7 Тақырып: Мінез туралы жалпы ұғым



бет1/7
Дата04.04.2023
өлшемі55,71 Kb.
#78947
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7

Лекция конспектілері

Н2-1-40-2021
1 баспа 05.01.2021






7 Тақырып:Мінез туралы жалпы ұғым.

Қарастырылатын сұрақтар:


1. Мінез бітістері
2.Мінез құрылымы

Әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың қатарына адамдардың орналасуы, орын ауыстыруы, ақпараттардың қозғалысы, бірлескен қызмет, кадрларды басқару жатады. Кадрларды орналастыру ең алдымен принципиалды негізінде жүзеге асырылады. Адамдарды топқа іріктеу кезінде кейбір әлеуметтік-психолгиялық факторларды ескеру қажет. Олар: жас мөлшерінің, білім деңгейінің, өмірлік тәжірибесінің сай келуі және т.б.


Жауынгерлерге тәрбиелік әсердің тағы бір маңызды құралы болып ұжымның рухани климатының негізгікөзі – ақпараттардың қозғалысы табылады. Коммуникациялық нұсқа әдетте белсенді жүргізуші тұлғалар мен тез меңгеруші тұлғалардың ақпарат көздерінен құралады. Шешілетін мәселелердің күрделігіне қарай коммуникациялық нұсқа әртүрлі пішінде болуы мүмкін. Бұл нұсқаның жұмысын басқару келесілерден тұрады: белсенділердің оқуы, нұсқауы, оның жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу және т.б.Бөлімшенің жеке құрамасының орнын ауыстыруы (демалыс, іссапар, қызмет бойынша көтерілу, жұмыстан шығу) ұжымның бірігуіне, психологиялық климатына әсер етеді.Ұжымдағы қозғалыстар мен адамдардың орнын ауыстыруы толық болмаса, онда тоқырау мен оқшауланудың белгілері пайда болады, ал өте жиі орнын ауыстырулар тұрақтылықтың, психологиялық сенімділіктің бұзылуына, ұштасу күші мен өзара әсердің төмендеуіне әкеледі. Сандық және сапалық тұрғысынан адамдардың қозғалуы мен орын ауыстыруларының үйлесуі ұжымның өмір сүру қозғалысын сақтап отырады. Ұжымның бірігуі мен оның дұрыс психологиялық климатын қолдауды қамтамасыз етуші фактор болып дәлелденген, мақсатқа бағытталған, ұйымдастырылған, нәтижесі бірлескен қызмет табылады. Егер ішкі қозғаушы күш болмаса, яғни адамдар олардың мақсатын түсінбесе, ұйымдаспаса, нәтижеге қол жеткізбесе, жеткізілген күннің өзінде, оларды талдамаса, онда бірлескен қызмет бейтарап сипатқа ие болады.
Әскери ұжымдағы жағымсыз психологиялық құбылыстарды жеңу
Жағымсыз психологиялық құбылыстарға сыбыстар, желбуаз сөздер, өсек аяңдар және т.б. – адамның белсенділігін бұзатын немесе тежейтін, адамды алаңдататын немесе араңдататын, кездейсоқ немесе ойластырылған, ашық немесе жасырын түрде пайда болатын жалған ақпараттың түрлері жатады. Мұндай коммуникациялық жобаларды басып отыру қажет. Офицер мен АӘД оқытушысы мұндай жобаның жағымсыз әсерін белгілеп отырады және оған оперативті, ресми ақпараттарды қарсы таратады, бөлімшенің, ұжымның, сыныптың жеке құрамына саяси тұрғыдан сабақ беріп мықтылайды. Үрей – бұл өте күшті сыртқы қоздырғыштың әсерінен ми қабықшасының тежелу жағдайы. Үрейдің абыржу, толқу, дүрлігу, жабырқау, үрку, шошу сияқты түрлері бар. Олардың барлығы жауынгердің психикалық тұрақтылығын бұзады, оның жүріс-тұрысы мен ұрысқа қабілеттілігін нашарлатады. Дүрбелең-алдамшы немесе асыра айтылған қауіп жағдайында адамның немесе адамдар тобының абыржып, сасқалақтауы.Ұрыс кезінде үрей мен дүрбелеңді қалай жеңуге болады?Ең жақсы әдістер – бұл жауынгердің берік, тұрақты моральдық-саяси сезімдері мен жігерлілік қасиетінің болуы, соғыстың әділдігін анық түсінуі, жеңіске жетуіндегі сенуі, әскери шеберлігінің жоғары деңгейде болуы мен психологиялық дайындығының болуы.
Ұжымдағы жағымсыз психолгиялық құбылыстарды айта келе, жікшілдік пен алдамшы достықтың алдын-алу мен жою туралы жұмыстардың маңыздылығын ерекше атап өткен жөн.Тұлғаралық қарама-қайшылықтардың алдын алу мен жою. Ұжым адамдардың жолдастық ынтымақтастығы мен бір-біріне көмек көрсетуіне негізделген. Алайда жекеленген топтарда бәрібір дау-дамай болу мүмкіндігі орын алады. Әскери ұжымның ерекшеліктерінің бірі оның әртүрлі өндірістік, спорттық ұжымдардан келген адамдардан құралуы. Бұл адамдардың идеологиялық шыңдалу, жалпы және кәсіби дайындық, ұжымдық ерекшеліктерінің даму деңгейі әртүрлі болады және бұл ерекшеліктері әскери ұжымға бейімделуіне ықпал жасайды.Ұжымда өзара түсініспеушіліктің болуы, даудың пайда болуына әкеледі. Дау-дамай дегеніміз эмоциялық жағдайға байланысты өзара түсінесе алмайтын адамдардың арасындағы қарама-қайшы қатынас түрі. Ұжымдағы даулар келесі себептер бойынша туындайды:

  • жетекшілердің жеткіліксіз дайындығы, тәрбиесіздігі, адамдарды немесе белгілі бір қызмет түрін басқара алмауы, жетекшінің стилі мен ұжымның жетілу деңгейінің сәйкессіздігі;

  • әлеуметтік жағынан жетілмеген тұлғалардың болуы: тәртіп бұзушылар, пайдақорлар, өзімшілдер, мансапқорлар, ұрлықшылар, маскүнемдер және т.б.

  • жеке мүшелерінің саналы тәртібінің болмауы;

  • жаңалыққа қарсыласуға әкелетін жұмыстағы салғырттық;

  • ұжымның жеке мүшелерінің мінез-құлықтарының дертке айналған ерекшеліктері (қызғаншақтық, дөрекілік, өсек-өтірікке бейімділік, дау-жанжалға жиі килігу);

  • жеке тұлғалардың әлсіздігінен, мейірімсіздігінен, шектен тыс билікке құмарлығынан, әдепсіздігінен икемсіздігінен көрінетін моральдық тәрбиенің жетіспеуі;

  • жеке тұлғалардың бірін-бірі түсінбеуі немесе түсінуге тырыспауы (беделіне әдейі нұсқан келтіреді деп түсініп, өзіне айтылған сынды дұрыс қабылдамау);

  • қоғамдық және топтық мүдделері арасындағы қарама-қайшылықтар (рушылдық пен ведомствовалық т.б.);

  • жеке тұлғалар мен ұжымның орындалмаған күтілімдері.

Даулардың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: ішкі тұлғалық дау қандай да бір ішкі қарсылықтың нәтижесінде пайда болады. Мысалы, жеке қалау-тілек, объективті мүмкіндіктер, дәлелдердің ұштасуы, күдік және т.б. Сыртқы проблемалық жағдай ішкі дауды субъектіге жүктелген және оның қол жеткізуге тиісті міндеттерінің арасында тудырады.Даулы жағдайды шешу үшін педагогикалық және әкімшілік шаралар ұжым мен оның өнегелі-психологиялық дамуының сақталуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ықпалдың негізгі құрамы болып сендіру әдісі табылады. Әкімшілік шараларға күштеу (мысалы, басқа ұжымға мәжбүрлеп ауыстыру) мен тәртіптіік жазалау жатады. Даудың негізінде бір адамның әрекетінің басқа адмның күтушілеріне сәйкессіздігі жатқанын есерту қажет. Яғни, әрбір адамның әртүрлі мүмкіндіктері мен тілектері, ұштылыстары мен қөзқарастары болады.
Әскери ұжымға негізінен әскери қызметкерлердің оқуын, қызметін ұйымдастырудағы тиіспеушілік жағдайы тән.

8 Тақырып:Темперамент туралы жалпы ұғым. Тұлға және даралық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет