  бір  әрекеттен  басқа  әрекетке  ауысуға 

бағытталған  қысқа  ойындар  түрінде  жүргізіледі.  Осы  тәсілді  қолдану  топта 

жақсы  көңіл-  күй  тудырады,  ұқыптылықты,  реакция  жылдамдығын 

дамытады, ұжымға топтасуға ықпал етеді. 

 

«Сахналау»  –  бұл  тәсіл  өзін-өзі  тану  сабақтарында  оқу 



материалының  мазмұнын  эмоционалдық-сезімдік  күймен  тиімді  қабылдау 

мақсатында  әр  түрлі  жағдаяттарды  балалардың  өздері  рөлдерде  орындауы 

арқылы ұйымдастырылады. 


130 

 



 

«Қорытындылау»  –  мұғалімнің  өзі  немесе  балалрмен  бірлесіп 

сабақтың  өзіндік  логикалық  қорытындысын  шығаруға  және  құрылымдық 

элементерінің орындалуына қол жеткізуге бағытталған әдістемелік тәсіл. 

 



«Жұректен  -жүрекке»  шеңбері  –  әдетте,  оқу  сабағын  аяқтайтын, 

бір-  біріне  тілек  айтуды  қарастыратын  және  педагогтың  әрбір  баланың 

эмоционалдық  жай-  кұйін,  олардың  сабақ  тақырыбын  түсіну  дәрежесін 

анықтауына мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл. 

 

«Үй  тапсырмасы»  –  баланың  сабақ  тақырыбына  және  сабақта 



меңгерген  білім,  іскерлік  және  дағдыларын  бекітуге  қызығушылығын 

арттыратын  тәсіл.  Балалар  үй  тапсырмасын  дәптерлеріне  өз  бетінше  немесе 

үлкендермен бірге орындайды. Бұл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы 

түсінуіне септігін тигізеді. 

Өзін-өзі  тану  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастырудың  маңызды  шарты 

балалардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес 

эмоциялық  жайлықты  қамтамасыз  ететін  денсаулық  сақтау  ортасын  құру 

болып  табылады.  Сабақта  әрекет  түрлерінің  алмастырылуы  оқуға  жағымды 

мотивтерді қамтамасыз етеді 

Өзін-өзі  тану  бойынша  сабақтан  тыс  әрекеттер  алған  білімдерін 

күнделікті  өмірде  практикалық  түрде  қолдана  білуді  және  қоғамға  қызмет 

етуге белсенді қатысуды қарастырылады. 

Өзін-өзі  тану  процесінде  мұғалімнің  рөлі  айрықша,  өйткені  ол  қазіргі 

оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, психологиядық білімдерін, балаллардың жас 

ерекшеліктерін  ескере  отырып,  педагогикалық  процесті  дербес  құра  алу 

білігін жетік меңгерген болуы тиіс. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі сабақта және 

тұлғаның әлеуетін, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін 

оқытудың  әртүрлі,  дәстүрлі,  дәстүрлі  емес  түрлерерін,  интерактивті 

нысандары мен әдістерін қолданады. 

Өзін-өзі  тану  мұғалімінің  құндылыққа  бағдарланған  бағыттық  әрекеті 

оқушылардың  білім  алуына  даналықты,  адамзаттың  мәдени  жетістіктерін 

ұғынуына,  өзара  түсіністікті  және  қоғамның  барлық  мүшелерімен  жағымды 

қарым-қатынас  жасауды  үйренуіне  мүмкіндік  береді.  Мұғалім  әрбір 

оқушының  ерекшелігін  ескере  отырып,  балардың  қоршаған  ортада  өзінің 

жеке  тұлғалық  «Менін  жете  түсіну»  процесіне  көмектеседі.  Ол  дайын 

білімдерді  жеткізуші  емес,  балаларды  өмірлік  маңызды  іскерліктер  мен 

дағдыларды игеруге жетелейтін өзін- өзі процесінің жетекшісі. 

Ол  балалармен  бірге  пікір  таластырады  және  ойланады,  жаңалықтар 

ашады,  таңданады  және  күмәнданады,  бірлескен  шығармашылықта 

қызығушылықпен  өмірдің  ақиқатына  көз  жеткізеді,  сыныпта  жағымды 

жағдай  туғызады.  Осының  барлығы  оқушылардың  компетенцияларын 

дамытуға,  күтілетін  нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін  жағдай  тудыруға  ықпал 

етеді. 

 


131 

 

Әдебиет 

1.

 

Әрінова  Б.  «Өзін-өзі  тану»  пәні  оқулықтарының  құрылымдық  жүйесі  /Б. 



Әрінова/Открытая школа – 2008. №6 

2.

 



Арғымбаева  Ә.  Өзін-өзі  тану  пәнінің  оқу-әдістемелік  кешенін  дайындау  іс-

тәжірибесінен /Ә.Арғынмбаева/ открытая школа- 2007.№2 

3.

 

Бағандықова 



Ж. 

Адамгершілік-рухани 

тәрбие 

беруде 


халық 

педагогикасынпайдалану мәселелері /Ж. Бағандықова/ Открытая школа-2007.№ 2 

4.

 

«Самопознание.kz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал -2011ж 



5.

 

Әрінова  Б.  «Қазақ  әдебиеті»  және  «Өзін-өзі  тану»  пәндерін  Шәкәрім 



шығармалары арқылы ықпалдастыра оқыту /Б.Әрінова/ Открытая школа-2009.№ 7. 

 

 



СЕГМЕНТАТИВНО-КОНЦЕНТРИЧЕСКОЕ ОБУЧЕНИЕ – МОДЕЛЬ 

ОБУЧЕНИЯ, ОРИЕНТИРОВАННАЯ НА РЕЗУЛЬТАТ 

 

И.М. Бабич 

ГУ Школа-лицей №16, г. Павлодар 

 

Современная  система  образования  в  нашей  республике  ориентирована 



на  вхождение  в  мировое  образовательное  пространство[1],  главными 

составляющими  которого  являются  расширение  знаний  и  умений 

школьников,  повышение  их  культуры,  целенаправленное  развитие 

способностей,  творческого  потенциала,  индивидуальности,  формирование 

гуманистической  системы  ценностей,  а  также  сохранение  и  укрепление 

здоровья  детей[2].  В  соответствии  с  долгосрочной  программой  развития 

образования  до  2020  года  [3]  общеобразовательная  школа  должна 

формировать  новую  систему  универсальных  знаний,  умений,  навыков,  а 

также  опыт  самостоятельной  деятельности  и  личной  ответственности 

обучающихся, то есть современные ключевые компетенции.  

Наиболее  эффективный  результат  в  достижении  поставленных  целей 

обеспечивает организация и управление учебным процессом с применением 

деятельностного  и  компетентностного  подходов,  рабочим  инструментом 

которого является сегментативно-концентрическое обучение – СКО (название 

и идея автора). 

СКО 


снимает 

противоречия 

между 

требованиями 



стратегии 

модернизации  образования  в  компетентностном  подходе  к  процессу  и 

результатам  образования  и  современными  проблемами  преподавания  основ 

наук  в  школе;  позволяет  повысить  учебно-познавательную  мотивацию, 

формировать  ключевые  компетентности,  обеспечить  быструю  адаптацию 

образования к изменяющимся потребностям общества и рынка труда.  



Словарь терминов и сокращенных обозначений 

1.  Сегмент  (лат.  segmentum,  отрезок)  –  один  из  многих  однородных 

участков. 

2. Сегментация – разделение на ряд участков. 

3.  Концентрический  (лат.  Con  c+centrum  центр,  сосредоточие)  – 

имеющий общий центр. 



132 

 

4. СКО - сегментативно-концентрическое обучение 



5. ИЛ – информационный лист 

6. УМ – учебный материал 

Сегментативно-концентрическое 

обучение 

(СКО)– 

это 


общедидактический  инструмент  управления  образовательным  процессом, 

пригодный  для  преподавания  любого  предмета,  построенного  по 

концентрическому принципу (Рис. 1). 

 

 



Рисунок 1. Модель технологии сегментативно- концентрическокого обучения 

 

СКО – личностно- и предметно-ориентированный способ управления, в 



основе  которого  лежит  психолого-педагогическая  теория  поэтапного 

формирования  умственных  действий  А.Я.  Гальперина[4],  дидактический 

принцип  развивающего  обучения  и  интегральный  принцип  единства 

личности, психики, сознания и деятельности. 

СКО  –  информационно  (формирование  ЗУНов)  –  эвристический 

(развитие творческих способностей), обучающе-воспитывающий инструмент 

управления образовательным процессом с преобладанием 3 видов обучения: 

обучения  в  сотрудничестве  (в  том  числе  и  игровое  обучение), 

дифференцированное  обучение,  обучение  в  диалоге  (информационно-

проблемный диалог, свободно-эвристический диалог).  

По типу управления познавательной деятельностью[5], в СКО выделяют 

3 системы: обучение по книге, систему малых групп, систему «консультант» 

(в  роли  консультанта  выступает  учитель,  группа  учеников  заранее 

подготовленных учителем). 

Сущность  концентрированного  обучения  –  глубокое  изучение  предмета 

за счет разделения темы на отдельные сегменты, семикратное возвращение к 

1-3  сегменту  (информационному  листу  «Самое  главное  по  теме»  с 

выделенной  системой  ключевых  слов),  поэтапному  формированию 

умственных действий и ключевых компетенций учащихся при продвижении 

по операционно-познавательному этапу. 



133 

 

Как и в большинстве других технологий главной структурной единицей 



СКО  является  тема.  Изучение  каждой  темы  состоит  из  3  основных  этапов: 

Вводно-мотивационного, 

операционно-познавательного, 

рефлекивно-

оценочного.  Но  в  отличие,  например,  от  технологии  модульного  обучения 

вводно-мотивационный  этап  СКО  не  предусматривает  проведение  вводной 

лекции учителем. Чаще всего это короткая презентация с системой ключевых 

вопросов по теме, активизирующих познавательную деятельность учащихся 

и обеспечивающих мотивацию деятельности. 

Операционно-познавательное  поле  СКО  не  свободно.  Оно  состоит  из 

обязательных  7  сегментов,  продолжительность  которых  колеблется  от  20 

минут  до  2-3  уроков  в  зависимости  от  содержания  материала  и  времени, 

выделяемого программой на изучение темы.  

1  сегмент  –  ИЛ  учителя  «Самое  главное  по  теме»  с  выделенной 

системой  ключевых  слов.  Это  и  есть  центр  концентрического  обучения,  к 

которому  учащиеся  семикратно  возвращаются  на  протяжении  всего 

операционно-познавательного  этапа,  вплоть  до  рефлексивно-оценочного. 

Изучать  ИЛ  можно  смысловыми  отрезками  в  парах  постоянного  и 

переменного состава. 

2  и  3  сегмент  –  это  самостоятельная  групповая  или  индивидуальная 

работа учащихся по составлению собственного ИЛ в процессе внимательного 

и  кропотливого  изучения  текстов  параграфов,  поиску  ключевых  слов 

заполнения пробелов в листе «Самом главном по теме». 

После  сопоставления  собственного  ИЛ  с  ИЛ  учителя,  дополнения  и 

устранения  неточностей  на  3  этапе  работы  учащимся  предлагается 

обучающий  семинар  со  свободным  просматриванием  собственного  ИЛ  при 

выполнении заданий. 

5  и  6  сегменты  –  это  обучающее  тестирование  и  решение 

разноуровневых задач с открытым применением ИЛ.  

Выявить  осознанность  и  уровень  усвоения  теоретических  знаний 

позволяет 7 сегмент – Ключ к ИЛ. Учащимся раздаются листы с пробелами и 

предлагается  по  памяти  вставить  ключевые  слова  в  предложенные  пункты 

«Самого главного по теме». 

Такое  семикратное  возвращение  к  самому  главному  по  теме, 

закрепление теоретических знаний в заданиях различного уровня сложности 

способствует не только осознанному и полному усвоению больших объемов 

теоретического  материала,  но  и  является  неоспоримым  подспорьем  при 

подготовке  к  ВОУД  и  ЕНТ,  так  как  в  тетрадях  учащихся  имеется  хорошо 

структурированный материал с выделенной системой ключевых слов. 

Оценивание  знаний  учащихся  происходит  по  бальной  системе  в 

результате  работы  над  каждым  сегментом:  один  сегмент  –  одна  оценка,  но 

если  сегмент  длится  1-2  урока  (сегмент  6),  то  и  количество  оценок  может 

варьировать от 1 до 3. Большое внимание уделяется формированию навыков 

объективной самооценки и взаимооценки учащихся. 



134 

 

Для  осуществления  мониторинга  результатов  применения  СКО  были 



выбраны несколько групп учащихся школы-лицея № 16.  

Для  диагностики  развития  учебно-познавательных  компетенций  в 

контрольном и опытном классе в качестве критериев применялась уровневая 

дифференциация  усвоения  учебной  информации  по  В.П.  Беспалько  [6] 

(Рис.2). 

 

 



 

Рисунок 21. Уровни усвоения учебной информации. 

 

Результаты контрольных срезов позволяют сделать вывод, что учащиеся 



экспериментальной  и  опытной  группы  имеют  приблизительно  одинаковый 

процент  усвоения  учебной  информации  на  уровнях  понимания,  узнавания, 

творчества.  Однако  учащиеся  экспериментальной  группы  показали  более 

высокий результат на уровне применения знаний, как в классе ЕМН, так и в 

классе ОГН.  

Учащиеся  экспериментальной  и  контрольной  групп  имели  примерно 

одинаковый  уровень  интеллектуального  развития  и  познавательной 

активности. Однако результаты анализа качества знаний по предмету за год в 

контрольных  и  экспериментальных  группах  позволяют  сделать  вывод  об 

отставании  в  сформированности  учебно-познавательных  компетенций  в 

группе контроля. 

Работа  над  ИЛ  создавала  дополнительную  внешнюю  мотивацию  в 

экспериментальной  группе  учащихся,  что  способствовало  развитию  умений 

работать  с  текстом:  понимать  сложные  тексты,  оценивать  представленную 

информацию, формулировать гипотезы и выводы. 

На  протяжении  5  лет  работы  в  классах  по  этой  методике  среднее 

качество знаний составляет 54%, успеваемость 100%. Средний балл на ЕНТ – 

22,  качество  100%,  средний  балл  на  ПГК,  подготовка  к  которому 

осуществлялась по технологии СКО, составляет 26,4. 

Таким образом, применение сегментативно-концентрического обучения  

1.  Позволяет  поддерживать  учебно-познавательную  мотивацию  на 

протяжении  от  вводно-мотивационного  до  рефлексивно-оценочного  этапа 

изучения  темы,  тем  самым  способствуя  формированию  учебно-

познавательных компетенций.  



135 

 

2.  Снимает  противоречие  между  дефицитом  учебного  времени  и 



необходимостью полного усвоения темы.  

3.  Позволяет  создавать  на  уроках  условия  для  успешной,  активной  и 

сознательной деятельности учащихся, поддерживает интерес к предмету. 

4.  Позволяет  усваивать  большие  объемы  теоретического  материала  и 

формировать прочные знания, умения и навыки у учащихся  

5.  Способствует  формированию  ключевых  компетенций  учащихся: 

эмоционально-психологических, 

регулятивных, 

социальных, 

учебно- 


познавательных, творческих, компетенции самосовершенствования 

Составление  ИЛ  учащимися  создает  условия  для  полного  усвоения 

курса химии и качественной подготовки выпускников к итоговой аттестации, 

выступлению 

на 

различных 



этапах 

химических 

олимпиад 

и 

интеллектуальных соревнованиях 



СКО  –  надежный  механизм  управления  образовательным процессом  на 

основе компетентностного и деятельностного подходов. 



 

Литература 

1. Закон Республики Казахстан от 27.07.2007 N319-3 "Об образовании", Статья 11. 

2 Концепция 12-летнего среднего образования в РК. 

3. Долгосрочная программа развития образования до 2020г (Астана,2008). 

4. Педагогика / Под ред. П.И. Пидкасистого. М., 2002. 

5. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний.-М., 1975. 

6.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.-М., 1989. 

7. Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя.М., 1991. 

8.  Маркова  А.К.  и  др.  Формирование  мотивации  учения:  Книга  для  учителя.  –  М., 

1990. 


9. Ксензова Г.Ю. Оценочная деятельность учителя. М.,1999. 

 

 



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ- ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘРЕКЕТІН 

КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

М. Баймұрат, Р.Қ. Сеитова  



ПГПИ, г. Павлодар 

А.С. Темірханова, Н.С.Темірханов 

Бизнес-колледж, г. Павлодар 

 

Компьютерлік  техниканы  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  пайдалану 



«оқытудың  педагогикалық  технологиясы»,  «оқытудың  жаңа  ақпараттық 

технологиясы» деген жаңа ұғымдардың туындауына себеп болды. 

Жалпы  білім  беретін  орта  және  кәсіптік  мектеп  реформасының  негізгі 

бағыттарына  сәйкес  орта  білім  беруді  қайта  құрудың  негізгі  шарттарының 

бірі – оқытуды компьютерлендіру. 

Қазіргі  кезде  білім  беруді  компьютерлендірудің  үш  негізгі  бағытын 

көрсетуге болады: 


136 

 

1.



 

жалпы  компьютерлік  сауаттылыкты  қамтамасыз  ету,  мұнда 

компьютер – оқыту объектісі болып табылады. 

2.

 



компьютердің оқыту тиімділігін оқытудың құралы ретінде пайдалану, 

яғни компьютер мектептегі басқа пәндерді окыту құралы болып табылады. 

компыотерді іс-қимыл міндеттерін шешу құралы ретінде пайдалану [1]. 

Осыған  сәйкес  оқытуды  компьютерлендірудің  міндеттері  қандай  және  ол 

қалай жүзеге аспақ деген сұрақ өзінен-өзі туындайды. 

Оқытуды компьютерлендірудің негізгі міндеттері: 

1.  Ғылымның  негіздерін  терең  меңгеруді  қамтамасыз  ету  және 

келешектегі тәжірибелік іскерлікке дайындау мақсатында барлық жастардың 

компьютерлік сауаттылығын көтеру. 

2.  Жаңа  ақпараттық  технологияларды,  есептегіш  техниканы  мектептегі 

барлық  пәндерге  және  сыныптан  тыс  жұмыстарда  кеңінен  пайдалану 

негізінде білім беру және тәрбиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру.  

3.  Халыққа  білім  беруді  басқару  жүйесін  жетілдіру  мақсатында 

компьютерлік  техниканы  кеңінен  енгізу.  Бұл  ағарту  жүйесін  қоғамдағы 

жалпы ақпараттық жүйеге қосуға мүмкіндік береді. 

Жаппай  компьютерлендіру  кезеңінде  компьютерлік  техниканы  оқу-

тәрбие  процесінде  пайдалану  арқылы  үлкен  жетістіктерге  жетуге 

болатындығын тәжірибе [2) дәлелдеп отыр. 

Мектептегі  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  кезеңінде  өзекті  мәселе  —

оқушылардың  оқу-тәрбие  процесінде  компьютерлік  технологияны  кеңінен 

пайдалана  отырып,  оқушылардың  ақыл-ойы  мен  шығармашылық 

кабілеттерін  қалыптастырып,  дамыту.  Әрбір  сыныптар  (мектептегі) 

компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың ақыл-ойы мен 

шығармашылық  қабілеттерін  дамытудың  қолайлығын  ең  алдымен 

компьютердің  орасан  зор  мүмкіндіктерімен  және  оқушылардың  бастауыш 

мектеп  кезеңіне  тән  физиологиялық,  психологиялық  ерекшеліктерімен 

түсіндіруге болады. 

Л.Н. Проволиенко, Е.И. Мащбиц, Н.Ф. Тализина, Б.Ф. Гершунский, т.б. 

компьютердің  зор  мүмкіндіктерін  айта  келіп,  оның  басқа  техникалық 

құралдармен салыстырғанда төмендегі басымдығымен түсіндіреді: 

Біріншіден, компьютер оқу материалының берілу түрлерінің мүмкіндігін 

кеңейтеді;  түрлі-түсті  бояуды,  графиканы,  мультипликацияны,  дауысты 

пайдалану, шындық жағдайды құруға көмектеседі. 

Екіншіден,  компьютер  оқушылардың  оқуға  деген  ынта-ықыласын 

дамытады. 

Үшіншіден,  компьютер  оқушыларды  белсенді  түрде  оқу  процесіне 

итермелейді. 

Программалап 

оқытудың 

ерекшелігі 

компьютер 

тек 


оқушылардың  іс-қимылын  бағыттап  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  өзі  де 

олардың көмегімен басқарылады. 

Төртіншіден,  компьютер  көмегімен  бұрын  игеруге  қиындық  келтірген 

аумағы үлкен ақпараттармен жұмыс істей алады. 



137 

 

Бесіншіден,  компьютер  оқушылардың  іс-қимылын  бақылауын  сапалы 



түрде  өзгертуге  мүмкіндік  береді.  Компьютер  өзі  оқушылардың  қатесін 

түзейді,  педагогтің  қатынасынсыз-ақ  өзі  бағыт  беріп  отырады.  Бұл 

мұғалімдерді  «қара  жұмыстан»  (тексеру  жұмысынан)  босатып,  олардың 

тәрбие  мәселесіне, оқушылармен  істелетін  жеке  дара  жұмыстарға  көп  көңіл 

бөлулеріне көмектеседі. 

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, т.б. үрдістері 

жастардың  белсенді,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін,  кеңінен  ойлауға 

қабілеті  болуын  қажет  етеді.  Сондықтан  мектептегі  оқу  үрдісінің  негізгі 

мақсаты  –  арнайы  педагогикалық  әдістер  арқылы  мақсатты  және  жүйелі 

түрде оқушылардың интелектік шығармашалық пен ойлауын дамыту, ғылыми 

көзқарасы  мен  белсенділігін  қалыптастыру,  өз  бетінше  білім  алу 

дағдыларының дамуына негіз салу. 

Қоғамның  деңгейі  қандай  болса,  мектептердегі  білім  беру  саласы  да 

соған лайық болмақ. Қоғамның алдына қойған мақсаттарына оқушының жеке 

тұлғасын  калыптастырудың  мақсаты  анықталатыны,  соған  лайықты  білім 

беру  жүйесінің  де  өзгеретіні  педагогикалық  ғылымдар  тарихынан  белгілі. 

Өйткені  қоғам  -  тапсырыс  беруші,  ал  мектеп  –  осы  тапсырысты  жүзеге 

асырушы  педагогикалық  жүйе.  Олай  болса,  еліміздегі  нарықтық 

катынастардың орнығуы жүріп жатқан мектептегі окушының жеке тұлғасын 

қалыптастыру мақсаттарынын өзгеруі де заңды құбылыс. 

Бұл  мәселелер,  ең  алдымен  оқушыға  деген  көзқарастарының  өзгеруіне 

алып  келетіні  түсінікті.  Себебі  оқыту  үрдісі  тек  шәкірт  үшін 

ұйымдастырылып, қызмет етеді. Егер бала осы үрдіс барысында мақсатты іс-

әрекет  жасамаса,  онда  оқыту  үрдісінің  нәтижелі  болуы  екіталай.  Оқу 

үрдісінің  нәтижелілігі  оқушы  бойында  қандай  өзгерістер  болғандығы 

тұрғысынан,  яғни  оның  қандай  білім  мен  дағдыларды  игергені,  оның 

психологиялық дамуы, әдеті мен тәртібінде қандай іргелі жылжу белгілерінің 

болғаны, 

ғылыми-дидактикалық 

көзқарасының 

қандай 

дәрежеде 



қалыптасқандығы т.б. тұрғысынан бағаланатыны да анық.  

Қазіргі  кезде  оқушы  мұғалімнің  белсеңді  әсерінің  объектісі  –  «білім 

толтырылуы тиіс құмыра», илеуге көне беретін «балшық» емес [3]. Ол өсіп, 

дамып  отырған  өзіндік  тұлға.  Оқушыны  оқыту  субъектісі  ретінде  карай 

отырып  қана  математиканы  оқытудың  мақсаты  мен  міндетін  нәтижелі  іске 

асыруға  болады.  Сол  себепті  де  Л.М.Фридман:  оқыту  мен  тәрбиелеудің 

барлық  күрделі  міндеттерінің  жүзеге  асырылуы,  оқушының  қаншалықты 

мөлшерде өзінің оқу - тәрбиелік кызметінің субъектісі болуына байланысты,– 

деп көрсеткен болатын [4]. 

Оқыту үрдісі екі жақты мұғалімнің қызметі және оқушының қызметі. Бір 

жағдайларда оқушы мұғалімнің қызмет объектісі, ал оқу барысында субъект 

ретінде  болады.  Сонымен  катар  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  оқушының  өзінің 

атқаратын кызметі оның жан-жақты дамуының негізі болып табылады. 

Қазіргі,  адамға  қажетті  білімдер  көлемі  қауырт  әрі  тез  өсіп  отырған 

жағдайда,  оқушылардың  белгілі  бір  деректер  жиынтығын  ғана  меңгеруіне 


138 

 

ден қоюына болмайды. Сондықтан субъектінің өз бетінше білімін толтыруға 



ғылыми  және  саяси  ақпараттардың  ағымын  да  ұстай  білу  біліктілігіне 

дағдыландыру  -  қазіргі  кездегі  аса  маңызды  іс.  Оқу-зерттеушілік  әрекет 

шығармашылықтың  бір  формасы  болғандықтан,  оқушылардың  оқу-

зерттеушілік  қабілеттерінің  дамуы  туралы  мәселе  олардың  шығармашылық 

қабілеттерінің  дамуы  жайлы  келесі  мәселенің  құрамды  бөлігі  болып 

табылады.  Оқу-зерттеушілік  әрекет  шығармашылықтың  бір  формасы 

болғандықтан,  оқушылардың  оқу-зерттеушілік  қабілеттерінің  дамуы  туралы 

мәселе  олардың  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуы  жайлы  келесі 

мәселенің құрамды бөлігі болып табылады. 

Соңғы  жылдары  бұл  мәселенің  теориялық  жағынан  жете  зерттелуіне 

А.Е.  Әбілқасымова,  Ю.К.  Бабанский,  М.И.  Махмутов,  П.И.  ІІидкасистый,  

М.Н. Скаткин және т.б. үлкен үлес қосты. Оқушылардың ізденімпаздық және 

оқу-зерттеушілік әрекет элементтеріне, оқыту әдісін жетілдіруге байланысты 

көптеген мәселелер зерттелді. 

Педагогикалық  зерттеулерде  оқу  -  зерттеушілік  сипаттағы  тапсырма-

лардың қолдану аймағына талдау жасауға үлкен орын берілуде және оны оқу 

үрдісінің түрлі бөлімдерінде қолданудың әдістемесі де жетілдірілуде. Зерттеу 

жүргізуге  педагогикалық  жетекшілік  ету  мен  оқушылардың  өз  бетінше 

қызметінің  қатынасы  туралы  мәселе  қойылып  отыр.  Қазіргі  кезде  ғалымдар 

өз  бетінше  оқу-зерттеушілік  жұмысты  кеңінен  қолданбайынша  оқушыларда 

терең,  берік  игерілген  білімдер  мен  дағдыларды  қалыптастыру  мүмкін  емес 

екендігін мақұлдап отыр. 

Сонымен, жүргізілетін талдауларға сүйене отырып, мәселенің тексерілу 

деңгейін  жалпы  түрде  былайша  сипаттауға  болады:  өз  бетінше  әрекеттің 

сипаты  түрліше  танымдық  тапсырма  шартымен  және  оның  оқушылардың 

алдына  қойылу  әдісімен  анықталады;  өз  бетінше  әрекеттігің  ең  жоғарғы 

деңгейі  оқушылардың  зерттеушілік  тапсырманы  орындау  барысында 

көрінеді.  Оқыту  үрдісінде  оқу-зерттеушілік  әрекетті  ұйымдастыру  және 

оқушылардың  оқу-зерттеушілік  әрекетін  ұйымдастыруды  қалыптастыру 

мынандай жағдайларда орын алады: 

Дегенмен, оқушылардың оқу-зерттеушілік әрекетін қалыптастыратыңдай 

оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың көптеген мәселелері әлі де болса өз шешімін 

таппаған.  Олар:  оқушылардың  оқу-зерттеушілік  әрекеттің  қалыптасу 

белгілері;  оқу-зерттеушілік  әрекеті  қалыптастырудағы  мұғалім  жұмысының 

әдістемелік жүйесі және т.б. мәселелер. 

 



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет