8 сынып бжб 1-нұсқа



Дата08.04.2022
өлшемі17,58 Kb.
#30368

8 сынып БЖБ

1-нұсқа

1-тапсырма (2 балл)

Қатты заттардың еруін қалай байқаймыз?

2-тапсырма (2 балл)

Ерігіштік дегеніміз -

а)берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000 грамында ери алатын зат массасымен анықталатын шама (г/100 г, г/1000 г H2O).

ә)берілген температурада ери алатын заттың (тұз) 1000 грамында ерітшкіштің зат массасымен анықталатын шама ( г/1000 г H2O).

б) берілген қысымда ерімейтін заттың 100 немесе 1000 грамында ерітшкіштің зат массасымен анықталатын шама ( г/1000 г H2O).

3-тапсырма (3 балл)

Сәйкестендіру



1)Берілген зат еріткіштің белгілі бір мөлшерінде осы температурада әлі де ери алатын болса

a)қаныққан ерітінді деп аталады

2)Берілген зат еріткіштің белгілі бір мөлшерінде осы температурада әлі де ери алмайтын болса

ә)аса қанық ерітінді деп аталады

3)Еріген зат мөлшері белгілі бір температурада қаныққан ерітіндіден де артық болса

б)қанықпаған ерітінді деп аталады

4-тапсырма (3 балл)

  1. 30 г тұзды 130 г суда ерітті. Еріген заттың массалық үлесін есептеңіз.

  2. 100 г суда 40 г қантты еріткенде пайда болған ерітіндінің массасы мен еріген заттың массалық үлесін есептеңіз.

8 сынып БЖБ

2-нұсқа


1-тапсырма (2 балл)

Ерітінді деп ...... пен ...... тұратын біртекті(........) жүйені айтамыз

1)гетерогенді

2)гомогенді

3)тұз

4)еріген зат



5)еріткіш

а)5,4,2

б)3,5,1

2-тапсырма (2 балл)

Еріген заттың массалық үлесінің формуласын жазыңыз

____________________________________________

3-тапсырма (3 балл)

1)Ерітіндінің концентрациясы

а)берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000 грамында ери алатын зат массасымен анықталатын шама

2)Ерігіштік

ә)ерітіндінің масса немесе көлем бірлігінде еріген заттың массасымен анықталатын шама.

3)Еріген заттың массалық үлесі

б)массасының ерітінді массасына қатынасымен өлшенетін шаманы айтамыз

4-тапсырма (3 балл)

1) 40 г тұзды 160 г суда ерітті. Еріген заттың массалық үлесін есептеңіз.



2) 1000 г суда 150 г қантты еріткенде пайда болған ерітіндінің массасы мен еріген заттың массалық үлесін есептеңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет