52 7 ДƏріс азатшыл -демократтық бағыт. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі109,08 Kb.
#9237

 

52

 

7 - ДƏРІС 

Азатшыл

-демократтық бағыт. Ахмет Байтұрсынұлы 

(1873-1938). 

 

 

1.

 

Азатшыл

-демократтық бағыт.  

2.

 

Ахмет

 Байтұрсынұлы шығармашылығы. 

      1)Азатшыл-демократтық 

бағыттағы 

қалам 

қайраткерлері  шығармашылығының  басты  арқауы  ұлттық 



мүдде  бола  отырып,  өз  кезегінде  отаршылдыққа  қарсы 

күрес  идеясын  əлемдік  деңгейдегі  биік  күрес  тəсілімен 

ұштастырды.  Ағартушылық  мұрат  ең  бірінші  кезекте  ұлт 

азаттығығына  қызмет  ету  керек  деген  ұсатанымда  болды. 

Қазақ  сөз  өнеріндегі  ағартушылық  бағыттағы  ой-пікірлер 

арнасын азаттық идеясымен сабақтастырып, барша ұлттың 

тұтастығын  сақтауға  ұмтылды.  Отаршылдықтан  арылып 

азаттыққа 

жетудегі 

отаншыл 


рухтағы 

азаматтыық 

ұстанымдарын ұлттық сананы ояту, құлдық санадан арылу 

жолындағы  өршіл  мақсаттарымен  ұштастырды.  Бұл 

бағыттың  тұтас  көркемдік  жəне  идеялық  өзегін  тануда 

ұлтымыздың 

рухани 

жəне 


саяси 

көсемі 


Ахмет 

Байтұрсынұлының 

қоғамдық 

қызметі, 

сан 

салалы 


шығармашылығының  тұғыры  қашан  да  асқақ.  Қазақтың 

азаттығы  мен  рухани  кемелдену  жолында  атқарған 

өлшеусіз  тарихи  қызметі  «қазақтың  ұзын-ырға  тарихымен 

жалғасып  кететін  қызмет,  істеген  ісімен  өзіне  орнатылған 

ескерткіш – мəңгілік ескерткіш» (М.Əуезов) болып қалады. 

«Қазақ  халқын  байға,  кедейге  бөлмей  намысын  бірдей 

жыртып, 

арын 


бірге 

жоқтаған» 

(С.Сейфуллин) 

А.Байтұрсынұлы 

қазақ 

руханияты 



мен 

қоғамдық 

тарихындағы  бірегеей  құбылыс.  «Құл  болған  халықтан 

туып,  құлдықтың  қорлық,  зорлығын  көріп  отырып,  қазақ 

қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілдету, 

ауруын  азайту  жолына  жұмсамасқа  мүмкін  емес.  Олай 



 

53

 

болмаған  болса,  онда  табиғат  заңынан  тысқары  адамнан 

шошқа,  шошқадан  күшік  туған  сиықты  болып  шығады. 

Қалам  қайраткерлері  жолын  тастап,  көрінген  жолаушыға 

ере  беретін  бұралқы  ит  емес.  Қазақ  жем  болудан  декрет 

қуатымен  құтылмайды,  мəдениет  қуатымен  құталады»,  - 

деп ұлт əдебиеті мен мəдениетін өркендету ғана қандай да 

болмасын 

саяси 

билік 


қысымынан 

арылтатынын 

кемеңгерлікпен түйді.  

 

Ахмет  Байтұрсынұлы  қазақ  топырағында  көне 



дəуірлерден 

бері 


келе 

жатқан 


əл-Фараби, 

Шоқан 


дəстүріндегі  энциклопедиялық  білім  иесі  бола  отырып, 

өзінің  жасампаздық  ғұмырында  жиған-терген  ілім-білімін 

туған  халқына  арнады.  «Адамнан  туып,  адам  ісін  етпей 

ұялмай  не  бетіммен  көрге  барам».  Бұл  ұлт  көсемінің 

өмірлік 

мұраты 


болатын. 

1895 


жылдан 

бастап 


ағартушылық  іспен  айналысқан  ұлт  ұстазының  барша 

өмірі,  қоғамдық  қызметі  ұлт  мүддесіне  арналды.    Ахмет 

Байтұрсынұлы  атқарған  кемел  істер  қазақ  руханиятында 

өшпес 


ізін 

қалдырды. 

Сан 

қырлы 


дарынның 

шығармашылық  тұлғасындағы  ілкі  қасиеттер  ақындығы, 

аудармашылығы,  көсемсөз  шебері,  түркітанушы,  қазақ  тіл 

білімі  мен  əдебиеттану  ғылымының  негізін  салудағы 

даналығымен  ерекшеленеді.  Алғаш  патша  абақтысында 

1909  жылдың  бірінші  шілдесінде  8  ай  бойы  азап-қорлық 

көрген  ұлт  көсемі  кейіннен  сталиндік  жүйенің  құрбаны 

болды. 


 

2)Ахмет 

Байтұрсынұлының 

шығармашылық 

қызметі  И.А.Крыловтың  масал  өлеңдерін  аударудан 

басталады. 1909 жылы «Қырық мысал» деген атпен жарық 

көрген кітабын ұлттық сананы ояту мақсатында шығарады. 

«Аудармашы  негізгі  тұпнұсқа  тексіне  орайластырып, 

көркем  ойға  ой,  суретке  сурет  қосып,  пікірді  ұштап,  жаңа 

сарын-əуез  қөосып  отырады»  (Р.Нұрғали).  Мысал  өлең 

арқылы 


отаршылдықтан 

туындап 


оытрған 

зорлық-


 

54

 

зомбылық,  əлеуметтік теңсіздік,  ел  береке-берлігінің  кетуі 

жəне  адам  бойындағы  жағымсыз  мінез-құлықтарды  сынға 

алады. «Алуан-алуан ойға жетелейтін «Қайырымды түлкі», 

«Ала  қойлар»,  «Үлес»,  «Қартайған  Арыстан»,  «Өгіз  бен 

бақа», 


«Қайыршы 

мен 


қыдыр», 

«Ат 


пен 

есек» 


мысалдарында 

əлеуметтік-қоғамдық 

жағдайларды 

меңзейтін  оқиғалар,  адамдар  психологиясымен  сарындас 

əуездер,  тағылымды,  ғибратты  тұжырымдал  мол  орын 

алған  »  (Р.Нұрғали).  Мысалы,  «Аққу,  шортан  һəм  шаян» 

мысал  өлеңінде  ел  береке-бірлігін  басты  орынға  қойса 

(«Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Əуелі бірлік керек, 

болсаң  жолдас.  Біріңнің  айтқаныңа  бірің  көнбей,  Істеген 

ынтымақсыз  ісің  оңбас»),  «Қасқыр  мен  тырна»  мысал 

өлеңінде  қаражүрек  заламдар  арбауына  алданып  түспеу 

керектігіне  ой  салады  («Қайырымды  қарап  істе  адамына, 

Қарайлас  өзіңменен  шамалыға.  Қасқырдай  қаражүрек 

залымдардың  Жүрмеңдер  түсіп  кетіп  тамағына»).  Ал 

«Бұлбұл мен есек» мысал өлеңінде анық пен танықты, таяз 

бен  тереңді  ажарата  алмайтын  надандықтан  сақтандарады 

(«Есектей қалпы кейбір адамдардың, Көзі тар, көңілі соқыр 

жамандардың. Асылды жасықпенен танымайтын Сынынан 

сақта  құдай  надандардың»).  «Қарға  мен  түлкі»  мысал 

өлеңінің  де  саяси-əлеуметтік  астары  терең.  «Жұрт  едік 

аңқау  өскен  қазақ  болып,  Далада,  кең  сахарада  көшіп-

қонып. Алдаған залымдардың тіліне еріп, Жүрмесек болар 

еді  мазақ  болып».  Аудармашы  орыс  тілінен  аударылған 

мысал өлеңдеріне ұлтты болмыс пен ұлттық рух дарытады. 

Оған  «Қартайған  Арыстан»,  «Иттің  достығы»,  «Малшы 

мен маса» мысал өлеңдері айқын дəлел.  

 

А.Байтұрсынұлының 



ұлттық 

сананы 


құлдық 

кіріптарлықтан арылтып, азаттық идеясын ту етіп көтеруде 

«Маса»  (1911) жинағы ерекше аталады. Жинақтағы саяси-

əлеуметтік лирмкасының басты күретамыры – ұлт мүддесі, 

ұлт  тағдыры,  ел  қамы,  ел  азаттығы.  «Қазағым,  елім, 


 

55

 

Қайқайып  белің  Сынуға  тұр  таянып.  Талауда  малың, 

Қамауда жаның, Аш көзіңді, оянып» («Жиған-терген») деп 

ұлтына  ұран  салған  қайраткер  «Адамдық  диқаншысы» 

өлеңінде  өзінің  өмірлік  мұратын  былайша  жеткізді: 

«Адамдық диқаншысы – қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы 

жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, 

Көңілін  көтеруге  құл  халықтың».  Əлеуметтік  мұрат-

мақсаты  айқын  ақын  «Жұртыма»,  «Жұбату»,  «Қазақ 

салты»,  «Қазақ  қалпы»  өлеңдерінде  азат  елдің  ертеңін 

толғап,  кемел  ұлт  болу  жолында  отаршылдықтар  арылу 

бағытын  нұсқайды.  Ұлтқа  қызмет  барша  əлеуметтің 

қасиеттті  парызы  деп  беледі.  «Мен  бұқтым,  жаттым,  Сен 

бұқтың,  жаттың,  Кім  істемек  қызмет?  Ауызбен  айтып, 

Істерде  қайтып,  Жоламасақ,  не  міндет?  Тек  жүрсек  тоқ 

жүрмекті  Қиын  деме  білмекті».  «Тəн  көмілер,  көмілмес 

еткен  ісім,  Ойлайтындар  мен  емес  бір  күнгісін.  Жұрт 

ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын, Ел біркүншіл, менікі ертең 

үшін»,  -  деп  имани  қасиеттерді  отаншылдық  рухпен 

сабақтастырды.  «Қалтылдақ  ақйық  мініп  еспесі  жоқ, 

Теңізде  жүрміз  қалқып,  кешпесі  жоқ.  Жел  соқса,  құйын 

қуса,  жылжи  беру  Болғандай  табан  тіреу  еш  нəрсе  жоқ» 

(«Қазақ  қалпы»)  ұлтының  тағдырына  бей-жай  қарай 

алмады.  «Екі  жинақ  –  «Қырық  мысал»,  «Маса»  -  қазақ 

əдебиетін  жаңа  тақырыптармен,  ойлармен,  өрнектермен 

байытты; Абайдың ақындық дəстүрі ілгері жалғасты, заман 

талабына  сай  жігерлі  поэзия  туды,  бұдан  кейін  талантты 

ақындардың 

жаңа 

буына 


тарам-тарам 

жүлгелерді 

тереңдетіп,  жалғастырып  əкететеін  болды»  (Р.Нұрғали). 

Түптеп келгенде, А.Байтұрсынұлы шығармашылығы қазақ 

əдебиетіндегі 

ұлттық 


идеяны, 

тəуелсіздік 

мұратын 

жырлауымен  руханият  əлеміне  соны  тыныс  дарытты.  «Ол 

қарапайым,  нағыз  қазақ  тілінде  бостандық,  ұлт  туралы  – 

қазақ  халқының  қанауда,  артта  қалғаны  жайлы  жырлап, 

оны  оқуға,  еңбекке  жəне  ұйқыдан  оянуға  шақырды,  əрбір 


 

56

 

қазақтың  бойындағы  азаматтық  сезімді  оятуға  ұмтылды» 

(М.Дулатұлы).  Абайтанудағы  алғашқы  құнды    ғылыми-

зерттеушілік  ой-пікірдегі  ізденістердің  даму  үрдісінде 

А.Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы ерекше аталады.  Бұл 

ретте  оның  «Қазақтың  бас  ақыны»  (1913)  мақаласы  мен 

«Əдебиет  танытқыш»  (1926)  атты  теориялық  еңбегі 

абайтанудағы 

ақынның 

шығармашылық 

тұлғасын, 

шеберлік  қырларын  тану  мен  талдауда  оқшау  тұратын 

ғылыми мұралар болып табылады. 

Ұлтының  саяси  теңдігі  мен  рухани  оянуын  мұрат 

еткен  Алаш  перзенті  отарлық  езгідегі  халқының  елдігін 

сақтау  мен  азаттыққа  ұмтылысында  соған  ерекше  серпін, 

күш  қуат  беретін  құдірет  -  сөз  өнері,  яғни  əдебиет  екенін 

терең  екшей  білді.  Сондықтан  да  «...Өзіміздің  елімізді 

сақтау  үшін  бізге  мəдениетке,  оқуға  ұмтылу  керек.  Ол 

үшін ең алдымен əдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына 

ел  болуға,  өзінің  тілі,  əдебиеті  бар  ел  ғана  жарай 

алатындығын  біз  ұмытпауға  тиістіміз»  деп  білген  ол 

ұлттық  сөз  өнерінде  жəне  де  руханият  əлемінде    Абай 

сынды  ақынның  алар  орынын  əлеуметке  жеткізуді,  ұлт 

санасына  сіңіруді  басты  парызы  санады.  Осы  жағынан 

алғанда  Алаш  қайраткерінің  «Қазақтың  бас  ақыны»  атты 

абайтанудағы  алғашқы  құнды  мақалалардың  бірін  жазуы 

заңды  құбылыс  еді.  «Қазақтың  бас  ақыны  Абай  (шын  аты 

Ибраһим)  Құнанбаев.  Онан  асқан  бұрынғы-соңғы  заманда 

қазақ  баласында  біз  білетін  ақын  болған  жоқ».  Міне, 

осындай мақсаты айқын əдеби-эстетикалық бағалаушылық 

сипатта  басталатын  А.Байтұрсынұлы  мақаласы  Абайдың 

ақындық  даралығын,  шеберлігін  талдаудағы  тереңдігімен 

құнды.  Сондықтан  да  «Абай  сөздері  дүнияда  қалғаны  - 

қазаққа  зор  бақ.  Бетін  түзеп,  жөн  сілтеген  кісілерге  де, 

сілтеген  жолды  ылақпай  тұп-тура  тапқан  адамға  да  қазақ 

балалары  талай  алғыс  берер»  деген  бағалаушылық 

тұжырым  Абай  мұратын  таныған  жəне  өзгелерге  де 



 

57

 

танытуды  діттеген  соны  ой  болатын.  А.Байтұрсынұлы 

мақаласы  əдебиетші  ғалымдар  тарапынан  абайтанудағы 

алғашқы  құнды  еңбек  ретінде  бағалануда.  С.Қирабаев 

«Абай жинағы шығып, халық арасына тараған кезде оның 

ақындық  өнерін  айрықша  сөз  етіп,  ұлылығын  мойындап, 

алғашқы  пікір  айтқан  адам  -  Ахмет  Байтұрсынов  еді»  деп 

жазса,    Р.Нұрғали  «Абайдың  тарихи  миссиясы,  рухани 

болмысымыздағы орыны, көркемдік-эстетикалық сипаттар 

дұрыс  көрсетіліп,  терең  талданып,  алғаш  рет  қазақ 

оқырманының алдына тартылды» деген пікір білдіреді.  

А.Байтұрсынұлының «Əдебиет танытқышы» ұлттық 

əдебиеттанудағы  тұңғыш  теориялық  еңбек  десек,  оның  əр 

бөлімі мен тарауында ғалым сөз өнерінің күрделі болмыс-

бітімін  саралау  барысында  Абай    поэзиясын  мысалға  ала 

отырып  терең  талдаулар  жасайды.  Ахметтанушы  ғалым 

Р.Нұрғали  атап  өткеніндей  «Қазақ  əдебиетінің  дамуына, 

əсіресе,  əсері  күшті  болған  Абай  шығармалары  екенін, 

сындар  дəуірдің  басы  Абайдан  басталатынын  кесіп-пішіп 

тиянақтайды». 

А.Байтұрсынұлының 

біз 


қарастырып 

отырған еңбегінде өлең сөздің күрделі табиғатына қатысты 

құнды  пікірлер  айтылып,  ұлттық  əдебиеттануда  қолға 

алуды  қажет  ететін  теориялық  мəселелер  өз  шешім  таба 

білді.  Ол  өлең  құрылысындағы  орналасу  тəртібіне  орай 

ұйқасқа  ат  қою,  атау  тудырып,  қалыптастыру  десек, 

осынау  маңызды  істің  алғашқы  ғылыми  мəселелері  де 

«Əдебиет  танытқыштан»  бастау  алды.  Атап  айтқанда, 

зерттеуші  ұзын  тармақты  ұйқастың  азат  ұйқас,  аралатпа 

ұйқас  болып  келетіні  туралы  пікір  білдірді.    Сыншылдық 

талап  пен  эстетикалық  талғам  қатар  ұштасқанда  əдебиет 

мерейі  еселеніп,  көркемдік  таным  асқақтай  түседі.  Ол 

ақынға  ғана  емес,  талғамы  биік  оқырманға  да  қажетті  ілкі 

қасиет. Бұл А.Байтұрсынұлының «Асыл сөздің сипаттарын 

білу  тыңдаушыға  да  қажет»  немесе  «...Асыл  сөздің 

сипаттарын  білу  жалғыз  ақындарға  емес,  əр  адамға  керек, 



 

58

 

жақсы  сөздің  сипаттарын  білген  адам  сынай  білмекші: 

сынай білуден сөз талғауы күшеймекші. Солай болған соң, 

асыл сөздің басты-басты сипаттарын білу сөйлеу жүйесінің 

ең  керек  бөлімінің  бірі  болады»  деген  сыншылдық-

эстетикалық  тұжырымдарының  басты  өзегі.  Өз  кезегінде 

Абай  поэзиясының  поэтикалық  қуаты,  эстетикалық  күші 

сөз  өнеріне  деген  талапты,  талғамды  еселей  түсті.  Əдеби 

даму  үрдісіндегі  осы  ерекшелікті  де  зерттеуші  терең 

зерделеп,  оған  қозғау  салған  Абай  ықпалын  орынды 

атайды. Бұған «Абайдан кейін сөзге талғау кіреді. Айтушы 

да,  тыңдаушы  да  сөзді  талғайтын  болды,  олай  болғаны  - 

Абай  асыл  сөздің  айқындап  нұсқаларын  көрсеткеннің 

үстіне,  аз  да  болса  асыл  сөз  сипаттарын  айтып  та  жұртты 

хабардар етті» деген пікірі нақты дəлел бола  алады. Эпос, 

лирика,  драма  сынды  əдеби  тектерді  əуезе,  толғау,  айтыс-

тартыс деп ұлттық сипатта берген зерттеуші əуезенің аңыз 

өлең  түрін  талдауында  ақынның  «Ескендір»  поэмасын 

атайды. Ал, Абай шығармашылығының тың арнасы көркем 

аудармалар болды десек, əуезенің мысал түрін саралаудағы                                                                                       

тұжырымдарында  Эзоп,  Федр,  Лафонтен,  Крылов  сынды 

əлем  əдебиетіндегі  мысал  өлең  шеберлерімен  қатар  Абай 

есімі  де  аталады.  Əдебиетшінің  «Əдебиет  танытқыш» 

еңбегі  ұлттық  əдебиеттануда  бағалаушылық  сипатта 

аталып  жүргінімен  əдеби-теориялық  тұрғыда  арнаулы  да 

кешенді  зерттеу  нысаны  болғаны  жоқ.  Бұл  ретте    тек 

ғалым  Рымғали  Нұрғали  тарапынан  жүргізілген  əдеби-

теориялық  талдау  мен  салыстырмалы  саралау  ғана 

«Əдебиет  танытқыштың»  ғылыми  сонылығын  нақты 

қарастыруымен, бағалауымен ерекшеленеді. Сондықтан да 

«Ахмет  Байтұрсынов  лириканы  -  толғау  деп  алып,  осы 

əдеби  тектің  қыр-сырын  ерекше  тиянақты  талдап,  орасан 

терең  пікірлер  тұжырымдап,  сұлулық,  көркемдік,  əсемдік, 

шеберлік 

табиғатына 

қатысты 


ойларын 

бажайлай 

жеткізеді»  немесе  «Кейінгі  қазақ  əдебиетшілері  орыс 


 

59

 

тіліндегі  еңбектердің  ізімен  саяси  лирика,  махаббат 

лирикасы  деп  қана  шектеліп  келсе,  Ахмет  Байтұрсынов 

ұлттық  өнердің  өз  табиғатынан  шығарып,  лириканың  сап 

толғау,  марқайыс  толғау,  налыс  толғау,  намыс  толғау, 

сұқтаныс  толғау,  ойламалдау,  сөгіс  толғау,  күліс  толғау 

секілді түрлеріне анықтама береді» деген Р.Нұрғали пікірі 

тұрғысынан  келсек,  А.Байтұрсыновтың  төл  əдебиетіміздің 

бір  ғана  поэзиясынан  осыншама  түрлі  жанрлық  болмыс-

бітімін жан-жақты таратуы қазақ сөз өнерінің қайталанбас 

табиғатының  тереңдігін,  байлығын  да  көрсетеді.  Қорыта 

айтқанда,  А.Байтұрсынұлы  ұлттық  əдебиеттанудың  баста 

арнасы  абайтанудың  ғылыми  негізін  қалаушылардың  бірі 

ретінде  ұлы  ақын  шығармашылығын,  ақындық  тұлғасын 

ғылыми  зерттеу  мен  поэзиясын    əдеби  -  теориялық 

талдаудың  классикалық  үлгісін  негіздеді.  Сол  арқылы 

абайтанудың  басты  ғылыми  -  зерттеушілік    бағыт  - 

бағдарын айқындай отырып, соны ізденістерге жол салды. 

Біріншіден,  «Абайды  қазақ  баласы  тегіс  танып,  тегіс  білуі 

керек»  деген  ұлы  мұратты  ту  етіп  ұстанып,  ақынның  ұлт 

руханиятында  алар  биік  тұғырын  елдік  мəселелермен 

тығыз 


бірлікте, 

сабақтастықта 

алып 

қарастырды. 



Екіншіден,  «Абай  сөздері  дүнияда  қалғаны  -  қазаққа  зор 

бақ. Бетін түзеп, жөн сілтеген кісілерге де, сілтеген жолды 

ылақпай  тұп-тура  тапқан  адамға  да  қазақ  балалары  талай 

алғыс  берер»  деп  алып  ақынның  ұлт  мүддесін  діттеген 

өмірлік  мақсатын,  қоғамдық  өмірде  алар  əлеуметтік 

маңызы  мен  орынын  танытуда  соны  қадамдар  жасады. 

Үшіншіден,  Абай  шығармашылығы  ұлттық  сөз  өнерінің  

тұтастай  бір  жаңа    дəуірінің  тың  көркемдік-эстетикалық 

арнасының  бастауын  айқындап  берді  деген  əдебиет 

тарихындағы  дəуірлеу  мəселесіне  байланысты  соны  пікір 

түйді.  

А.Байтұрсынұлының  шығармашылық  тұлғасында 

тоғысқан 

ілік 


қасиеттер 

«Айқап», 

«Қазақ» 


 

60

 

басылымдарында  жарияланған  мақалаларынан  айқын 

танылады.  Қазақ  қоғамының  ең  өзекті  мəселелері  болып 

табылатын  жер,  дін  бостандығы,  оқу-ағарту,  саяси  теңдік, 

яғни  ұлт  мүддесіне  негізделген  мақалаларының  маңызы 

бүгіндері де өз маңызын жойғаны жоқ. «Тағы да народный 

сот  хақында»,  «Қазақтың  өкпесі»,  «Қазақ  һəм  4-ші  дума», 

«Қазақ  жерін  алу  турасындағы  низам»,  «Земство»,  «Жер 

жайлау  жайынан»,  «Көшпелі  һəм  отырықшы  норма», 

«Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайынан», «Білім жарысы», 

«Араб 

əліппесін 



жақтаған 

баяндамасы» 

өзге 

де 


мақалаларындағы  өзекті  ой-толғаныстары  ұлт  тағдырын 

арқау  етуімен  əрі  халықтың  рухани  жəне  шаруашылық 

дамуына,  тəлім-тəрбиесіне  мейлінше  қажетті  отаншылдық 

рухтағы  мəселелерді  терең  саралауымен  оқшау  тұрады. 

Мысалы, «Орысша оқушылар» мақаласында «Ұлт жұмысы 

–  үлкен  жұмыс,  үлкен  жұмысқа  үлкен  көп  жұмысшы 

керек...  Балам  деген  жұрт  болмаса,  жұртым  дейтін  бала 

қайдан  шықсын!»    дей  келіп,  «Баланы  ұлша  тəрбиелесең, 

ұл  болмақшы.  Құлша  тəрбиелесең,  құл  болмақшы»    деп 

жазса,  «Жауап  хат»  мақаласында  «Жұрт  алдындағы 

адамшылық  борышымыз:  əркім  білгенін,  қолдан  келгенін 

істеу  емес  пе?...Қазақ  өзі теңеліп, ақысын ауыстырмайтын 

дəрежеге  жеткенше  қазаққа  қай  жағынан  да  болса  теңдік 

жоқ.  Жұрт  қолы  ьеңдікке  теңелсе  жетіледі..  Қазақ  – 

жоқшы,  жоғын  іздеген  қуғыншы.  Қуғыншы  қандай  болса, 

мал  қайтпақшы?»  деген  түйін  жасайды.  Ал,  «Бас  қосу 

турасында»  мақөалыснад  қазақ  баласы  мəңгілік  бойтұмар 

етіп  ұстанатын  өлмес  те  өшпес  ұлағатын  мирас  етіп 

қалдырды. «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һəм 

күшті  болуымыз  керек.  Білімді  болуға  оқу  керек.  Бай 

болуға  кəсіп  керек.  Күшті  болуға  бірлік  керек.  Осы 

керектердің  жолында  жұмыс  істеу  керек».  Ең  бастысы, 

азат  та  тəуелсіз  елдің  басты  мұратын  «Бақ  –  ерікте.  Ерік 

ерлік  пен  бірлікте.  Ерлік  ұранымыз,  бірлік  құранымыз 



 

61

 

болсын!»  деп  ұғындырды.  Ұлт  тəуелсіздігі  жолында 

тарихи  қызмет  атқарған  Алаш  қозғалысы  мен  Алаш  Орда 

үкіметінің  кемеңгер  қайраткері,  ұлт  көсемі  Ахмет 

Байтұрсынұлының  жасампаздық  ғұмыры,  қоғамдық  һəм 

рухани  қызметі  Алаш  идеясының  басты  күретамыры 

болып қала бермек.  

 

     Дəріс бойынша сұрақтар. 

1)

 



Азатшыл-демократтық бағыт. 

2)

 



А.Байтұрсынов атқарған кемел істер. 

3)

 



Ахмет – ақын,аудармашы. 

4)

 



Ахмет – көсемсөз шебері, түркітанушы. 

5)

 



Жер,дін бостандығы,оқу ағарту,саяси теңдік 

мəселелерін көтерген шығармалары. 



 

 

Негізгі

 əдебиеттер тізімі: 

1.  Нұрғали  Р.  Қазақ  əдебиетінің  алтын  ғасыры.  -  Астана, 

2002.  

2.  20-30  жылдардағы  қазақ  əдебиеті.  1-кітап.  -  Алматы, 



1997.  

3. Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы, 1991.  

4. Қамзабекұлы Д. Алаш жəне əдебиет. - Астана, 2002.  

Қосымша

 əдебиеттер тізімі: 

1.  Субханбердина  Ү.  Қазақ  халқаның  атамұралары: 

Мазмұндалған  библиографиялық  көрсеткіш.  -  Алматы, 

1999.  


2.  Шəріп  А.  Қазақ  поэзиясы  жəне  ұлттық  идея.  -  Алматы, 

2000.   


3. «Қазақ» газеті. - Алматы, 1998.   

4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы. 1995.                                                          



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет