Ақ орда ақ Орданың құрылуы



Дата01.02.2023
өлшемі6,11 Mb.
#64404

АҚ ОРДА
Ақ Орданың құрылуы
Ақ Орда мемлекеті – моңғолдар үстемдігінен кейін Қазақстан аумағында жергілікті этникалық негізде құрылған алғашқы мемлекет.
Батый хан Шығыс Еуропаға (1236-1242 жж.) жасаған жеті жылдық жорығынан оралғаннан кейін өзінің ағасы Орда Ежен мен інісі Шайбанға үлеске жер береді.
Алтын Орда
Ақ Орда
Ақ Орданың аумағы
Орда Ежен ұлысының аумағына алғашқы кезде Ертіс өзенінен батысқа қарай Ұлытау мен Қаратауға дейінгі, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігіндегі жерлер енді. Ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе түседі де, ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Сырдың орта ағысы бойындағы жерлер де ұлыс құрамына қосылды.
Ақ Орданың орталығы – Сығанақ қаласы.
Мемлекетте түркі тілдес тайпалар және жорық барысында келген моңғолдар да болды. Моңғол тайпалары ХIV ғасырға қарай толықтай түркіленді.
Ақ Орда саяси және экономикалық жағынан дербес мемлекет болды. Ақ Орда ХIV-ХV ғасырлар аралығында Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы тайпалар мен халықтарды біріктіруде маңызды рөл атқарды.
«Түрік шежіресі»
«Түрік шежіресінде» Әбілғазы хан жан-жақты баяндайды. Батый хан Еуропаға жасаған жеті жылдық жорығынан қайта оралған кезінде:
«Отырар жері ағам Алшын мен менің арамда болсын. Жазда Ырғыз, суықта Ор, Електен Орал тауына дейінгі Жайықтың күншығыс тарапын жайла, қыста Арақұм, Қарақұм, Сыр суының бойы, Шу, Сарысудың аяғын қыста», – деп жазған.
Тұлғаны таны!
1603-1664 жж.
Әбілғазы Баһадүр – тарихшы, шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасы Үргеніште туған, Жошы ұрпағынан тараған. Негізгі еңбегi «Түрік шежіресі» – тарихи-деректік және көркем-әдеби шығарма.
Назар аударыңыз.
Муин ад-Дин Натанзи
ХІV ғасырдың аяғы – ХV ғасырдың басында Әмір Темір ұрпақтарының сарайында өмір сүрген жылнамашы.
Оның негізгі тарихи еңбегі ғылымда «Ескендір анонимі» деген атпен белгілі. Еңбектің қолжазбасы парсы тілінде Шираз қаласында жазылған.
Ақ Орданың Алтын Орда мемлекетіндегі орны
Орда Ежен ұлысының билеушілері өздерін Алтын Орда хандарына бағыныштымыз деп мойындаған. Бірақ дербес саясат жүргізіп отырған.
Рашид ад-Дин былай деп жазады: «Әуел бастан-ақ Орда тұқымының қайсыбіреуінің Батый тұқымынан тараған хандарға барған кезі болған емес. Өйткені олар бір-бірінен шалғай орналасқан, сонымен қатар өз ұлысының тәуелсіз патшалары болып саналады».
Орда Ежен ұлысының билеушілері деректерде әрқашан «сол қанат сұлтандары» деп аталған. Билік жүргізгендері хан атағын иеленген. Орда Ежен ұлысы Жошы ұлысының бір әкімшілік бөлігі ретінде қалыптасып, көп ұзамай жеке мемлекет деңгейіне дейін көтеріледі.
ХІІІ ғасырдың ортасынан бастап, Орда Ежен ұлысы дербес мемлекет болып, Шығыс деректерінде Ақ Орда деген атпен аталады.
Ақ Орда атауы
Ақ Орда атауы ортағасырлық деректерде қолданылған.
Ортағасырлық автор Муин ад-Дин Натанзидың еңбегінде Жошы ұлысының оң қанаты Көк Орда, сол қанаты Ақ Орда деп берілген.
Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан Шайбан ұлысы мен Орда Ежен ұлысының бірігуінде де сол қанатқа қатысты Ақ Орда атауы қолданылған.
Жадыңда сақта!
Ақ Орда қазақ мемлекеттілігінің басты символы ретінде қабылданған. Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласындағы Президент резиденциясы Ақ Орда аталады.
Жошы ұлысы құрылымын ретімен орналастырыңыз.
Жошы ұлысы
Сол қанат
Батый хан
Ақ Орда
Оң қанат
Орда Ежен
Алтын Орда
1-тапсырма
Жауабы:
Алтын Орда
Ақ Орда
2-тапсырма
Ақ Орданың этникалық негізін құраған халықтарды анықтаңыз.
2-тапсырма
Жауабы:
арғын
қаңлы
қоңырат
алшын
қыпшақтар
найман
керей
үйсін
Жауабы:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет