52 7 ДӘріс азатшыл-демократтық бағыт. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)



жүктеу 170.83 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.02.2017
өлшемі170.83 Kb.

 

52 

 

7 - ДӘРІС 

Азатшыл-демократтық бағыт. Ахмет Байтұрсынұлы 

(1873-1938). 

 

 

1.

 

Азатшыл-демократтық бағыт.  

2.

 

Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы. 

      1)Азатшыл-демократтық 

бағыттағы 

қалам 

қайраткерлері  шығармашылығының  басты  арқауы  ұлттық 



мүдде  бола  отырып,  ӛз  кезегінде  отаршылдыққа  қарсы 

күрес  идеясын  әлемдік  деңгейдегі  биік  күрес  тәсілімен 

ұштастырды.  Ағартушылық  мұрат  ең  бірінші  кезекте  ұлт 

азаттығығына  қызмет  ету  керек  деген  ұсатанымда  болды. 

Қазақ  сӛз  ӛнеріндегі  ағартушылық  бағыттағы  ой-пікірлер 

арнасын азаттық идеясымен сабақтастырып, барша ұлттың 

тұтастығын  сақтауға  ұмтылды.  Отаршылдықтан  арылып 

азаттыққа  жетудегі  отаншыл  рухтағы  азаматтыық 

ұстанымдарын ұлттық сананы ояту, құлдық санадан арылу 

жолындағы  ӛршіл  мақсаттарымен  ұштастырды.  Бұл 

бағыттың  тұтас  кӛркемдік  және  идеялық  ӛзегін  тануда 

ұлтымыздың 

рухани 

және 


саяси 

кӛсемі 


Ахмет 

Байтұрсынұлының  қоғамдық  қызметі,  сан  салалы 

шығармашылығының  тұғыры  қашан  да  асқақ.  Қазақтың 

азаттығы  мен  рухани  кемелдену  жолында  атқарған 

ӛлшеусіз  тарихи  қызметі  «қазақтың  ұзын-ырға  тарихымен 

жалғасып  кететін  қызмет,  істеген  ісімен  ӛзіне  орнатылған 

ескерткіш – мәңгілік ескерткіш» (М.Әуезов) болып қалады. 

«Қазақ  халқын  байға,  кедейге  бӛлмей  намысын  бірдей 

жыртып, 

арын 


бірге 

жоқтаған» 

(С.Сейфуллин) 

А.Байтұрсынұлы 

қазақ 

руханияты 



мен 

қоғамдық 

тарихындағы  бірегеей  құбылыс.  «Құл  болған  халықтан 

туып,  құлдықтың  қорлық,  зорлығын  кӛріп  отырып,  қазақ 

қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілдету, 

ауруын  азайту  жолына  жұмсамасқа  мүмкін  емес.  Олай 



 

53 

 

болмаған  болса,  онда  табиғат  заңынан  тысқары  адамнан 

шошқа,  шошқадан  күшік  туған  сиықты  болып  шығады. 

Қалам  қайраткерлері  жолын  тастап,  кӛрінген  жолаушыға 

ере  беретін  бұралқы  ит  емес.  Қазақ  жем  болудан  декрет 

қуатымен  құтылмайды,  мәдениет  қуатымен  құталады»,  - 

деп ұлт әдебиеті мен мәдениетін ӛркендету ғана қандай да 

болмасын 

саяси 

билік 


қысымынан 

арылтатынын 

кемеңгерлікпен түйді.  

 

Ахмет  Байтұрсынұлы  қазақ  топырағында  кӛне 



дәуірлерден  бері  келе  жатқан  әл-Фараби,  Шоқан 

дәстүріндегі  энциклопедиялық  білім  иесі  бола  отырып, 

ӛзінің  жасампаздық  ғұмырында  жиған-терген  ілім-білімін 

туған  халқына  арнады.  «Адамнан  туып,  адам  ісін  етпей 

ұялмай  не  бетіммен  кӛрге  барам».  Бұл  ұлт  кӛсемінің 

ӛмірлік 


мұраты 

болатын. 

1895 

жылдан 


бастап 

ағартушылық  іспен  айналысқан  ұлт  ұстазының  барша 

ӛмірі,  қоғамдық  қызметі  ұлт  мүддесіне  арналды.    Ахмет 

Байтұрсынұлы  атқарған  кемел  істер  қазақ  руханиятында 

ӛшпес 

ізін 


қалдырды. 

Сан 


қырлы 

дарынның 

шығармашылық  тұлғасындағы  ілкі  қасиеттер  ақындығы, 

аудармашылығы, кӛсемсӛз шебері,  түркітанушы, қазақ тіл 

білімі  мен  әдебиеттану  ғылымының  негізін  салудағы 

даналығымен  ерекшеленеді.  Алғаш  патша  абақтысында 

1909  жылдың  бірінші  шілдесінде  8  ай  бойы  азап-қорлық 

кӛрген  ұлт  кӛсемі  кейіннен  сталиндік  жүйенің  құрбаны 

болды. 

 

2)Ахмет 



Байтұрсынұлының 

шығармашылық 

қызметі  И.А.Крыловтың  масал  ӛлеңдерін  аударудан 

басталады. 1909 жылы «Қырық мысал» деген атпен жарық 

кӛрген кітабын ұлттық сананы ояту мақсатында шығарады. 

«Аудармашы  негізгі  тұпнұсқа  тексіне  орайластырып, 

кӛркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді  ұштап, жаңа 

сарын-әуез  қӛосып  отырады»  (Р.Нұрғали).  Мысал  ӛлең 

арқылы  отаршылдықтан  туындап  оытрған  зорлық-


 

54 

 

зомбылық, әлеуметтік теңсіздік, ел береке-берлігінің кетуі 

және  адам  бойындағы  жағымсыз  мінез-құлықтарды  сынға 

алады. «Алуан-алуан ойға жетелейтін «Қайырымды түлкі», 

«Ала  қойлар»,  «Үлес»,  «Қартайған  Арыстан»,  «Ӛгіз  бен 

бақа»,  «Қайыршы  мен  қыдыр»,  «Ат  пен  есек» 

мысалдарында 

әлеуметтік-қоғамдық 

жағдайларды 

меңзейтін  оқиғалар,  адамдар  психологиясымен  сарындас 

әуездер,  тағылымды,  ғибратты  тұжырымдал  мол  орын 

алған  »  (Р.Нұрғали).  Мысалы,  «Аққу,  шортан  һәм  шаян» 

мысал  ӛлеңінде  ел  береке-бірлігін  басты  орынға  қойса 

(«Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек, 

болсаң  жолдас.  Біріңнің  айтқаныңа  бірің  кӛнбей,  Істеген 

ынтымақсыз  ісің  оңбас»),  «Қасқыр  мен  тырна»  мысал 

ӛлеңінде  қаражүрек  заламдар  арбауына  алданып  түспеу 

керектігіне  ой  салады  («Қайырымды  қарап  істе  адамына, 

Қарайлас  ӛзіңменен  шамалыға.  Қасқырдай  қаражүрек 

залымдардың  Жүрмеңдер  түсіп  кетіп  тамағына»).  Ал 

«Бұлбұл мен есек» мысал ӛлеңінде анық пен танықты, таяз 

бен  тереңді  ажарата  алмайтын  надандықтан  сақтандарады 

(«Есектей қалпы кейбір адамдардың, Кӛзі тар, кӛңілі соқыр 

жамандардың. Асылды жасықпенен танымайтын Сынынан 

сақта  құдай  надандардың»).  «Қарға  мен  түлкі»  мысал 

ӛлеңінің  де  саяси-әлеуметтік  астары  терең.  «Жұрт  едік 

аңқау  ӛскен  қазақ  болып,  Далада,  кең  сахарада  кӛшіп-

қонып. Алдаған залымдардың тіліне еріп, Жүрмесек болар 

еді  мазақ  болып».  Аудармашы  орыс  тілінен  аударылған 

мысал ӛлеңдеріне ұлтты болмыс пен ұлттық рух дарытады. 

Оған  «Қартайған  Арыстан»,  «Иттің  достығы»,  «Малшы 

мен маса» мысал ӛлеңдері айқын дәлел.  

 

А.Байтұрсынұлының 



ұлттық 

сананы 


құлдық 

кіріптарлықтан арылтып, азаттық идеясын ту етіп кӛтеруде 

«Маса» (1911) жинағы ерекше аталады. Жинақтағы саяси-

әлеуметтік лирмкасының басты күретамыры – ұлт мүддесі, 

ұлт  тағдыры,  ел  қамы,  ел  азаттығы.  «Қазағым,  елім, 


 

55 

 

Қайқайып  белің  Сынуға  тұр  таянып.  Талауда  малың, 

Қамауда жаның, Аш кӛзіңді, оянып» («Жиған-терген») деп 

ұлтына  ұран  салған  қайраткер  «Адамдық  диқаншысы» 

ӛлеңінде  ӛзінің  ӛмірлік  мұратын  былайша  жеткізді: 

«Адамдық диқаншысы – қырға шықтым, Кӛлі жоқ, кӛгалы 

жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, 

Кӛңілін  кӛтеруге  құл  халықтың».  Әлеуметтік  мұрат-

мақсаты  айқын  ақын  «Жұртыма»,  «Жұбату»,  «Қазақ 

салты»,  «Қазақ  қалпы»  ӛлеңдерінде  азат  елдің  ертеңін 

толғап,  кемел  ұлт  болу  жолында  отаршылдықтар  арылу 

бағытын  нұсқайды.  Ұлтқа  қызмет  барша  әлеуметтің 

қасиеттті  парызы  деп  беледі.  «Мен  бұқтым,  жаттым,  Сен 

бұқтың,  жаттың,  Кім  істемек  қызмет?  Ауызбен  айтып, 

Істерде  қайтып,  Жоламасақ,  не  міндет?  Тек  жүрсек  тоқ 

жүрмекті  Қиын  деме  білмекті».  «Тән  кӛмілер,  кӛмілмес 

еткен  ісім,  Ойлайтындар  мен  емес  бір  күнгісін.  Жұрт 

ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын, Ел біркүншіл, менікі ертең 

үшін»,  -  деп  имани  қасиеттерді  отаншылдық  рухпен 

сабақтастырды.  «Қалтылдақ  ақйық  мініп  еспесі  жоқ, 

Теңізде  жүрміз  қалқып,  кешпесі  жоқ.  Жел  соқса,  құйын 

қуса,  жылжи  беру  Болғандай  табан  тіреу  еш  нәрсе  жоқ» 

(«Қазақ  қалпы»)  ұлтының  тағдырына  бей-жай  қарай 

алмады.  «Екі  жинақ  –  «Қырық  мысал»,  «Маса»  -  қазақ 

әдебиетін  жаңа  тақырыптармен,  ойлармен,  ӛрнектермен 

байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман 

талабына  сай  жігерлі  поэзия  туды,  бұдан  кейін  талантты 

ақындардың  жаңа 

буына  тарам-тарам  жүлгелерді 

тереңдетіп,  жалғастырып  әкететеін  болды»  (Р.Нұрғали). 

Түптеп келгенде, А.Байтұрсынұлы шығармашылығы қазақ 

әдебиетіндегі  ұлттық  идеяны,  тәуелсіздік  мұратын 

жырлауымен руханият әлеміне  соны тыныс дарытты.  «Ол 

қарапайым,  нағыз  қазақ  тілінде  бостандық,  ұлт  туралы  – 

қазақ  халқының  қанауда,  артта  қалғаны  жайлы  жырлап, 

оны  оқуға,  еңбекке  және  ұйқыдан  оянуға  шақырды,  әрбір 



 

56 

 

қазақтың  бойындағы  азаматтық  сезімді  оятуға  ұмтылды» 

(М.Дулатұлы).  Абайтанудағы  алғашқы  құнды    ғылыми-

зерттеушілік  ой-пікірдегі  ізденістердің  даму  үрдісінде 

А.Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы ерекше аталады.  Бұл 

ретте  оның  «Қазақтың  бас  ақыны»  (1913)  мақаласы  мен 

«Әдебиет  танытқыш»  (1926)  атты  теориялық  еңбегі 

абайтанудағы 

ақынның 

шығармашылық 

тұлғасын, 

шеберлік  қырларын  тану  мен  талдауда  оқшау  тұратын 

ғылыми мұралар болып табылады. 

Ұлтының  саяси  теңдігі  мен  рухани  оянуын  мұрат 

еткен  Алаш  перзенті  отарлық  езгідегі  халқының  елдігін 

сақтау  мен  азаттыққа  ұмтылысында  соған  ерекше  серпін, 

күш  қуат  беретін  құдірет  -  сӛз  ӛнері,  яғни  әдебиет  екенін 

терең  екшей  білді.  Сондықтан  да  «...Ӛзіміздің  елімізді 

сақтау  үшін  бізге  мәдениетке,  оқуға  ұмтылу  керек.  Ол 

үшін ең алдымен әдебиет тілін ӛркендету керек. Ӛз алдына 

ел  болуға,  ӛзінің  тілі,  әдебиеті  бар  ел  ғана  жарай 

алатындығын  біз  ұмытпауға  тиістіміз»  деп  білген  ол 

ұлттық  сӛз  ӛнерінде  және  де  руханият  әлемінде    Абай 

сынды  ақынның  алар  орынын  әлеуметке  жеткізуді,  ұлт 

санасына  сіңіруді  басты  парызы  санады.  Осы  жағынан 

алғанда  Алаш  қайраткерінің  «Қазақтың  бас  ақыны»  атты 

абайтанудағы  алғашқы  құнды  мақалалардың  бірін  жазуы 

заңды құбылыс еді.  «Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты 

Ибраһим)  Құнанбаев.  Онан  асқан  бұрынғы-соңғы  заманда 

қазақ  баласында  біз  білетін  ақын  болған  жоқ».  Міне, 

осындай мақсаты айқын әдеби-эстетикалық бағалаушылық 

сипатта  басталатын  А.Байтұрсынұлы  мақаласы  Абайдың 

ақындық  даралығын,  шеберлігін  талдаудағы  тереңдігімен 

құнды.  Сондықтан  да  «Абай  сӛздері  дүнияда  қалғаны  - 

қазаққа  зор  бақ.  Бетін  түзеп,  жӛн  сілтеген  кісілерге  де, 

сілтеген  жолды  ылақпай  тұп-тура  тапқан  адамға  да  қазақ 

балалары  талай  алғыс  берер»  деген  бағалаушылық 

тұжырым  Абай  мұратын  таныған  және  ӛзгелерге  де 



 

57 

 

танытуды  діттеген  соны  ой  болатын.  А.Байтұрсынұлы 

мақаласы  әдебиетші  ғалымдар  тарапынан  абайтанудағы 

алғашқы  құнды  еңбек  ретінде  бағалануда.  С.Қирабаев 

«Абай жинағы шығып, халық арасына тараған кезде оның 

ақындық  ӛнерін  айрықша  сӛз  етіп,  ұлылығын  мойындап, 

алғашқы пікір  айтқан адам  -  Ахмет Байтұрсынов еді» деп 

жазса,    Р.Нұрғали  «Абайдың  тарихи  миссиясы,  рухани 

болмысымыздағы орыны, кӛркемдік-эстетикалық сипаттар 

дұрыс  кӛрсетіліп,  терең  талданып,  алғаш  рет  қазақ 

оқырманының алдына тартылды» деген пікір білдіреді.  

А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» ұлттық 

әдебиеттанудағы  тұңғыш  теориялық  еңбек  десек,  оның  әр 

бӛлімі мен тарауында ғалым сӛз ӛнерінің күрделі болмыс-

бітімін  саралау  барысында  Абай    поэзиясын  мысалға  ала 

отырып  терең  талдаулар  жасайды.  Ахметтанушы  ғалым 

Р.Нұрғали  атап  ӛткеніндей  «Қазақ  әдебиетінің  дамуына, 

әсіресе,  әсері  күшті  болған  Абай  шығармалары  екенін, 

сындар  дәуірдің  басы  Абайдан  басталатынын  кесіп-пішіп 

тиянақтайды».  А.Байтұрсынұлының  біз  қарастырып 

отырған еңбегінде ӛлең сӛздің күрделі табиғатына қатысты 

құнды  пікірлер  айтылып,  ұлттық  әдебиеттануда  қолға 

алуды  қажет  ететін  теориялық  мәселелер  ӛз  шешім  таба 

білді.  Ол  ӛлең  құрылысындағы  орналасу  тәртібіне  орай 

ұйқасқа  ат  қою,  атау  тудырып,  қалыптастыру  десек, 

осынау  маңызды  істің  алғашқы  ғылыми  мәселелері  де 

«Әдебиет  танытқыштан»  бастау  алды.  Атап  айтқанда, 

зерттеуші  ұзын  тармақты  ұйқастың  азат  ұйқас,  аралатпа 

ұйқас  болып  келетіні  туралы  пікір  білдірді.    Сыншылдық 

талап  пен  эстетикалық  талғам  қатар  ұштасқанда  әдебиет 

мерейі  еселеніп,  кӛркемдік  таным  асқақтай  түседі.  Ол 

ақынға ғана емес, талғамы биік оқырманға да  қажетті ілкі 

қасиет. Бұл А.Байтұрсынұлының «Асыл сӛздің сипаттарын 

білу  тыңдаушыға  да  қажет»  немесе  «...Асыл  сӛздің 

сипаттарын  білу жалғыз ақындарға емес,  әр адамға керек, 


 

58 

 

жақсы  сӛздің  сипаттарын  білген  адам  сынай  білмекші: 

сынай білуден сӛз талғауы күшеймекші. Солай болған соң, 

асыл сӛздің басты-басты сипаттарын білу сӛйлеу жүйесінің 

ең  керек  бӛлімінің  бірі  болады»  деген  сыншылдық-

эстетикалық  тұжырымдарының  басты  ӛзегі.  Ӛз  кезегінде 

Абай  поэзиясының  поэтикалық  қуаты,  эстетикалық  күші 

сӛз  ӛнеріне  деген  талапты,  талғамды  еселей  түсті.  Әдеби 

даму  үрдісіндегі  осы  ерекшелікті  де  зерттеуші  терең 

зерделеп,  оған  қозғау  салған  Абай  ықпалын  орынды 

атайды. Бұған «Абайдан кейін сӛзге талғау кіреді. Айтушы 

да,  тыңдаушы  да  сӛзді  талғайтын  болды,  олай  болғаны  - 

Абай  асыл  сӛздің  айқындап  нұсқаларын  кӛрсеткеннің 

үстіне,  аз  да  болса  асыл  сӛз  сипаттарын  айтып  та  жұртты 

хабардар етті» деген пікірі нақты дәлел бола алады. Эпос, 

лирика, драма сынды  әдеби тектерді  әуезе, толғау, айтыс-

тартыс деп ұлттық сипатта берген зерттеуші әуезенің аңыз 

ӛлең  түрін  талдауында  ақынның  «Ескендір»  поэмасын 

атайды. Ал, Абай шығармашылығының тың арнасы кӛркем 

аудармалар болды десек, әуезенің мысал түрін саралаудағы                                                                                                               

тұжырымдарында  Эзоп,  Федр,  Лафонтен,  Крылов  сынды 

әлем  әдебиетіндегі  мысал  ӛлең  шеберлерімен  қатар  Абай 

есімі  де  аталады.  Әдебиетшінің  «Әдебиет  танытқыш» 

еңбегі  ұлттық  әдебиеттануда  бағалаушылық  сипатта 

аталып  жүргінімен  әдеби-теориялық  тұрғыда  арнаулы  да 

кешенді  зерттеу  нысаны  болғаны  жоқ.  Бұл  ретте    тек 

ғалым  Рымғали  Нұрғали  тарапынан  жүргізілген  әдеби-

теориялық  талдау  мен  салыстырмалы  саралау  ғана 

«Әдебиет  танытқыштың»  ғылыми  сонылығын  нақты 

қарастыруымен, бағалауымен ерекшеленеді. Сондықтан да 

«Ахмет  Байтұрсынов  лириканы  -  толғау  деп  алып,  осы 

әдеби  тектің  қыр-сырын  ерекше  тиянақты  талдап,  орасан 

терең  пікірлер  тұжырымдап,  сұлулық,  кӛркемдік,  әсемдік, 

шеберлік  табиғатына  қатысты  ойларын  бажайлай 

жеткізеді»  немесе  «Кейінгі  қазақ  әдебиетшілері  орыс 


 

59 

 

тіліндегі  еңбектердің  ізімен  саяси  лирика,  махаббат 

лирикасы  деп  қана  шектеліп  келсе,  Ахмет  Байтұрсынов 

ұлттық  ӛнердің  ӛз  табиғатынан  шығарып,  лириканың  сап 

толғау,  марқайыс  толғау,  налыс  толғау,  намыс  толғау, 

сұқтаныс  толғау,  ойламалдау,  сӛгіс  толғау,  күліс  толғау 

секілді түрлеріне анықтама береді» деген Р.Нұрғали пікірі 

тұрғысынан келсек, А.Байтұрсыновтың тӛл әдебиетіміздің 

бір  ғана  поэзиясынан  осыншама  түрлі  жанрлық  болмыс-

бітімін жан-жақты таратуы қазақ сӛз ӛнерінің қайталанбас 

табиғатының  тереңдігін,  байлығын  да  кӛрсетеді.  Қорыта 

айтқанда,  А.Байтұрсынұлы  ұлттық  әдебиеттанудың  баста 

арнасы  абайтанудың  ғылыми  негізін  қалаушылардың  бірі 

ретінде  ұлы  ақын  шығармашылығын,  ақындық  тұлғасын 

ғылыми  зерттеу  мен  поэзиясын    әдеби  -  теориялық 

талдаудың  классикалық  үлгісін  негіздеді.  Сол  арқылы 

абайтанудың  басты  ғылыми  -  зерттеушілік    бағыт  - 

бағдарын айқындай отырып, соны ізденістерге жол салды. 

Біріншіден, «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі 

керек»  деген  ұлы  мұратты  ту  етіп  ұстанып,  ақынның  ұлт 

руханиятында  алар  биік  тұғырын  елдік  мәселелермен 

тығыз 


бірлікте, 

сабақтастықта 

алып 

қарастырды. 



Екіншіден,  «Абай  сӛздері  дүнияда  қалғаны  -  қазаққа  зор 

бақ. Бетін түзеп, жӛн сілтеген кісілерге де, сілтеген жолды 

ылақпай  тұп-тура  тапқан  адамға  да  қазақ  балалары  талай 

алғыс  берер»  деп  алып  ақынның  ұлт  мүддесін  діттеген 

ӛмірлік  мақсатын,  қоғамдық  ӛмірде  алар  әлеуметтік 

маңызы  мен  орынын  танытуда  соны  қадамдар  жасады. 

Үшіншіден,  Абай  шығармашылығы  ұлттық  сӛз  ӛнерінің  

тұтастай  бір  жаңа    дәуірінің  тың  кӛркемдік-эстетикалық 

арнасының  бастауын  айқындап  берді  деген  әдебиет 

тарихындағы  дәуірлеу  мәселесіне  байланысты  соны  пікір 

түйді.  

А.Байтұрсынұлының  шығармашылық  тұлғасында 

тоғысқан 

ілік 


қасиеттер 

«Айқап», 

«Қазақ» 


 

60 

 

басылымдарында  жарияланған  мақалаларынан  айқын 

танылады.  Қазақ  қоғамының  ең  ӛзекті  мәселелері  болып 

табылатын  жер,  дін  бостандығы,  оқу-ағарту,  саяси  теңдік, 

яғни  ұлт  мүддесіне  негізделген  мақалаларының  маңызы 

бүгіндері де ӛз маңызын жойғаны жоқ. «Тағы да народный 

сот  хақында»,  «Қазақтың ӛкпесі»,  «Қазақ һәм 4-ші  дума», 

«Қазақ  жерін  алу  турасындағы  низам»,  «Земство»,  «Жер 

жайлау  жайынан»,  «Кӛшпелі  һәм  отырықшы  норма», 

«Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайынан», «Білім жарысы», 

«Араб  әліппесін  жақтаған  баяндамасы»  ӛзге  де 

мақалаларындағы  ӛзекті  ой-толғаныстары  ұлт  тағдырын 

арқау  етуімен  әрі  халықтың  рухани  және  шаруашылық 

дамуына,  тәлім-тәрбиесіне  мейлінше қажетті  отаншылдық 

рухтағы  мәселелерді  терең  саралауымен  оқшау  тұрады. 

Мысалы, «Орысша оқушылар» мақаласында «Ұлт жұмысы 

–  үлкен  жұмыс,  үлкен  жұмысқа  үлкен  кӛп  жұмысшы 

керек...  Балам  деген  жұрт  болмаса,  жұртым  дейтін  бала 

қайдан  шықсын!»    дей  келіп,  «Баланы  ұлша  тәрбиелесең, 

ұл  болмақшы.  Құлша  тәрбиелесең,  құл  болмақшы»    деп 

жазса,  «Жауап  хат»  мақаласында  «Жұрт  алдындағы 

адамшылық  борышымыз:  әркім  білгенін,  қолдан  келгенін 

істеу емес пе?...Қазақ ӛзі теңеліп, ақысын ауыстырмайтын 

дәрежеге  жеткенше  қазаққа  қай  жағынан  да  болса  теңдік 

жоқ.  Жұрт  қолы  ьеңдікке  теңелсе  жетіледі..  Қазақ  – 

жоқшы,  жоғын  іздеген  қуғыншы.  Қуғыншы  қандай  болса, 

мал  қайтпақшы?»  деген  түйін  жасайды.  Ал,  «Бас  қосу 

турасында»  мақӛалыснад  қазақ  баласы  мәңгілік  бойтұмар 

етіп  ұстанатын  ӛлмес  те  ӛшпес  ұлағатын  мирас  етіп 

қалдырды. «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм 

күшті  болуымыз  керек.  Білімді  болуға  оқу  керек.  Бай 

болуға  кәсіп  керек.  Күшті  болуға  бірлік  керек.  Осы 

керектердің  жолында  жұмыс  істеу  керек».  Ең  бастысы, 

азат  та  тәуелсіз  елдің  басты  мұратын  «Бақ  –  ерікте.  Ерік 

ерлік  пен  бірлікте.  Ерлік  ұранымыз,  бірлік  құранымыз 


 

61 

 

болсын!»  деп  ұғындырды.  Ұлт  тәуелсіздігі  жолында 

тарихи  қызмет  атқарған  Алаш  қозғалысы  мен  Алаш  Орда 

үкіметінің  кемеңгер  қайраткері,  ұлт  кӛсемі  Ахмет 

Байтұрсынұлының  жасампаздық  ғұмыры,  қоғамдық  һәм 

рухани  қызметі  Алаш  идеясының  басты  күретамыры 

болып қала бермек.  

 

     Дәріс бойынша сұрақтар. 

1)

 



Азатшыл-демократтық бағыт. 

2)

 



А.Байтұрсынов атқарған кемел істер. 

3)

 



Ахмет – ақын,аудармашы. 

4)

 



Ахмет – кӛсемсӛз шебері, түркітанушы. 

5)

 



Жер,дін бостандығы,оқу ағарту,саяси теңдік 

мәселелерін кӛтерген шығармалары. 



 

 

Негізгі әдебиеттер тізімі: 

1.  Нұрғали  Р.  Қазақ  әдебиетінің  алтын  ғасыры.  -  Астана, 

2002.  

2.  20-30  жылдардағы  қазақ  әдебиеті.  1-кітап.  -  Алматы, 



1997.  

3. Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы, 1991.  

4. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. - Астана, 2002.  

Қосымша әдебиеттер тізімі: 

1.  Субханбердина  Ү.  Қазақ  халқаның  атамұралары: 

Мазмұндалған  библиографиялық  кӛрсеткіш.  -  Алматы, 

1999.  


2.  Шәріп  А. Қазақ поэзиясы  және  ұлттық  идея.  -  Алматы, 

2000.   


3. «Қазақ» газеті. - Алматы, 1998.   

4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы. 1995.                                                                                                                          



 

 

 



Каталог: dist zaoch -> 3kurs -> 3kta-1z -> kazakadeb
kazakadeb -> 20 3-ДӘріс ағартушы-демократтық бағыт. Шәкәрім
3kta-1z -> 4-ДƏріс тақырыбы : Көркем шығарма
kazakadeb -> ДӘріс бейімбет Майлин (1894-1938). Шығармашылығы
3kta-1z -> 1. 1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
3kta-1z -> Лексика. Антоним Қарамен жазылған сөздер- мағынасына қарай қандай сөздер?
kazakadeb -> ДӘріс ілияс Жансүгіров (1894-1938)
3kta-1z -> Сынаққа ұсынылған сұрақтардың үлгі тізімі
3kta-1z -> ТƏжірибешілік сабақтардың мазмұНЫ


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет