«А. Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» кмм 2022 – 2023 оқу жылы Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жылдық жұмыс жоспары Кеңес мақсаты



Дата19.10.2022
өлшемі24,17 Kb.
#44032

« А.Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі » КММ
2022 – 2023 оқу жылы
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жылдық жұмыс жоспары


Кеңес мақсаты: «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591-II Заңын орындау, кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыру, оларға адамгершілік және салауатты өмір салты негіздерін дарыту. Алдын алу кеңесі құқық бұзушылықтың алдын алу процесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің, ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың, қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіреді.
Кеңесі қызметінің міндеттері:

  • оқушылар арасындағы құқық бұзушылық проблемаларының жай-күйіне мониторинг жасау;

  • құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйені құру және жұмысты ұйымдастыру;

  • кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуына, олардың қылмыс, құқық бұзушылық, қоғамға жат іс-әрекеттер жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;

  • кәмелетке толмағандарды қылмыстық немесе қоғамға қарсы қызметке тарту жағдайларын анықтау және жолын кесу.



Іс – шара тақырыптары

Мерзімі

Жауаптылар

1

Құқық бұзушылықтың алдын алу,қылмыс пен күрес кеңесін құру, жұмыс жоспарын бекіту.

тамыз



ДТІЖО К.Кашкенова

2

Оқушылардың заңдарды, құқықтары мен міндеттерін білуі бойынша зияткерлік турнирлер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру

Жыл бойы

ДТІЖО К.Кашкенова

3

Балалар мен жеткіншектерді үйірмелерге, спорттық секцияларға, қосымша білім алуға жұмылдыру, ұйымдастыру

қыркүйек

ДТІЖО К.Кашкенова,
Үйірме жетекшілері

4

Мектеп оқушылары арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу, құқықбұзушылықты болдырмау бойынша жасырын сауалнамалар алу және мектепке суық қару әкелудің алдын алу шараларын ұйымдастыру

Тоқсан сайын

ДТІЖО К.Кашкенова,
Мектеп педагог – психологы Г.Қ.Елжанова

5

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар туралы ақпарат.

қазан

Класс жетекшілер

6

Есірткілік заттарды, синетикалық есірткілерді және оларға ұқсас заттарды қолданудың неге алып келетінін түсіндіру. (9-11 сынып оқушыларымен)

қазан

Класс жетекшілер

7

«Заң және қоғам» құқық апталығын өткізу

қараша

Құқық пәнінің мұғалімі Р.Т.Байниязов

8

Құқықтық білім апталығы аясында «Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмыстық жауапкершілік» дәріс.

Жыл бойы

Учаскелік полиция инспекторы А.Ш.Тлеукулов

9

«Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың білім беру мекемесіндегі құқықтары» Ата-аналармен кездесу. Отбасындағы тәрбие бойынша кеңестер.

қараша

Класс жетекшілер

10

Ата – аналар жиналысы

Тоқсан сайын

ДТІЖО К.Кашкенова

11

Баяндама «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары»

желтоқсан

Дінтану пәні мұғалімі Ж.Қ.Тауланбаев

12

Зиянды заттарды қолданудың алдын алу және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыс.

қаңтар

Класс жетекшілер
9-10-11 сыныптар

13

Рейдтердің өтуін үнемі бақылау

тұрақты

Учаскелік полиция инспекторы А.Ш.Тлеукулов

14

5-11 сынып оқушыларының аутодеструктивті көңіл-күйін анықтау үшін сауалнама нәтижелерін талдау. Суицидті және жағымсыз ағымдарды насихаттайтын әлеуметтік желілердің, интернет қауымдастықтардың мониторингін талдау.

ақпан

Мектеп педагог – психологы Г.Қ.Елжанова

15

Құқық бұзушылықтың алдын алу

тұрақты

ДТІЖО К.Кашкенова

16

Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ауыл полиция – инспекторы А.Ш.Тлеукуловпен жасөспірімдер арасында кездесу

Жыл бойы

ДТІЖО К.Кашкенова

17

2022-2023 оқу жылының 3 тоқсанына есепке алу санаттарына жататын (аз қамтылған, көп балалы, қолайсыз, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) баланың отбасындағы өзара қарым-қатынастарды анықтауды ескере отырып, рейдтік жұмыспен өтеулерді талдау. 

наурыз

Әлеуметтік педагог Э.Н.Убишева

18

Мектеп оқушылары арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу, құқықбұзушылықты болдырмау бойынша жасырын сауалнамалар алу және мектепке суық қару әкелудің алдын алу шараларын ұйымдастыру 

сәуір

Мектеп педагог – психологы Г.Қ.Елжанова

19

Жыл бойы өткізілген іс – шараларды қорытындылау, әлеуметтік желіге ақпарат беріп отыру.

мамыр

ДТІЖО К.Кашкенова

20

1-мамыр –Балаларды қорғау күніне іс-шаралар ұйымдастыру

маусым

ДТІЖО К.Кашкенова,
Тәлімгер А.С.Алиева

Орындаған: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Кашкенова

Бекітемін:


Мектеп директоры: Г.Ш.Жаксыбаева
« 29 »­ тамыз 2022 ж


Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің
жылдық жұмыс жоспары


2022 – 2023 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет