9 – мамыр жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара



Дата10.05.2022
өлшемі15,55 Kb.
#33946

9 – мамыр жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара

Мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысында, Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстыру, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-бабаларымыздың есімін, ерліктерін ешуақытта ұмытпаймыз. Жеңіс күні құтты болсын!

-Күй-


Жүргізуші:

Жеңіс деген шат күлкісі баланың,

Тыныштығы жер мен жаһан даланың.

Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән

Тыныштығың сол жеңістен басталған.

«Әлия монологы». Оқитын Еміл Назым.

«Әлия әні». Орындайтын Актер шеберлігі үйірмесінің оқушылары.

Жүргізуші:

Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыршан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б. жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмытылған жоқ». Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.

«Ұландар әні»

«Батырлар әні»

Міне ата – бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын!



Би: Катюша.

Осымен сіздерге арналған мерекелік іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Жеңісті күндеріміз көп болсын! Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет