9-соөЖ тақырыбы: Әдебиеттің тектері мен түрлері. СӨЖ тапсырмалары



Дата10.03.2022
өлшемі13,77 Kb.
#27527

9-СОӨЖ тақырыбы: Әдебиеттің тектері мен түрлері.

СӨЖ тапсырмалары: С.Мақпырұлы. Лирикалық жанрлар.

Ал ХХ ғасырда жалпы лириканы тақырыптық тұрғыдан жанрларға жіктеу орнықты. Осы орайда С. Мақпыров: «Лирикалық шығармаларды тақырыптық тұрғыдан саралап, жіктеуге болады. Мәселен, қоғамдық-әлеуметтік, саяси мазмұндағы өлеңдерді әдетте азаматтық лирика, өмір-болмыс сырлары жайлы толғанысқа құрылған пәлсапалық лирика, ғашықтық-сүйіспеншілік немесе жеке бастық сезім күйлерін толғайтын өлеңдерді ғашықтық, әйтпесе интимдік лирика, көңіл-күй лирикасы, сондай-ақ, табиғат лирикасы деп талдау-таразылау әдебиеттану ғылымында бұрыннан бар үрдіс», - деп жанр мен тақырыптың үндестігін атап көрсетеді.



ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ лирикасының жанрлық сипаты дегенде, азаматтық, табиғат, махаббат, философиялық лирика деп жіктеп қарастырамыз. ХХ ғасырдың 20-40 жылдары жемісті еңбек еткен қазақ лириктерінің шығармашылықтарына көз салғанда олардың қай-қайсысының да айналып өтпейтін нысанасы бар екенін көруге болады. Ол – табиғат. Табиғат лирикасының алғашқы белгі, нышандарын халық поэзиясынан байқауға болады. Шындығында да, қазақтың халық поэзиясында табиғат суреті, жаратылыс көріністері үлкен орын алатыны белгілі. Бұлай болуы заңды нәрсе еді. Кең далада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жылдың төрт мезгілінде де кең сахарада, ашық аспан астында, өзен-судың жағасында өтетін қазақтың өзін әрдайым табиғаттың аясында, бауырында отырғандай сезінуі таңғаларлық құбылыс емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет