51. Оқушылардың ата аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы



бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі24,35 Kb.
#23117
  1   2   3   4

51.Оқушылардың ата аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы


Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «ата аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болуда.Ондағы көзделген мақсат ата аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогиқалық кеңес,оқуды ұйымдастыру,соған сәйкес олардын педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай,ата аналар балаларын тәрбиелеу барысында мұғалімдердін ақыл кеңестерін,практиқалық көмектерін аса қажет етеді.Олардын ұйымдастыруындағы ақыл кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата аналарға ғана қажет емес,сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата аналарға да керек.Себебі,қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда.Сондықтан,ата аналарға бала тәрбиесінде біріншіден,педагогиқалық білімдерді жинақтауға,екіншіден,олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді.Егерде мектеп пен ата аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірілікте ұйымдастырса,бұл шешімін табатын міндеттер.Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердін ата аналармен кездесуін,ата аналар белсенділерімен жұмыс істеу,ата аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру,конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады. 
Ата аналармен жеке кездесу.Сынып жетекшілерінің,мұғалімдердін ата аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған.Оқушылардын отбасына бару,ата аналарды мектепке шакыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі.Ата аналармен әңгімелесудің барысында баланын мінез құлқы,ынтасы мен қабілеті,қызығушылығы мен бейімділігі,отбасы мүшелерімен,жолдастарымен қарым қатынасы жайлы түсінік алады.Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата аналарды балаларынын үлгерімі,қоғамдық жұмысқа белсенділігі,кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады.Оқушылардын күн режимі,оларды еңбекке баулу,үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата аналарға педагогикалық кеңес береді.Ата аналар жиналысы. Ата аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет,сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі.Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізугеата аналар комитеті мен ата аналар белсенділері және мектеп басшылыра сынып жеткешілерімен бірдей жауап береді.Ата аналар жиналыстарында оқу тәрбие жұмысы қаралады,оның сапасын жақсартудын негізгі жолдары белгіленеді.Мектеп өмірінде тақырыптық ата аналар жиналыстарын отырудын зор тәрбиелік мәні бар.Мұндай жиналыстардын мақсаты ата аналарды психологиялық педагогикалық білім мен тәжірибе жаналытарымен таныстыру,ой қорыту.Мұғалімдердін басшылығымен оқушылар көркем өнерпаздар үйірмесінін мүшелері ата аналар алдында өнер көрсетеді.
Ата аналар үшін әңгімелер мен дәрістер Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата аналарға түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі.Олардын мазмұны ата аналардын білім дәрежесіне,тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс.Әсіресе,мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен дәрістерде үлкен мән беріліп,оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата аналар арасында дұрыс насихаталуы керек.Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнын өзіндік ерекшеліктері бар.Оқушылар ғылым негіздерін игереді,адамгершілік еңбек тәжірібиесінің барысында,олардын көз қарастары қалыптасады,қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке өзін өзі даярлауға бет бұрады.Ата аналар үшін мұндай ағартушылық жұмыс алдын ала белгіленген бағдарлама бойынша,негізінде әрбір ат аналар жиналысы бастапқы бөлімінде белгілі бір мамандарды немесе озық тәжірибелі мұғалімдерді шақыру барысында жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет