8. Дүниетану» пәнін оқытуда топсаяхаттардың алатын орны. Топсаяхат түрлері «Жаратылыстану»



бет1/2
Дата08.06.2022
өлшемі17,71 Kb.
#36550
түріСабақ
  1   2

8. Дүниетану» пәнін оқытуда топсаяхаттардың алатын орны. Топсаяхат түрлері

9. «Жаратылыстану» 3-сынып «Табиғат физикасы» бөлімінде берілген мазмұнға талдау жасау

10. Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен сабақ барысында орындалатын өзіндік жұмыстардың түрлері, маңызы
«Жаратылыстану» пәнінің мақсаты-бастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Бұл пәннің артықшылығы: бала тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына және дұрыс тұжырым жасауына бағыттайды, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту және мақсаттарын іске асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, денсаулық сақтайтын технологияларына, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне ерекше назар аударылуы тиіс.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны қарастырылған.
Оқу пәні білім алушылардың адамның табиғи және әлеуметтік ортасы туралы білім жүйесі, табиғат пен қоғамның өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысындағы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту кезінде бастауыш мектеп білім алушылары биология, экология, география бойынша қарапайым ұғымдармен танысады.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағатты;

  2. 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

  3. 3- сыныпта – аптасына 2 сағат оқу жылына – 68 сағатты құрайды.

«Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет