6D020600 Дінтану мамандығы бойынша Аманқұл Темур Оралбайұлы



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата07.01.2022
өлшемі237,72 Kb.
#19684
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6


6D020600 – Дінтану мамандығы бойынша 

Аманқұл Темур Оралбайұлы 

философия докторы  (PhD) ғылыми дәрежесін 

алуы үшін диссертациясына 

АННОТАЦИЯ 

Кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы ислам 1920-1950 жылдар 

  Тақырыптың  өзектілігі.  Тәуелсіздік  алғаннан  кейін,  Қазақстан 

Республикасы  діни  салада  кеңестік  заманнан  мұраланған  идеологиялық 

ұстанымдардан  арылып,  азаматтардың  діни  наным-сенім  және  ар-ождан 

бостандығын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  жүйелі  қадамдарды  жүзеге 

асырды.  Кеңестік  атеизм  мен  діни  бостандықтарға  қатысты  формализмнен 

арылу  діннің  қоғамдағы  өзіне  тән  қызметтері  мен  рөлін  қалпына  келтіруге 

мүмкіндік  берді.  Дін  ұлттық-этникалық  бірегейліктің,  руханилық  пен 

дәстүрді  сақтаудың  маңызды  элементі  ретінде  қарастырылды.  Сондықтан 

еліміз  бен  халқымыздың  қазіргі  тарихындағы  исламның  рөлі  мен  орнын  

айқындаудың маңызы артуда.  

Сонымен  қатар  қазіргі  Қазақстандағы  әлеуметтік-саяси  өмірдің  күрделі 

мәселелерінің бірі – мемлекет пен дін арасындағы қатынастардың үйлесімді 

моделін  қалыптастыру.  Кеңестік  кезең  саяси  күш  пен  қатаң  идеология 

арқылы  халықтың  өміріндегі  санғасырлық  тарихы  бар  діни  дүниетанымды 

түп  тамырымен  жою  мүмкін  емес  екенін  аңғартты.  Қазіргі  уақытта  әлемнің 

көптеген  елдеріндегі  мемлекет  пен  діннің  арақатынасын  реттеудің  тиімді 

тәсілі – зайырлық принципі дін мен оның институттарының қоғам мен адам 

өміріндегі  орнын  айқындауға  мүмкіндік  берді.  КСРО  жылдарындағы 

коммунистік биліктің идеологиялық диктатынан босаған ислам діні қазақстан 

қоғамының  рухани  жаңғыруының  бір  қайнарына  айналды.  Алайда, 

тәуелсіздік  жылдарындағы  қоғамның  идеологиялансыздануы,  мемлекеттің 

идеологиялық  бейтараптылық  принциптері  бірқатар  мәселелердің  бетін 

ашты.  Діннің  қоғамдық  интеграцияда  маңызды  рөл  атқаратынына  көптеген 

дін  әлеуметтанушылары  назар  аударған  болатын.  Тәуелсіздік  жылдарында 

еліміздің  рухани  өмірінде  орын  алған  осы  идеологиялық  вакуумды  түрлі 

мүдделерді  көздеген  ағымдар  мен  бағыттар  халқымыздың  діни-рухани 

ұстанымдарына жат  идеялармен толтыруға талпынды. Бұл  қазақ қоғамының 

тұтастығы мен ауызбіршілігіне үлкен қауіп төндірді. 

Диссертациялық  зерттеу  белгіленген  кезеңдегі  еліміздегі  исламның 

жағдайын  мұрағаттық  деректерге  сүйене  отырып,  кешенді  зерттеу  кеңес 

билігінің  дінімізге  келтірген  залалдарын  анықтаумен  қатар,  исламның  қазақ 

қоғамына  берген  өзіндік  бірегейлігін,  әлеуметтік  ынтымақтығы  мен  рухани 

сабақтастығын сақтап қалудағы рөлін және тетіктерін ашуды да қамтиды.   




Алайда,  кеңестік  кезеңдегі  тарихи  материализмнің  теориялық 

принциптері  мен  практикалық  ұстанымдары  Қазақстандағы  исламның 

тарихын  объективті  әрі  толықтай  зерттеуге  мүмкіндік  бермеді.  Дінді  көп 

аспектілі, күрделі құбылыс ретінде зерттейтін дінтану ғылымы өзінің зерттеу 

объектісі туралы объективті білімдерге қол жеткізуге талпынады. Сондықтан 

өткен  ғасырдың  20-50  жылдарындағы  исламның  қазақ  қоғамындағы 

жағдайына  қатысты  деректер  ғылыми  білімнің  объективтілігін  қамтамасыз 

етеді  деп  ойлаймыз.  Себебі,  дәл  осы  жылдары  кеңес  үкіметінің  дінге,  оның 

ішінде  исламға  қатысты  саясатының,  идеологиялық  және  заңнамалық 

негіздері  қалыптасты  және  жергілікті  биліктің  дінге  қатысты  репрессиялық 

әрекеттері  осы  заңнамалық  нормалар  мен  идеологиялық  дерективаларға 

негізделді.  Сонымен  қатар,  осы  жылдардағы  исламға  қатысты  жүргізілген 

айрықша  репрессивті  саясаттың  салдары  қазақ  халқының  діни  санасына, 

өзіндік  этностық  болмысы  мен  қазіргі  таңдағы  ұлттық  бірегейлігін  қайта 

қарастыруында  аса  маңызды  және  негізін  қалыптастырушы  кезең  болды. 

Большевиктік, сонан соң тоталитарлық жүйенің исламға деген ұстанымдары 

саяси-экономикалық  және  халықаралық  жағдайларға  байланысты  өзгеріп 

тұрды.  Диссертациялық  зерттеу  көрсеткендей,  большевиктік  билік  қазан 

төңкерісінен  кейінгі  жылдары  исламға  қатысты  секулярлы  ұстанымды 

басшылыққа  алғанымен,  кейбір  жағдайларда  мұсылман  халықтарды 

революцияшыл  күштер  қатарына  тартуға  әрекеттенді.  Осының  айқын  бір 

мысалы  “исламдық  социализм”  идеясы.  Алайда,  1922  жылы  КСРО-ның 

құрылуына  және  бұл  идеяның бұқара  халық тарапынан  қолдау  таппағанына 

байланысты,  “озбыр  атеизм”  саясаты    қарқынды  жүзеге  аса  бастады.  Ал 

екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  1945  жылы  БҰҰ  жарғысы  мен    1948 

жылы “Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылдануы” 

кеңес  үкіметінің  дін  саласындағы  саясатының  өзгеруіне  де  өз  ықпалын 

тигізді.  Бұл  жайында  әлі  де  егжей-тегжейлі  ғылыми-зерттеу  жұмысы 

жүргізілмеген  десек  те  болады.  Себебі  2007  жылға  дейін  КСРО  кезіндегі 

Қазақстандағы исламға  байланысты мұрағат құжаттары ғылыми айналымнан 

қағыс қалып келді.  

Сонымен 


қатар, 

кеңестік 

Қазақстандағы 

ұжымдастыру 

мен 

ашаршылықтың  орын  алуындағы  уақыптық  жерлердің  конфискациялануы, 



идеологиялық  қыспаққа  қарамастан  халықтың  діни  сенімі  мен  дәстүрін 

сақтауға зор үлес қосқан дін қайраткерлерінің қызметі де әлі толық зерттеле 

қойған  жоқ.  Осыған  байланысты  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Ұлы  даланың  жеті 

қыры»  атты  мақаласында  «Қазақстан  тарихы  да  жеке  жұрнақтарымен  емес, 

тұтастай  қалпында  қазіргі  заманауи  ғылым  тұрғысынан  қарағанда  түсінікті 

болуға тиіс» деген ой түйіп, «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасының 

қабылдануына  бастамашысы  болды.  Біз  кеңес  билік  органдары  мен 

аймақтардағы мұсылман жамағаттарымен қарым-қатынасын нақты құжаттар 

мен  деректер  негізінде  зерттей  отырып,  сол  уақыттағы  діни  ахуалға 

объективті көзқарасты қалыптастыруға күш салдық. 

Қазіргі  уақытта  мемлекет  пен  ислам  конфессиялары  арасындағы 

қарым-қатынастардың тиісті үлгісін қалыптастыру – қазақстандық ғана емес, 




әлемдік  мемлекеттердің  де  саяси  күн  тәртібіндегі  өзекті  мәселелердің  бірі. 

Қазақстанға қатысты айтар болсақ, кеңестік кезеңдегі мемлекеттік-исламдық 

қатынастардың 

өзіндік 


ерекшеліктері 

мен 


іргелі 

принциптерін, 

трансформациялануының  алғышарттары  мен  себептерін  анықтап,  оларға 

объективті  баға  бермей  тұрып  қазіргі  таңдағы  исламның  қоғамдық 

үдерістеріндегі  рөлі  мен  даму  тенденцияларын  дұрыс  бағалау  және 

ынтымақтастықтың қолайлы тұжырымдамасын дамыту өте қиын. Сондықтан 

кеңестік  мемлекеттің  Қазақстандағы  діни  саясатымен  қатар,  билік 

құрылымдарының  жергілікті  мұсылман  ұйымдарымен  қарым-қатынасын 

тарихи аспектіде зерделеудің  қажеттілігі күмән тудырмайды.  

Диссертациялық  зерттеуге  арқау  болған  кезеңдегі  қазақ  қоғамындағы 

діни-рухани  ахуалды  кең  ауқымды  ғылыми  парадигма  аясында  саралап, 

халқымыздың  діни  өміріндегі  «ақтаңдақтарды»  ашу  теориялық  таным 

көкжиегін 

кеңейтіп 

қана 

қоймай, 


секулярлы 

және 


атеистік 

квазиқұндылықтардың  үстемдігі  жағдайында  діннің  әлеуметтік  ортада 

сақталуының    латентті тетіктерін    концептуалды  талдауға  мүмкіндік  береді. 

Осы  тұрғыда  диссертациялық  зерттеу  жұмысы  елімізде  жүзеге  асырылып 

жатқан «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының мазмұнымен үндес 

келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет