9 дәріс. Саяси партиялар



бет5/5
Дата26.04.2022
өлшемі40.61 Kb.
#32285
1   2   3   4   5
коалиция (латынның бірлестік деген сөзінен шыққан) құруы мүмкін. Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Оның мынандай түрлері болады:

а) парламенке қатысатын партиялардың ешқайсысы өз алдына бөлек, дербес басқара алмайтындай жағдайда (дауыстың аздығынан) құралған көппартиялық коалиция.

ә) екі күшті партияның әрқайсысы өкіметті өз қолына алып билей алатындай жағдайда екіпартиялық коалиция орнайды. Мұндайда бір партия парламентте көпшілік дауыс алады да, екіншісі опозицияда болады. Егер екеуінің де парламенттегі орны тең болса, үкіметті құру үшін басқа кішірек партиямен келісімге келуге мәжбүр болады. Мұндайды түрін өзгерткен екіпартиялық коалиция дейді.

б) билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, оны екі блоктық коалиция дейді. Мұндай коалиция әсіресе Францияға тән. Онда президетенттік, парламенттік, кантондық сайлаулар кезінде екі блок құрылады. Оң блокқа гольдықтар, жискарлықтар (Францияның бұрынғы президенттері Де Голь мен Жискар де Эстенің фамилияларынан шыққан), т.б. кіреді де, сол блокқа социалистер, коммунистер, солшыл радикалдар жатады.

в) егер дербес партия ұзақ уақыт (20-30 жыл бойы) билік етсе, оны басымдық коалициясы дейді. Мысалы, Швеция социал-демократиялық партиясы 1932 жылдан 1976 жылға дейін, сосын 1982 жылдан осы уақытқа дейін билік басында. Японияда либералдық-демократиялық партия 1955 жылдан бері өкімет басында болып келді.

Саяси партиялардың жұмысы әдетте құқпен немесе Конституциямен реттеледі. Себебі олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі керек. Оларға жататындар: қоғамдық өмірде партияның орнын конституциялық жолмен рұқсат ету; саяси жүйеде партияның жұмыс істеу жағдайын белгілеу; сайлау системасының жұмысына партиялардың қатысуы; мемлекеттік өкімет органдарында партиялардың өкілдік ету тәсілдері; мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін қаржыландыру. Бірқатар батыс елдерінде (Германия, Италия, Швеция, т.б.) 60-70- жылдардан бастап саяси партиялар мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Кейбір елдерде заң бойынша саяси партиялардың сайлау науқанына арнайы қаржы бөлінеді. Бұл конституцияда көрсетілген міндеттерді орындау және қиянат етушілікке жол бермеу (мысалы, саяси партияларды құрғанда әлдеқандай кішігірім топтардың немесе жеке адамдардың ықпалын азайту, не болмаса қызметкерлердің, қоғам қайраткерлерінің сатылғыштығына жол бермеу және т.б.) үшін керек деп саналады.

Бірқатар елдердің (Германия, Үндістан, Ұлыбритания, Франция) заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға мол құқық берілген. Мұның бәрі сайлау науқанында және т.б. жұмыс бабында партияларға тең жағдай қамтамасыз етілгендігі деп саналады.



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: Оқу құралы,- Алматы: Жеті жарғы, 2003 ж.

  2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері (мәтін): оқу құралы\ Е.С. Қуандық; М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясының ғылыми- методикалық кеңесі.- Алматы: Дәуір, 2005 ж.

  3. Рахметов Қ. Ж. ж.б. Саясаттану (мәтін): оқу құралы\ Рахметов Қ.Ж., Болатова А. Н., Исмағамбетова З. Н.- Алматы: Өлке, 2005ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет