7.«Бөгембай өліміне» атты шығарма кімдікі? Көркемдік ерекшелігі. «Бөгембай өліміне»



Дата04.01.2023
өлшемі18,9 Kb.
#60375

7.«Бөгембай өліміне» атты шығарма кімдікі? Көркемдік ерекшелігі.

«Бөгембай өліміне» атты шығарма Үмбетей Тілеуұлының шығармасы. Үмбетей Тілеуұлы 1706-1778 жылдары Ақмола облысында, Орталық Қазақстанда дүниеге келген. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан, Үмбетей жас шағынан Бұқар жыраумен құрдас болған деген ел аузындағы сөз:


Үмбетей Бұқармен дос, құрдас екен,
Қайтыс боп үш жыл бұрын құса-дерттен,-
деген өлең жолдары құрдас болғандарын меңзейді.
Бұл өлең жолдарын Бөгембайдың немересі Бапан би шығарған екен. Үмбетей жас күнінен-ақ кедейлік өмірдің зардабын көреді. Ақындық даңқы шыққан Үмбетейді Абылай хан өз айналасында ұстайды, сол кезден бастап Үмбетей жырау атанған әрі Бөгембай батырға серік және оның жыршысы болған.
Үмбетей жырау - елінің қорғаны болған батырларды өзінің жырына арқау еткен. "Бөгембай өліміне", "Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауларында ол Бөгембай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгембай батырдың ерлік, батырлық бейнесін тамаша суреттеген. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Боламшыдай анадан болат тудың,Бөгенбай" деп қастерлеген. Атамекен жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін яғни Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау- бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгембай батырдың ерлігін сүйсіне жырлаған.
Үмбетей:
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың.
Ақшәуілге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың.
-деп, халқына Бөгембайдың елі үшін жасаған ерең ерлігін атап көрсеткен . Жырау тек Бөгембай батырды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы батырлардың - Қаракерей Қабанбай, Қаз дауысты Қазыбектің, батыр Жәнібектің, Баянның және т.б ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.
Бөгембай батырдың ерлік істерін ардақтап, оның өлуіне Үмбетей өзінің өкінішін білдіреді. Жоқтауды ол Абылай алдына келіп, бір жағы естірту ретінде толғапты. Үмбетейдің Бөгембай туралы түсінігі тарихи шындыққа сай. Ақын батырдың рөлін дұрыс таныта алады. Жоңғардың бетін қайыруда қол бастаған жойқы батырдың қаһармандық істерін үлгі еткен.Үмбетей жырау Бөгембай өлімін естірту ретіндегі толғауында ақын Абылайдың өткен өмірін, хан болғанға дейінгі кезеңін жалшылық жайын Бұқар сияқты ашық айтады. Ақын батыр өліміне деген ел қайғысын өз жеке басының қасіреті ретінде ауыр өкініш арқылы баяндаған.

8. Шал ақын айтыстарының ерекшеліктері.


Шал ақын (1748 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жол бекеті – 1819 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) — қазақтың төкпе ақыны. Арғын тайпасы Атығай руы Бәйімбет бөлімінен шыққан. Шал ақын кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысқан. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен Шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» тағы басқа).
Шал ақынның суырып салма ақындық таланты он бес жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақынды ауылы дана, кәрі деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылды. Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздіктерді шындық тұрғысынан айтып, сынады. Оның «Шал мен Дегдар қыз», «Шал мен Күлтімжан қыз», «Жігіт пен шал», «Шал мен кемпір» шағын айтыстары мен «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» және басқа өлеңдері сақталған. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған. Шал ақынның белгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап баспа бетінде жарық көрді, жеке шығармалары орыс тіліне аударылды. Есімі Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының біріне берілген.
Шал ақын халқымыздың «талапты ерге нұр жауар» деген нақыл сөзіне сүйене отырып, талаптанған адам- ға қолы жетпейтін нәрсе жоқ және адамның қолынан келмейтін іс жоқ екендігін баса айтып, жастарды қажыр-қайраттылыққа, пәрменділікке, мақсаттылыққа, парасаттылыққа баулуды ойлайды. Ақын, сондай-ақ, адамның ойлаған мақсатына бірден жетпейтінін, бұл жолда ол небір «тар жол, тайғақ кешулердің» басынан кешіретінін, мақсатқа жетудің жолы ауыр жол екендігін жастардың зердесіне құяды.
Ойшыл ақын «жігіт болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ бол» деген идеяның төңірегіне ой тастай келіп, көп үшін әрекет ет, көпке пайдаңды тигіз деп ұлағатты ақыл, кеңестер береді. Ол жақсы адамның жұртқа үйірсек келетінін, осындайлардан үлгі-өнеге алудың соншама маңыздылығын жырына қосады. Шал ақынның мұндай аталы сөздері өзінің маңызын ешқашан да жоймайды, осындай өнегелі өсиетті сөздер қазіргі жастарымыздың тәлімтәрбиесіне де аса қатысты жайт.
Ақын барша түркі халықтарына ортақ тақырып, яғни адам өмірін жас кезеңдеріне байланыстыра сипаттайтын бірнеше өлең жазды. Осыларының ішінде ол кәрілікті ерекше даттап, ол жастық дәуренді көзі жасаурай тебіріне еске түсіріп жырлайды. Адамның түрлі жас кезеңдерін тамаша теңеулермен бергендіктен бұлары психологиялық жағынан аса нанымды, әрі тартымды. Мәселен, мұнда «елу – ердің жасы, алпыс – бір сұмдықтың басы, жетпіс-сексен – оттың қасы» деген сияқты мақал- мәтелге, тақпақ афоризмге ұқсас адамның дүниеге келген күнінен өмірінің соңғы кездеріне дейінгі ұзақ жолды тұтас сипаттайтын ойлы түйіндер көптеп кездеседі.

Шал ақын (1748 жылы Көкшетау облысының бұрынғы Азат теміржол бекеті-1819 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының аумағы) - қазақ ақыны. Арғын тайпасы Атығай тайпасының Байымбет бөлімінен шыққан. Шал ақын ел өмірінде маңызды орын алған айтыстарға қатысты. Олардың ішінде оның ақылдылығы мен отты аузы, орақ тілі ("қарт пен қыз", "бәйбіше мен қарт", "қарт пен жігіт", "қарт пен қалыңдық" және т.б.) көп көрінеді.


Он бес жасында Шал ақынның ақындық таланты оны дәріптеді, сол кезде де халық Шал ақынды ауылы дана, қарт деп атады. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға тарады. Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздікті шындық тұрғысынан айтып, сынға алды. Оның «Шал мен Дегдар қыз», «Шал мен Күлтімжан қыз», «Жігіт пен шал», «Шал мен кемпір» шағын айтыстары мен «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» және басқа өлеңдері сақталған. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі туралы эпикалық шығармасы сақталған жоқ. Шал ақынның әйгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап басылып шығады, кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған.
Шал ақын халқымыздың "талаптыға нұр жауар" деген мақал-мәтеліне сүйене отырып, іздеген адам үшін қол жетімсіз ештеңе жоқ екенін және адам жасай алмайтын нәрсе жоқ екенін және жастарды табандылыққа, адалдыққа, парасаттылыққа баулуға ұмтылатынын атап көрсетеді. Ақын, сондай-ақ, адамның ойлаған мақсатына бірден жетпейтінін, бұл жолда ол небір «тар жол, тайғақ кешулердің» басынан кешіретінін, мақсатқа жетудің жолы ауыр жол екендігін жастардың зердесіне құяды.
Ойшыл ақын «жігіт болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ бол» деген идеяның төңірегіне ой тастай келіп, көп үшін әрекет ет, көпке пайдаңды тигіз деп ұлағатты ақыл, кеңестер береді. Ол жақсы адамның жұртқа үйірсек келетінін, осындайлардан үлгі-өнеге алудың соншама маңыздылығын жырына қосады. Шал ақынның мұндай аталы сөздері өзінің маңызын ешқашан да жоймайды, осындай өнегелі өсиетті сөздер қазіргі жастарымыздың тәлімтәрбиесіне де аса қатысты жайт.
Ақын барлық түркі халықтары үшін ортақ тақырып болып табылатын, яғни адам өмірін жас кезеңдерімен байланыстыратын бірнеше өлең жазды. Осыларының ішінде ол кәрілікті ерекше даттап, ол жастық дәуренді көзі жасаурай тебіріне еске түсіріп жырлайды. Адамның түрлі жас кезеңдерін тамаша теңеулермен бергендіктен бұлары психологиялық жағынан аса нанымды, әрі тартымды. Мәселен, мұнда «елу – ердің жасы, алпыс – бір сұмдықтың басы, жетпіс-сексен – оттың қасы» деген сияқты мақал- мәтелге, тақпақ афоризмге ұқсас адамның дүниеге келген күнінен өмірінің соңғы кездеріне дейінгі ұзақ жолды тұтас сипаттайтын ойлы түйіндер көптеп кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет