6 Дәріс №6 тақырып. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті және арғы түркілердің мәдени мұрасы Жоспар


Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты



бет2/4
Дата23.02.2022
өлшемі35.52 Kb.
#26153
1   2   3   4
2.Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.

Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.

Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)

Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.

Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.

Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.[2]

Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.

Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда дамыған. Зерлеу әдісімен пайдаланды. Бұйымдарды безендіру үшін негізгі бейне жабайы аңдар болған.

үндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығының маңызы зор болған. Мал санының өсуіне байланысты мал өсірушілер жаңа аумақты игеруді эəне шұрайлы жайылымдарды алуды көздеді. Жайылымды жиі-жиі ауыстырып, малды барған сайын қоныстардан алыс жерге жаю күшейді. Қытай деректерінде олардың үй малынан жылқы, ірі қара жəне қой-ешкі өсірген, біразя түйе, есек ұстайтынын жазады. Олар үй малымен тамақтанып, олардың терісін киім қылып, жүн мен терісін киім, жамылғы есебінде пайдаланды.

Ғүндар ат сайысы ойындарының негізін салған. Ал қойдың етін, терісін, жүнін пайдаланды. Малдың бəрі дерлік бүкіл жыл бойына өрісте жайылып бағылды. Сондықтан жазда қуаңшылық немесе қыста көктайғақ жұт болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды. Ғұндар қосымша кəсіп ретінде аң аулаумен де айналысқан. Бұл кəсіп негізінен өздерініе азық қорларын молайту үшін жəне сейіл құру үшін жүргізілген.

Ғүндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғұндар дəнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Егіншіліктің жақсы дамығанын білдіретін темір орақ, соқа тістері, қол диірмендер, дəнүккіштер сияқты егін салуға жəне оны жинап алуға қажетті құрал-саймандар табылған. Ал үй-жайлардың ішінен астық сақтайтын ұралар табылса, еден, қабырғалар сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан сабанның қалдыхтары кездеседі.

Олар негізінен киіз үйлерде тұрды. Киіз үй торкөз кереге, уық, шаңырақ жəне киіз жабуынан тұрды. Киіз үйдің төріне қамшы, ағаштан жасалған қынабы бар семсер, садақ, жебелер салған қорамсақ т.б. іліп қоятын болған.

Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды. Түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ю.Худяков айтқандай, көнетүркілік этнос пен мәдениеттің өмір сүруінің аяқталуы және көнетүркілік мұраның өзге көшпелі этностардың мәдениеттерінде сақталып қалынуы ерте және дамыған орта ғасырларға тура келеді.
Э.Тайлордың өркениетке берген анықтамасы бойынша, оны жекеленген адам мен бүтін бір басты қоғамды жоғары бір деңгейде ұйымдастыру арқылы олардың ізгіліктілігі мен қуатын күшейтуге, бақытты өмір сүруіне жәрдемдесу мақсатында, жалпы адамзат тегін жетілдіруге қаратылған іс-әрекет деп білу керек.  Бұл ретте түркі өркениеті туралы деректерді сөйлетер болсақ, ең басты назар аударар жәйт, олар – алғашқы бастаулар. Бұл жөнінде Джеймс Джордж Фрезер былай деп жазады: "В конечном счете мы не так уж отличиемся от этих первобытных людей, и многим из того истинного и полезного, что так бережно сохраняем, мы обязаны нашим грубым предкам, накопившим и передавшим нам по наследству фундаментальные представления, которые мы склонны рассматривать как нечто самобытное и интуитивно данное. Мы как бы являемся наследниками состояния, которое переходило из рук в руки столько раз, что изгладилась память о тех, кто заложил его основание, поэтому нынешние обладатели читают его своим изначальным и неотьемлемым достоянием. Более глубокое исследование должно убедить нас в том, что большей частью этого состояния мы обязаны своим предшественникам”  Шығыс халықтарының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Мысалы, орыстың атақты археологы Л.П.Окладниковтың еңбектерінде Түркі халықтарының Батыс Сібір цивилизациясын атайды.

«Древняя тюркская Сибирь - деп жазады академик Л.П.Окладников, - оказаласьтеснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура много богаче и ярче, чем можно было полагать ранее.

У берегов Байкала, на Ангаре, Лене сходились и расходились пути древних культур Востока и Запада, существовали мощные по тем временам самобытные культурные очаги, без которых история Евразии не может быть полностью понятой. Как мы видим по находкам от крепостей тюрков в Прибайкалье ведет их путь на Дон и на Дунай». Л.Н.Гумилев «Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді»-деп санайды. Евразия сахарасындағы бұл көшпелілер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.

Л.Н.Гумилев дүниенің төрт жағын бірдей жайлаған жер кіндігі Орта Азия, одан қалды Византия, Персияны, Үндімен, Қытаймен қосатын, шын мәнінде Шығыс пен Батыс тоғысатын түркі әлемінің шынайы тарихын көрсетуді мақсат етті. тәнті болды. А.Сейдімбек сын қазақ ғалымдары Ұлы империяның Гумилевтің пассионарлық теориясын жазуға негіз болғандығынжазған еді.  «Көшпенлілер өркениеті» деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. «Көшпенлілер қоғамы» деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға енгізді. Сонымен бірге соңғы кезде қазақ сахарасында Дала өркениеті болды»- деген пікірлер де орныға бастады.

А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін континентальды деп атағаны белгілі. Еуразия кеңістігіндегі өркениет осы тұрғыдан қарағанда Дала өркениеті болып табылады. Мұрад Аджи «И как бы не называли эту культуру – половецкая, печенежская, булгарская или иная, -корень её был один, потому что степи на одном языке – на тюркском. Жили под одним культурным традициям – по тюркским. Исповедовали одни духовные ценности – тюркские» - деп жазған еді.

 «Дала» философиялық мәнге ие ұғым. Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара ықпалдасқанымен, түркі өркениеті басым болды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяғына таман – жылқы қолға үйретілді. Салт атты көшпелілер далалық өркениеттің қозғаушы кұші болды. Оны археологиялық қазбалар дәлелдейді. Сайын далада Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен, барлық әлемдік діндер тоғысты.


Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам –рухани өмірдің қазығы болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет