7- тақырып. Тамақтану және қонақжайлық индустрия кәсіпорындарын бизнес-жоспарлау



бет1/9
Дата06.12.2022
өлшемі1,64 Mb.
#55387
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

Жоспар:

1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі

2. Бизнес-жоспарлаудың мәні және мазмұны, нарықтық экономикадағы рөлі. Бизнес-жоспардың әлеуметтік-экономикалық мәні.

3. Бизнес-жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.

1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі

Жоспарлау – бұл кәсіпорынның экономикалық жүйесінің болашақ жағдайын анықтайтын, жоспарларды жасап шығару мен тәжірибелік түрде жүзеге асыруды қарастыратын кешенді қызмет.

Кәсіпорын тұрғысынан, микроэкономикалық деңгейде жоспарлау – бұл микроэкономика субъектілерінің саналы, жігерлі шешімдеріне негізделген іс – әрекеттерді жүзеге асыру тәсілі, баға мен нарықты ауыстыратын механизм.

Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың екі түрі бар:

Кәсіпорын қызметін жоспарлау келісідей мүмкіндіктер береді:

  • Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмсалатын күштердің нақты бақылауын жүзеге асыруға;
  • Басшыларды өз мақсаттары мен оған қол жеткізу жолдарын нақты анықтауға;
  • Ары қарай бақылау үшін қажетті фирма қызметінің көрсеткіштерін анықтауға;
  • Кәсіпорынды нарықтың конюнктураның күтпеген өзгерістеріне дайындауға;
  • Фирманың барлық менеджерлерінің міндеттері мен жауапкершіліктерін нақты анықтауға.

Жоспарлаудың қағидалары:

2. Бизнес-жоспарлаудың мәні және мазмұны, нарықтық экономикадағы рөлі. Бизнес-жоспардың әлеуметтік-экономикалық мәні.

Кез келген жоспардың негізінде бизнес идея жатыр. Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы.

Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.

Көпшілік идея іс жүзінде асырыла бермеуі мүмкін. Жаңа идеяны ойластыруға, оны жүзеге асыруға ұзақ уақыт кетеді. Идея пайда болғаннан кейін, оның прототипін (өнім технологиясын) іздестіруге, яғни ойластырылған бұйымды жасауға, содан кейін сол ұйым табыс түсіретіндей етіп өндіріс процесін (өндіріс технологиясын) құруға тура келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет