9 класс олимпиада есептері



Дата02.11.2022
өлшемі21,37 Kb.
#46851
түріАнализ

9 класс олимпиада есептері

  1. Массасы 4.6г сілтілік металды иодпен әрекеттестіргенде 30г металл иодиді түзілген. Реакцияға қандай сілтілік металл алынған? ( 3 ұпай)



  1. 28 г темірді хлормен әрекеттестіріп, 77.7 темір (II) және темір (III) хлоридтерінің қоспасы алынған. Алынған қоспадағы темір хлоридінің массасын есептеңіз ( 5 ұпай)




  1. 464 г темір қағынан темірді тотықсыздандыру үшін жұмсалатын алюминий салмағын есепте ( 4 ұпай)



  1. Мына бейметалдардың қайсысы кәдімгі жағдайда :B, H2 , O2 , Br2 , Cl2, Si, Kr, C, I2

а) газ
ә) сұйық


б) қатты (3ұпай)
5. А элементі бірінші топта , В элементі бесінші топта орналасқан . Екеуінің қосылысындағы В элементінің тотығу дәрежесі -3. А элементі екі атомнан тұратын жай зат түзеді. В элементі оттекте жанып, түзілген қосылысы суда ерігенде көк лакмусты қызыл түске бояйды. Бұл қай элементтер? Олардан алынған қосылыстардың формулаларын және реакция теңдеулерін жазындар. ( 5 ұпай)
6. Түрөзгеріске сай реакция теңдеуін жазындар
CuO→CuSO4→CuCl2→Cu(NO3)2→CuO→Cu (5 ұпай)
7. 5 нөмірленген сынауыққа келесі заттардың 0,1М ерітінділері құйылған тұз қышқылы, натрий сульфаты, калий карбонаты, барий хлориді, темір (II) сульфаты. Тек осы ерітінділерді ғана пайдаланып, қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құйылғанын анықта.
Анализ жасау жоспарын жасап, тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар
(8 ұпай)

Олимпиада есептері 10 класс




  1. 8.3 калий йодиді бар ерітіндіге 2.24 л хлорды жібергенде түзілетін йод салмағын есепте

( 3 ұпай)


  1. Массасы 10 г мыс пен алюминийдің қоспасын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде 6.72л ( қ.ж) сутек бөлінген. Қоспадағы мыс пен алюминийдің массалық үлестерін анықтаңдар.

( 3 ұпай)


  1. 250 г 10 % күкірт қышқылы ерітіндісін даярлау үшін, 96% (тығыздығы 1.84 г/мл) концентрлі қышқылдың, судың қандай көлемі жұмсалады?

( 5 ұпай )



  1. А және В элементтері бір топта орналасқан А элементі сутекті қосылысында ( II) валентті, бұл қосылыстағы сутектің массалық улесі 11,1%. А және В элементтері өзара екі қосылыс түзеді. Газ тәріздес бірінші қосылыстағы А- ның үлесі 50% , ол суда еріп қышқыл түзетін екінші қосылыстағы массалық үлесі 60% . А және В қай элементтер. Олар түзетін қосылыстарды атап, химиялық формулаларын және қасиеттерін көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз.

( 7 ұпай)


  1. Келесі химиялық өзгерістерді жүзеге асырыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар

FeS →SO2→NaHSO3→Na2SO4→NaNO3→O2→SO2→Ca(HSO3)2
(7 ұпай )

  1. Массасы 30 г калий нитратынан 40 °С температурада қаныққан ерітінді дайындау үшін қанша тұз қосу керек?

( 7 ұпай)


  1. Тотығу дәрежелері көрсетіліп тұрған бейметалдар жұбынан формула құрастыр.

А)Si+4 және F - Ә) Р+5 және CL- Б) Si-4 және H + В)Н+ және S -2
Г) N +5 және O -2 Д) C+4 және O-2 (3 ұпай)
11 сынып олимпиада сұрақтары


  1. Массасы 20г көмір жанғанда 33,6л ( қ.ж) газ түзілетін болса, көмірдің тазалығы қандай?

( 5 ұпай)

  1. 5,35 аммоний хлориді мен 10 г кальций гидроксидін қосқанда бөлінетін ( қ.ж) аммиактың көлемі қандай?

( 5 ұпай)


  1. 10 % 900 г глюкоза ерітіндісі ашығанда тығыздығы 0,95г/мл 8% спирттің қандай көлемі ( мл) түзіледі?

( 5 ұпай)



  1. Сутекпен салыстырмалы тығыздығы 36- ға тең қаныққан көмірсутектің формуласын құрындар, ол қандай зат және неше құрылыстық изомері болады?

( 7 ұпай)

  1. Тұрөзгерістерге сай реакция тендеуін жаз

CuO→CuSO4→CuCl2→Cu(NO3)2→CuO→Cu
(5 ұпай)

  1. Көлемі 20 л метанды жағу үшін қанша көлем ауа қажет, егер ауаның көлем бойынша 20% -ы оттегі болса?

(7 ұпай )

  1. А және В элементтері бір топта орналасқан А элементі сутекті қосылысында (II) валентті, бұл қосылыстағы сутектің массалық үлесі 11,1%. А және В элементтері өзара екі қосылыс түзеді. Газ тәріздес бірінші қосылыстағы А –ның үлесі 50%, ол суда еріп қышқыл түзетін екінші қосылыстағы массалық үлесі 60% . А және В қай элементтер. Олар түзетін қосылыстарды атап, химиялық формулаларын және қасиеттерін көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз.

(7 ұпай)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет