6. Сабақ қорытындысы: түсінік бере отырып, бағалау



Дата23.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#62396
түріСабақ

Сабақ жоспары
Модуль атауы КМ8.Электржабдықтар КММ «Тау-кен металлургиялық колледжі»
Күні:01.11.2021 Дайындаған: Жандильдинова Лаура Усенгазиевна
Топ: ЭМ-04-19 Курс:3
Сабақ тақырыбы Ашық және жабық тарату құрылғылары
Сабақтың типі Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың мақсаты
Ашық және жабық тарату құрылғылары туралы түсінік, олардың сұлбада көрсетілуі, ашық және жабық тарату құрылғыларына мысалдар көрсету
Сабақтың міндеттері 1. Студенттердің ой-өрісін кеңейту, логикалық тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, дағдыларын қалыптастыру; 2. Студенттердің мамандығы бойынша бағытталған жалпы комплексті тәрбие беру.
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар сұлбалар, электр аппараттарының суреттері.
Техникалық құралдар Интерактивті тақта
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушылардың қатысуын және аудиторияның
дайындығын тексеру, психологиялық ахуал.
2. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру:
Студенттерге интернет көздерінен өткен тақырыптар бойынша бейнеролик, слайд
дайындау
3. Жаңа тақырыпты жеткізу: ауызша, слайд арқылы
4. Сергіту кезеңі: қызықты фактілермен танысу
5. Тақырыпты бекіту: сабақ бойынша рефлексия
6. Сабақ қорытындысы: түсінік бере отырып, бағалау
Жоспар:
1.Ашық тарату құрылғылары
2. Жабық тарату құрылғылары
Ашық тарату құрылғылары (АТҚ) – күштік өткізгіштері сыртқы орта әсерінен қорғалмаған ашық ауада орналасатын тарату құрылғылары. Қалыпты жағдайда АТҚ түрінде 27,5 кВ жоғары кернеудегі тарату құрылғылары орындалады. Жабық тарату құрылғылары (ЖТҚ) – күштік өткізгіштер жабық бөлмеде орнатылатын немесе сыртқы орта әсерінен арнайы қорғайтын қорғауышпен қорғалған тарату құрылғылары. Әдетте мұндай тарату құрылғылары 35 кВ дейінгі кернеулерде қолданылады. Кей жағдайларда ЖТҚ-ны жоғарғы кернеулерде де қолдануға тура келеді (800 кВ-қа дейін). Жоғары кернеудегі ЖТҚ-ны пайдалану себептері: қатаң орталы аймақтарға (теңіз ауасы, аса тозаңдану), салқын климатқа, тығыз жағдайдағы құрылыстарға, қалалық жағдайларда шу деңгейін төмендетуге және архитектуралық эстетикаға негізделген. Стансаларда қуатты трансформаторлар немесе автотрансформаторлар арқылы жалғанған бірнеше сатылы номиналды кернеулі ТҚ бар. Әрбір ТҚ құрамына әдетте, мына элементтер кіреді: жинақтаушы шиналар (үш фазалы өткізгіштер жүйесі) және жинақтаушы шиналарға жалғанған немесе тармақталған бірқатар жабдықтар. Электр құрылғылардың тағайындалуына, номиналды кернеуіне, қосылулардың саны мен қуатына байланысты ТҚ бір және екі жинақтаушы шиналар жүйесімен әрбір қосылуында бір немесе екі ажыратқыштармен және ТҚ эксплуатациялық касиеті мен құнын анықтайтын басқа ерекшеліктері бойынша орындалады. Секциялауды орындау бойынша ТҚ бір, екі секциялы жинақтаушы шиналармен сондай-ақ секцияланған жинақтаушы шиналармен және айналма құрылғымен жасалады Бір секциялы жинақтаушы шинаның ТҚ-ның артықшылығына қарапайымдылығын және құн төмендігін жатқызуға болады. Жүйенің кең қолданысқа ие болмауына алып келген пайдалану кезінде ыңғайсыздықтар туғызатын бірнеше кемшіліктері бар: - профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде барлық ТҚ жүйесін электр көзінен өшіру қажет болады, бұл дегеніміз ТҚ-нан іске қосылып тұрған барлық электр тұтынушылар электр қуатынан айырылады; - шиналарда апатты жағдай болған кезде ТҚ-ның барлығы істен шығады. Екі немесе одан көп бөлімді секциялы ТҚ өзара секциялық ажыратқышпен байланысқан әрқайсысының қуат көзі және жүктемесі бар бірнеше секция түрінде орындалады. Стансалардағы секциялық ажыратқыш генераторлардың қатар жұмыс жасап тұру қажеттілігінен қосылып тұрады. Секцияның біреуіне зақым келген жағдайда секциялы ажыратқыш зақымданған бөлікті ТҚ-дан ажыратады. 6 Секциялы ажыратқыштың өзінде апат болғанда екі секция да істен шығады, бірақ мұндай зақым болуының ықтималдығы өте төмен. Төмен кернеулі ТҚларда (6-10 кВ) секциялы ажыратқышты сөну жағдайына келтіріп қояды, сондықтан өзара байланысқан секциялар бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істейді. Егер белгілі бір себептермен секциялардың біреуі қуат көзінен ажыратылса, автоматты қорды енгізу (АВР) құрылғысы іске қосылып, кіріс ажыратқышты сөндіріп, секциялы ажыртқышты іске қосады. Қуат көзісіз қалған тұтынушылар электр энергиясын секциялы қосқыш арқылы жапсарлас секциясының қуат көзінен алады. Мұндай жүйе ТҚ 6-35 кВ, қосалқы станса 6- 10 кВ және ТЭЦ секілді стансаларда қолданылады. https://www.youtube.com/watch?v=mIODFHUdETg https://www.youtube.com/watch?v=LR0yFD-wyFY Осы видеоларды түсіндіру АТҚ-ның сұлбада белгіленуі



Сабақ бойынша рефлексия Ашық тарату құрылғылары, оған мысалдар Жабық тарату құрылғылары, оған мысалдар
Үй тапсырмасы Электрлік сұлбаларды оқып үйрену Л.Д.Рожкова, Л.К.Карнеева, Т.В.Чиркова. Электрлік станциялар және қосалқы станциялардың электр жабдықтары.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет