9 Дәрістің тақырыбы



Дата01.01.2022
өлшемі19,25 Kb.
#23876

№ 9 Дәрістің тақырыбы: Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлері Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлері.

2. Тұрмыстық – қарапайым лексика.

3. Жаргондық сипаты бар сөздер. Эмоциональды - экспрессивті лексика.

4. Варваризмдер .Ауызша әдеби сөйлеу, кітаби лексика.


Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады. Мысалы: көпшілік, келісім, т.б. Сөйлеу тілінің лексикасына тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпыхалыққа белгілі сөздер жатады. Тұрмыстық – қарапайым лексика – күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Варваризмдер - тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Кітаби лексика бұрынғы дәуірдегі жазба мұралардың тілі, соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп, ал сол нұсқаларда қолданылған түркі тілдеріне ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады. Қазіргі кітаби лексика – сөйлеу тілінің тұрмыстық қарапайым, лексикасынан басқа, әдеби нормалық белгілердің қатаң сақталуын талап ететін ғылыми, ресми құжат стильдерінде, көркем әдебиет тілінде қолданылатын сөздер жатады. Экспрессивті – эмоционалды лексика адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы .

Дәрісті қорытындылау:

1.Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады.

2. Тұрмыстық – қарапайым лексика – күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады.

3. Варваризмдер - тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді.



Бақылау сұрақтары:

1. Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлеріне қайсысы жатады?

2. Стильаралық лексика дегеніміз не?

3. Тұрмыстық – қарапайым лексикаға қайсысы жатады?



4. Варваризмдер дегеніміз не? Ауызша әдеби сөйлеу, кітаби лексика нені қарастырады? Экспресивті – эмоционалды лексика дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 2006.

  2. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология//Таңдамалы туындылар. А.,2009.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет