9 апта тапсырмасы тақырыбы: “Әлеуметтік-саяси және академиялық шебер сөЗ,олардың ТҮрлері” Шешен



Дата08.11.2022
өлшемі15,05 Kb.
#48547

9 АПТА ТАПСЫРМАСЫ
Тақырыбы:
ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ШЕБЕР СӨЗ,ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ”
Шешен сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.
Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.
Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл сақталған. 
Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі.
Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыстан", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Олар ауылына келгенде баласының аузына түкіріп, отырған жеріне аунатып алған.Ел сыйлаған адамдар есімі халық жадында мәңгі
Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі керек.
Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында ауызша айтылған сөз болу.
Әңгіме өзегінің дәлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет.
Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі. Шешендік сөз дәстүрінің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы, кеңіген сайын арта түсуде. Жиналыс, мәжіліс, құрылтайларда, пікірсайыс жиындарда, семинар, симпозиумдарда шешендік өнер өте қажет.
Қазіргі замандағы шешендік сөздердің түрлері бұл сөздердің жанрына (мазмұнына) қарай негізінен былайша ажыратылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет