8-модуль. Психологиялық денсаулык тұЛҒаның табысты әлеуметтенуінің шарты ретінде 8-ДӘріс. Психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық МӘселелері



бет1/3
Дата16.03.2023
өлшемі27,93 Kb.
#74765
  1   2   3

8-МОДУЛЬ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫК ТҰЛҒАНЫҢ ТАБЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНІҢ ШАРТЫ РЕТІНДЕ


8-ДӘРІС. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар!

Біздің дәрістің тақырыбы:Психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық мәселелері.

Дәрістің жоспары:

  1. Психологиялық денсаулық туралы ұғымдар;

  2. Психологиялық денсаулық көрсеткіштері;

  3. Психологиялық денсаулықты сақтау және жетілдіру тәсілдері.


Дәрістің мақсаты:Адамды әлеуметтік бейімдеу және тұлғалық даму технологиясы бойынша психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық мәселелерін талдау арқылы білім алушыда психологиялық денсаулық жайлы тсүініктерді қалыптастыру.

Дәріс бойынша оқыту нәтижелері:


1-ОН 1:Тұлғаның «Мен» концепциясын психологиялық денсаулықты құндылық қатынас ретінде қарастыратын зерттеу теорияларын талдау арқылы білім алушының өмірінде және болашақ кәсіптік сферада қолдана алатын біліміндерін қалыптастыру;
2-ОН: Адамның физикалық және психикалық сапаларын, әлеуметтiк белсендiлiгiн дамыту және сақтау процесiнде ағзаның қоршаған ортаға бейiмделе алу және жұмыс iстеу қабiлетiн психологиялық денсаулықтың теориялары негізінде түсіндіру;

3-ОН: Психологиялық денсаулықты қамтамасыз етуге арналған критерийлерді сақтап отыруға, гиподинамияның алдын алуға, іс-әрекеттің түрлерін орындауда табыстылықты арттыруға психотехнологияларды қолдану;

4-ОН: Салауатты өмір салтында толыққанды үйлесімді тұлғалыққалыптасуды анықтайтын психологиялық әдістерді қолдану;

5-ОН: Психологиялық денсаулық сапасы мен деңгейі бойынша әлеуметтік-психологиялық және психикалық бейімделуге байланысты психологиялық ұсыныстарды құрастыру.




І. Құрметті оқырман,психологиялық денсаулық өз денсаулығыңыз бен салауатты өмір сүру салтында психикалық күйлерге кері әсер ететін теріс эмоционалды басымдылыққа қарсы тұра алу қабілетін сақтауды ұйымдастыратын көмек.
Психологияда жақсы көңіл-күйдің болуы, эмоционалдық тұрғыда адамның ішкі күйлерін реттей алуы психологиялық денсаулықты сақтаудың кепілі. Психологиялық денсаулықта адамның сыртқы және қоршаған ортаға қарым-қатынасында өз көңіл-күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту саулықтың сақтаудың негізгі мүмкіндігі.Тұлғаның психологиялық денсаулығы биологиялық, әлеуметтік, психикалық, рухани дамуға негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет