Ақ Алматы технологи



бет1/31
Дата04.03.2022
өлшемі381 Kb.
#27046
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


АҚ «Алматы технологиялық университеті»

ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ


KV OSL 2207 - «Операциялық жүйелер Linux»
6В06102 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар



Алматы 2020

Кіріспе

Компьютердегі орындалатын барлық операциялар бағдарламаның көмегімен жүзеге асады. Жүйелік бағдарламалық жасақтама компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы бағдарламалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған. Оған операциялық жүйелер, утилиттер, сервистік бағдарламалар жатады.
Операциялық жүйе компьютер мен басқа бағдарламалар арасындағы алғашқы және негізгі дәнекер. Егер компьютерге операциялық жүйе орнатылмаса, онда компьютер бірде-бір команданы орындай алмайды, тіпті жүктеле алмайды. Кейінгі уақытта Linux операциялық жүйесі кеңінен қолданылуда. Linux операциялық жүйесі қарапайым, жұмыс жасауға ыңғайлы және ашық кодты операциялық жүйе.
Linux-ты кез-келген жергілікті торапта интегралдауға болады. Linux операциялық жүйесінің жүйелік жадысы 4Кбайт көлемді бет түрінде ұйымдастырылған. Егер операциялық жүйе толығымен толса, онда ол көптен бері қолданбаған жады беттерін іздейді. Егер бұл беттердің қайсыбіреуі керек болса, Linux дисктен оларды қайтадан қалпына келтіреді. Алғашында Linux Intel 386/486 негізіндегі дербес компьютерге арналған, қазір Pentium негізіндегі микропроцессорлармен жұмыс істеуге болады.
Линус Торвальдс ядро өнімін өзгертуін жалғастырып келе жатқанына байланысты дистрибутивтер сияқты бұтақталмай ядро версиясы да өзгеріп отырады. Linux ядросының версиялары нүктемен ажыратылған 3 санмен анықталады.
Әдістемелік нұсқаудың негізгі міндеті: Linux операциялық жүйесінде жұмыс жасау негіздерін үйрету; студенттердің болашақ мамандықтары үшін Linux операциялық жүйесін пайдалануға дайындау; Linux операциялық жүйесі дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мәліметтермен таныстыру. Студенттерді Linux операциялық жүйесінің негізгі түсініктерімен таныстыру және дербес компьютерде Linux операциялық жүйесінің командаларымен, қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда жоғарыда айтылған «Linux операциялық жүйесі» пәнінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес теориялық мәліметтер беріліп, әрбір тақырып бойынша жинақталған-зертханалық жұмыстарда студенттердің өз беттерімен орындауларына арналған тапсырмалар мен оларды орындау реті баяндалған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет