А. Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі. Қауіпсіздік және мектеп ережесі Сыныбы: ә, б Сынып жетекшісі: Садыкова А. М



бет1/5
Дата02.06.2022
өлшемі28,23 Kb.
#36228
  1   2   3   4   5

А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі.
Қауіпсіздік және мектеп ережесі

Сыныбы: 6 ә, 6 б
Сынып жетекшісі: Садыкова А.М

2020-2021 оқу жылы


Мектеп оқушыларына қойылатын талаптар мен оқушы ережесі


  1. Мектеп мүлкіне тиянақты қарау, тазалықты және тәртіпті сақтау. Мектеп аумағында және мектептің ішінде қоғамдық пайдалануға қажетті заттарға «парта, стол, орындық, шкаф, тақта, киім ілгіш т:б) зиян келтіруге және электр құрылғыларын бұзуға, оңдауға, электр көзі келіп тұрған құрылғыларға бөгде заттарды тығуға яғни сым, шеге т.б заттар тиым салынады; Мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда шығынын өтеу (ата-анасына жүктеледі).

2.Ұстаздардың берген тапсырмасын орындау, оқушы құрбыларын сыйлау, ұстаздармен басқа да үлкен адамдарды құрметтеуге міндетті.
3.Мектепке оқу құралдарынан басқа артық заттар әкелуге тиым салынады (фишка, хлопушка, спирттік ішімдік,темекі, насыбай және т.б зиянды заттар).
4.Оқушыға мұғалімнің рұқсатынсыз немесе қадағалауынсыз терезені ашып жабуына болмайды.
5.Оқушылардың жол қауіпсіздігіне байланысты, мектепке велосипедпен келуге рұқсат етілмейді. Себебі 15 жасқа дейінгі жасөспірімге заң бойынша көлік жүретін жолда өз бетімен велосипед жүргізуге рұқсат жоқ.
6.Өзгеге кұш көрсету, бопсалау,қорқытуға тиым салынады.
7.Мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз өз бетімен сабақты тастап кетуге болмайды. (ата-анасының сұраныс қол хатымен босатылады)
8.Сабақты себепсіз қалдырмауы тиіс. Сабаққа келмей қалған күні оқушы сынып жетекшісіне себеп салдарын айтып хабарласуы қажет, ауырғаны жөнінде дәрігердің анықтамасын әкелуі тиіс.
9.Смартфон телефондарын сабақ уақытында мектепте ұстауға рұқсат етілмейді.
10.Оқушы мектепке сабақ басталуға 15 минут қалғанда келуі тиіс. Сабаққа кешікпеу керек, кешіккен жағдайда кезекші мұғалім немесе мектеп әкімшілігінің рұқсатымен сабаққа жіберіледі.
11. Мектептің «Жарлығына» сай бекітілген киім ұлгісін киюге және екінші аяқ киім алып келуге міндетті.
12.Сабақ кезінде қоңырау соғылған соң әрбір оқушы өз орнында болып сабаққа қажетті құралдарын шығарып дайындалып отыруы тиіс.
13.Оқушы сабақ үстінде сағыз,плеер, смартфон телефондарын т.б бөгде заттарды пайдалануға болмайды.
14.Үзіліс кезінде оқушылар өз сыныптары орналасқан қабатта болады және дәлізде жүгірмеу, баспалдақта итерісіп ойнамау керек.
15.Көпшілік орында, концерт залында немесе саптық жиындарда оқушы өзін мәдениетті ұстауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет