50. Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұнына түсінік беріңіз



бет1/4
Дата27.12.2022
өлшемі3,66 Mb.
#59836
  1   2   3   4

50. Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұнына түсінік беріңіз
Басқарудың теориясы мен практикасында (Ю. А. Копержевский., Т. И. Шомова және т.б.) педагогикалық талдаудың негізгі түрлері анықталған. Талдаудың субъектісіне (не талданады) қарай оның көптеген түрлері кездеседі. Солардың арасынан параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдау деп аталатын үш түрді бөліп атауға болады.
Параметрлік талдау оқу процесінің барысы мен нәтижесі туралы күнделікті мәлімет жинап, ондағы кемшіліктердің себебін анықтауға бағытталды. Параметрлік талдау барысында тұтас педагогикалық процестің барысына өзгерістер мен түзетулер еңгізіледі. Параметрлік талдаудың мазмұны ағымдағы сабақ үлгерімітоптағы, балабақшадағы бір күндік, бір апталық тәртіп, сабаққа, топтан тыс шараларға қатысу, мекеменің санитарлық жағдайы, сабақ кестесінің сақталуы және т. б. сияқты мәселелерді қамтиды. Соның ішіндегі басшы мен оның орынбасарларының негізгі жұмысы сабаққа және сыныптан тыс шараларға қатысуы. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, жүйелеп, қорыту тақырыптың педагогикалық талдауға негіз қалайды. Осы тұрғыдан алғанда параметрлік талдау — фактілерді атап көрсету емес, оларды салыстыру, жинақтау, оның қалыптасу себебін анықтап, соңғы салдарын болжау. Осындай талдау нәтижелері және соның негізінде қабылданған шешім шұғыл түрде іске асыруды қажет етеді.
Тақырыптық талдау педагогикалық процестің барысында барынша тұрақты ағымдар мен нәтижелерді зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны мынадай кешенді мәселелерді қамтиды: оқытудың озық әдістерін үйлестіру, оқушылардың білім жүйесін қалыптастыру; тәрбиешілердің адамгершілік, эстетикалық, дене, ақыл-ой тәрбиесінің жүйесі; педагогикалық мәдениеттің деңгейін көтеру; мекемеде кановациялық орта қалыптастырудағы педұжымның рөлі және т.б.
Қорытынды талдау уақыт, кеңістік және мазмұн жағынан да барынша кең көлемді қамтиды. Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысымен өткізіліп, қол жеткен нәтижелер, олардың алғышарттарын оқып-үйренуге бағытталады. Қорытынды талдау басқару циклының барлық функцияларын қамтиды. Қорытынды талдау үшін мәліметтер параметрін, тақырыптық талдау тоқсандық, жарты жылдық бақылау жұмыстары, педагогикалық ұжым, қоғамдық ұйымдар ұсынған ресми есеп, анықтамалардан құралады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет