№6 (163), наурыз 2014 жыл



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата06.03.2017
өлшемі8,15 Mb.
#8293
  1   2   3   4

№ 6 (163),  

наурыз 2014 жыл

www.enu.kz

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Академик Әлия Бейсенованың Қазақстанның 

картографиясындағы аса елеулі ғылыми жұмыстар 

топтамасы Елбасы Жарлығымен еліміздің ғылым мен техника 

саласындағы 2013 жылғы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

МӘРТЕБЕ

Ұлттық  ғылым академиясының 

академигі, Қазақстанның физи­

калық география мен экология 

саласындағы аса көрнекті, бетке 

ұстар маманы әрі осы саланың 

еліміздегі жаршы қарлығашы Әлия 

Бейсенова апамыздың қадір­қасиеті, 

қажыр­қайраты баршамызды қайран 

қалдырып келеді. Мыңдаған шәкірт 

тәрбиелеген ұстаз. География ғылымы 

бойынша зерттеулері елімізден тыс 

жерлерге де мәшһүр.

Америкада «2006 жыл әйелі» 

деп танылған да Әлия апай. Тәуелсіз 

елінің «Парасат» және «Құрмет» 

ордендерінің иегері. Қазақстанның 

жоғары мектебіне еңбегі сіңген 

қызметкер. Төрт бірдей академияның 

академигі. Иә, профессорлығын (1985) 

былай қойғанда. География ғылымынан 

қазақ әйелдері арасынан, кеңестік 

Шығыс әйелдері арасынан тұңғыш 

қорғаған докторлық дардай атағын 

(1984) былай қойғанда,  ол – елдегі 

экологиялық білімнің негізін қалаушы.

Сөйтіп, сексеннің сеңгірінен асқан 

шағында академик Әлия Сәрсенқызы 

Бейсенова ғылымда тағы бір ерлік 

жасап, мерейін асырды. Қазақстанның 

атластық картографиясындағы аса 

елеулі ғылыми жұмыстар топтамасы 

Елбасы Жарлығымен еліміздің ғылым 

Наурыз айы туғанда,  

Той болушы еді бұл маңда.  

Сақталушы еді сыбаға,  

Сапарға кеткен ұлдарға,  

Наурыз айы туғанда. 

Наурыз, наурыз, күн игі!  

Күні игі жердің ­ түрі игі.  

Бауыры жылып науат­қар,  

Бабымен ғана жібиді.  

Шашылып ырыс шанақтан,  

Шақырып бір үй бір үйді,  

Шаттанушы еді бір игі. 

Осынау игі кең жерге,  

Наурыз айы келгенде,  

Наурыз тойын бергенде,  

Көрмегендер де ­ арманда,  

Арманда ­ оны көрген де.  

Келіп ем өмір ­ орманға,  

Наурыз айы келгенде.



М.Мақатаев

Наурыз –

думан

мен техника саласындағы 2013 жылғы 

Мемлекеттік сыйлығына лайық деп 

танылды. Нағыз әділ баға осы еді. 

Жұбайы Серік Қирабаев – баршамызға 

қадірменді әдебиетіміздің абызы. 

Серағаң екеуі бұған дейін бір үйден 

екі академик болып орта толтырып 

жүрсе, енді әмбе бір шаңырақтан екі 

лауреат қатарынан шығып, шаттыққа 

бөленгеніне елі сүйсінеді.

Ежелгі заманнан бері тойланып келе жатқан қасиетті 

Наурыз мейрамы есігімізді ашып, төрімізге озды. 

Жер үстіндегі тіршілік атаулы бойына нәр жүгірткен 

табиғат ана құдіретімен жаңарып, жасарып, ерекше бой 

түзеді. Данышпан бабаларымыздың «ескі жыл есірке» 

дегеніндей, өтіп бара жатқан жыл білім ордамызда 

қызметте жүрген оқытушы­профессорларымыз бен 

сала қызметкерлері, студент­жастарымыз үшін толағай 

табыс әкелді. Беделді халықаралық, республикалық 

агенттіктердің рейтінгілері бойынша жоғары орындардан 

көріндік. Республикалық «Алтын сапа» белгісінің иегері 

атандық! Бұндай нақты нәтижеге ауызбіршілігі мығым

мақсаты айқын ұжым ғана қол жеткізеді. Ең бастысы, 

жеткен жетістіктерімізге тоқмейілсімей жаңа биіктерге 

ұмтылу дәстүрімізге айналды. 

Наурыз мерекесі дендеріңізге саулық, шығармашылық 

табыстар, жанұяларыңызға бақыт әкелсін! 



Құрметпен,

 ректор Ерлан СЫДЫҚОВ

НАУРЫЗ - ТІЛЕК!

2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 6 (163), 

наурыз, 2014 жыл

АҚПАРАТ АЙДЫНЫ

Сенаторлар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты

Оқу ордамызда  ҚР Парламенті Сенатының бір топ депутаттары болды. Аталмыш шара Астанада өткен 

ғылыми  зерттеулерді  құқықтық  қамтамасыз  етуге  арналған  дөңгелек  үстел  қарсаңында  өтті.  Ректор  Ерлан 

Сыдықов ЖОО ғалымдары  Қазақстанның халық шаруашылығында қолданылатын әрі еліміздің экономикасын 

нығайтуға  ықпал  ететін  зерттеулерге  басымдық  беретіндігін  атап  өтті.  Сенаторлар  ЖОО  физиктері 

тарапынан  8  жыл  бойы  қолданылып  келе  жатқан  жылдам  нейтрондарды  үдеткішпен  танысты.  Бұл  бірегей 

агрегат Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасымен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында құрылған 

болатын. Осы мақсатпен оған жеке ғимарат тұрғызылған. Бұл жерде 300-ден астам жас физиктер өз ғылыми 

тәжірибелерін жүзеге асырады. Жылдам нейтрондарды үдеткіш құралында сирек физикалық қасиеттер арқылы 

жаңа материалдар жасап шығарылады. Мысалы, қарапайым шалшық суды ауыз суға айналдыруға болатын 

тұрмыстық сүзгі әзірленді. 

Сенат  депутаттары  ғалымдардың  зерттеу  жұмыстарына  оң  баға  беріп,  практикалық  тұрғыдан  пайдалы 

екендігіне көз жеткізді. 

– Өздеріңіз білетіндей, Елбасы өз Жолдауында ғылымды қаржыландыру көлемін ЖІӨ-нің 3 пайызына дейін 

көтеру қажеттігін айтқан болатын. Сондықтан да бұл бағыттағы жұмыстар бұрынғыдан да жанданып, жақсара 

түсетін болады», – деді өз сөзінде әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы Ахан Бижанов. 

Осы кездесуде халық қалаулыларының назарына басқа да көптеген тың дүниелер ұсынылды. Ол автокөлік, 

қозғалтқыш, іштен жанатын қозғалтқыштың ПЭК-ін арттыруға арналған құрылғы, ірі ЖЭС қуатты үнемдеуге 

арналған кешенді жүйе, көпқабатты ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығын арттыру жөніндегі жобалар 

және тағы басқалар. 

–  Біз ірі қараның тұрмыстық қалдықтарынан биогазды өндіруге арналған кешенді жүйені жасап шығардық, 

– деп атап өтті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Инновациялық 

орталығының  директоры  Владимир  Ким,  –  Қалдықтарды 

алдағы  уақытта  тыңайтқыш  ретінде  пайдалануға  болады. 

Бүгінде бұл жоба Қызылорда облысында жүзеге асырылуда.  

Бұл  туралы  университетіміздің  I 

проректоры  Жәмилә  Нұрманбетова 

бастаған  ЖОО  басшылығының  TDC 

International  Services  Ltd.  директоры, 

Жоғары  білім  беру  академиясының 

бизнесін  дамыту  жөніндегі  әріптес 

Энтони  Хакнеймен  ресми  кездесу 

кезінде айтылды. 

Кездесу 


барысында 

Энтони 


Хакней 

университет 

қызметімен 

және 


халықаралық 

деңгейдегі 

жетістіктерімен  етене  танысты.  Оның 

ішінде  әлемнің  17  000  ЖОО  арасынан 

топ жарып, QS World University Rankings халықаралық рейтингісінде 303-орын, жарты 

ғасырдан астам уақыт өтпеген әлемнің 50 ЖОО арасынан QS TOP 50 UNDER 50 бойынша 

32-орын,  Webometrics  Ranking  of  World  Universities  рейтингісінде  қазақстандық  ЖОО 

арасында көш бастап, әлем бойынша 2 213-сатыдан көрінді.

Мұнымен қоса, Академия өкілі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дегі ағылшын тілінде 

академиялық хаттар деңгейін арттыру мен көптілді білім берудің тиімді жүйесін құру 

бойынша жұмыс жүргізетін университеттің Көптілді білім беруді дамыту орталығы мен 

академиялық қорына зор қызығушылық танытты.

Бүгінде  ЕҰУ-де  Қытай,  Ресей,  Моңғолия,  Украина,  Оңтүстік  Корея  және  басқа  да 

мемлекеттерден келген 300-ге жуық студенттер білім алуда. Өз кезегінде, академиялық 

мобильділік бағдарламасы бойынша 109 студент шетелде білім алып жатыр.

ЕҰУ британдық Жоғары білім беру 

академиясының толық құқылы мүшесі атанбақ

«Әңгіме-дүкен» клубының кезекті отырысы

Филология 

факультетінің 

қазақ 


әдебиеті 

кафедрасына 

қарасты  «Әңгіме-дүкен»  әдеби-

герменевтикалық 

клубының 

кезекті  отырысы  өтті.  Клуб 

белгілі  ғалым  Омар  Жәлелұлы 

жетекшілігімен  және  ФҚТ-31, 

ҚТӘ-41  топтарының  бірқатар 

студенттерінің 

атсалысуымен 

2012 


жылдан 

бері 


қазақ 

ғылымының  игілігіне  қызмет 

етіп  келеді.  Осы  орайда  клубтың 

атауына тоқталар болсақ, «дүкен» 

сөзі  парсыша  «шеберхана»  деген 

мағынаны білдіреді. Яғни «әңгіме-

дүкен» – қазақ ғылымын жаңа сатыға көтеретін жас буын ғалымдардың қабілет-қарымын 

шыңдап, қаламын ұштайтын, ғылымның көрігін қыздыратын шеберхана. 

Атаулы кешке филология факультетінің ғылым жолында ізденуші жастарымен бірге 

«Шабыт»  ұлттық  өнер  университетінің,  сондай-ақ,  С.Сейфуллин  атындағы  ҚАТУ-дің 

гуманитарлық  факультетінің  студенттері  қатысты.  Журналист  Ұ.Дәлей,  белгілі  ақын, 

журналист Ы.Ожайұлы, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дің гуманитарлық факультетінің 

оқытушысы  Е.Зайтханұлы,  дәулескер  күйші  Қ.Айтбай  сынды  аға  буын  кешімізге 

жаңа  серпін,  соны  тыныс  ала  келгендей.  Ал  кешіміздің  арнайы  қонағы,  философия 

ғылымдарының  докторы,  профессор,  дінтанушы  ғалым  Досай  Кенжетай  "Ясауи 

феномені:  қазақ  мәдениетіндегі  орны"  тақырыбы  аясында  баяндама  жасаса,  көпшілік 

көкейдегі сауалын жолдап, өз пікірлерін ортаға салды. 

Кеш соңында журналистика факультетінің оқытушысы Ықылас Ожайұлы кешімізді 

Абайдың  «Көзімнің  қарасы»  әнімен  әрлесе,  дәулескер  күйші  Қайрат  Айтбай  М. 

Хамзиннің  «Белгісіз  солдат»,  Сүгірдің  «Ыңғайтөк»  күйлерін,  «Шабыт»  Ұлттық  өнер 

университетінің  студенті Ф.Ердібаева қылқобызбен Ықыластың «Жезкиігін» орындап, 

рухымызды асқақтатты. Осылайша келелі әңгіме, қызу пікір таласпен басталған отырыс 

төл өнерімізбен жарасым тапты. 

Шынатай ЕЛІМАЙ,

ФҚТ-31 тобының студенті

Заң  факультетінің  студенттеріне  «Дауа»  жастар  денсаулық  орталығы  мен 

деканның  студенттермен  жұмыс  жөніндегі  орынбасары  доцент      Б.А.  Жүсіпованың 

ұйымдастыруымен  «Дауа»  жастар  денсаулық  орталығын  насихаттау,  «Ақсұңқар» 

автоматтандырылған  психодиагностикалық  құрылғыны  пайдалану»  тақырыбында 

семинар өткізілді. 

Семинардың  мақсаты  –  жастардың  денсаулығын  нығайту,  жоғарғы  білікті 

медициналық-әлеуметтік түрде және психологиялық тұрғыда көмек беру, салауатты өмір 

салтын қалыптастыру. Медицина қызметкерлері жастарға жеке тұлғаның денсаулығын 

сақтауы және оны дұрыс қалыптастыру ең алдымен адамның өзіне байланысты екенін айта 

отырып, студенттерге психологиялық тексерулерден тест арқылы өтулеріне шақырды. 

Семинар соңында студенттер сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.



Кемел келешектің жолбастар темірқазығы

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

«Рухани құндылықтар және діни сана»

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, 

бір болашақ» атты Қазақстан халқына жариялаған Жолдауын насихаттау барысында заң 

факультетінің азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор 

Еңлік  Нұрғалиқызы  Нұрғалиева  студенттерге  «Елбасы  Жолдауы  –  бұл  біздің  жаңа 

дәуірдегі кемел келешектің жолбастар темірқазығы» тақырыбында дәріс оқыды. 

Дәріс  барысында  Жолдаудың  нақтыланған  міндеттерін,  жүйеленген  жұмыстарды 

саралай келе, «Мәңгілік Ел» идеясына баса назар аударып, жастарға ұсынған бұл ұлттық 

идеяның халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманына негізделетінін және еліміздің 

бірлігін  нығайтуға,  алдымыздағы  ауқымды  экономикалық,  саяси,  мәдени,  құқықтық, 

зияткерлік, тәрбиелік міндеттерді жұмыла шешуге бағыттайтынын ашып көрсетті. 

Дәріс соңында студенттер өз пікірлерін білдіріп, талқыға салды.

Университеттің  экономика  және  механика-

математика факультеттерінің ұйымдастыруымен ҚР 

Дін істер агенттігі діни оқу орындарымен байланыс 

және дінтану сараптамасы басқармасының бастығы, 

филология  ғылымдарының  кандидаты  Айнұр 

Әбдірәсілқызымен «Рухани құндылықтар және діни 

сана»  тақырыбында  кездесу  болып  өтті.  Кездесу 

барысында  жалпы  еліміздегі  діни  ахуал  жөнінде, 

салт-дәстүр  және  жастар  тәрбиесі  туралы  ақпарат 

берілді. 

Кездесуге  филология  факультеті  деканының 

студенттермен  жұмыс  жөніндегі  орынбасары 

Әбдімәулен  Гүлмира  Әбдімәуленқызы  және  «Лағыл»  қыздар  клубының  жетекшісі 

Еркебай Ақниет қатысты.

Кездесу соңында Айнұр Әбдірәсілқызына студенттер гүл шоғын сыйлап, алғыстарын 

білдірді.



Астанадағы Тәуелсіздік алаңын «Мәңгілік Ел» 

деп өзгерту ұсынылды

ҚазАқпарат.  Астанада  Тәуелсіздік  алаңын  «Мәңгілік  Ел»  деп  өзгерту  жөнінде 

ұсыныс  жасалды.  Аталған  бастаманы  Астанада  өткен  «Стратегия-2050:  Қазақстан 

жолының жаңа көкжиегі» атты дөңгелек үстелде Дінтанушылар конгерісінің атқарушы 

директоры,  Мәдениеттер  мен  діндердің  халықаралық  орталығының  директоры, 

философия ғылымдарының докторы, профессор Айдар Әбуов көтерді. 

«Астанадағы Тәуелсіздік алаңын «Мәңгілік Ел» деп өзгертуді ұсынамын. Бұл алаңда 

Тәуелсіздік  сарайы,  Тәуелсіздік  стелласы,  Бейбітшілік  және  келісім  сарайы,  «Шабыт» 

кешені, яғни «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының барлық құрамдас бөліктері орын тепкен», –

деді ол жиында. Айта кетейік, ҚР Президентінің Жолдауын талқылауға арналған аталмыш 

дөңгелек үстел отырысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, 

православие мен католицизм өкілдері, ҚР Дін істері агенттігінің жетекшілері қатысқан 

болатын. Олардың барлығы А.Әбуовтің бұл идеясын бірауыздан қолдады.



3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 6 (163), 

наурыз, 2014 жыл

Биыл Алаштың арыстарына 

120 жыл толады

Биыл  1937-1938  жылдардағы  саяси  қуғын-сүргінді  бастан 

өткеріп,  тағдыр  талайын  кешкен  Алаш  арыстарының 

бірқатарының,  атап  айтқанда,  Тұрар  Рысқұловтың,  Сұлтанбек 

Қожановтың,  Бейімбет  Майлиннің,  Сәкен  Сейфуллиннің  және 

Ілияс Жансүгіровтің 120 жылдық мерейтойлары атап өтіледі.

Cәкен  (Сәдуақас)  Сейфуллин  Нілдідегі  орыс-қазақ,  Ақмоладағы 

бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында 

оқыған.  «Өткен  күндер»  атты  тұңғыш  өлеңдер  жинағын  1914  жылы 

Қазан  қаласында  бастырып  шығарған.  Омбыдағы  қазақ  жастары 

ұйымдастырған  «Бірлік»  қауымы  басшыларының  бірі  болған.  1920-

1936  жылдары  Ақмола  атқару  комитеті  төрағасының  орынбасары 

және  әкімшілік  бөлімінің  меңгерушісі,  Қазақ  Кеңес  Автономиялық 

Республикасы  Орталық  Атқару  Комитеті  Президиумының  мүшесі, 

«Еңбекші қазақ» (қазіргі республикалық «Егемен Қазақстан») газетінің 

редакторы,  халық  ағарту  комиссарының  орынбасары,  Қазақстан 

пролетар  жазушылары  ассоциациясының  басшысы,  т.б  қызметтер 

атқарған.

Поэзиялық  туындыларының  ішінде  «Кел,  жігіттер»,  «Жас  қазақ 

марсельезасы»,  «Жұмыскерлерге»,  «Жолдастар»  сияқты  саяси 

лирикалары  мен  «Көкшетау»,  «Альбатрос»,  «Социалистан»,  «Қызыл 

ат» поэмалары Сәкен қолтаңбасын анық көрсетеді. Ол проза саласында 

да  еңбек  еткен.  «Жер  қазғандар»,  «Айша»,  «Біздің  тұрмыс»,  «Сол 

жылдарда»,  «Жемістер»  повестері  мен  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  атты 

мемуарлық роман жазған.

С.Сейфуллин қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге көтерілуін ойлап, 

1923  жылы  9  маусымда  «Кеңсе  істерін  қазақ  тілінде  жүргізу  керек» 

деген мақаласын жариялайды. 1923 жылдың 22 қарашасында Орталық 

Атқару  Комитеті  декрет  қабылдап,  сол  бойынша  кеңсе  істері  1924 

жылдың 1 шілдесінен бастап қазақ тілінде жүргізілетін болған.

СӘКЕН 


СЕЙФУЛЛИН 

«Рерих пакт: тарих және қазіргі заман»

Жасалған  қос  баяндама  бойынша  сөз  алған  академиктер  Рахметқажы  Берсімбаев, 

Сейіт Қасқабасов, Мұхтарбай Өтелбаев пен механика-математика факультетінің деканы 

Нұрболат Жәйшібеков, физика-техникалық факультетінің деканы Әбдіраш Ақылбеков, 

т.б. кеңес мүшелері өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Ғылыми  кеңес  әртүрлі  мәселелерді  тыңдай  келе,  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 

ұлттық  университетінің  2013-2014  жылға  арналған  операциялық  жоспарларын; 

университеттің  профессор-оқытушылар  құрамының  еңбектерін  ашық  баспаға  ұсыну 

туралы; 6М074600 – «Ғарыштық техника және технологиялар», 6D072300 – «Техникалық 

физика», 5В030300 – «Құқық қорғау қызметі», 6М010800 – «Дене шынықтыру және спорт» 

мамандықтарын ашуға лицензия алу; білім алушылардың білім көрсеткіштерін бақылау 

және  бағалау  туралы;  кафедралардың  филиалдары  туралы;  қазақстандық  кредиттерді 

ECTS кредиттеріне ауыстырып есептеу туралы, т.б.с.с. бірқатар Ережені бекітті.

Университет ректоры Ерлан Сыдықов Ғылыми кеңес жұмысын түйіндей келіп, күн 

тәртібінде көтерілген кейбір мәселелер бойынша қорытынды шығару керектігін ескертті. 

Сондай-ақ  кеңес  мүшелерін  Елбасының  «Қазақстан  жолы-2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде, 

бір болашақ» атты халыққа Жолдауынан туындаған міндеттерді бірлесе шешуге, ғылым 

сапасына  барынша  көңіл  бөлуге,  «Үздік  оқытушылар»  атағын  иеленген  ұстаздардың 

ғылыми  мақалаларына  назар  аударуға,  университетімізге  шетел  студенттерін  көптеп 

тартуға шақырды.



Баспасөз қызметі

Жаңа мамандықтар 

ашылады

Астанада 

алғаш 

рет 

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 

ұлттық  университетінде  «Рерих 

пакт:  тарих  және  қазіргі  заман» 

атты 

халықаралық 

көрме 

ашылды. 

Бұл  көрме  2014  жылдың  20 

наурызына дейін өз жалғасын табады.

Университетімізде 

әкімшілік-

оқу  ғимараты  «Астана  атриумында» 

Еуразиялық идеяның 20 жылдығына 

орайластырылған 

халықаралық 

көрменің 

ашылу 

салтанаты 



болды.  Оған  мемлекет  және  қоғам 

қайраткерлері, 

Қазақстандағы 

Ресей  мен  Үндістан  елшілері, 

Рерих  халықаралық  Орталығының  және  Мәскеудегі  Рерих  мұрасын  қорғау  жөніндегі  Комитет 

жетекшілері,  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті,  М.В.  Ломоносов  атындағы 

Мәскеу мемлекеттік университеті Астана филиалының басшылары қатысты.

«Рерих  пакт»  –  бүкіләлемдік  мәдени-тарихи  құндылықты  сақтауда  орасан  зор  рөл  атқарған 

маңызды құжат. Бұл құжат мәдениет туындыларын қорғау жөнінде халықаралық келісімге келудің 

ұйытқысы болған, әйгілі орыс суретшісі Николай Константинович Рерихтің (1874-1947) құрметімен 

аталады. 

Николай Рерих суретші ғана емес, ғалым, ойшыл, аса танымал қоғам қайраткері. Оның ұсынған 

мәдени құндылықты қорғау жөніндегі идеясы бүгінгі күні де өзекті мәселелердің бірінен саналады. 

Қазіргі  заман  жағдайында  халықаралық  мәдени  қатынастарды  дамытудың  ең  тиімді  құралы. 

Кезінде бұл идеяны атақты Ромен Роллан, Бернард Шоу, Рабиндрант Тагор, Томас Манн, Альберт 

Эйнштейн,  Герберт  Уэллс  секілді  тұлғалар  қолдаған.  1931  жылы  осы  тақырыпқа  байланысты 

алғаш рет халықаралық конференция өтіп, ол бір жылдан соң өз жалғасын табады. Аса табысты 

өткен  шараны  әлемнің  22  мемлекеті  қуаттаса,  1933  жылы  Вашингтондағы  үшінші  халықарлық 

конференцияны 35 мемлекет қолдайды. Тіпті, 1935 жылы 15 сәуірде Америка Құрама Штаттарының 

Президенті Рузвельт маңызды құжатқа Ақ үйде қол қойып, арада он бес жыл өткен соң бүкіләлемдік 

мәдени-тарихи құндылықты сақтауда орасан зор рөл атқаратын бұл маңызды құжатты ЮНЕСКО 

қабылдап алады.

Экспозицияның негізін Рерих халықаралық Орталығының қорынан алынған бірегей құжаттар 

мен  фотоқұжаттар,  сондай-ақ  әлемдік  мәдениеттің  дамуына  үлкен  үлес  қосқан  танымал  орыс 

суретшісі, ғалым, ойшыл, қоғам қайраткері Николай Рерихтің танымал жұмыстары құрайды.

Аталмыш көрме жобасы 2012-2013 жж. Франция, Швейцария, Германия, Испания, Португалия, 

Италия  және  Латын  Америка  елдерінде  табысты  өтті.  Енді  міне,  халықаралық  көрме  әлемдегі 

дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуді мақсат тұтқан Қазақстан жерінде, оның ішінде тұңғыш рет 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтіп отыр. 

Финляндия 

Парламентінің 

Спикері  Ээро  Хейнялуом  Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінде болып, профессор-

оқытушылар  құрамымен  және 

студент-жастармен кездесті. 

Делегация құрамында Финляндия 

Республикасы  жоғарғы  әкімшілік 

сотының  бұрынғы  президенті  Пекка 

Халлберг,  Парламент  төрағасының 

аппарат  мүшесі  Йоуни  Лааксонен, 

Финляндияның 

Қазақстандағы 

төтенше  және  өкілетті  елшісі  Илкка 

Унто  Калерво  Рэйсэнен,  Финляндия 

елшілігінің даму жөніндегі астаналық 

кеңесшісі  Йоуко  Эскелинен,  сондай-

ақ  депутат  Мяннистё  Лассе  Пекка 

болды.  Кездесуде  сөз  алған  Спикер 

Еуразия  ұлттық  университетінде 

оқып  жатқан  жастарға  жүрекжарды 

тілегін  арнай  отырып,  Еуразия 

кіндігінде орналасқан заманауи үлгіде 

салынған білім ордасына таңданысын 

жасырмады. 

Эрро Хейнялуом – 2011 жылдың 

маусымынан  бастап  Финляндия 

Парламентінің  59-төрағасы.  Ал 

Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ 



Жылы жүздесу 

үшін  Еуропаның  ең  дамыған 

мемлекеті  Финляндиямен  тығыз 

байланыс 

орнатудың 

маңызы 


зор.  Финляндияның  жоғары  оқу 

орындарының  рейтинг  көрсеткіші 

жоғары  және  өз  елінде  сұранысқа 

ие  білікті  мамандарды  даярлауда 

тәжірибесі  мол.  Финляндияның 

соңғы  жылдары  қол  жеткізген 

жетістіктері  атап  өтуге  тұрарлық: 

білім  беру,  жаңа  технологияны 

дамыту  мен  енгізу  саласындағы 

тәжірибелерін  меңгеруде  әлеуеті 

жеткілікті.

Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ 

ректоры 

Ерлан 


Сыдықовтың 

Финляндия  Парламентінің  төрағасы 

Ээро  Хейнялуомамен  кездесуінде 

жоғары 


білім, 

ғылыми-зерттеу 

бағдарламалары  мен  академиялық 

ұтқырлық  бағдарламасы,  сондай-ақ, 

студенттер алмасу сынды мәселелер 

бойынша  өзара  ынтымақтастық 

жайы сөз болды. 

Л.Н.Гумилев  атын дағы  Еуразия  ұлттық  университетінде  Ғылыми 

кеңестің кезекті мәжілісі болып өтті. Мәжілісті Ғылыми кеңес төрағасы 

Ерлан  Бәтташұлы  Сыдықов  ашып,  оның  күн  тәртібімен  таныстырды. 

2013/2014  оқу  жылындағы  қысқы  емтихан  сессиясының  қорытындысы 

бойынша  оқу  ісі  жөніндегі  проректор  Абзал  Талтенов,  2013  жылғы 

университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері және 2014 

жылға қойылатын міндеттер туралы ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі 

проректор Жұматай Оразбаев баяндамалар жасады.


4



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет