А мәтіні.Ғаламтор мақаласынан үзінді. «Қыз ұзату» салты



Дата19.12.2022
өлшемі36,5 Kb.
#58150

Төменде берілген 2 мәтінді оқып,тапсырмаларды орындаңыз.
А мәтіні.Ғаламтор мақаласынан үзінді. «Қыз ұзату» салты Қыз баласын құрметтеп, оң жақтан орын беретін халықпыз. Балиғат жасына толған соң, аялы алақанда мәпелеп өсірген аяулы бойжеткеннің де ұзатылар уақыты келеді. Енді ежелден келе жатқан салт-дәстүрге сүйенсек, қызының ұшқан ұядан ұзап кетуіне анасы әу бастап дайындалып, жасауын реттеп, сәукелесін дайындаса, әкесі тойдың қамына кіріседі. «Қыз жасауына» қазақ аса мән берген. Ол зергерлік бұйымдар, кілем, текемет, сәукеле, қымбатты киімдер, ыдыс-аяқ т.б. заттардан құралады. Тіпті, қыз жасауы берген қалың малдың бағасынан да артады.
Сырға салу ертеден келе жатқан дәстүр. Көбіне текті жердің қызына өзгелер құда түсіп алып кетпесін деп алдын ала сырға таққан. Қызға сырға тақпас бұрын оның ата-анасының рұқсатын алады. Кейде жақсы араласатын достар ұл-қыздары бесікте жатқан кезінде құда болысып, сырға тағып, айттырып қоятын. Сырға тағылған қыз қалыңдық аталып, оны кейін бойжетіп, жігіт жақ қалыңмалын төлеп алып кеткенше ата-анасы қатты қадағалаған. Мұнда да үлкен тәрбиелік мән бар. Сырға тағылған қызға сауық-сайран құруға болмайды. Ол барынша инабатты болуы қажет. Көп жылдар бойы ұмыт қалған бұл дәстүрді қайта жаңғыртпақ болған халық оған өзгертулер енгізіп алған.  (163сөз) Ә мәтіні. Газет мақаласынан үзінді. «Қыз ұзату- ата салтымыз»
Қыз ұзату - ата салтымыз. Өткен ғасырларда бойжеткен қыз қара шаңырағынан ұзатылса, қазір мейрамханадан шығарып салу сәнге айналған. Келетін қонақтың саны орташа есеппен 150-200 адам. Қазір мейрамханаларда бір адамның орны үшін төленетін орташа баға 4000 теңге деп есептер болсақ, тек 800 мың теңге той ақысына кетеді. Сонымен қатар, ет пен тәтті тағамдарды сатып алуға бөлек қаржы жұмсалады. Ал тойды видеоға түсіру, тамада, музыкалық аспаптарды жалдау құны 200 мың теңгенің айналасында. Осылайша қыз ұзатудың ғана құны 1,5 миллон теңгеге жетеді. Артынша жігіт жақ "құда шақыру" ырымын жасайды. Бұл мерекеге қыздың туыстары қыздың жасауын әкеледі. Аталған шараға қыздың әке-шешесінің қалтасынан 500 мың теңгеден жоғары қаржы кетеді. Бүгінде мейрамханалардағы бір орынның бағасы 4000 теңгеден басталып, 15 мың теңгеге дейін жетеді. Қалтаңыз көтерсе, одан да қымбатын табуыңызға әбден болады. - Тойымызға ағайын-туыс, жора-жолдас бар дегендей 200-дей адам шақырып отырмыз. Шамамен, дастарханның өзіне 800 мың теңгеге жуық қаражат кеткелі отыр. Өзіміз оқуды жаңа бітіріп отау көтергендіктен, шыны керек, бүкіл қаржыны ата-анамыз көтеріп отыр, - дейді жақында тойы болатын Ақжігіт Қалибеков. (169 сөз)
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді қоса отырып, «Ұлттық құндылықтарымыз жастарға қаншалықты әсер етеді? » деген тақырыпта (170-200сөз) көлемінде эссе жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет