51. «Қорқыт ата кітабының» зерттелуі. «Қорқыт ата кітабы»



Дата11.11.2022
өлшемі15,45 Kb.
#49529

51. «Қорқыт ата кітабының» зерттелуі.

«Қорқыт ата кітабы» ежелгі түркі тектес елдердің басынан кешкен түрлі хикаяттарды олардың салт-дәстүрлерін, өзіндік наным-сенімдерін эпикалық тұрғыдан танытатын әдеби мұра. Яғни Сырдария бойында қоныстанған оғыз-қыпшақ тайпасынан бастау алып, күні бүгінгі күнге дейін құнын жоймай , байлығымыз ретінде сақталып келеді. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын бұл хикаяттарды Қорқыт атамыз Сыр бойында әңгіме етіп ауызша айтып,таратып жүрген екен. Он алтыншы ғасырдың төңірегінде бұл дастан қағаз түсірілген және Қорқыт есіміміне байланысты атау қойылды.

Жалпы алғанда бұл дастан оны екі оғыз-намеден баяндалады. Кітап желісі бойынша әр жырға жеке тоқталып кеткен. Сонымен қатар он екі жырдың да басталуы бір сарында болып келеді. Жырлардың басты ерекшеліктерінің бірі түрлі оқиғалардың орын алуы және әр жырда кейіпкерлердің жағымсыз жәйттерге тап болуы. Басы ащы болғанымен аяғы тәтті бір оқиға ұласып отырады . Әлде бір жаманшылыққа ұшыраған кейіпкерлерді тайпа жігіттері құтқарып алып шығады. Шығармада кейіпкерлердің бойынан түрлі таңғажайып қасиеттерін аңғаруға болады. Қорқыт ата жырлары бір сарында бастау алып бірдей бітеді. Жырдың ішінде түрлі жойқын соғыста, қан төгісте баяндалған. Жырдағы тағы бір айта кететін ерекшелік әр жырдың ұқсастағы ,оқиғалардың бір-біріне ұқсас болып келіуі әр оқыған жанға қызықты әрі түйінді ой шығаруға тиімді.

« Қорқыт ата кітабы» қолжазбасының бүгінгі күнге дейін екі нұсқасы сақталып келді. Түрлі зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ сол қолжазба нұсқаларының бірі Германиядағы Дрезден кітапханасында ,екінші нұсқасы Ватикандағы кітапханада сақталған. Дрезден кітапханасындағы «Қорқыт ата кітабы» толық 12 оғыз-намеден құралған болса, Ватикандағы сақтаулы нұсқада тек алты жыр баяндалған . Негізінен қолжазбада әр түрлі хикаяттар айтылған. Осы қолжазбаны алғаш Ватикандағы кітапханадан тауып, итальян тіліне алғаш аударған зерттеуші Этторе Росси еді.


Дрезден қаласында сақталған нұсқасын зерттеу ,Европа тілдеріне аудару ісі он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысында қолға алынды. Немістің Г.Ф.Диц атты атақты ғалым 1815 жылы шығарманың сегізінші хикаясын неміс тіліне аударып,баспасөз беттеріне жариялаған. Тағы бір неміс ғалымы В.В.Бартольд қолжазбаны он жыл бойы зерттеп, аудару ісімен айналысты. 1922 жылы «Қорқыт ата кітабын» орыс тіліне аударып шыққан.
Оғыздардың батырлық эпосын әдеби,тарихи тұрғыдан комплексті зерттеген көрнекті түрколог ғалым Х.Г.Көроғлы болды.
Стамбул университетінің профессоры Эргин Мухаррем «Қорқыт ата кітабынның» толық нұсқасына латын әріпімен транскрипция жасап шығарды. Кітапқа қосымша дерек ретінде Дрезден мен Ватикандағы қолжазба нұсқаларына факсимелесі енгізілді.
«Қорқыт ата кітабын» зерттеуде қазақ ғалымдарының арасынан Ә. Марғұлан ,Б.Ысқақов , Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншалиев, Р.Бердібаев белсене ат салысты. «Қорқыт ата кітабын» әдеби тұрғыдан қарастырып, ой қорытындыларын жасады.
Сонымен қатар бұрын дұрыс оқылмаған, түсініксіз тұстарына жаңадан өзгертулер еніп ,зерттеулер жүргізілді.
Алайда бүгінгі күнге дейін «Қорқыт ата кітабы» әдеби мұра болып зерттелгенімен жазба ескерткіші қазақ тіліне аударылмай келеді.
Қазақ зерттеуші ғалымдар 1986 жылы «Қорқыт ата кітабын» орыс тілінен аударып жария етеді. 1994 жылы Б.Ысқақов, Ш.Ыбыраев атты фольклоршы ғалымдар түрік тілінен аударып шығады.
Дегенмен әдеби аудармалар жырлардың идеясын, сюжетін, мазмұнын айқындап елеулі еңбектер қалдырғандарымен тілдік негізде түпнұсқаның бастапқы қалпы сақталмаған

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет