89. Лимфа түйіндері,құрылысы,функциясы. Лимфалық жүйенің жұқпалы ауруларға қарсы күрестегі рөлі



бет1/9
Дата17.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#57763
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

89.Лимфа түйіндері,құрылысы,функциясы.Лимфалық жүйенің жұқпалы ауруларға қарсы күрестегі рөлі.
Лимфа түйіндері
Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын, құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйeк және т. б. Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып, ісіп кетеді. Мысалы, баспамен ауырғанда мойындағы түйіндер іседі (без шошиды). Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді. Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде «қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйыктығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп қосылады. Сонымен, лимфа жүйесіне - лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады.
Лимфа жуйесінің қызметі:
1.Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі.
2.Лейкоциттер түзеді.
3.Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі қызметін атқарады.
4.Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.
Лимфа жүйесінің негізгі функциялары:
* Тасымалдау функциясы – лимфа, тіндерден веноздық арнаға алмасу өнімдерін өткізу.

* Дренаж функциясы-ақуыздарды, суды, тұздарды, токсиндерді және метаболиттерді тіндерден қанға қайтару. Сұйықтықты, іріңді, жарадан, қуыстардан эффузияны жою. "Капиллярлық лимфа сорғысының" тұрақтылығы


* Лимфоцитопоэз, гемопоэз функциясы-иммундық реакцияларға қатысатын лимфоциттердің түзілуі, жетілуі, дифференциациясы.
* Иммундық, қорғаныс функциялары-ағзаның иммундық қорғанысын қалыптастыру, ағзаға енетін бөгде бөлшектерді, бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақтарды, қарапайымдыларды залалсыздандыру. қоспалардан, ісік бөлшектерінен және жасушалардан сүзу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет