№85 (873) Сейсенбі, 25 қазан 2016 жыл


Ә.ӘБИЕВ, аудандық кәсіпкерлік,  өнеркәсіп және туризм  бөлімінің басшысы. ЕСКЕ АЛУ



жүктеу 13.82 Mb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата20.01.2017
өлшемі13.82 Mb.
1   2   3   4

Ә.ӘБИЕВ,

аудандық кәсіпкерлік

өнеркәсіп және туризм 

бөлімінің басшысы.



ЕСКЕ АЛУ

К

ӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ

КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ

Астана  қаласында  өтетін  «ЭКСПО-2017» 

көрмесі  келер  жылдың  ең  бас ты  оқиғасы 

болмақ.  Әлем  назарын  аударып  отырған  бұл 

көрменің  ауқымы  қаншалықты  кең  болса,  оның 

жауапкершілігі мен міндеті де сондай үлкен.

2012  жылдың  22  қарашасында  Францияның 

астанасы Париж қала сында ХКБ-нің EXPO халық-

аралық бюросы Бас ассамблеясының 152-сессиясы 

барысында жасырын дауыс беру қорытындысы бой-

ынша  Астана  үшін  ХКБ-ның  103  мүше  мемлекеті 

дауыс  берген.  Ал  бельгиялық  Льеж  қаласы 

44  дауыс  жинады.  Осылайша  «ЭКСПО-2017» 

Халықаралық мамандандырылған көрмесі еліміздің 

бас  қаласы  Астана  қаласында  өткізілетін  болып 

бекітілді.  Көрме  тақырыбы  «Болашақ  энергия-

сы». Жоба мақсаттары мен міндеттері – қуат көзін 

пайдаланудағы жоспарлау мен бақылау адам өмірі 

мен ғаламшардағы бүкіл тіршілік атаулыға шешуші әсер етеді деген тақырыпта ой салу 

мен білім қалыптастыруды ынталандыру мақсатында түрлі мекемелер, ұйымдар, корпо-

рациялар мен жеке тұлғалардың көмегімен халықаралық қауымдастықты жауап тылық 

сезіміне  шақыру  болып  табылады.  Көрме  2017  жылы  10  маусымнан  -10  қыркүйек 

аралығында  93  күн  бойы  жергілікті  аумақта  болашақ  энергетикасының  қандай  болу 

керектігін және болатындығын ғана емес, сондай-ақ дамушы елдердегі қажеттіліктермен 

байланысты проблематиканы көрсетеді.

«Астана  ЭКСПО-2017»  көрме  кешенінің  жалпы  алаңы  174  гектарды  құрайды. 

Бұл  жерде  5  нысан  салынуда.  Көрме  аймағында  Қазақстанның  Ұлттық  павильондар, 

халықаралық, тақырыптық және ұжымдық павильондар, сауда көңіл көтеру обьектілері 

орналастырылады.  Көрмеден  тыс  аймақта  жиналыс  орталығын,  баспасөз  орталығын, 

жабық қала, тұрғын үйлер мен қонақ үйлер құрылысы жоспарланады.

«ЭКСПО-2017»  басты  ғимараты  –  алдыңғы  қатардағы  технологиялар  пайдала-

нып шар түрінде салынатын Қазақстанның ұлттық павильоны. «Сфера» басты объектісі 

мақсатты футуристік дизайнді бұзбай, электр энергиясын өндіруге мүмкіндік беретін 

жаңа  фотоэлектр  технологиялар  қолданылатын  болады.  Сфераның  тақырыптық 

тұжырымдамасы  «Бола шақ  энергиясының  мұражайы»  ретінде  беріледі.  Сфера  таба-

ны маңындағы 5 мың шаршы метр негізгі екі аймаққа Ұлттық павильон орналасады. 

Қазақстанмен  танысу  аймағы  келушілерді  Қазақстанның  жер  бедерімен,  мәдениеті, 

тарихы,  қазіргі  жағдайымен,  келешегімен  таныстырады.  Сфераның  сегіз  деңгейінде 

келушілер  энергетика  саласында  –  ғарыш,  күн  мен  жел,  биомассалар,  су  және 

кинетикалық энергиялармен танысады. Соңғы деңгей келешек Астанаға – 2050 жылғы 

Қазақстан астанасына арналатын болады.

Осыған  орай,  ауданымызда  тиісті  жұмыстар  жүргізілуде.  Қазалы  ауданы  және 

ауылдық  округтерде  ЭКСПО-2017  Халықаралық  мамандандырылған  көрменің 

жаңартылған ресми логотипі Әйтеке би кенті «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік 

дәлізінің  бойында  және  Қ.Пірімов  көшесінің  бойында,  Қазалы  қаласы,  Ү.Түктібаев 

көшесі,  Қарашеңгел  ауылдық  округі,  Жалаңтөс  батыр  ауылы,  Алға  ауылы,  Аранды 

ауылдық округі Қожабақы ауылы, Майлыбас ауылдық округі, Бірлік ауылдық округі, 

Майдакөл  ауылдық округі,  Бекарыстан  би  ауылы,  Басықара  ауылдық округі,  Ақжона 

ауылдық  округі,  Тасарық  ауылдық  округі,  Бозкөл  ауылдық  округтерінде  13  билборд, 

панно және лайтбокс түрінде ілінді.

«ЭКСПО-2017»  Халықаралық  мамандандырылған  көрмесіне  қатыстыру  үшін 

жергілікті  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  Әйтеке  би  кенті  әкімдігі  мен  аудандық 

кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің «Фейсбук» әлеуметтік парақшасы арқылы 

және жергілікті «Қазалы» аудандық газетінде 4 мақала, сонымен қатар жергілікті «Серік 

ТВ» телеарнасы арқылы күнделікті 3-4 мәрте көрменің мүмкіндіктері және билет саты-

лымы жөнінде бейнероликтер жариялануда. 

Осындай ауқымды көрмені тек шетелдіктер ғана емес, еліміз дің тұрғындары да та-

машалауы тиіс. Осы орайда, Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған 

көрмесіне билет tickets.expo2017astana.com сайтында онлайн сатылымы арқылы жүріп 

жатқаны туралы аудан тұрғындарына хабарлаймыз. Бұл көрменің өткізілуі 2017 жылғы 

10 маусымнан бастап 10 қыркүйек аралығында 93 күнге созылады және оның өтуі бүкіл 

әлемнің назарында болады. Билет түрлері туралы барлық толық ақпаратты tickets.expo 

2017astana.com ресми сайтынан біле аласыздар.

Жұлдызай ӘУЕЗХАН,

аудандық кәсіпкерлік,

өнеркәсіп және туризм бөлімінің әдіскері.

ЕЛІМІЗДІ ӘЛЕМГЕ 

ТАНЫТАТЫН КӨРМЕ

Аяулы  әке,  адал  жар,  бауырларына  қамқор  аға,  немерелеріне  қадірлі  де, 

сүйікті ата болған азамат Қалапберген Жұмахметұлының бұл фәниден өткеніне 

де қырық күн толмақшы.

Біз,  қырық  күн  бойына  балалары  әкесіне,  зайыбы  жұбайына,  бауырлары 

ағасына, келіндері мен немерелері аталарына бағыштап, қол жайып, жұма са-

йын Алланы мадақтап, жұмалық жасап, жатқан жерін жайлы етуді бір Алладан 

жанарымыздан жас парлай отырып тіледік.

Зайыбы құдай қосқан қосағын іздесе, ағалық мейірімін аңсаған інісі мен 

қарындасы,  әкенің  маңдайынан  сыйпайтын  аялы  алақанын  аңсаған  қыздары, 

ұлдары  мен  келіндері  –  біздер  орны  толмас  қимасымыздың  қанша  жылаған 

мен келмейтінін, Алладан қанша жалбарынып сұрағанмен қайтып бермейтінін 

сезгендейміз. Емірене төсіне басатын немерелері әлі де атасын келеді деп күтсе, 

көңіліміздегі мұң, жүрегіміздегі зіл әзір бізден ажырап кете қоймайтын сияқты... Қолдан келері Аллаға 

сиынып, құран бағыштап, қызметімізді жасау ғана... тамыңды салып, құлпытас қойғанымыз көңілімізге 

медеу.


Адал жар, қамқор аға, аяулы әке, сүйікті ата – Сіздің бізге деген мейіріміңіз бен ыстық ықыласыңыз, 

мейірбан жүзіңіз бен жарқын бейнеңіз біздің жүрегіміздің түкпірінде мәңгі сақталады.



ЕСКЕ АЛУШЫЛАР: жұбайы Бақытжан, інісі Ахмет, қарындасы Жақсыбике, 

қыздары, ұлдары мен келіндері, күйеу балалары, немерелері.

***


Біздің қайғымызға ортақтасып көңілін білдірген жұбайы Бақытжанның, інісі Ахметтің, қарындасы 

Жақсыбикенің,  қыздары,  ұлдары  мен  келіндерінің  ұжымдастарына,  достарына,  құда-жекжаттарға 

Қал-ағасын қимай қоштасқан Қалапбергеннің ұжымына шын жүрегімізбен ризашылық алғысымызды 

білдіре  отырып,  қырық  күндік  садақасының  2016  жылдың  4-қараша  күні  жергілікті  уақытпен  сағат 

12:00-де  молдасы,  5-қараша  күні  сағат  12:00-де  жалпысы  Әйтеке  би  кенті,  Қ.Пірімов  көшесі  №34  А 

үйде (Қ.Пірімов көшесі мен Жанқожа батыр көшесінің қиылысы) таратылатынын ағайын-туған, жақын-

жуық, құдалардың, достарының, қызметтестерінің есіне саламыз.

Жұмахметовтер әулеті.

Жарқын бейнеңіз біздің жүрегімізде...

«Сыр  медиа»  ЖШС  ұжымы  аудандық  мәдениет  және 

тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Толыбай Жүсіповке ағасы

Торғай ЖҮСІПҰЛЫНЫҢ

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл ай-

тады.

Үстіміздегі  жылдың  14-қаза-



нында  Қызылорда  қаласында 

Қызылорда  қаласы,  Арал  және 

Қазалы 

аудандарының 



жер 

қатынастары  саласы  бойын-

ша  мемлекеттік  көрсетілетін 

қызметтер  жөнінде  атқарылған 

жұмыстар қорытындыланды.

Соңғы  уақытта  тұрғындар 

«электронды 

үкімет» 


веб-

порталы  арқылы  көрсетілетін 

қызметтерге  жүгіне  бастаған. 

Соның  нәтижесінде  Қазалы  ау-

даны  бойынша  243  қызмет 

көрсетілсе,  оның  ішінде  халыққа 

қызмет көрсету орталығы арқылы 

көрсетілгенінің  үлесі  80  пайыз 

болса,  кеңсе  арқылы  жасалынған 

қызметтер  саны  20  пайызды 

құрап отыр.

Айгүл БАЙМАНОВА,

аудандық жер қатынастары 

бөлімінің жетекші маманы.

Атқарылған 

жұмыстар 

қорытындыланды

Бұл  өмірде  пенде  біткеннің  демі  қай  жерден  то-

лас  табарын  ешкім  болжап  біле  алмайды  екен.  Елге  сый-

лы  азамат,  ардақты  ақсақал,  жақындары  мен  туыстары, 

айналасындағылардан  мейірім-шапағатын  аямайтын  Ілияс 

Сәрсенбаевтың  да  ортамыздан  ұзағанына  қырық  күнге 

жуық уақыт өтіпті-ау.

Алғаш  еңбек  жолын  Қазалы  МТС-ында  токарь 

үйренушісі  болып  бастаған  ол  КПСС-тің  ХХІІ  съезі 

атындағы  совхозда  токарь,  Казсельхозтехникада  токарь, 

сварщик, инженер-механик, біріктірілген механикалық ко-

лоннада басшылық қызметте және аталмыш мекеменің жа-

нынан ашылған қосалқы шаруашылықта қосымша жұмыс 

істеді. Осы жылдар ішінде мекеменің кәсіподақ ұйымының 

төрағалығын қоса атқарды. Өзінің ісіне тыңғылықты маман атанып, ізіне ерген жас 

буынға үлгі бола білді. Еселі еңбегі ескеріліп, бірнеше мәрте социалистік жарыстың 

жеңімпазы, «В.И.Лениннің туғанына – 100 жыл», «Еңбек ардагері» медалімен наград-

талып, «Ауылшаруашылығының үздігі» төсбелгісіне ие болды. 

Құрметті  демалысқа  шыққан  соң  да  қоғамдық  шаралардан  тыс  қалмай,  жиған 

тәжірибесі  мен  бойындағы  білімін  жас  буынға  насихаттаудан  жалыққан  жоқ.    Ба-

лалары  мен  немерелеріне  де  өз  өмірімен  үлгі  болған  жанның  жоғына  көңіл  сенгісі 

келмейді екен. 

Ардақты  әкемізді  жатқан  жеріңіз  жайлы,  топырағыңыз  торқа,  иманыңыз 

жолдасыңыз  болғай  деп  сағынышпен  еске  ала  отырып,  барлық  ағайын-туыс,  құда-

жекжат,  дос-жарандарға  марқұмның  қырық  күндік  садақасы  29-қазан  күні  Қазалы 

қаласы Жанқожа батыр көшесі №23 үйде 12:00-де өтетінін жеткіземіз.

ЕСКЕ АЛУШЫЛАР: балалары Иса-Бағила, Бекболат-Мария, 

Исламбек-Арай, Ербол-Айсұлу, Сұлтанбек, Мейрамбек,

 қыздары-күйеу балалары: Мира, Әсемкүл, Гауһар, Сәнімкүл, 

Нұрлан, Маралбек, Қуаныш және немере, шөберелері.

Өмірімен үлгі болған ақсақал

100 нақты қадам

Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасы  оқушы 

қыздардың  мектепке  орамал  тағып  баруға  байланы-

сты ата-аналар мен оқу орындары басшылары арасын-

да туындаған әртүрлі пікірлер мен сауалдарға қатысты 

өзінің мәлімдемесін жолдайды.

Ибалы,  инабатты,  білімді  ұл  мен  қыз  өсіріп,  отан-

шыл, патриот жастарды тәрбиелеу – әрбір ата-ана мен 

педагогтың басты мақсаты, ұлы миссиясы екені белгілі.

Қазақстандағы білім беру жүйесі тек қана оқытуды 

ғана  емес,  сондай-ақ  тұлғаның  барлық  сұраныстарын 

толық  жүзеге  асыру  үшін  жағдайларды  жасауға, 

оларды  өнерге,  спортқа,  зияткерлік  дамуға  тартуға 

бағытталғанын  оқушылардың  ата-аналары  сезінулері 

керек. 

Ислам  діні  күллі  адамзат  баласын  білім  үйренуге 



үндейді.

Біріншіден,  ер  кісі  мен  әйелге  білім  алу  –  па-

рыз  (міндет).  Алла  елшісі  (оған  Алланың  салауаты 

мен  сәлемі  болсын)  бір  хадисте:  «Әрбір  мұсылманға 

білім  алу  парыз»  деген.  Ал  балаға  зайырлы  білімді 

үйрету  –  әрбір  адамның  азаматтық  әрі  мұсылмандық 

борышы.  Зайырлы  мемлекетіміз  ұл-қыздарымыздың 

орта  білім  алуын  міндеттейді  әрі  осы  бағытта  барлық 

мүмкіндіктер мен жағдайларды қамтамасыз етеді. Ата-

аналарға  қыз  баланың  міндетті  зайырлы  білім  алуы-

на  көбірек  көңіл  бөлуге  кеңес  береміз.  Сапалы  білім 

–  бала  болашағының  баянды  болуына  үлкен  септігін 

тигізетінін ұмытпауымыз тиіс.

Екіншіден, Құран және Мұхаммед пайғамбар (оған 

Алланың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)  хадисі  мен 

мұсылман  ғұламаларының  бірегей  пікірі  бойынша, 

балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу – 

парыз (міндет).

Ал  балиғат  жасына  толмаған  қыздың  орамал 

тағуын шариғатымыз талап етпейді. Сондықтан ата-ана 

кішкентай бүлдіршінді әлі міндет болмаған орамал үшін 

парыз болған білім алудан тыймауы тиіс.

Нақты айтқанда шариғат талаптарына сәйкес Ислам 

діні мектеп табалдырығын жаңа аттаған балиғат жасқа 

толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді.

Үшіншіден,  Ата  Заңымыз  және  басқа  да  заңдар 

қоғамдық  қатынастарды  реттейді  және  азаматтардың 

бостандығы  мен  діни  сенімдеріне  еркіндік  береді. 

Мұсылмандар  да  Алланың  әмірі  бойынша  заңды 

сақтайды  және  оған  құрметпен  қарайды.  Өйткені,  за-

йырлы қоғамдағы заңдар мен ережелер – барша адамның 

тең құқығын басты орынға қоятын кепілдік құжат және 

азаматтардың өмір сүру тәртібін көрсететін бағдар.

Қазақстан 

мұсылмандары 

діни 


басқармасы 

мұсылман  жамағатын,  ата-аналарды  бірлікке  үндейді 

және  мектеп  басшыларымен  ортақ  мәмілеге  келуге 

шақырады.

Діни  басқарма  Алла  Тағаладан  елімізді  түрлі 

бүліктен сақтап, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын 

нығайтып, берекесін арттыруды тілейді.

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 

МЕКТЕПТЕГІ КИІМ ҮЛГІСІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕСІ

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Толыбай Жүсіповке ағасы 



Торғай ЖҮСІПОВТІҢ 

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.



Оразғали, Жаппарберген, Ібайдулла, Берік, Едіге, Серік, Мәлік, Бекетай, Нұрбай, Бек, 

Әліби, Жасарал, Ғалым, Әбдінағи, Уәлихан, Алмат, Рахаш, Амангелді.

2016 жылдың 23-қазаны 

күні  Қазалы  ауданының  ту-

масы,  Ақтөбе  қаласының 

тұрғыны,  еңбек  ардагері 

Жүсіпов  Торғай  Жүсіпұлы 

өмірден озды. 

Торғай  Жүсіпов  –  1940 

жылы  9-мамырда  Арал 

ауданының 

Сайғонды 

ауылдық  кеңесінде  дүниеге 

келген.  1958  жылы  Қазалы  станциясындағы 

№67  орта  мектепті  бітіріп,  сол  жылы  Өзбекстан 

Республикасының 

Самарқанд 

қаласындағы 

кооперативтік сауда институтына оқуға түсіп, 1962 

жылы экономист мамандығын алып шыққан. 

Торғай  Жүсіпов  еңбек  жолын  1962  жылы 

Ақөзек сельпосында экономист болып бастаған. Сол 

сельпоның  басқарма  төрағасының  сауда  жөніндегі 

орынбасары,  Ақөзек  сельпосының  басқарма 

төрағасы болып қызметтер атқарған. 

1968-1975  жылдары    Қазалы  ауданының 

тұтынушылар  одағы  басқарма  төрағасының  орын-

басары, аудандық тұтынушылар одағының басқарма 

төрағасы  болып  қызмет  жасап,  ауданның  сау-

да  мәдениетінің  өркендеуіне,  ауылдық  жерлердегі 

тұтынушылар  кооперациясының  дамуына  өзіндік 

үлес  қосып,  ауыл  тұрғындарының  азық-түлікпен 

басқа  да  қажетті  тауарлармен  қамтамасыз  етілуіне 

күш  салды.  1975-1987  жылдары  Ақтөбе  теміржол 

басқармасының  сауда  базасының,  Ақтөбе  қалалық 

шикізат базасының директоры, 1987-1992 жылдарда 

Қызылорда облыстық сауда базасының директоры, 

1992-1996  жылдарда  Арал  аудандық  балықшылар 

тұтынушылар одағының  басқарма төрағасы, 1996-

1997  жылдарда  Қызылорда  облысы  тұтынушылар 

одағының бас маманы, 1997-2003 жылдарда Ақтөбе 

облыстық көліктік бақылау басқармасының бас ма-

маны  болып  сауда  саласында  жемісті  еңбек  етіп, 

2003 жылы құрметті еңбек демалысына шыққан.

Торғай Жүсіпов қай жерде еңбек етпесін өзінің 

адамгершілік қасиетінің арқасында ортамен тез тіл 

табысып,  сауда  саласының  мәдениетін  арттырып, 

өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан жан еді. Бірнеше 

дүркін  Қазақстан  тұтынушылар  Одағы  съездерінің 

делегаты,  Арал  аудандық  мәслихатының  бірінші 

шақырылым  депутаты  болып  сайланды.  Бір 

отбасының  алтын  діңгегіне  айналған  Торғай 

Жүсіпов құдай қосқан қосағы Күләш екеуі 7 баланы 

тәрбиелеп өсіріп, әрқайсысының өмірден өз орнын 

табуына  жол  көрсете  білді.  Немере-шөберелерінің 

қадірменді атасы болды.

Саналы  өмірін  сауда  саласының  өркендеуіне 

арнаған  Торғай  Жүсіпов  өнегелі  ісімен  үлгі  бола 

білді. Сауда саласында өзіне де өзгелерге де талап 

қоя біліп, қатаң тәртіп орнатты. Жоғарыдан берілген 

тапсырманы  мүлтіксіз  орындауға,  өзгелерге  де 

орындата  білетіндігін  үлгі  етті.  Сауда  саласында 

өзіне  көптеген  ізбасарлар    дайындап,  ақыл-кеңесін 

берді. 

Сауда  саласының  ардагері,  еліміздің  белгілі 



азаматтарының  бірі  Т.Жүсіповтің  жарқын  бейнесі 

оны білетіндердің жүрегінде ұзақ уақыт сақталады.



Торғай ЖҮСІПОВ

Аудан әкімдігі, аудандық мәслихат аппараты, ауданнан сайланған облыстық және 

аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы

аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі.

Беркініп  садақ  асынып,  жарақты  жауды 

қашырған  бабаларымыз  ұрпағының  қайсар, 

мықты болып жетілуіне баса мән берген. Бұлай 

етуге  әрбір  сәтін  анталаған  дұшпанымен  тай-

таласпен  өткізуге  тура  келген  қиын  кезеңдер 

әсер  еткені  де  анық.  Соған  орай,  перзенттерін 

ат  үстіндегі  ұрысқа,  әскери  айла-тәсілге, 

жекпе-жек өнеріне бала кезінен машықтандыру 

бұлжымас  қағидаға  айналған.  Ал  кез  келген 

игі  қасиет  адам  бойына  атаның  қаны,  ананың 

сүтімен даритыны белгілі. Арада ғасырлар өтсе 

де  оғландарымыздың  күш  пен  намыс  безбенге 

түсетін додаларда әсіресе спорттың бокс, күрес 

сынды  түрлерінен  жұмыр  әлемде  ешкімге  дес 

бермейтіні  заңдылық  десек  жарасымды.  Күрес 

десе көз алдымызға күш атасы Қажымұқан мен 

даңқты  балуан  Шолақ  елестері  тағы  рас.  Ал 

Қазалы өңірінде спорттың бұл түрі айтарлықтай 

дамығанына  баршамыз  куәгерміз.  Кешегі 

күндері Қуандық Бәкенов, Сапарбек Көбегенов, 

Сәбит Болатов, Жеткерген Бекбосынов, Дәстен 

Айбосынов тәрізді өзге де көптеген аға буын па-

луандар Қазалы күресінің атағын шартарапқа та-

нытса, бүгінгі таңда олардың жолын шәкірттері 

жалғастыруда.  «Бүгінгі  күн  –  ертеңгі  тарих». 

Ендеше,  ұрпақтар  сабақтастығын  насихаттау  – 

біздің міндетіміз.

Сапарбектің  ептілігі  мен  намысқойлығы, 

табиғатынан  қайраттылығы  өзгелердің  ал-

дында  шоқтығын  асыратын.  Жастық  шақта 

не  болмайды  дейсіз.  Кейде  өзі  құралпы  бала-

лармен  шекісіп  қалған  уақыттарда  көпшілігі 

бұған  қарсы  келе  бермейтін.  Жанарынан  от 

ұшқындап,  бұла  күші  бойына  сыймай  тұратын 

етжеңді  бала  өзінен  естиярларды  да  мойын-

датып  жүрді.  Кейін  спортпен  шұғылданған 

шағында  осынау  қайсар  дағдысы  талай  жерде 

жеңіске жетеледі. Он алтыға қадам басқан бозба-

ла күрес үйірмесінің есігін алғаш ашқан уақытта 

жаттығу залындағы спортшылардың көз ілеспес 

жылдамдығына,  білемденген  бұлшық  еттеріне 

қатты қызықты. Осы көрініс мұның бойындағы 

күреске  деген  қызығушылығын  арттырды. 

«Шіркін,  менде  осылардай  болсам»  деген  ар-

манын оятты. Спорт мектебінің табалдырығын 

тұңғыш аттаған сәті, алғашқы бапкері әлі күнге 

дейін жадында жатталып қалыпты. Бозкілемдегі 

бастапқы  белдесулерінен  бастап  тәжірибелі 

жаттықтырушы  Қуандық  Бәкеновтің  назары-

на  ілікті.  Әрине,  бозбала  Сапарбек  ол  уақытта 

ендігі тағдыры осы саламен тікелей байланыса-

тынын білмеген еді. Оның «ұшқыш болсам» де-

ген әдепкі арманы көкті шарлаған ұшқыш емес 

жер-жерді аралаған спортшыға айналдырды. 

Арада  айлар  жылжып,  жылдар  сырғыды. 

Заулаған  уақытпен  қатар  талай  жарыстың 

жүлдесін  қанжығасына  бөктерген  Сапар-

бек  Көбегеновтің  бағындырған  белестері  де  аз 

болған жоқ. Қандай бір додадан алған жетістігі 

өзінің шүмектеп аққан маңдай терінің, қажырлы 

күш-қуатының жемісі. Әр жеңістің өзіндік орны 

бар екені даусыз. Десе де алғаш рет Қазақстан 

біріншілігінің  жеңімпазы  болған  сәті  жады-

нан ұмытылмақ емес. Осынау бәсеке барысын-

да  Сапарбек  қатты  жарақаттанды.  Қабырғасы 

сынған  болатын.  Алайда  намысты  қолдан 

беретін  Сәкең  бе.  Жаны  күйзелсе  де  шыдады. 

Кілемге  қайта  шықты.  Ақыры  ерік-жігерінің 

арқасында ақтық мәреде қарсыласынан айласын 

асырды. Осылайша, Қазалы ауданынан шыққан 

тұңғыш Қазақстан чемпионы атанды. Ал арада 

тура екі жыл өткенде ССР кубогының алтынын 

тағынды. КСРО спорт шебері атағын иеленген-

ді.  Одан  кейін  де  талай  байрақты  бәсекелерде 

топжарған  Сәкеңнің  есінде  ұмытылмай 

сақталған күресінің бірегейі 1976 жылы Алма-

тыда өткен ірі халықаралық турнир болатын.

Кез  келген  спортшы  үшін  жүлдегер  ата-

ну  бір  басқа  да,  жүзден  жүйрік  атанып,  жеңіс 

тұғырына  шығу  алтын  медаль  алу  асқақ 

мәртебе.  Бірінші  айналымда  Польша  палуа-

ны  П.Бонасиякты  жеңген  Сәкең,  екінші  ай-

налымда  швед  палуаны  Д.Майквицтты  қапы 

қалдырған. Сондағы бәсекенің ақтың сайысын-

да  Сапарбекке  аса  мықты  қарсылас  жолықты. 

Ол  екі  дүркін  әлем  чемпионы,  қос  дүркін  Еу-

ропа  жеңімпазы,  Монреаль  олимпиадасының 

күміс  жүлдегері  украиналық  Нельсон  Давидян 

болатын.  Давидянға  сәл  ғана  ұпай  айырмасы-

мен жол берген қазалылық қара бала осы жолы 

күмісті  қанағат  тұтты.  Жүздеген  палуанның 

ішінен суырылып, алға озып, атақты палуанмен 

белдесу қандай мәртебе екені спорттан хабары 

бар жандарға жақсы мәлім. 

Кейіннен  жасы  ұлғайып,  белдесуді 

қойғаннан  кейін  де  ағамыз  қазақтың  қанына 

сіңген  күрестен  біржола  алшақтап  кетпе-

ген  еді.  Жамбылдың  технология  институтын-

да  аға  мұғалім,  жаттықтырушы  болып  жұмыс 

істеген Сәкең кейін кіндік қаны тамған жеріне 

келіп  жаттықтырушылық  қызметке  кірісті. 

Өзінің  мол  тәжірибесін  жас  палуандарға 

үйретуден  жалықпады.  Ал  ол  баптаған  бала-

лар  да  ел  мақтанышына  айнала  білді.  Қазіргі 

таңда  Сапарбек  Көбегенов  №17  жасөспірімдер 

олимпиадалық  резервтерін  дайындау  мекте-

бінде жаттықтырушы болса, 2006 жылдан бері 

қосымша  ұлы  Қанат  екеуі  Жамбыл  Жабаев 

мектебінен күрес үйірмесін ашыпты. 

«Қазалы  спортында  күрестің  орны  ерек-

ше.  Жігіттің  білектілігі  мен  жүректілігі  сынға 

түсетін  бұл  спорт  түрінен  небір  сайыпқыран 

саңлақтар  үміттерімізді  ақтап  келеді.  Қазіргі 

таңда  мектеп  жанынан  ашылған  бір  үйірменің 

өзінен  бес  Қазақстан  чемпионын  шығарып, 

оннан  аса  жүлдегерлер,  Қазалы  ауданы-

нан    тұңғыш  Азия  жеңімпазы  Бағдат  Үсеновті 

түлетіппіз.  Бағдат  пен  Олжас  Сырлыбай  де-

ген  шәкіртіміз  жастар,  ал  жасөспірімдер  ара-

сында  Қазақстан  чемпионы  Еламан  Аюпов  та 

Азия,  Әлем  біріншіліктеріне  ел  құрамасында 

дайындық  үстінде.  Оданда  бөлек  дарыны-

мен  ерекше  үміт  күттіретін  саңлақ  спортшы-

лар баршылық. Мәселен Мейірман Әлизақ, Да-

мир Қалау, Жандос Задаш сияқты тағы басқа да 

шәкірттеріме  ерекше  сенім  артамын.  Алдағы 

уақыттары оларды олимп шыңын бағындырып, 

ел байрағын көкке көтеретін мықты балуандар 

болса деймін. Үйірмені мектеп жанынан ашуға 

қолдау  білдірген  білім  ордасының  директоры 

Марат Құдайбергенов пен Асылбек Нұрадинов, 

Қымбат  Сермахан  секілді  іні-қарындастарыма 

рахметімді  білдіремін.  Алдағы  уақыттары  ау-

дан мектептерінің жанынан осындай үйірмелер 

ашылса,  күрес  спортына  қолайлы  кенттен 

бір  орталық  берілсе,  тіптен  жақсы  болар  еді. 

Көріп отырсыздар бір мектептің өзінен шыққан 

нәтиже жаман емес. Ал, онның үстінде мектебі 

бар кентімізден небір әлемді мойындаттыратын 

боз  кілемнің  баһадүрлері  шығатынына  кәміл 

сенім білдіремін» дейді жаттықтырушы Сапар-

бек Көбегенов.

Мақала  жазылу  барысында  Сапарбек  аға 

жаттықтыратын үйірмедегі балуандармен кезде-

сіп,  олардың  дайындығын  көрген  болатынбыз. 

Құрқылтайдың  ұясындай  ғана  жерден  небір 

чемпиондарды  дайындап  шығарғандығына 

таңқалмасқа  шарамыз  қалмады.  «Алмас 

қылыш  қын  түбінде  жатпайды»  деген  бабалар 

сөзінің  текке  айтылмағанына  көз  жеткізгендей 

болдық. Сонымен қатар, ағаның төл шәкірттері 

күрестен спорт шеберлері Мейірман Әлизақ пен 

Кеңшілік  Есмурзаев  екеуі  тәжірибелі  бапкер-

ден  жаттықтырушылық  қызметтің  қыр-сырын 

үйрену үстінде екен. 

Сәкең  бес  баласынан  10  немере  сүйіп 

отырған бір әулеттің асқар бәйтерегі. Жары Шара 

Байбазарова  теміржол  ауруханасының  балалар 

бөлімінің  меңгерушісі  болып  жұмыс  істейді. 

«Ат тұяғын тай басар» деген. Әкенің даңғыл жо-

лын қуған ұлы Қанат Көбегенов жасөспірімдер 

арасында  Қазақстан  біріншілігінің  жеңімпазы. 

Қазіргі таңда облыстық грек-рим күресінің аға 

бапкері. 

Тәуелсіз еліміздің көк туын биікке көтеріп, 

алты  құрлықтың  алдында  Әнұранымызды 

шырқататын  шәкірттеріңіз  көп  болсын,  білікті 

бапкер.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет