8 тақырып. Жоғары оқу орындарындағы оқытушының жеке және педагогикалық іс-әрекеті



Дата13.04.2022
өлшемі123,02 Kb.
#30919

8 тақырып. Жоғары оқу орындарындағы оқытушының жеке және педагогикалық іс-әрекеті

ЖОО оқытушысының педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіпқойлығы

  • педагогикалық жағдайларды талдау,
  • педагогикалық міндеттерді көре білу,
  • оларды құрастыра алу,
  • оларды шешудің тиімді тәсілдерін таба алу іскерлігі,
  • педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылығы.

Педагогикалық қабілеттер және сәйкесінше педагогикалық іс-әрекет құрылымы компоненттері

  • конструктивті,
  • ұйымдастырушылық,
  • коммуникативті,
  • гносеологиялық

Конструктивті қабілеттер

тактикалық мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді:

  • курсты құрастыру,
  • жеке тарауларға нақты мазмұнды іріктеу,
  • сабақтарды өткізу түрлерін таңдау және т.б.

Ұйымдастырушылық қабілеттер

  • тек қана студенттерді оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін қызмет етпейді, сонымен бірге жоғары оқу орны оқытушысының өзінің іс-әрекетін өздігінен ұйымдастыру үшін де қызмет етеді.
  • студенттердің танымдық әрекетінің, олардың өз бетімен жұмысының, ғылыми шығармашылығының ұйымдастырушылары.

Коммуникативті қабылеттер

  • білім берудің құралы,
  • эмоционалдық сергіту,
  • қызығушылықты ояту,
  • бірлескен әрекетке ынталандыру және т.б. қызметтер.

Гносеологиялық компонент

  • жоғары оқу орны оқытушысының кәсіби әрекетінің негізін құрайтын білім мен іскерліктерінің жүйесі, сонымен бірге сол әрекеттің тиімділігіне әсер ететін оқытушының танымдық әрекетінің белгілі бір сапалары болып табылады.

Педагогикалық мамандықтың сапалары

  • адамдармен жұмыс барысында тұрақты түрде өзін жақсы сезіну,
  • қарым-қатынасқа қажеттілік,
  • ойша өзін басқа адамның орнына қоя білу,
  • басқа адамдардың ойын, ниеттерін, көңіл-күйін тез түсіне алу қабілеттілігі,
  • адамдардың өзара қарым-қатынастарын тез түсіне алу қабілеттілігі,
  • түрлі адамдардың тұлғалық сапалары туралы білімдерді ойында ұстай алу және сақтай алу және т.б.

Педагогқа тән қасиеттер

  • жетекшілік ету, басқару, үйрету, тәрбиелеу іскерліктері;
  • тыңдау және тыңдай алу қабілеті;
  • кең дүниетаным;
  • сөйлеу (коммуникативті) мәдениеті;
  • басқа адамның сезімі мен мінезін түсіне алу;
  • «адамға жобалаушылық тұрғыдан қарау»;
  • бірге уайымдау қабілеттілігі;
  • байқағыштық;
  • "халыққа қызмет көрсетудің дұрыстығына сенімділік";
  • стандартты емес жағдайларды шешу іскерлігі;
  • өзін-өзі реттеудің жоғары дәрежесі.

Педагогикалық әрекеттестік құрылымы

  • мақсатқа бағытталған педагогикалық әсер ету;
  • тәрбиеленушінің әлеуметтік мәдени тәжірибелерінің әр түрлі формаларының белсенді қабылдауы мен меңгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет