6М080300 АҢшылықтану және аң шаруашылығЫ



жүктеу 249.83 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.12.2016
өлшемі249.83 Kb.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6М080300 – АҢШЫЛЫҚТАНУ ЖӘНЕ АҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ  

 

МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

  



 

МАГИСТРАТУРАНЫҢ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 



 

 

 



 

             

  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Алматы, 2016 



 



БИОТЕХНИЯ ЖӘНЕ ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫ ӨСІРУ 

 

 Биотехнияның теориялық негіздері 

"Биотехния" терминінің мазмұны. Б.М.Житков, П.А. 

Мантейфель - биотехния негізін құрушылар. Аңшылық фауналарын 

пайдалану принциптері қазіргі замаңдағы көзқарастың пайда болуы 

(О.К. Гусев, С.С.Фолитарек және т.б. жұмыстары). Жабайы тірі 

табиғатты басқару және биотехния жетістіктері. Биотехния 

шараларының       жіктелуі. Биотехния   арқылы аңшылық шаруашылығының 

басқа табиғи ресурстарды пайдаланатын салалармен байланысы. 

 

 Аңшылық алқаптардың азықтық қорын жақсарту 



Аңшылық алқаптарының азықтық қорын жақсарту жолдары және оның 

қажеттілігі. 

Орман алқаптарының азықтық қорын жоғарылату. Азық ретінде 

пайдаланылатын аса бағалы және қымбат ағаш түрлерін отырғызу. Ремиздерде 

және қорғаныс жолақтарда азықтық өсімдіктерді пайдалану. 

Дала аймақтарындағы аңшылық алқаптарында азықтық өсімдіктерді 

отырғызу және себу орындары. Ұсынылатын азықтық екпелер және бұталар. 

Су алқаптарының азықтық қорларын көбейту. Үйрек және оңдатр 

алкаптарында су өсімдіктері құрамын байыту. Су жағалауында және суда 

өсетін өсімдіктерді отырғызу технологиясы. 

Табиғи аңшылық алқаптарының азықтық қорын жоғарылату. Алқаптардың 

азықтық қорын жақсарту үшін орман шаруашылық жұмыстары маңызды. 

Азықтық талаптарда отырғызылатын екпелер мен оларды өсіру 

технологиясы. 

 

 Аңшылық жануарларын қоректендіру 



Аңшылық жануарларын қоректендірудің теориялық дәлелділігі. Жабайы 

жануарларды қоректендіру, олардың популяцияға пайдалы және зиянды әсері. 

Қоректендірудің биологиялық және экономикалық тиімділігі. Тұяқты 

жануарлардың қоректендіру нормасын есептеу әдістері. Аңшылық 

жануарларын қоректендіру бойынша жұмыстардың алқап өнімділігі 

жоғарылауына әсері. 

Қоректендіру азықтары түрлері. Жапырақты азықтар, шөп, сүрлем, 

пішендеме. Оларды дайындау әдістері ерекшеліктері және аңшылық 

шаруашылық жағдайында оларды сақтау. Құрамажемдер, тамыр түйнек 

жемістер және басқа азықтарды аңшылық шаруашылықтарында пайдалану 

әдістері. Мая шөп мөлшерін есептеп, шөп салмағын есептеу формуласы. Шөп 

сапасын органолептикалық әдіспен далада анықгау әдістемесі. Минералды 

қоректендіру түрлері. Қоректендіру құрылыстары. Қоректендіру алаңшалары, 

азықтар қоймасы,маялар және шемелелер. Тұздықтар, олардың типтері және 

қиыршық тасты жерлер. Суат, шатырлар, жел және жаңбырдан қорғану 

орындары. Жануарлардың негізгі топтарына (тұяқты, қоян тәрізді, тауық 

тәрізді, су құстары) қолданылатын қоректендіру құрылыстарының 


 

ерекшеліктері. Қоректендіру құрылыстарында санитарлық-алдын алу 



жұмыстарын өткізу. 

Аңшылық фаунасының негізгі түрлерін қоректендіру. Бұғы, бұлан, елік, 

қабан және басқа жануарларды қоректендіру жұмыстарын ұйымдастыру. 

Оңдатр, ақ қоян және ор қояндарды қоректендіру. Жыртқыш жануарларды 

қоректендіру ерекшеліктері. Тауық тәрізді құстарды қоректендіру. Су кұстарын 

қоректендіру. 

Аңшылық шаруашылықтарында қоректендіру жұмыстарын ұйымдастыру: 

негізгі жұмысшыларының міндеттері, күнтізбелік жоспарланған шаралар, есеп 

беру. 

 

 Аңшылық жануарларын жерсіндіру және қайта жерсіндіру 



      Жануарлар жерсіндіру негіздерінде және дамуына ой салған ғалымдар ( 

Дарвин, Рулье, Житков және т.б). жерсіндіру жұмыстары жақсы өтуін 

анықтайтын теориялық дәлелденген негіздер және факторлар. 

        Жерсіндіру үрдісінің негізгі кезеңдері және маңызы. Қайта жерсіндіру 

туралы түсінік. Жерсіндіру жұмыстарын экономикалық бағалау принциптері. 

Қазақстанда аңшылық жануарларын жерсіндіру жұмыстарының даму тарихы. 

Негізгі бағыттары, объектілері және нәтижелері. Республикада жерсіндіру 

жұмыстарын өткізетін ұйымдар. 

              Жануарлардың кейбір түрлерін жерсіндіру. Ондатрды жерсіндіру. 

Қазақстанда ондатрды жерсіндіру  жұмыстарының дамуы. Республиканың 

негізгі аймақтарында  ондатр өсіру және оның бұл бағдарламаның болашағы. 

Ондатр популяцияның дамуының мысалы ретінде ( жерсіндіру дамуы) түсінігі. 

Республикада ондатр шаруашылығының  жедел  даму қоры.  Құндызды 

жерсіндіру. Қазақстанда құндызды жерсіндіру: нәтижелері, теориялық және 

практикалық маңызы. Құндыызды жерсіндіруге байланысты мәселенің қазіргі 

жағдайы.  

       Телеука-тиінін жерсіндіру. Даму үрдіс кезеңдері. Республиканың 

негізгі аймақтарында тиін- телеуткалар популяциялары даму және қазіргі 

уақыттағы жағдайлары. Қорларын пайдалану принциптері және болашағы. 

      Тұяқты  жануарларды  жерсіндіру. Жерсіндіру нысаналары ( құлан, 

бұқар бұғысы және т.б). Жұмыстардың негізгі бағыты және жетістіктері. 

Тұяқты жануарларды жерсіндіру және болашағы. 

      Қояндарды жерсіндіру. Қоян тіршілік ететін ошақтарын құру. Жабайы 

қоянды жерсіндіруге қолданылатын шаралар болашағы. 

       Жыртқыштарды жерсіндіру. Америка қара күзені, жанат, жанат тәрізді 

иттер және тағы басқа жыртқыштарды жерсіндіру бойынша жүргізілген жұмыс 

мәліметтері. Өздігінен жерсіну. Істелген жұмыстардың маңыздылығы. 

      Аңшылық – өндіріс құстарын жерсіндіру. Қырғауыл, кеклік, саңырау 

құрларды жерсіндіру. Республика аймақтарында жерсіндіруге тиімді құс 

түрлері. Шет елдердегі жерсіндіру тәжірибелері. 

 

1.5  Жабайы құстардың көбеюін ұйымдастыру 



 

Жабайы құс фермаларына қойылатын негізгі талаптар. Қыстан шыққан 



құстарды бағалау және оларды көбейтуге арналған шаралар. Жұпар және құс 

ойнағын құру үрдісі. Сырт келбеті және мінез-құлықтары бойынша бағалау. 

Ата-аналық құстардың оңтайлы жасы және жыныс құрылымы. Ата-аналық құс 

пайдалану кезеңі.  

Жабайы құс өсіру фермаларында құстарды жұмыртқа салу ерекшеліктері. 

Негізгі құс түрлерінің жұмыртқа салу жолдары. 

Тұқым асылдандыру жұмыстары. Жабайы құс өсіру фермаларында құс 

тұқымдарын асылдандыруды ұйымдастыру жұмыстары. Жабайы құс жұптарын 

таңдау белгілері (жұмыртқалағыштығы, жұмыртқа сапасы, құстардың тірілей 

салмағы, тіршілік қабілеттілігі, жыныстық пісуі). Құстардың тұқымдық 

артықшылықтарын бағалау. Жеке көрсеткіштер бойынша селекция 

жұмыстарын өткізу. Асылдандыру жұмысы бойынша құжаттар. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 

Аммосов В.А. и др. Охотничье хозяйство СССР. М., 1973 . 387 с. 

Әкімбеков Б.Р., Қаспақбаев Е.М., Омаров Д.А., Акоев М.Т., Кәсіптік 

аңшылықта ауланатын жануарлар биотехниясы (оқу құралы) Алматы, 

«Иманел» 2008. 

Бекенов А.Б., Есжанов Б.Е., Ташенов Б.Д. Териология. Алматы, «Жібек 

жолы» 2008.  

Беркінбай О. Орнитология. Алматы, «Жібек жолы» 2008. 

Блюм М.М., Шишкин И.Б., Охотничье ружье. М.: Лесная 

промышленность, 1984. 

Внутрихозяйственное охотоустройство в Казахстане. А., 1991. 

Герасимов Ю.А. Охотничьи самоловы и самоловный промысел. М.: 

Агропромиздат, 1990. 

Данилов Д. Н. и др. Основы охотоустройства. М, 1966 . 332 с. 

Скалон В.Н. Принципы охотоустройства в Казахстане. А., 1965. 

Жаров В.К. Классификация способов и орудий добывания охот ничьих 

животных // Известия Иркутского СХИ. Вып. 18. 1960. 

Ларин С.А. Техника добывания зверей и птиц. М.: Лесная 

промышленность, 1970. 

Каменский В.В. Техника охотничьего промысла. М.: Заготиздат, 1953. 

Приказ председателя комитета лесного и охотничьего 

хозяйстваминистерства сельского хозяйства РК от 27 декабря 2006 года №291 

«Методические указания по проведению внутрихозяйственного 

охотоустройства в республике Казахстан» 

Охотоведение. Киров, из ВНИИОЗ, 1971.Т.1,2.  

Штейнгольт Э.В. Все об охотничьем ружье. М.: Лесная промыт ленность, 

1974. 

Рахманин Г.Е. Техника добычи промысловых животных самоло вами. М.: 



Заготиздат, 1951. 

Охотничье хозяйство СССР. М.: Лесная промышленность, 1.973. 

 


 



АҢ МЕН ҚҰС АУЛАУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚ 



ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚҰРУ 

 

  Аңшылық шаруашылығын құру 



Аңшылық шаруашылығын құру материалдарын пайдалану. Аңшылық 

шаруашылығын құру объектілері, аңшылық шаруашылығын құру 

жұмыстарының циклдері. Аңшылық шаруашылығын құру жұмыстарының 

мазмұны. Аңшылық шаруашылығын құру жұмыстарының теориялық негіздері 

мен әдістері. Аңшылық шаруашылығын құру жұмыстарының разрядтары. 

Аңшылық шаруашылығының территориясын құру. Аңшылық 

алқаптарының типологиясы. Аңшылық алқаптарды типтерге бөлу ережелері 

және олардың өнімділігін анықтау (бонитировкалау). Типология бойынша 

есептік құжаттамаларды жасау. Аңшылық шаруашылықтың 1000 га аңшылық 

алқаптарына аңшылық жануарлардың оптимальды тығыздығы мен 

сиымдылығын есептеу әдістері. Жануарлардың сан мөлшерін шектейтін 

факторларды және оларға қажетті жемшөп қорын анықтау әдістері. 

 

 Аңдармен құстарды аулау техникасы 



Силантьев А.А. (1898), Наумов Н.Щ1934), Перелешин С.Д. (1956), Жаров 

В.К. (1960), Корытин С.А. (1969) бойынша аулау кұрал-саймандары мен 

тәсілдерінің жіктелуі. Жануарлар аулау тәсілдері мен құрал-саймандарының 

қазіргі жіктелуі. Аңшының қатысуымен жануарлар аулау; ит көмегі арқылы 

мылықпен аулау, ит көмегінсіз мылтықпен аулау, аң аулағыш жануарлардың 

көмегімен, тормен, тұзақпен, үй жануарлары көмегі арқылы тұзақпен аң аулау. 

Өздігімен аулайтын құралдармен аулау. Тұзақтар: қарапайым және 

автоматты. Өз салмағымен жаншитын, өздігімен аулайтын кұрал-саймандар: 

арандар, пастушкалар, пестілер, тәпілер, слопецтер, кулемкалар кряждар, 

проскоктар. Өздігінен қысып аулайтын  құрал-саймандар: черкаңдар, 

қақпандар, кротоловкалар, рожон. Щемиха, жом, Геро қақпаны және басқалар. 

Жануарларды өздігінен жарақаттайтын немес өлтіретін құрал-саймандар: 

қасқыр мен шибөріге арналған зәкір, ілгектер және басқалар. Тірідей өздіген 

аулайтын құрал-саймандар: шұңқырлар, садкалар, мұзшұңқырлар, кеуектер, 

амбарлар және нағыз тірі ұстауыштар. Торлар: нағыз торлар, вентер, жапқыш 

торлар, шатырлар, понецтер. Улы заттар: стрихнин, барий фторацетаты. 

Ұйықтататын заттар: люминал, веронал және басқалар. 

 

 Аңшылық қарулар 

Оқ дәрімен атылатын қарулар дамуының негізгі кезендері. Аң ататын 

мылтықтарды жіктеу: оқпан ұңғысы құрылысы, қоланышатын снаряды, 

мылтықтың оқпанмен, жинақталуы, оқпан саны, оқтау тәсілі, капсюль мен 

ұрғының орналасуы, ұрғы тетігі құрылысы, мылтықтағы патрон саны, жабу 

механизмі рычагының орналасуы және өздігінен оқталатын мылтықтарда 

қайтадан оқтау механизмінің жұмыс істеу принципі бойынша аңшы 

мылтықтарының жіктелуі. 


 

Тегіс ұңғылы, ойықты және құрастырылған (оқты-бытыралы) мылтықтар. 



Лафегті мылтықгар (аңшы зеңбіректері). Дәлдегіштер (уточницы). "Магнум" 

мылтықтары. Спорттық мылтықтар. Қозғалыс кезінде аң аулауға арналған 

мылтықтар. Жеңілдетілген мылтықтар. Штуцерлер, карабиндер, винтовкалар. 

Мылтықтар калибрлері. Бұрғыланған ойықты-ізді ұңғылар: Парадокс, Сюпра, 

Ланкастар. 

Аңшылық мылтықтың негізгі бөліктері: ұңғы, ұңғы корапшасы, жабу 

механизмін соқпа-шаппалы тегершік, құңдақ (ложа), сағақ (цевье). Мылтықтың 

қызметі, құрылысы мен сапасы бойынша таңдау. Аңшының мылтықты 

физикалық деректер мен дәрежесі, ату біліктілігі бойынша таңдау. Мылтықтың 

құндақтығы, балансы мен орнықтылығы(посадистость). 

Аңшының физикалық деректері бойынша құндақ таңдауы. Мылтықты күту. 

Ақауларын жөндеу. 

Аңшылық заңнамамен тыйым салынған өздігінен аулайтын құрал-саймандар. 

Жалпыға қауіпті және жоюшы құрал-саймандар: самострел, подрез, сжим, 

понож, кляпец, башмак, крючок (ілгек) және распорка, ірі жануарларға арналған 

шұңқырлар мен тұзақгар. Жалпыға қауіпті және жоюшы, өздігінен аулайтын 

құрал-саймандарды пайдаланумен күресу қажеттігі. 

 

Аңдар мен құстарды аулаудың негізгі тәсілдері 

"Аң аулау" терминінің анықтамасы. Жалпы технология (аң аулау тәсілдері). 

Аңшылық құралдары мен техникасы: мылтық, аң аулайтын жануарлар, 

өздігінен аулайтын құрал-саймандар. Мылтықпен аң аулау. Итпен немесе итсіз 

мылтықпен аң аулау. Қуу, аңду, жасырыну, ізге түсу, қамап алу. Жануарларды 

іннен қуып шығу. Жануарлардың әлсіздігін пайдаланып ұстау. 

Аң аулайтын жануарлармен аңшылық. Тазылармен аң аулау. Жыртқыш 

құстар бүркіт, сұңқар және қаршығамен аңшылық. 

Өздігімен аулайтын құрал-саймандармен аң аулау. Өздігімен аулайтын 

құрал-саймаңдарды орнату-негізгі технологиялық үрдіс. Әртүрлі жануарларды 

аулауда өздігінен аулайтын құрал-саймандарды таңдау принципі. Өздігімен 

аулайтын құрал-саймандарды орнату және орнын ауыстыру уақыты мен орнын 

таңдау. Басты және екінші дәрежелі кәсіпшілік нысанасын таңдау. Құрал-

саймандардың қызмет ету нормасы. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 

Аммосов В.А. и др. Охотничье хозяйство СССР. М., 1973 . 387 с. 

Әкімбеков Б.Р., Қаспақбаев Е.М., Омаров Д.А., Акоев М.Т., Кәсіптік 

аңшылықта ауланатын жануарлар биотехниясы (оқу құралы) Алматы, 

«Иманел» 2008. 

Бекенов А.Б., Есжанов Б.Е., Ташенов Б.Д. Териология. Алматы, «Жібек 

жолы» 2008.  

Блюм М.М., Шишкин И.Б., Охотничье ружье. М.: Лесная 

промышленность, 1984. 

Внутрихозяйственное охотоустройство в Казахстане. А., 1991. 

Данилов Д. Н. и др. Основы охотоустройства. М, 1966 . 332 с. 



 

Скалон В.Н. Принципы охотоустройства в Казахстане. А., 1965. 



Жаров В.К. Классификация способов и орудий добывания охот ничьих 

животных // Известия Иркутского СХИ. Вып. 18. 1960. 

Ларин С.А. Техника добывания зверей и птиц. М.: Лесная 

промышленность, 1970. 

Каменский В.В. Техника охотничьего промысла. М.: Заготиздат, 1953. 

Штейнгольт Э.В. Все об охотничьем ружье. М.: Лесная промыт ленность, 

1974. 

Рахманин Г.Е. Техника добычи промысловых животных самоло вами. М.: 



Заготиздат, 1951. 

Охотничье хозяйство СССР. М.: Лесная промышленность, 1.973. 

Герасимов   Ю.А.   и   др.   Охота      на   пушных.   М.:   Лесная 

промышленность, 1977. 

Руденко Ф.А., Семашко В.Ю., Херенков С.Е. и др. Охота, самоловы,       

трофеи. М.: Астрель, 2003. 

Трофимов Л. А. Отечественные охотничьи ружья. Гладкоствольная. М.: 

ДАИРС, 2001. 

 

 

 



ОРНИТОЛОГИЯ 

 

3.1 Құстар сыныбының жалпы сипаттамасы 

Құстардың пайда болуы және дамуы. Морфологиялық ерекшеліктері және 

ұшу қабілеттілігі. Тірек-қимыл жүйесі. Сүйектері мен бұлшық еттер 

кұрылысының ерекшеліктері. Сыртқы жамылғысы. Қауырсындар, олардың 

жіктелуі және құрылысы. Ас қорыту және тыныс алу мүшелері. Қан айналым 

жүйесі, зат айналым және зәр шығару мүшелері. Жүйке және сезу мүшелері. 

Дыбыс шығару мүшесі. Көбею мүшелері. Жұмыртқаның кұрылысы. 

 

 Құстардың физиологиялық және экологиялық ерекшеліктері 



Құстардың физиологиялық ерекшеліктері. Құс тәнінің қуат алу негіздері. 

Су, тұз алмасуы, шөлді мекендейтін құстардың су алмасуының бейімделуі. 

Тыныс алу мен газ алмасуы, қанның тыныс алудағы қызметінің ерекшеліктері, 

сүңгуге бейімделу - гипоксияның қызметі. Жылуды реттеу. Ұшу кезінде 

жылуды реттеу. Жылуды реттеудің онтогенезі. Белгі беру және құстардың 

өзара қарым - қатынасы. Топ арасындағы және биоценоздағы қарым-

қатынастар. Талдау жүйелері және кеңістікте бағдарлау. Бағдарлауды зерттеу 

тәсілдері. Бағдарлау болжамдары. 

Құстардың географиялық тарауы мен саны. Құстар экологиясының негізгі 

ерекшеліктері. Құстардың қозғалу ерекшеліктері: құрлықта жүруі, жүзуі, 

сүңгуі, ұшуы. Қоршаған ортаға, қоректенуіне бейімделуі. Тұмсығы мен тіл 

құрылысының ерекшеліктері. Қорек пен су тасымалдауға бейімделуі. 

Жыртқыш құстар мен жапалақтың құрылысының бейімделуі. Жыртқыш құстар, 


 

балықпен қоректенетін, жәндіктермен қоректенетін, дәнді дақылдармен 



қоректенетін және басқа құстар. Құстардың экологиялық топтары. 

Құстар тіршілігінің кезендік құбылыстары. Жылдық тіршілік айналымы. 

Тәуліктік және мерзімдік ырғақтар. Ұшып келу, ұшып өту, ұшып кету. Әртүрлі 

экологиялық топ құстарының ұшып келу және ұшып кету реттілігі. Құстардың 

қысқы өмірі мен төменгі температураға бейімделуі. Кұстардың көбеюі. Құс 

ойнағы, онын эволюциялық-теориялық маңызы. Жұп құру. Жыныстық 

диморфизм мен оның көрініс түрлері. Некелік тіршілік ету түрлері. Ұя 

тоғышарлығы. Ұя жасау. Ұя салатын жер таңдау. Жұмыртқалау және жұмыртқа 

басу. Жұмыртқа басу мерзімдері. Құстардың даму түрлері. Балапандарын 

қоректендіру тәсілдері. Балапан жамылғысының алмасуы, мезоптиль. Түлеу. 

Мерзімдік қоныс аудару және қыстау. Құстар биологисыңдағы қоныс 

аударудың маңызы, қоныс аударудың шығу тегі. Мерзімсіз қоныс аудару. 

Қоныс аудару кеңістігі және типтері, қоныс аудару жолдары, экологиялық 

арналар түсінігі. Мерзімдік қоныс аударуға қабілеттілігі бойынша құстарды 

жіктеу. Қазақстанның аңшылық-кәсіптік кұстарының негізгі қоныс аудару 

жолдары. Қоныс аударуды зерттеу тәсілдері. Қазақстанда қоныс аударуды 

зерттеу. 

 

  Құстар сыныбына жүйелік шолу 



Құстар сыныбына жүйелік шолу. Алғашқы құстар Archaepternithes мен 

нағыз құстар сынып тармақтары. Neornithes отрядүсті Odontognathae тісті 

құстар, ихтиорнистер Ichthyornithes, пингвиндер Impennes, төссіз Neognathae 

және төсті Carinathae құстар. Құстардың құрып кеткен және қазіргі тобырлары. 

Дүние жүзілік орнитофауна туралы жалпы түсінік, түрлердің жалпы саны. 

Құстардың қазіргі тобырлары, олардың орысша, латынша және қазақша 

атаулары, көлемі мен кұрылымы, негізгі тұқымдастары, сипаттамасы және 

биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері, негізгі түрлері. 

Тобырлары: Spheniformes, Struthioniformes, Rheiformes, Casuariformes, 

Apterygiformes, Tinamiformes, Gaviiformes, Podicipediformes, Procellariformes, 

Pelecaniformes, Ciconiformes, Phoenicopteriformes, Anseriformes, Falconoformes, 

Galiiformes, Gruiformes, Charadriiformes, Columbiformes, Pteroclidiformes, 

Psittcciformes, Cuculiformes, Strigiformes, Caprimulgiformes, Apodiformes, 

Coliiformes, Trogoniformes, Coraciiformes, Piciformes, Passeriformes (тобыр 

тармақтары: Eurylaimi, Tyranni, Menurae, Passeres) жалпы сипаттамасы мен 

құрылымы. Қазақстан фаунасына енетін тұқымдастары, өкілдері, шаруашылық 

маңызы. 

 

3.4  Қазақстандағы кәсіби-аңшылық және сирек кездесетін құс түрлері 

Түр статусы: (кәсіби-аңшылық нысанасы, сирек, экологиялық маңызы); 

Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген түрлер үшін - мәртебесі; ұшып келу-кету 

сипаты (ұя салатын, отырықшы, қоныс аударушы, ұшып өтуші, ұшып келуші); 

ұшып келу және ұшып өту мерзімдері; Қазақстандағы таралуы; әр маусымдағы 

орны, ауысуы; саны; көбею мерзімі; құс ойнағы, оның түрі, жыныстык ара 

қатынасы және жұп тұрақтылығы; ұяларының құрылысы мен орналасуы; 



 

жұмыртқа мөлшері мен мезгілдік жұмыртқа салу саны, жұмыртқа басу 



ұзақтығы; оған аталығы мен аналығының қатысуы; балапан дамуы түрлері, 

оларды қоректендіру және өсу қарқыны, қоректендіру ұзақтығы, оған аталығы 

мен аналығының қатысуы, ересек және жас құстардың түлеу кезеңдері, осы 

кезде олардың ұшуға қабілеттілігі; жыныстық жетілу мерзімі; қоректерінің 

құрамы, оның мерзімдік өзгеруі; қоректік және басқа да мінез-құлық 

қалыптасуы мен ерекшеліктері; түрдің қоныс және орын аударуы, топ кұруы, 

оның түрі; құс салмағы, кәсіптік түр үшін ет шығу мүмкіндігі; шаруашылық 

маңызы - алынатын өнім түрлері (еті, қауырсыны және т.б.), олардың пайдасы 

немесе келтіретін шығыны; аулаудың негізгі әдістері; қорғау мен санын 

көбейту шаралары. 

Қазақстандағы Gaviiformes, Podicipediformes, Procellariformes, 

Procellariformes, , Ciconiformes, Phoenicopteriformes, Anseriformes, 

Falconoformes, Galiiformes, Gruiformes, Charadriiformes, Columbiformes, 

Pteroclidiformes, Psittcciformes, Cuculiformes, Strigiformes, Caprimulgiformes, 

Apodiformes, Coliiformes, Trogoniformes, Coraciiformes, Piciformes, Passeriformes 

өкілдері. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 

Беркинбай О. Қазақстан кұстары. Алматы, 2006. 

Колосов А.М. и др. Биология охотничье-промысловых птиц СССР. М., 

1983. 


Беркинбай О., Муталиев А. Жануарлар экологиясы. Оқу құралы. 

Шымкент, 1999. 

Гаврилов Э. И. Фауна и распространение птиц Казахстана. А., 1999. 

Долгушин И .А. и др. Птицы Казахстана. В 5-ти томах. А., 1960-1974. 

Ильичев В.Д. и др. Общая орнитология. М., 1982. 

Красная книга Казахстана. Т. 1. Алматы., 1996. 

Определитель хищных птиц Казахстана. А., 1995. 

Степанян Л. С. Конспект орнитологической фауны СССР. М., 1990. 

Охотничьи птицы Казахстана // Тр. Ин-та зоологии АН. Каз ССР. 

1964.Т.24. 

Юргенсон П.Б. Охотничьи звери и птицы. М., 1968. 

Чельцов-Бебутов A.M. Экология птиц. М., 1982. 

Кузнецов Б.А. Определитель позвоночных животных фауны СССР. М., 

1974. 4.2. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

10 


ТЕРИОЛОГИЯ 

 

  Сүтқоректілер класының (Маmmalia L.) жалпы сипаттамасы 



Сүтқоректілер - омырткалы жануарлардың ең жоғарғы класы. Аңдардың 

шығу тегі мен эволюциясы. Сүтқоректілердің биологиялық дамуының 

ерекшеліктері; ОЖЖ жоғары дамыған; зат алмасуы қарқынды және жылуды 

реттеу кемеліне жеткен; төлін тірелей туу және сүтпен қоректендіруі және т.б. 

Морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Сүтқоректілердің аяқ 

қолдарының ерекшеліктері мен дамуы. Қоршаған ортасына бейімделу 

ерекшеліктері. Қоректену ерекшеліктері.  

 

 Сүтқоректілер класына (Маmmalia L.) экологиялық-жүйелік шолу 



Зоологиялық номенклатураның қағидалары. К. Линней 

және оның еңбектерінің маңызы. Систематикадағы таксономиялық бірліктері. 

Таксон 

және  фенон туралы ұғымдар. 



Жануарлар 

классификациясының    негізгі 

бірлігі - түр. Жануарлардың жыныстық, 

жастық және географиялық өзгергіштігі. 

Сүтқоректілер класына систематикалық шолу. Сүтқоректілердің клас 

тармақтары: алғашқы андар немесе жұмыртқасалушылар (Ргоtotheria) және 

нағыз немесе тірі туатын (Тһегіа) аңдар. Инфракластар: төменгі немесе 

қалталылар  (Marsupialiа) және плацентарлы (Еuteria) аңдар. Плацентарлы 

сүтқоректілерге қысқаша сипаттама. Отрядтардың, тұқымдастардың және 

туыстармен түрлердің көлемдері. Сүтқоректілер биологиясының негізгі 

мәселелері. Сүтқоректілердің очеркттерін бергенде келесідей жоспар бойынша 

жүзеге асырылады: систематикалық мақалалар, түрді сипаттау, оны 

анықтайтын ареалдармен факторлар, таралуы мен сан мөлшері, мекен ететін 

жерлері, қоныс аударуы,  қоректенуі мен шөлін қандыру тәсілдері, тұрақты 

қоныстары және уақытша тығылытын жерлері, көбеюі, жаулары мен 

бәсекелестері, шаруашылық маңызы, жабайы табиғаттағы зерттеу тәсілдері және 

т.б. 

INSECTIVORA отряды Воwdісһ, 1821. Көне дәуірден бері келе жатқан 



қарапайым топ. Ежелгі плацентарлық топтардың бірі: құрылысында 

қарапайымдық ерекшеліктері бар. ТМД елдерінде және сонын ішінде Қазақстанда 

4 тұқымдасы мекендейді: кірпілер -Егіnaсеidae, көртышқандар - Talpidae, 

жертесерлер - Soricidae, жұпарлар - Desmanidae. Мекен ету ортасы: жердің беті, 

жердің асты, жартылай суда. Соңғы аталған 2 тұқымдас өкілдерінің кәсіптік 

маңызы бар. 

CHIROPTERA отряды. Әуеде ұшып тіршілік етуге бейімделген 

сүтқоректілер. Түнде тіршілік етеді. Алдыңғы аяқтары ұшу қанаттарына 

айналған, ерекше құрылысты. Эхолокация арқылы кеңістікте жол табады. 

Отряд тармақтары Megachiroptera и Microchiroptera. 

PROCYONIDAE тұқымдасы. ТМД елдерінде бір туыс өкілі мекендейді, ол 

шайқағыш жанат Procyon lotor. Ерекше белгілері. Ареалы, биологиялық 

ерекшеліктері, шаруашылық маңызы. Қорғау және қалпына келтіру. 


 

11 


RODENTIA отряды Воwdісһ, 1821. Кемірушілердің шығу тегі мен 

эволюциясы. Кемірушілер өкілдерінің морфологиялық және физиологиялық 

еркшеліктері. ТМД елдері мен Қазақстанда 15 тұқымдас өкілдері мекендейді. 6 

тұқымдас өкілдері - тері өндірісінің нысаналары, қалған тұқымдастар - бағалы 

жыртқыш аңдар мен құстардың қоректері болып саналады. 

 САSTORIDAE тұқымдасы. Жартылай суда тіршілік етуге бейімделген. Дене, 

аяқ, тіс жүйесі, құйрығы, тері жамылғысы мен ас қорыту органдарының 

құрылысы, морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Ареалының 

пайда болу тарихы. Биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылық маңызы. 

Қазақстандағы құндыздарды қорғау, санын қалпына келтіру және жерсіндіру 

жұмыстары. 

АRTIODACTYLA  отряды Оwеn, 1848. 

NONRUMINANTIA отрядтармағы. Шошқа тұқымдасы бір ғана өкілден- 

жабайы шошқа немесе қабаннан тұрады. Ареалы, биологиялық ерекшеліктері, 

шаруашылық маңызы. Жыныстық және жастық өзгешеліктері. 

RUMINANTIA отрядтармағы. СERVIDAE тұқымдасы. ТМД елдерінде 6, 

Қазақстанда 3 түрі мекендейді. Бұғылар (марал, бұқар бұғысы), елік және бұлан. 

Ерекше белгілері: денесі мен мүйіз құрылысының ерекшеліктері. Мүйіздердің 

ауыстырылуы. Жыныстық және жастық өзгешеліктері. Ареалы, биологиялық 

ерекшеліктері, шаруашылық маңызы. Кәсіп кезінде алынатын панттар мен 

дәрілік-техникалық және басқа да өнімдер. 

ВОVIDAE тұқымдасы. ТМД елдерінде мекендейтін 16 түрдің 5 

Қазақстанда мекендейді: ақбөкен, қарақұйрық, тау ешкі, арқар. Мүйіз 

құрылысы мен ас қорыту мүшелерінің ерекшеліктері. Арелы, биологиялық 

ерекшеліктері, шаруашылық маңызы. 

Жануар мүйіздерінің экспорттық және трофейлік маңызы. Кәсіптік және 

сирек кездесетін жануарлар. Қорғау және калпына келтіру. Будандастыру 

бойынша тәжірибелер. 

РЕRISSODACTYLA  отряды  оwеn, 1848. ТМД елдері мен, Қазақстанда 4 

өкілі- құлан мекендейді. Дене, бас сүйек, аяқтары құрлысының ерекшеліктері. 

Тістерінің кұрылысы. Ареалы, биологиялық ерекшеліктері, қорғау және 

қалпына келтіру. 

 

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі  

Колосов А.М. и др. Биология промыслово-охотничьих зверей СССР. М., 

Высшая школа, 1979. 

Беркінбай О., Муталиев А. Жануарлар экологиясы. Шымкент, 1999. 

Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных в 2-х частях. М., 

Высшая школа, 1979. 

Слудский А.А. и др. Млекопитающие Казахстана т. 1-4 (9 книг). Алма-Ата, 

Наука, 1969-1985. 

Соколов В.Е. Систематика млекопитающих. Т.1. Т.2. Т.3. М.: 

Просвещение, 1973, 1977, 1979. 

Охотничье-промысловые звери Казахстана // Труды института зоологии 

АН Каз ССР. Изд-во АН Каз ССР, 1966. Т.26. 



 

12 


Охотничье-промысловые звери Казахстана // Труды института зоологии 

АН Каз ССР. Изд-во Наука, 1966. 

Кузнецов Б.А.     Определитель позвоночных животных фауны   СССР.  

Ч.З. Млекопитающие. М.: Просвещение, 1975. 

Млекопитающие фауны СССР. Определители по фауне СССР. М.,- Л.: АН 

СССР, 1963. Часть 1 и 2. 

Международный Кодекс зоологической номенклатуры. М.,-Л.: Наука, 

1966. 


Бекенов А., Есжанов Б. Русско-казахский зоологический словарь. Алматы, 

Ғылым, 1997 



 

 

 



Каталог: page -> talapker -> program%20kaz
program%20kaz -> 6М080700 орман ресурстары және орман шаруашылығЫ
program%20kaz -> БАҒдарламасы алматы, 2016 ж. 1 6М071700 «Жылу энергетикасы»
program%20kaz -> 6М030100 «Құқықтану» мамандығы
program%20kaz -> 6М070100 «Биотехнология» мамандығы
talapker -> БАҒдарламасы алматы, 2016 ж. 2 6D081200 «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету»
talapker -> Алматы, 2016 талапкер – 2016
program%20kaz -> БАҒдарламасы алматы, 2016 4 «Ақша,несие, банктер»
program%20kaz -> 6М080100 – «Агрономия» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет