А. А. Сатбекова



жүктеу 1.4 Mb.
Pdf просмотр
бет1/12
Дата15.03.2017
өлшемі1.4 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 
 
 
 
 
А.А. САТБЕКОВА  
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ  
ЖӘНЕ  
ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2013 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
 
ҚАЗАҚ   МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗДАР  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  
УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
А.А.САТБЕКОВА  
 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ  
ЖӘНЕ   
ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2013 
«Қыздар университеті» баспасы. 

УДК 
ББК 
С 
 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 
Редакциялық баспа  кеңесінің  шешімімен ұсынылған 
 
Пікір жазғандар: 
 Г.Н.Смағұлова – филол. ғыл. докторы, профессор
 Р.С.Рахметова – педаг. ғыл. докторы, доцент.  
 
        Сатбекова А.А. 
С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі және жобалау технологиясы: 
Оқу құралы./ Сатбекова А.А. – Алматы: «Қыздар университеті» 
баспасы. 2013. - 210 бет. 
 
ISBN 
 
Оқу  құралында  жоғары  оқу  орындарының  гуманитарлық  бөлім 
студенттеріне  қазақ  тілін  жобалау  технологиясы  арқылы  оқыту  мәсе-
лелері теориялық және  практикалық тұрғыдан жан-жақты  қарастыры-
лады. Жобалай оқыту технологиясы студенттердің танымдық қызығу-
шылығын  дамытуды  да  көздейді.  Еңбекте  тілді  оқытудың  қазіргі  за-
манғы әдістемесіне кең көлемде орын берілген. Қазақ тілін оқыту әдіс-
темесі курсы  бойынша  студенттердің алған білімдерін  тексеру мақса-
тында тест тапсырмалары берілген. 
Оқу құралы өзгетілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытып жүрген 
оқытушыларға,  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне,  мектеп  мұ-
ғалімдеріне, сондай-ақ әдіскерлер мен магистранттарға арналады.     
  
ISBN 
УДК 
ББК 
 
     
 
     
 
 
                                                                                                    
                © Сатбекова А.А., 2013 
© «Қыздар университеті» баспасы,2013 

КІРІСПЕ 
 
Бүгінгі  таңдағы  Қазақстанның  әлемдік  білім  кеңістігіне 
енуге  деген  мүдделілігі  осы  салада  халықаралық  әлеуметтік 
және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту модель-
дерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман тала-
бына  лайық    отандық  білім  беру  стратегиясы  мен  тактикасын 
жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені «ұлттың бәсе-
келестік  қабілеті,  бірінші  кезекте,  оның  білімділік  деңгейімен 
айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім 
беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөз-
сіз»[1].  Бұл  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  аса  бір  маңызды 
буыны болып саналатын жоғары оқу орындарындағы оқыту үде-
рісін де түбегейлі жетілдіруді қажет етеді. Себебі жоғары білім 
дамуының негізгі қозғаушы күші болса, білімді де білікті маман 
– еліміздің ертеңін, жарқын келешегін құрушылар.  
Кәсіби білім берудің басты мақсаты – жас толқынның қа-
білеті  мен  қызығушылығына  қарай  кәсіби  әрекетті  игеруіне, 
белгілі бір мамандықтың иесі болуына жағдай жасау, мүмкіндік 
беру. Ал өз кезегінде сол  білім әр адамның өзін-өзі тануының, 
маман  ретінде  қалыптасуының,  өзін-өзі  көрсете  білуінің,  яғни 
ішкі мүмкіншілігі мен тұлғалық қабілеттерінің  ашылуының құ-
ралы болып табылады. Отандық тәжірибеге зер сала қарағанда, 
студенттерге  шынайы  білім  беру  бағытындағы  ең  мәнді  қадам 
деп олардың өздігінен ізденуіне, алған білімін нақты тәжірибеде 
қолдануына  жол  ашатын  кредиттік  оқу  жүйесіне  көшу  бары-
сында осы жаңа жүйенің мүмкіндіктеріне лайық жаңа техноло-
гиялардың да белсенді түрде енгізіле бастағанын айтуға болады. 
Сондықтан да соңғы жылдарда  жоғары оқу орындарында гума-
нистік  бағдардағы  «субъект-субъект»  қатынасына  негізделген  
білім беру  жүйесіне басымдылық берілуі инновациялық техно-
логияларды кең түрде зерттеп,  оларды оқыту үдерісіне білікті-
лікпен  батыл  енгізудің  қажеттігін    талап  етуде.  Бұл  Қазақстан 
Республикасының азаматы ретінде студенттердің жеке тұлғалық 
мәдениеті мен танымдық-практикалық қабілеттерін қалыптасты-
руға  мүмкіндік  беретін  осы  бағыттағы  ізденістерді  кеңейтудің 
және сол технологияларды  ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерде-
леп зерттеудің көкейкестілігін дәлелдейді. Ал студенттің тұлға-

лық  мәдениетінің  бір  арнасын  олардың  мемлекеттік  тілді  білу 
деңгейі құрайтындықтан, бұл пәнді оқытуда инновациялық тех-
нологияларды тиімді қолданудың жолдарын айқындау мәселесін 
шешу айрықша мәнге ие болып отыр. Кез келген технология бі-
лім  берудің  мақсатынан  бастап  оның  түпкі  нәтижесіне  дейінгі 
аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін барлық ком-
поненттің біртұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақ-
талған жолы болып саналады. 
Технология  –  грек  тілінен  аударғанда  «шеберлік»  деген 
ұғымды  білдіреді.    Бұл  сөздің  мағынасы  педагогика  саласында 
қолданғанда  шеберлікпен  өнім  алу,  нақты  нәтижеге  жету,  бел-
гілі бір жүйемен оқыту деген ұғымдарға парапар. Педагогикада 
оқыту  технологиясы  мен  білім  сапасы  бір-бірінен  ажыратуға 
болмайтын,  өзара  тәуелді,  өзара  сабақтас  егіз  ұғымға  айналды. 
Себебі  оқыту  технологиясының  тиімділігі  сапалы  нәтижелерге 
әкелетін факторларды үйлесімділікпен басқаруға тікелей байла-
нысты болса, ал үйлесімді басқару  жүйелілік арқылы сапаға қол 
жеткізудің  басты  шарты  болып  саналады.  Сондықтан  отандық 
та,  әлемдік  те  ғылымда  педагогикалық  технологияларға  арнал-
ған зерттеулер аясы кеңейе түсуде.  
Жобалай оқыту технологиясына қатысты ғылыми ізденіс-
тер уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, толығып, дамып ке-
леді.  Зерттелген  сайын  оның  жаңа  өрістерінің  де  кеңейе  түсуі 
бұл  мәселенің  өміршеңдігін  танытады.  Жобалай  оқыту  техно-
логиясының  алғашқы  соқпағы  ХҮІІ  ғасырдағы  Париждің  Ко-
рольдік сәулет академиясының тәжірибесінен басталады. ХХ ға-
сырдың  ортасынан  бастап  АҚШ-тың,  Германияның  білім  беру 
саласында,  ал  ғасыр  соңында  ТМД  елдерінің  оқыту  жүйесінде 
кең  өріс  алғаны  белгілі.  Жобалай  оқыту  технологиясының  тео-
риясын алғаш негіздеген ғалымдар Д.Дьюи [2] мен В.Килпатрик 
[3] болатын. Олар бұл технологияның әмбебаптық сипатын дәл 
анықтап, оның интеллект дамытудағы маңызын жоғары бағала-
ды.  Кейін  бұл  технологияның  теориясын  дамытқан  Е.С.Полат 
[4], В.Д.Симоненко [5],М.Б.Павловтардың [6]зерттеулері болды. 
Қазіргі  таңда  оқыту  технологияларының  жалпы  заңды-
лықтары мен қағидалары нақтыланып, оларды қолданудың өзін-
дік  жүйесі  бірізге  түсірілген  деп  кесіп  айту  орынды  болмас. 
Өйткені технология шеберлікпен, өнермен тамырлас ұғым бол-

ғандықтан, оның мүмкіндіктерінің де шексіз екені аян.  Әйтсе де 
олардың  аражігін  ажыратып,  әр  технологияның  өзіндік  сипат-
тарын пәнді оқытудың ерекшелігіне сай айқындап берген еңбек-
тер қатары молайып келеді. 
Білім беру жүйесінің әр буынында қазақ тілін мемлекеттік 
тіл  ретінде  меңгерту  үдерісінде  оқыту  технологияларын  жаңа 
қырынан  қарастырған,  оларды  таңдап,  талғап  қолданудың  ғы-
лыми-әдістемелік  мәселелерін  арнайы  зерттеген  жұмыстар  қа-
тарында  Ф.Оразбаеваның  қатысымдық  технологиясын  [7], 
М.Жанпейісованың  модульдік  технологиясын,  Қ.Қадашеваның 
жаңғырта  оқыту  технологиясын,  Р.Шаханованың  мамандыққа 
бейімдеп 
оқыту 
технологиясын, 
З.Бейсенбаева 
мен 
К.Жақсылықованың модульдік технологияларын, Н.Құрманованың
 
дамыта  оқыту  технологиясын,    Н.Оразахынованың  сатылай 
кешенді  талдау  технологиясы,  Н.Шадиеваның  деңгейлік  оқыту 
технологиясын,  К.Мухлистің  компьютерлік  технологиясын, 
белсенді  оқыту  әдістерін  зерттеген  Ж.Сүлейменова  мен 
Ә.Әлметованың 
сұхбаттық 
оқыту 
технологиясын, 
А.Жапбаровтың,  А.Қыдыршаевтың,  Ж.Дәулетбековалардың  тіл 
дамыту мен сөз  мәдениетін қалыптастыруға қатысты жаңа тех-
нология қағидаларын атауға болады.  
ҚР  Білім  және  ғылым  министрі  Б.Т.  Жұмағұловтың:  «... 
Біздің  болашағымыз  жоғары  оқу  орындарының  санында  емес, 
сапалы  да  сұранысқа  ие  білімінде  екенін  түсінетін  кез  келді» 
деген пікірі білім сапасына байыптылықпен қарап, оны жаттан-
дылықтан, жасандылықтан арылтып, студенттердің мүддесі мен 
қоғам  мүддесін  ұштастыра  алатын  жаңа  жүйелерді  таңдауды 
міндеттейді  [8].  Бұл  міндетті  орындауда  жобалай  оқыту  техно-
логиясының  ұтымдылығы  айқын  көрінеді.  Мұнда  студенттің 
өздігінен  әрекет  етуіне  қолайлы  жағдай  жасалады:  ол  бағдар-
лама көлемінен тыс білім қорын жинауға төселеді, сол қорды өз 
қажетіне  қарай  пайдалануға  дағдыланады,  қатысымдық,  тілдік-
лингвистикалық,  ақпараттық,  проблеманы  шешу,  мәдени-та-
нымдық  құзыреттіліктерді  меңгеруге  мүмкіндік  алады.  Сон-
дықтан  да  Қазақстан  Республикасының  Тіл  саясатын  [9], 
мемлекеттік  тілді  дамыту  саясатын  [10]  басшылыққа  ала  оты-
рып,  ЖОО-да  мемлекеттік  тілді  оқыту    барысында  жаңа  пара-
дигмаларға  сай  инновациялық  жүйелерді  енгізу  керек.  Себебі 

«тек сондай жүйе арқылы ғана білім алушыларды өз өмірінің әр 
қадамын  жобалай  алуына,  болашағына  жауапкершілікпен  қа-
рауға, өзі мен өзінің меңгеріп жатқан кәсібіне деген сенімін қа-
лыптастыруға  игі  ықпал  ете  алады»  [11].  Жасыратыны  жоқ, 
2006-2007  оқу  жылынан  бастап  қазақ  тілін  оқытуға  қосымша 
сағаттар  бөлінгенімен,  сол  мол  сағатты  пайдалы  және  сапалы 
қолдануға  қажетті  оқу-әдістемелік  жүйенің  ескіліктен  арыла 
алмауы  салдарынан  білім  нәтижесі  әлі  де  талапқа  сай  келмей 
отыр.  Оған  қоса  өзгетілді  дәрісханаларда  қазақ  тілін  оқытудың 
бірыңғай  Тұжырымдамасы,  Стандарты,  Типтік  бағдарламасы 
болмауы да білім сапасына кері әсерін тигізуде. Оқытудың түпкі 
нәтижесінің  нақтыланбауы  оны  қалыптастыруға  қажетті  тех-
нологиялардың    да  өз  деңгейінде  қолданылуына  кедергі  кел-
тіретіні  сөзсіз.  Ал  біздің  зерттеу  мәселеміздің  ғылыми  тұжы-
рымдары мен  практикалық ұсыныстары қазіргі таңда өріс алып 
отырған:  а)  жобалай  оқыту  технологиясының  жаңа  заман 
сұранымына  сай  білім  берудегі  мүмкіндігі  мен  оның  ғылыми 
дәйектелуі  арасындағы;  ә)  бұл  технологияның  кредиттік  оқу 
жүйесінің  талаптарымен  толық  үндестігі  мен  әлі  де  жаттанды 
оқытудан  қол  үзе  алмаған  білім  берудің  схоластикалық  жүйесі 
арасындағы;    б)  жобалай  оқытудың  өзгетілді  дәрісханаларда 
мемлекеттік тілді меңгертудегі тиімділігі мен оның нақты прак-
тикадағы  қолданысы  арасындағы  қайшылықтарды  шешуді 
көздейді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ 
САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
 

Дүниедегі қандай құбылыс болса да, сан мен сапаның өл-
шемі  арқылы  танылады.  Сапалылық    –  өмірдегі  барлық  құбы-
лысқа  тән  қасиет.  Сапа  құбылысқа  немесе  нәрсеге  тән  барлық 
сипаттардың  кешенді  болмысын  танытады  және  сол  сипаттар-
дың  адам  қажеттілігіне  немесе  осы  нәрсе  туралы  идеалдан-
дырылған  ғылыми  сипаттауларға  сәйкестігін  анықтайды.  Ғы-
лыми идеалдандырылған пайымдаулар шындық болмыстан жат-
танған  сияқты  болғанымен,    ғылыми  болжамдарға  сүйене  оты-
рып, сол құбылыстың өзгеруі мен дамуының объективті заңды-
лықтарын  білуге  негіз  қалайды.  Мұндай  пайымдаулар  бірден 
айқын қажеттілікке айнала қоймайды, бірақ сапаны анықтаудың 
бір өлшеуіші ретінде белгілі бір орын алады. Сондықтан да жо-
ғары  оқу  орындарында  білім  берудің  сапасын  қарастыру  үшін, 
алдымен, білім беру үдерісінің дамуына ықпал ететін, оны қор-
шаған ортаға тән заңдылықтарды кешенді тану қажеттілігі туын-
дайды.  
Стандарттаудың халықаралық ұйымы берген анықтамада: 
«Сапа –  обьектінің оған дейін қалыптасқан және алда күтілетін 
қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын қабілеттері болып сана-
латын сипатының жиынтығы», -делінген [12]. Олай болса, білім 
берудің сапасы тек түпкілікті нәтиже  деп қана қарастырылмай-
ды  екен.  Сонымен  бірге,  білім  берудің  сапасы  сол  нәтижеге 
тиімділікпен қол жеткізетін мүмкіндіктер мен әлеуеттер, сыртқы 
және  ішкі  үйлесімді  күштерді  дұрыс,  ретпен  жұмсаудың  және 
сапалы  қасиеттерді  қалыптастырудың  үдерісі  ретінде  де  таны-
лады. 
Білім беру саласы да адам баласының барлық қызмет түрі, 
үдерісі, қол жеткізген нәтижесі сияқты, белгілі бір сапа көрсет-
кішіне ие болады.  Білім берудің сапасы дегеніміз  – білім беру 
үдерісінің кешенді түрдегі сипаты. Ол сипаттар кәсіби сапа мен 
кәсіби  құзыреттілікті  бірізділікпен,  сабақтастықты  сақтай  оты-
рып  практика  жүзінде  тиімділікпен  қалыптастырады.  Ғылыми 
еңбектерде  білім  беру  сапасының  сипаты  үш  жүйеге  бөліп 
қарастырылады.  Оны  мынадай  модель  арқылы  көруге  болады 
(1-сурет). 
Мұндағы  үш  негіз:  жоғары  оқу  орнының  әлеуеті,  оқыту 
үрдісінің  ұйымдастырылу  деңгейі  және  студенттер  білімінің 
нәтижесі нақты оқу мекемесінің сапалық деңгейін өлшеуде тірек 

етіп алынатынын көрсетеді. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байла-
нысты  екендігі  сөзсіз.  Мәселен,  жоғары  оқу  орнының  басшы-
лығы  мен  оқытушы-профессорлар  құрамының  әлеуеті  жоғары 
болмаса, олар оқыту үдерісін жаңа заман талабына лайық жетіл-
діре жүргізе  алмасы  анық.  Яғни  онда  студенттердің  кәсіби  ше-
берліктерін  қалыптастыру  мәселесі  педагогикалық  тұрғыда  да, 
техникалық-базалық  тұрғыда  да  шешімін  таба  алмайды.  Бұл  өз 
кезегінде  білімнің  нәтижелілігіне  нұқсан  келтіреді.  Сондықтан 
білім сапасын өлшеуде олар бірдей мәнге ие болады.  
      
1-сурет – Білім беру сапасы сипатының моделі 
 
Жоғары  оқу  орындарында  білім  беру  сапасы  бірден  қа-
лыптаспай,  біртіндеп,  кейде  стихиялы  түрде  қалыптасуы  да 
мүмкін. Бірақ қанша стихиялы десек те, білім беру үдерісін бас-
қару  мүмкіндігі  жойылып  кетпейді  және  ол  міндетті  түрде  ес-
керілуі керек.  
Қазақстан  Республикасының  Жоғары    білім  беру  жүйесі 
1991 жылдан 2007 жылдарға дейінгі аралықта еліміздің барлық 
Білім беру сапасының сипаты 
Білім беру нәтижесінің 
сапасы 
Кәсіби  шеберлікті  
қалыптастыру  үдерісінің 
сапасы 
Білім беру мақсатына жету 
әлеуетінің  сапасы 

салалары  сияқты  дамудың  қиын  кезеңдерін  басынан  өткерді. 
ЖОО  даму  үрдісі  (тенденциясы)  қазақстандық  жоғары  білім 
беру  жүйесінде  бакалавриат,  магистратура,  PhD  деңгейлерін,  
дәстүрлі оқыту жүйесінен басқа TASIS  жүйесін,  кредиттік оқу 
технологиясын енгізу арқылы дүниежүзілік тиімді және жоғары 
білімді  маман  даярлаудың  озық  модельдерін  таңдаумен  байла-
нысты жүргізілді. Сондықтан жоғары білім берудің сапасын арт-
тыру мен оны басқару мәселесі барлық педагогикалық және ди-
дактикалық бағыттағы зерттеу жұмыстарының зерттеу нысаны-
ның бір арнасы ретінде қарастырылатыны сөзсіз. 
Қазақстандық  жоғары  оқу  орындарында  білім  беру  сапа-
сын дамытуда жалпы білім беру саласының барлығына тән жал-
пы заңдылықтар жүйесін ұстануымыз керек (2-сурет). Оның ая-
сына  білім  беруді  дараландыру,  білім  беруді  шығармашылдан-
дыру, оза оқыту, білім беру сапасы рөлін арттыру, үздіксіз білім 
алу, білім берудің көпдеңгейлілігі мен шоғырлылығы, білім бе-
руді  жеделдету,  білім  берудің  мақсатты  бағдарларының  ауысу, 
білім  беруді  компьютерлендіру  және  білім  берудің  ұлтаралық 
және  халықаралық  деңгейлерге  өту  заңдылықтары  енеді.  Бұл 
заңдылықтар жалпы болғанмен, әр оқу орнының өзіндік ерекше-
ліктері, қалыптасқан дәстүрі мен даму мүмкіндіктері және білім 
беру саласына қойылып отырған жалпы талаптар өзара бірлікте 
ескерілуі  тиіс.  Қазіргі  таңда  отандық  білім  беру  жүйесін дамы-
туда  сақталатын  бұл  заңдылықтардың  сипатын  жобалай  оқыту 
технологияларымен сабақтастықта алып қарастырайық. 
  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-сурет – Қазақстандық ЖОО білім берудің сапасын дамыту 
заңдылықтары 
ЖОО-да   білім    беруді сапаландыру    заңдылықтар     жүйесі 
Білім беруді 
шығармашылдандыру 
заңдылықтары 
Білім беруді  
дараландыру 
заңдылықтары 
Білім беру сапасы 
рөлінің арту 
заңдылықтары 
Оза оқыту  
(опережающее) 
заңдылықтары 
Білім берудің 
көпдеңгейлілігі мен 
шоғырлылығы 
заңдылықтары 
Үздіксіз білім алу 
заңдылықтары 
Білім берудің 
мақсатты 
бағдарларының 
ауысуы 
заңдылықтары 
Білім беруді 
интенсивтендіру 
заңдылықтары 
Білім берудің 
ұлтаралық, 
халықаралық 
деңгейге өтуі 
заңдылықтары 
Білім беруді 
компьютерлендіру 
заңдылықтары 

Білім  беруді  дараландыру  заңдылықтары.  Қазақстан  Рес-
публикасының  «Білім  туралы»  Заңында  білім  берудің  даралан-
дырылуы туралы мәселелер толық шешім таппағандықтан, олар 
әлі  де  кеңейте  қарастыруды  қажет  етеді.  Қазіргі  ЖОО-дар  тә-
жірибесіндегі  кредиттік  оқу  жүйесінің  басты  артықшылығы 
ретінде  «Таңдау  курстары»  беріліп  жүр.  Бұл  курстарды  ұйым-
дастырудың теориялық мәселелері біршама анықталған. Бірақ іс 
жүзінде  студенттердің осы курстарды таңдауы барлық уақытта 
сол талаптарға сай  жүзеге асырыла бермейді.  
Шын  мәнінде,  білім  беруді  дараландыру  заңдылығы  сту-
денттің өзінің мүмкіндігі мен қажетіне қарай білім алу құқығын 
сақтай отырып, болашақтағы кәсіби өсу жолына қажетті курстар 
мен тақырыптарды дұрыс іріктей білуіне жеке жауапкершілігін 
қалыптастыруды  көздейді.  Әрине,  білім  беруді  дараландыру 
жалпы  білім  беру  үдерісінің  өзге  заңдылықтарына  кері  әсерін 
тигізбеуі  тиіс.  Білім  беруді  дараландыру  –  студенттің    өзіндік 
білім бағдарламасын құруымен ғана емес, өзіндік жұмысты оқы-
тушылармен  біріге отырып ұйымдастыруымен жүзеге асырыла-
тын  ерекше  үдеріс.  Ал  бұл  заңдылық  жобалай  оқыту  техноло-
гиясы  талаптарымен  де  толық  үндеседі,  өйткені  бұл  техноло-
гияның  мәні  студенттің  өзіндік  шешімдеріне  тәуелді  болып 
келеді. 
Білім  беруді  шығармашылдандыру  (креативтендіру)  заң-
дылықтары.    Студенттердің  білім  алу  үдерісін  дұрыс  ұйымдас-
тыру мен басқаруда шығармашылдандыру заңдылықтарын бас-
шылыққа  алу  арқылы  қазақстандық  жоғары  оқу  орындарында 
білім  берудің  көптеген  мәселелерін  жастардың  ойлау  қабілетін 
дамыта  отырып  шешу  мүмкіндіктерімен  бірлікте  қарастырған 
абзал. Жоғары оқу орнын бітірген жас маман белгілі бір маман-
дықтың  орындаушысы  ретінде  ғана  емес,  сол  кәсіпте  шығар-
машыл,  қиынды  оңайлату  жолдарын  іздеп  таба  алатын  таным-
дық белсенділігі жоғары тұлға деңгейіне көтерілуі керек. 
Білім  беру  үдерісінің  шығармашылық  сипаты  оқу  пәні 
бағдарламаларының мазмұндық-құрылымдық жүйесі, білім беру 
технологиялары  мен  әдістемелерінің  түрлендірілуі,  ақпараттық 
технологиялардың  қолданыс  өрісі  және  профессорлық-оқыту-
шылар  құрамының  шығармашылық-креативтік  әлеуеті  арқылы 
анықталады  әрі  жүзеге  асырылады.  Бұл  заңдылықтың  жүзеге 

асуының  басты  көрсеткіштерінің  бірі  студенттің  шығармашы-
лық  әлеуетін  көтеруге  бағытталған  оқыту  технологияларын, 
оның ішінде оның өздігінен жол табуына негіз қалайтын жоба-
лай оқыту технологиясын қолдану болып саналады. 
Оза оқыту  (опережающее) заңдылықтары. Жалпы білім 
беру үдерісі  – әрдайым қозғалыста болатын, динамикалық бол-
мысы ерекше көрінетін құбылыс. Жоғары оқу орнына мемлекет 
тарапынан берілетін тапсырыс сол мемлекеттің қоғамдық-әлеу-
меттік  болмысы  мен  экономикалық  мүмкіндіктеріне  сай  келуі 
тиіс. Сондықтан заман талаптары мен ғылым мен техника жетіс-
тіктеріне  лайық  жалпы  білім  беру  жүйесінің  жаңалыққа  бейім 
болуы және ең бастысы, жаңалықтарды алдын ала сезініп, келер 
уақыттың  маманын  даярлап  шығуға  алдын  ала  даяр  болуы 
керек.  
Сапа  теориясының    осы  көрсетілген  заңдылығына  сүйен-
сек,  бүгінгі  өзгермелі  дүние  жағдайында    жоғары  білім  алған 
маман өндіріске араласқан кезде, ол жаңа талаптармен бетпе-бет 
келуі, өзі алған білімнен де жоғары әлеуетті қажет ететін басқа 
арналарға  тап  болуы  мүмкін.  Сондықтан  оза оқыту    заңдылық-
тары, әсіресе, жоғары білім беру жүйесіне тән болуы керек. Бұл 
орайда да жобалай оқыту технологиясы ауқымында студенттер-
дің кез келген жағдаяттарда өздігінен шешім жасауға дағдылан-
дырылуы өз көмегін тигізері хақ. 
Үздіксіз білім алу заңдылықтары. Үздіксіз білім алу – ХХ 
ғасырда  басталған,  ХХІ  ғасырдың  тұрақты  белгісіне  айналған 
құбылыс. Заманауи  жетістіктер мамандардың өз білімін үздіксіз 
толықтырып отырмаса, тез уақытта артта қалып қою қаупін күн-
нен-күнге  арттырып  келеді.  Осымен  де  байланысты,  жоғары 
білім  беру  жүйесі әрдайым  үздіксіз  білім  беру  заңдылықтарын, 
олардың  білім  берудің  сапалылығын  арттырудағы  мәні  туралы 
мәселелерді  күн  тәртібіне    өткір  қойып  отырады.  Қазіргі  кезде 
көптеген мамандар мемлекеттік тілді оқытудың маңыздылығына 
байланысты,  қазақ  тілінің  оқытушысы  мамандығын  екінші  ма-
мандық, үшінші мамандық ретінде игеріп жатуы – соның бір дә-
лелі.  Сондықтан  гуманитарлық  бөлім  студенттеріне  қазақ  тілін 
оқытуда  олардың  қазақ  тілін  терең,  саналылықпен  өз  бетімен 
меңгеруіне  мүмкіндіктер жасау қажеттігі анықталады. Осы тұр-
ғыдан алғанда өздігінен білім алуға қажетті өмірлік дағдыларды 

меңгертуде  жобалай  оқыту  технологиясы  арқылы  қалыптасты-
рылатын арнайы біліктер жеткілікті. Өйткені бұл технологиямен 
жұмыс істеу арқылы студент бағдарламадан тыс қосымша білім 
көздерін пайдаланып, өз әлеуетін көтеруге үйренеді. 
Білім  беруді  интенсивтендіру  заңдылықтары.  Ғылым 
жүйесі  дамыған  сайын  жоғары  оқу  орындарында  игерілуі  тиіс 
деп  саналатын  білім  мазмұны  мен  білім  көлемі  де  өзгеріп, 
жетіліп,  толығып,  жаңарып  отырады.    Білім  беруді  интенсив-
тендіру    студенттердің  интеллектуалдық даму  деңгейіне байла-
нысты  болады.  Сондықтан  әрбір  жоғары  оқу  орны  білім  алу-
шылардың ақыл-ой қабілеттері мен тұлғалық қасиеттерін жетіл-
діруге  барынша  тиімді  жаңа  оқыту  технологиялары  мен  әдіс-
терді де  оқу үдерісіне  дер кезінде енгізе білуі де бұл мәселені 
шешудің  дұрыс  жолы  болып  табылады.  Егер  қазіргі  дәуір  та-
лабы  білімді  өздігінен  меңгеруге  бейім  тұлғаны  қалыптастыру 
болса, мұнда да жобалай оқыту технологиясы негізінде студент 
меңгеретін  кәсіби-танымдық  дағдылардың  маңызды  рөл  атқа-
ратыны сөзсіз.  
Білім  беруді  компьютерлендіру  заңдылықтары.    Бұл  заң-
дылық  білім  беру  үдерісін  заманға  сай  компьютерлік  техноло-
гиямен  қамтамасыз  ету  арқылы  шешіледі.  Бірақ  оны  сабақта 
компьютерді  оқу  құралы  ретінде  қарапайым  қолдану  деп  тү-
сінбеу керек.  Онда қазақ тілін сапалы оқыту үшін компьютерлік 
технологияны, мультимедиалық сабақтарды, электронды оқу құ-
ралдарын  қолдану  осы  заңдылықтың  жүзеге  асырылуын  таны-
тады. Ал студенттер жобалай оқыту технологиясы бойынша жұ-
мыстарды  орындау  барысында  жинақтаған  материалдарын  қы-
зықты,  тартымды,  сапалы  етіп  жеткізу  үшін  ақпараттық  техно-
логияның алуан түрлі тәсілдерін қолдануға мүдделі болады.  
Білім беру сапасы рөлінің арту заңдылықтары. Дүниедегі 
қандай  құбылысты  алсақ  та,  сандық  және  сапалық    сипаты  ар-
қылы  танылады.  Соңғы  жылдары  Қазақстанда  заңгерлер  мен 
экономистерді  даярлаудың  шамадан  тыс  артып  кеткені  белгілі. 
Бірақ сапа жағы санға сәйкес еместігі де жасырын емес.  Әрине, 
мамандарды даярлаудың сандық та, сапалық та қыры маңызды. 
Жоғары  оқу  орындарының  гуманитарлық  бөлімдерінде  екінші 
тіл  ретінде  оқылатын  қазақ  тілі  пәнінің  сапалы  оқытылуы 
кредиттік жүйеде бөлінген сағат санына да, соларды жаңа оқыту 

технологияларымен  оқытылуына  да  көптен-көп  байланысты. 
Болашақ мамандарға, мұғалімдерге мемлекеттік тілді еркін қол-
дануға  ғана  емес,  оны  дамыту  мен  сақтауға  да  қажетті  дағды-
ларды өз бетімен меңгеруінде жобалай оқыту технологиясының 
берері аз емес. Өйткені білім сапасы студенттің бойында қалып-
тасатын  құзыреттілікпен  өлшенсе,  сол  құзыреттіліктердің  қа-
лыптасуының бірде-бір кепілі осы технология болып саналады. 
Онда студент коммуникативтік, ақпараттық, проблеманы шешу, 
мәдени-танымдық  құзыреттіліктерді  еркін  меңгеруге  мәжбүр-
ленеді. Осы мәжбүрлік білім сапасына оң әсер етеді. 
Білім берудің көпсатылығы және шоғырлылығы (циклды-
ғы)  заңдылықтары.    Білім  беру  жүйесін  демократияландыру 
және білімнің сапасына үлкен талаптар қою, білім беруді техно-
логияландыру – білімдік үдерістердің шоғырлылығы мен  көпса-
тылығынан танылады.  Білімнің шоғырлылығы деген – білім алу 
үдерісін  уақытша  үзіп,  оны  практикалық  тұрғыдан  тану  және 
қажетті жағдайда дәл сол мамандық бойынша не туыс мамандық 
бойынша жалғастыру мүмкіндігін білдіреді. Сөйтіп, қазіргі білім 
алуға  ден  қойған  кез  келген  адам  өзінің  кәсіби  шеберлігін  бір-
тіндеп  сатылай  отырып  шыңдай  алатын  мүмкіндікке  ие  болып 
отыр.  Мұнда  да  өзін-өзі  дамытуға,  өз  бойындағы  қабілеттерді 
жүзеге  асыруға  мүдделілік  тудыратын  жобалай  оқыту  техноло-
гиясының маңызы үлкен. Өйткені бұл технология студенттің өз 
мүмкіндігі  мен  өзіне  қойылып  отырған  талаптарды  үйлестіре 
қолдануға үйрететіні кәміл. 
Білім  берудің  мақсатты  бағдарларының  ауысып  отыру 
заңдылықтары.    Қоғамдағы  үрдістердің  (тенденция)  дамуына, 
өзгеруіне  байланысты  білімдік  мақсаттар  да  өзгереді.  Мысалы, 
кеңестік білім жүйесіндегі негізгі мақсат –  халық шаруашылы-
ғының белгілі бір саласында ғана қызмет етуге бағытталған қа-
жетті маман даярлау болса, қазіргі уақытта жеке адам тарапынан 
да,  қоғам  тарапынан  да  негізгі  білімдік    мақсат  –  адамдық  ка-
питал  қалыптастыру  болып  отыр.  Бұл  жердегі  капитал    –  қол 
жеткізілетін жетістіктер мен олардың сапасы, мүмкіндіктер бай-
лығы  мен  сан  түрлілігі.  Әлеуметтік  тұрғыдан  келетін  болсақ, 
капиталға  өзіндік әрекет негізінде тиімді сапаға қол жеткізу мә-
дениеті  деп  анықтауға  болады.  Бұл  да  жобалай  оқыту  техно-
логиясының  түпкі  мақсатымен  толық  үндеседі.  Өйткені  бұл 

технологияның  да  басты мақсаты  –  дара  тұлғаның  әлеуетін  кө-
теру,  бәсекеге  қабілеттілігін  дамыту.  Бұл  –  қазіргі  қоғамдық-
әлеуметтік сұраным талабы. 
Білім берудің ұлтаралық, халықаралық деңгейге өтуі заң-
дылықтары.    Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру 
жүйесінің қазіргі кезеңдегі бір ерекшелігі ретінде отандық білім 
жүйесінің  интернационализациялануын  айтуға  болады.  Күн 
өткен сайын қазақстандық дипломды мамандардың шетелдерде 
де  сұранысқа  ие  болуы  қажеттілігінің  маңызы  артып  келеді. 
Мұның  өзі  жаһандану  үрдісіне  тән  экономикалық,  әлеуметтік-
саяси  құбылыстармен  тікелей  байланыста  туындап  отырған 
құбылыс.  Қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  интернационали-
зациялануы дегенді оның ұлттық ерекшелігі унификацияланып, 
жойылуға алып келеді деп ұғынылмауы керек.  
Әр  заман  ағымының    өзіндік  ерекшеліктері  уақыт  өткен 
сайын  жетіліп,  басқа  ағымдармен  байланысып,  басқа  түрдегі 
оқу-тәрбие ілімдерінен жаңа реңк алып отыруға бейім келетінін 
өмірдің  бүгінгі  қалпы  көрсетіп  отыр.  Қазақстандық  жоғары  бі-
лім  беру  жүйесіне  кредиттік  технологияның  енгізілуі,  Болон 
декларациясы  ұстанымдары  енгізілуі  –  еуропалық  оқыту  моде-
лінің жай әшейін көшірмесі емес.  Қандай да бір модельді көші-
ріп алып келе салғанның өзінде сол елдің, жердің, ұлттың ерек-
шелігі  оған  өзіндік  өзгерістерін  қоспай  тұрмайды.  Сондықтан  
жаңа  енгізілген  білім  беру  моделінде  қазақстандық  білім  беру 
жүйесіндегі мынадай ерекшеліктер айқын танылып тұрады: 

 
болашақ  мамандардың  кәсіби  болмысы  қалыптасуы 
үшін қажетті білім жүйесін қалыптастырушы Қазақстан Респуб-
ликасының  Мемлекеттік  стандарттары  арқылы  бірыңғай  білім 
аясының құрылуы; 

 
Қазақстандағы  мамандардың  қай  салаға  қажеттілігін 
анықтайтын экономиканың даму деңгейінің ықпалы; 

 
студенттердің  болашақтағы  өзінің  кәсіби  саласында 
жоспарлар  құра  білу  және  оған  қол  жеткізу  қадамдарын  алдын 
ала  болжай  алуына,    өздігінен  шешім  жасай  алуына  мүмкін-
діктер беретін жаңа оқыту технологияларын қолдану; 

 
Қазақстанның  дүниежүзілік  деңгейде  өзіндік  бол-
мысын танытатын ұлттық мәдени және тарихи құндылықтарын 
меңгертуге бағдар ұстау; 


 
білім  берудің    практикалық  бөлімінің  басым  келуіне 
бейімделу; 

 
студенттерге қандай салада болса да ғылыми көзқарас 
тұрғысынан шешім жасауға дағдылануына бетбұрыс жасау

 
қандай мамандықты меңгертуде болса да білім берудің 
гуманистік сипатына басымдылық беру. 
Қазақ  тілін  оқытудың  сапасы  туралы  айту  үшін  оны  ай-
қындайтын  параметрлері танылуы керектігі белгілі.  Білім беру 
жүйесі  сапасының  параметрлері  –  сапаны  қалыптастыратын 
факторлардың,  сол  факторлардың    қызметіндегі  өлшемдер  мен 
ерекшеліктердің  жиынтығы  және  олардың  өзара  тығыз  байла-
ныста қызмет ету барысы. 
Білім беру сапасын қалыптастыратын факторлардың ішін-
дегі бастылары: 

 
білім беру мақсаты; 

 
білім берудің әлеуеті болып саналады. 
 
 



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет