№8 (1348) 22 ақпан 2017 жыл, сәрсенбі «экспо-2017» көрмесі қарсаңында өңірде қызғалдақ, қымыз және Қазақ хандығы фестивалі өтеді. 107 күн қалды


„ «нұр отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы ақпараттық топ мүшелері



жүктеу 3.12 Mb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата24.03.2017
өлшемі3.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

„

«нұр отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы ақпараттық топ мүшелері 



мәдениет және өнер саласы қызметкерлерімен кездесті. 

Жылы ЖүЗдЕсу

Сейділдә ТӨРен

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының 

орынбасары Шәбден Тілеумұрат кездесудің мақсаты мемлекеттік 

билік тармақтарының арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы 

Елбасы Үндеуі және «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық 

бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет басшысының Жолдау-

ын мәдениет және өнер саласы қызметкерлерімен жан-жақты 

талқылау, түсіндіру екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Елбасының                                                                                                                                

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында 59 заң қабылданғандығын 

мәлім етіп, оның барлығы қоғам өмірінің шешуші салаларын 

жаңғыртуға бағытталып отырғандығын тілге тиек етті. Және 

қазіргі таңда қызу талқыға түсіп жатқан ҚР Конституциясының 

26-бабына енгізілетін өзгерістер турасында да әңгіме өрбітіп, 

өзгеріс енгізу тек мәтінін ғана өзгертуден тұрмайтынын, оның 

артында үлкен жұмыс бар екенін жеткізді. Сондықтан байыбына 

бармай, байбалам салудың еш қажеттігі жоқтығын баса айтты. 

– Осы уақытқа дейін Мемлекет басшысы экономикалық сая-

сатты дамытуға күш салып келді. Және ол бүгінде өз нәтижесін 

берді де. Мәселен, қазақстандықтардың шетелде қара жұмысқа 

жалданып  жүргендері  шамалы.  Ал,  керісінше,  бізге  келіп 

жалданып жұмыс жасайтындарды санау мүмкін емес. Бұдан 

экономикалық саясатымыздың ілгерілегенін айқын көруге болады. 

Сонымен қатар Елбасы саяси реформаларды шешуді қолға алу 

қажеттігін алға тартып отыр. Осы мақсатта Елбасы мемлекеттік 

билік тармақтарының арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы 

Үндеу қабылдады. Мұны барлығымыз қолдауымыз қажет. Оның 

да астарында шешімін табатын үлкен жұмыстар жатыр, – деді 

Шәбден Тоқтасынұлы. Сондай-ақ ол биылғы Жолдаудағы атап 

көрсетілген 5 басым бағытқа кеңінен тоқталып, алға қойылған 

мақсаттарды  орындау  елдің  бірлігінің  арқасында  ғана  іске 

асатындығын жеткізді. 

Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық фи-

лиалы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту жөніндегі «Мирас» 

қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Зиялы заман» қоғамдық бірлестігінің 

төрағасы Әлібек Әмзеұлы Жолдауда көрсетілген ІТ-технологияны 

дамыту заманның талабы екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар 

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама 

басқармасы  басшысының  орынбасары  Мүбәрак  Жинақбаева 

биылғы Жолдауда мәдениет саласы бойынша нақты тараулар 

жоқ болғанымен, негізгі мақсат ұрпақтың рухани тәрбиесі мен 

олардың заманға сай білім алуы аталған сала мамандарына да 

ортақ мәселе екенін баса айтты. Ал  қалалық мәслихаттың депу-

таты Серікбол Берікқожа мемлекетіміздің ІТ-технологияға баса 

көңіл бөлуінің арқасында бүгінде қазақстандықтар «Электронды 

үкімет» бағдарламасының пайдасын көріп отырғандығын айтып, 

енді елімізге электронды қаржы айналымын енгізу қажеттігін 

жеткізді. Халық қалаулысы осы мәселелер Елбасы Жолдауында 

нақты айтылып, Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын 

әзірлеу тапсырылғандығын мәлім етті.  

 

„

тараз политехникалық колледжінде Мемлекет басшысы  н.назарбаевтың биылғы  



«қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты қазақстан 

халқына Жолдауы талқыланды. 

Болашақтың бағыты айқын

Шынболат СеЙдУАЛИев

Аталған оқу орнының студенттерімен 

өткен  жиынға  колледж  директоры 

Зухраб  Төлегенов,  Тараз  мемлекеттік 

педагогикалық  институтының  аға 

оқытушысы  Талас  Ақылбекұлы  және 

белсенді  жастар  қатысты.  Басқосуды 

жүргізіп отырған партия Тараз қалалық 

филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының 

төрағасы Бақкелді Далабаев жиынның 

мән-маңыздылығына  тоқталып  өтті. 

Мұнан  соң  сөз  тізгіндеген  Зухраб 

Төлегенов  Елбасы  Жолдауда  атап 

көрсеткен Төртінші өнеркәсіптік рево-

люция  цифрлық  экономиканы  құруға 

негізделіп  отырғандығын  жеткізді. 

Мұның қазақстандықтар, оның ішінде 

жастар  үшін  тарихи  ілгерілеулер 

мен  жаңа  мүмкіндіктер  екендігін 

тілге  тиек  етті.  Сондай-ақ  ТарМПИ 

аға  оқытушысы  Талас  Ақылбекұлы 

осыған  дейінгі  уақытта  жолданған 

21  Жолдаудың  барлығында  жастар 

ешқашан  назардан  тыс  қалмай  келе 

жатқандығын  алға  тартып,  алғашқы 

Жолдау  1997  жылы  жарияланып, 

ондағы  мақсат  еліміздің  дамыған  50 

мемлекеттің  қатарына  кіру  межесі 

болғандығын жеткізді. 

– Биылғы жылғы  Жолдауда  білім беру 

жүйесін  өзгерту  жағдайы  сөз  болды. 

Онда білім алушы жастардың өзі ізденуі, 

олардың қаржы сауаттылығын арттыру 

мен  білім  жүйесіне  ІТ-технологияны 

енгізу алға тартылып отыр. Бастысы, 

3  тілде  білім  беру  мәселесі  алдыңғы 

орында тұр. Бұл мәселеде біз болашақ 

педагогтерді  даярлауда  қазірден  осы 

үдеріске  бет  бұрудамыз.  Алдағы 

уақытта бұл өз жемісін береді, – деген 

Талас Ақылбекұлы мемлекет тарапынан 

білім  саласына  көңіл  көптеп  бөлініп 

жатқандығын сөз етті. Мәселен, был-

тыр  жастардың  білім  алуына  31700 

оқу гранты бөлінген. Және «Серпін» 

бағдарламасына 3162 грант қосымша 

берілген. Сондай-ақ өңірде тәуелсіздік 

жылдарынан  бері  97  мектеп  пен  24 

балабақша  бой  көтерген.  Жиынды 

қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы 

Тараз  қалалық  филиалы  «Жас  Отан» 

Жастар қанатының төрағасы Бақкелді 

Далабаев  Елбасының  «Біздің  басты 

капиталымыз – білімді жастар» деген 

сөзін  негізге  алып,  жастарды  білімді 

болуға шақырды. 

– Қазақстанның Үшінші жаңғыруына 

біз  үлкен  дайындықпен  келіп  отыр-

мыз.  Болашақ  бағытымыз  Мемлекет 

басшысының кезекті Жолдауында нақты 

көрсетілген. Соның ішінде білім сала-

сына  басымдық  берілген.  Сондықтан 

жастарға  беріліп  отырған  осындай 

мүмкіндіктерді пайдаланып, еліміздің 

дамуына үлесімізді қосайық, – деді ол. 

Стратегиялық құжаттың орындалуы – ортақ іс.   



 

„

«тараз коммуналдық көлік» 



бастауыш партия ұйымының төрағасы, 

№1 колледж директоры Бекбол 

Маймышев пен «нұр отан» партиясы 

тараз қалалық филиалы бірігіп, 

қоғамдық қабылдау жүргізді.

Ел өтініші ескерілді

нұржан СеРІКХАнҰЛЫ

Сондай-ақ    қабылдауға  қалалық  мәслихат  депутаты                           

Айдархан Бейназаров, партия қалалық филиалының кеңесшісі 

Ғани  Рысқұлбек  қатысып,  тұрғындардың  мәселесімен 

танысты. Қабылдауға келген халықтың басым көпшілігі – 

жұмыс таппай жүргендер. Екі қолға бір күрек іздеген олар 

бұған дейін талай мекеменің есігін қағып, табан тоздырған. 

Оның бірі тепсе темір үзетін жас болса, енді бірі шеттей 

бала-шағасының  қамы  үшін  қандай  қара  жұмыс  болса 

да, адал еңбек етуге дайын жүрген ата-аналар.  «Бақытты 

балалық шақ» партиялық жобасының аясында жүгінгендер 

де бар. Ең бірінші болып қабылдауға келген №1 колледждің 

студенті Бекзат Темірхан оқуға қажетті киім сұрап келді. Аз 

қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан Бекзаттың сұранысы 

бірден қанағаттандырылды. Айта кетсек, жалпы колледжде 

бүгінгі таңда 58 бала жатақханамен қамтылса, олардың 33-і 

Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінен келген жетім балалар 

екен. Мұнда аз қамтамасыз етілгендердің де қарасы аз емес. 

Колледж басшылығы ол балаларды үнемі қамқорлығына алып, 

қамтамасыз етіп тұратын көрінеді. Оны Бекзаттың өзі де рас-

тап отыр. Ал жұмыс сұрап келген Шөлдала тұрғыны Еркінтай 

Шегебайқызы  мен  Бибігүл  Бисенбаевалар  колледждің 

техникалық персоналды бөліміне алынды.  Тұрғын Досымжан  

Дәулетқұлов – он саусағынан өнер тамған қолөнер шебері. 

Орда бұзар отыз жастағы ер азамат нақты уақытта жұмыссыз 

жүрген. Қоғамдық қабылдау барысында Досымжан колледжге 

суретші болып жұмысқа алынды. 

– Қабылдауға келген азаматтардың дені жұмыс тауып беру 

мәселесі бойынша қайырылды. Және олардың өтініштері 

қанағаттандырылып, колледжге жұмыспен қамтылды. Жалпы 

қоғамдық қабылдау жұмысына жергілікті тұрғындар жоғары 

белсенділік танытып отыр, – деді «Тараз коммуналдық көлік» 

бастауыш партия ұйымының төрағасы Бекбол Баянғалиұлы.  

 

„

тараз қалалық мәслихаты 



хатшысының м.а., депутат ғазизжан 

Мадимаров, «нұр отан» партиясы 

тараз қалалық филиалының 

консультанты ғани рысқұлбек №36 

балабақшада көшпелі қоғамдық 

қабылдау өткізіп, Жұмыспен қамту 

орталығының нұсқауымен қалалық 

балабақшаларда сынақ мерзімінде 

жүрген біршама азаматтың жұмысқа 

орналасуына ықпал етті. 

тараптар тілегі тыңдалды

Құралай СеЙСенбеКҚЫЗЫ

 Қабылдауда А.Қыдыр, Р.Демеш, Қ.Үсенәлі, Қ.Несіпбаева, 

М.Абдрахмановалар №10,№36,№3 балабақшаларға тәрбиеші 

және тәрбиешінің көмекшісі қызметіне орналасу мақсатында 

тәжірибеден өтіп жүргендігін айтты. Қабылдау барысында 

аталған балабақшалар бойынша тиісті тұлғаларға тапсыр-

ма беріліп, партия мүшелері бұл азаматшаларды жұмысқа 

орналастыруды өз бақылауларына алды. Сонымен қатар 

қабылдауда қала тазалығын басты назарға алған тұрғындар 

орталық көшелер жинақы болғанымен, мөлтек аудандардың 

қоқыс  жәшіктері  атүсті  тазаланатынын  айтып,  мөлтек 

аудандардың тазалығына да көңіл бөлу қажеттігін сөз етті. 

Ал №36 балабақша хатшысы Анар Молдашева №5 емхана 

дәрігерлерінің  салғырттығына  көңілі  толмайтындығын 

жеткізді. Оның үстіне науқастарға қажетті жолдамалар да 

дер кезінде берілмейтін көрінеді. Сондықтан  бас ауырып, 

балтыры сыздай қалған ем алушылар көп жағдайда ақылы 

емханаларға жүгінетін көрінеді. 

Шарада  көпшілік  арасында  шексіз  алғысын  арқалап, 

риза пейілін білдіруге келгендер де болды. Соның бірі №36 

балабақшаның тәрбиеленушісі Дулат Санжардың нағашы 

әжесі Райхан Саудабаева еді. Ол балабақша меңгерушісі 

Күляш Болысбаеваға ризалығын білдірді. Мұның себебі 

де жоқ емес. Қызы мезгілсіз дүние салған қарт ана жиенін 

бауырына басып, қатарынан қалмай өсіп-жетілуіне қолынан 

келгенше жағдай жасауда. Осы орайда балабақша Дулаттың 

жанұялық  жағдайын  ескеріп,  қаржылай  көмек  көрсетіп 

тұрады екен.

Қабылдау өткізген партия мүшелері тұрғындар тарапынан 

қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін 

назарға алу қоғамдық қабылдау бөлімінің басты мақсаты 

екенін атап айтып, алдағы уақытта талқыланған мәселелер 

өз шешімін табатынына сенім білдірді.


қыс қаһарлы, іс қарқынды

 

„

қалай айтсақ та, қыс – қатал сыншы. тіршіліктің төзімін сынаған табиғаттың осынау 



бір мінезді мезгілі биыл мың құбылып, қала тұрғындарын да, дала халқын да әбден 

әбігерге салды. Жапалақтап жауған ақ ұлпаны жанталаса жинаған елдің еңбегі  зая 

кеткен жоқ. қайта, қысы-жазы қаладағы тазалыққа жауаптылардың қарлы борандағы 

әрекеті көпшіліктің көңілінен шығып отыр.

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1348), 22 ақпан  2017 Жыл  //

ОРта

7

 



„

қалалық қоғамдық көлік 

жүргізушілері үшін жол қауіпсіздігін 

сақтау, салонда талаптарды сақтау 

(желдеткіш қолдану), көлікті таза 

ұстау, белгіленген жоспарды орындау, 

кәсіби талапқа сай киім үлгісін сақтау, 

жолаушылармен жақсы қарым-

қатынаста болу мәселелерін басты 

назарда ұстауы қажет. 

Жолаушылар тасымалы 

саласындағы қауіпсіздік 

пен мәдениет

Бірнеше  жыл  қатарынан  атқарылған  жұмыстардың 

нәтижесінде  облыс  орталығында  қоғамдық  көліктердің 

қозғалысы мен қызмет көрсету сапасы жақсарды. Расында,                  

жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелер соңғы 

үш жылда 450 дана жаңа техникамен толығып, шағын, тар 

автобустарды алмастырды. Қала ішіндегі олардың қозғалысы 

да реттелді. 

Бүгінгі таңда тасымалдау қызметімен қалада 11 мекеме ай-

налысады. Атап айтқанда, «№1 Автобус паркі Тараз» ЖШС, 

«ТаразПассТранс»  ЖШС,    «АулиеАтаТрансПасс»  ЖШС,  

«Саяхат-99»  ЖШС,  «Саят»  ЖШС,  «Экспресс-05»  ЖШС, 

«ДамРус» ЖШС, «ТаразТрансМоторс» ЖШС, «Мерей» ЖШС,  

«СапарТранс-2012» ЖШС, «МД-Транс» ЖШС автобустары 

қалада 43 бағыт бойынша қызмет көрсетуде. Күн сайын об-

лыс орталығында 498 дана автобус пен шағын автобустар 

халыққа қызмет көрсетеді. Атқарылған ауқымды жұмыстарға 

қарамастан, соңғы кездері қоғамдық көліктердің жүру кестесі, 

автобустың тазалығына байланысты тұрғындар жиі наразылық 

білдіруде. Басым көпшілігінде көліктің салоны лас, терезелері 

тазаланбаған, орындықтары да адам шошырлық күйде. Жолау-

шылар шаңмен және исі қолқаны қабатын жанармайдан бөлінген 

түтінмен тыныстауға мәжбүр. Бұған қоса, жүргізушілердің 

жол қауіпсіздігін сақтамауы мен мәдениеті де сын көтермейді. 

Кондукторлар жолаушылармен дөрекі сөйлеседі, жүргізушілер 

салонда жоғары дауыста әуен тыңдайды, салонда шылым шегеді. 

Мұның бәрі жолаушылардың кәсіби мәдениетінің, қызмет 

көрсету сапасының төмендігін айғақтап отыр.  

Мәселені саралап, жан-жақты анықтау мақсатында арнайы 

жұмыс тобы құрылған болатын. Қалалық мәслихат депутатта-

рынан құралған арнайы жұмыс тобы жолаушылар тасымалы 

саласындағы сапаны саралау мақсатында автобустардың бағыты 

бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың пікірін 

жинады. Біз өзінің ой-пікірін бөліскен әрбір тұрғынға алғыс 

айтамыз. 

Абай  атындағы  Жамбыл  гуманитарлық  колледжінің 

оқытушылары  мен  студенттері  №33,34  микроавтобус 

жүргізушілері  мен  кондукторларының  халықпен  дөрекі 

сөйлесетінін, ал №17,12,22,32,27,46,30,29 маршруттардың 

қала ішінде жылдамдықты асыра пайдаланып, жиі жарыс 

ұйымдастыратындығын жеткізді. «Тараз-Ғасыр» колледжінің 

студенттері сауалнама барысында №19,11 маршруттардың 

салонының ластығын,  №17 автобус жүргізушілерінің жиі шы-

лым шегетінін және көлік қозғалысы кезінде ұялы телефонмен 

сөйлесіп отыратындығын алға тартты. 

Марина Хван,

қала тұрғыны:

–  №44 маршрут өзінің кестесінен әрдайым кешігіп жүреді. Ал 

негізінде 12 минут сайын қатынап тұруы тиіс. Аталған бағыттағы 

маршрутты 40 минут күткен кездер де болды. Оларға кешіккені 

туралы айтсаң, өзіңе бас салып, айқайлап береді. Осыған нақты 

шара қолдансаңыздар екен.



Кулшыман Шомаев,

еңбек ардагері:

– №54 маршрут пен «Құмшағал» бағытындағы қоғамдық 

көліктер әр 17 минут сайын жүріп тұруы қажет. Ал оларды 1-1,5 

сағат күтуге тура келеді. Бұлай болмайды ғой?!

Тексеру жұмысы барысында арнайы топ «Экспресс-05» 

ЖШС базасындағы диспетчерлік қызметтің жұмысымен жіті 

танысты. Онда GPS навигациялық-бақылау жүйесі арқылы 

№54 маршруттың жүрісі қадағаланады екен. Алайда тексеру 

барысында арнайы қондырғы 8 автобустың 4-інде ғана іске 

қосылған. Қалғандарының не себепті істемейтініне серіктестік 

директорының орынбасары Қайрат Сыдықов нақты жауап бере 

алмады. 


Сондай-ақ комиссия қаладағы барлық маршруттың онлайн 

мониторингін сараптайтын  «Орталық диспетчерлік қызметтің» 

жұмысымен де жіті танысып шықты. Онда арнайы маман-

дар әр маршруттың жылдамдығын, жалпы жүрісін арнайы 

GPS құрылғылары арқылы бақылап отырады.  Жұмыс тобы 

мүшелерінің айтуынша, мекеме басшылары әлі де жүргізушілер 

мен кондукторлардың мәдениетін көтеру жұмыстарын күшейтуі 

қажет. Ол үшін жолаушылар тарапынан түскен арыздар бой-

ынша белсенді түрде жұмыс жасап, нақты шаралар мен жаза 

қолдануы керек. Навигациялық-бақылау жүйесі арқылы кестені 

бұзған жүргізушілерді қатал бақылауға алу қажет. Бұған қоса, 

салондағы өрескел әрекеттерді анықтау мақсатында тәуелсіз 

бақылау орнатылғаны жөн. 

Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша, арнайы 

комиссия тарапынан қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары 

бөлімінің басшысы Бақытжан Жақсылықовқа ұсыныс айтылып, 

мәселеге жауапты мекеме басшыларымен жол қозғалысындағы 

қауіпсіздік пен қызмет сапасын көтеру мәселесі талқыланды. 

Алдағы уақытта қалалық мәслихат депутаттары қоғамдық 

көліктердегі қызмет сапасын бақылауда ұстайтын болады. 

Ғазизжан МАдИМАРов,

қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы.     

нұржан СеРІКХАнҰЛЫ

Өткен  жылғы  қыстың  алғашқы  ақ 

ұлпасы  әлі  тараздықтардың  есінде. 

Мезгілінен  ерте  жауған  қалың  қар 

қаладағы  қарағаштардың  талайын 

талқандап, жолындағысын жапырып өтті. 

Айнадай жалтыраған көшелерде әр күн 

жол апатынсыз өткен жоқ. Абай ақынның 

жырындағы «Демалысы үскірік, аяз бен 

қар, Кәрі құда қыс келіп әлек салғанын» 

бәріміз көрдік. Қаһарына мінген қыстың 

боранды күндері қала көшелерін таза-

лаумен  арпалысқан  халықтың  еңбегін 

көзге көрсетпеуге барынша тырысқандай. 

Дегенмен  көшелердегі десте-десте қалың 

қардың күнделікті тазаланып отырғанына 

көзіміз куә. Жалпы ақпан айын қазақ ата-

мыз ақ боран айы деп бекер айтпаса керек. 

Ал боранды күні күш біріктіріп, қаланы 

қардан тазартуға белсенділік танытқан 

мекемелердің жұмысы өз алдына бір төбе. 

–  Өткен  жылдың  желтоқсаны  мен 

бүгінгі  күнге  дейін  қала  көшелеріне 

құм аралас тұз шашылуда және күреліп, 

сыпыру жұмыстарына 506,9 тонна тұз, 

2344,27  текше  метр  құм  жұмсалды. 

Қарахан,  «Көне  Тараз»  кешені,  Тәуке 

хан көшесіндегі монумент (Жәнібек пен 

Керей), Астана мөлтек ауданы «Гүлденген 

Қазақстан» монументі, әуежай аумағынан 

бастап  облыстық  әкімшілік  сквері, 

Тұңғыш  Президент  саябағы,  Абай 

даңғылының  бойы,  Төле  би  көшесі, 

«Достық» алаңы аумақтарынан  800 тек-

ше метр қар техникаларға артылып, қала 

сыртына шығарылды.  Жаяу жүргіншілер 

жолдары  арнайы техникалармен сыпыры-

лып, тазартылды.  Жалпы саны 36 техника 

бірлігі жұмыс жасады. Атап айтқанда, 

бұл аталған тізімде 18 бірлік қар күрейтін 

автотехника, оның ішінде 15 бірлігі  тұз 

аралас құм шашатын арнайы автотехника, 

3-і автогрейдер, 2 жаяу жүргіншілер жол-

дарын тазалайтын МК-320 техникасы мен 

1  МТЗ-82 техникасы, 3 бірлік құм  және 

қар тиегіш техника, 2 Камаз-аударғыш 

(самосвал), 2  Зил-130 аударғыш (само-

свал),  2  Газ-53  аударғыш  (самосвал), 

2  трактор  тіркемесімен  және  2  адам 

тасымалдайтын техника бар. Сонымен 

қатар қала көшелеріндегі жол жиектемесі 

(бордюр) бойындағы қарларды қолмен 

тазалап, техникаға тиеуге 50 жұмысшы 

жұмылдырылды, – деді «Жасыл Ел-Тараз» 

ЖШС бас маманы Мақсат Айтбаев.  

Ал бас маман айтып өткен үш бағыт 

бойынша  қаладағы  басым  көшелер 

толығымен тазартылған. Қыс мезгілінің 

аяқталуына  санаулы күндер қалса да, бұл 

жұмыстар  әлі белсенділікпен жалғасуда. 

Себебі  көктемгі  тазалық  маусымының 

ауылы да алыс емес.    

Жұмыла көтерген жүк.   суретті түсірген н.тұрғынбек.

 

„

«Жамбыл металлоконструкция                             



зауыты – имсталькон» ЖШс-інде  

Елбасының «қазақстанның үшінші 

жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 

атты Жолдауы талқыланды. 

таңдау тұрғындар еншісінде

Шынболат СеЙдУАЛИев

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының ұйымдастыруымен 

өткен шараға Жамбыл облыстық онкологиялық диспансердің бас 

дәрігері, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық мәслихатындағы 

депутаттық фракциясының мүшесі Абай Нұржанов пен зауыт ұжымы 

қатысты.  Жиынды  ашып,  жүргізген  зауыттың  бастауыш  партия 

ұйымының төрайымы Айнұр Рахманқұлова Жолдауда атап көрсетілген 

5 басым бағытқа кеңінен тоқталды. Сондай-ақ ол  осы уақытқа дейін 

қабылданған стратегиялық құжаттардың жаңару мен жаңғырудың 

даңғыл жолына түскен егемен еліміз үшін тәуелсіздік алған ширек 

ғасырдың ішінде өзін бүкіл әлемге қуатты, ілгері дамыған, ынтымағы 

жарасып,  ырысы  артқан  мемлекет  ретінде  танытқандығын  тілге 

тиек етті. Және осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі 

нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуі қажеттігін алға тартты. Мұнан 

соң сөз тізгіндеген облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері 

Абай Нұржанов әуелі мемлекеттік билік тармақтарының арасында 

өкілеттіктерді қайта бөлу туралы Елбасы Үндеуі туралы түсіндірме 

жұмыстарын жүргізді. Дәрігер мұнан соң Жолдаудың 4-бағытына 

тереңірек тоқталып, 3 тілде білім беру жүйесі уақыт талабы екендігін атап 

өтті. Сонымен қатар ол биыл 1 шілдеден бастап мемлекеттің, жұмыс 

берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген 

міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайтындығын 

мәлім етті. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең 

ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылатындығын айтып, оған 

халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік 

қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ Жолдауда заңнамалық 

тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізу қажеттігі 

атап көрсетілгенін сөз етті.

– Қазіргі таңда осы мәселе бойынша арнайы заң қабылданып, 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылды. Ол қорға 

жиналған қаражат азаматтардың тегін медициналық көмек алуы 

үшін жұмсалатын болады. Алдағы уақытта осыған дейін мемлекет 

есебінен жүзеге асырылған тегін медициналық қызмет түрлері 

аталған сақтандыру жүйесі арқылы орындалмақ. Зейнеткерлер-

ге, еңбек жасына толмаған азаматтарға, мүмкіндігі шектелген 

азаматтарға  қызмет  тегін  көрсетіледі.  Міндетті  медициналық 

сақтандыруды енгізудегі басты мақсат – кез келген тұрғынды 

медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету. Бұл арқылы біз 

адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырмақпыз. Сонымен 

қатар сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған 

аурухана мен емханадағы дәрігеріне барып  емделуге мүмкіндік ала-

тын болады. Осы арқылы медициналық мекемелер арасында өзара 

бәсекелестік пайда болады. Ал бәсекелестік медициналық қызмет 

көрсетудің сапасын арттырмақ. Мәселен, көбірек пайда табуға 

тырысқан медицина қызметкерлерінің емделушілерге барынша са-

палы қызмет көрсету көрсеткіші жоғарылайды. Өйткені емделушілер 

қай дәрігерге баратынын өзі шешеді, – дейді Абай Құралбекұлы.  

Жиын барысында зауыт жұмысшылары Жолдаудан туындай-

тын мақсат-міндеттерді бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді. 

Сондай-ақ бас дәрігерге міндетті медициналық сақтандыруды енгізу 

туралы сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. 


ҚОғаМ

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1348), 22 ақпан  2017 Жыл  //



Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Ерлер денсаулығы елеусіз қалмауы тиіс
PDF-kaz -> №9 (1244) 3 наурыз 2015 жыл, сейсенбі „ «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!»
PDF-kaz -> «Жасыл белдеулер» қанат жайып келеді
PDF-kaz -> Конференцияда талқылады басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ерқанат манжуов ашып, жүргізіп отырды. Ол ағымдағы жыл аймақта өтетін қазақ
PDF-kaz -> Құрметті тұтынушылар!
PDF-kaz -> Бақытты, Базарлы Балалық! №22 (1257)
PDF-kaz -> №1 (1341) 5 қаңтар 2017 жыл, бейсенбі „ Жаңа жыл мерекесінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рио-де-Жанейро қаласында өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның арманын
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2 бет. Тарихыңды таны


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет