А. Райымбергенов



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата22.12.2016
өлшемі1,91 Mb.
#85
1   2   3   4   5   6

 

 

Ойлан да айт:  

   Қазіргі орындаушылардың ішінен кімді сері деп ойлайсың? 

 

    Сұрақтар: 

1.

 

Өлең құрауда қандай ерекшелікті еске сақтау керек? 



2.

 

Өлең тармағындағы бунақтар қалай құралады? 



  

23 

 

Тапсырма:       

1. Шығармашылық тапсырма: Өлеңінің үшінші тармағын құрап кел: 

 

                     Қойшылар жүрер екен қойын бағып. 



                    Ұсталар кәсіп етер балға қағып. 

                     ………………………………………. 

                     Ақындар айтысады сөзбен шағып.  

 

2. Домбырадан «Балбырауын» күйінің үйренген буындарын қайтала. 

                   

Жорықбай мен жолаушы 

 

      

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



    Жорықбай  атпен  келе  жатып  бір  жолаушыға  кездеседі.  Жолаушы  бұған  жақындап 

келіп, “Ассалаумағалейкум” дей бергенде, Жорықбай оған  “Сәлемiңнен бұрын шақшаңды 

әкел!” – дейдi. 

    Ат  үстiнде  отырған  Жорықбай  жолаушыдан  шақшасын  алып,  насыбайды  ендi  атуға 

ыңғайланғанда шақша сусып түсе жаздайды. Оны аяғымен қысып ұстап үлгередi. Сонда 

жолаушы:    -  Жортеке,  осы  сәтке  бiр  ауыз  сөз  айтып  жiберiңiзшi,  –  дейдi.  Жорықбай 

iркiлместен: 

 

 



 

                   Құдайдың маған мұнша бақ бергенi, 

 

 

Шақшаның түсейiн деп шап бергенi. 



 

 

Аяғым мен қолыма ризамын - 



 

 

Бiреуi ұстап, бiреуi ап бергенi! –  



дептi            

 

Есіңде ме? 

 

    Дәулеткерей Шығайұлы (1820- 1887) — ел билеген хандар әулеті, төре 



тұқымынан  тарайтын  ұлы  күйші-композитор.  Дәулеткерей  күйлері  — 

терең  мазмұнды  күйлер.  Дәулеткерей  төре  тартысына  тән  өзіндік 

мектеп  қалыптастырды.  Дәулеткерей  күйлеріндегі  әйел  бейнесіндегі 

сұлулық  пен  парасаттылықты  суреттейтін  «Көркем  ханым»,  «Қыз 

 


24 

 

Ақжелең»,  «Құдаша»,  «Қос  алқа»  немесе  өршіл  ер  намысты  бейнелейтін  «Жігер», 



«Салық өлген», «Топан» тәрізді көркем күйлері бар. 

 

  Сұрақтар: 



1.

 

Жорықбай не себепті өлең шығарады? 



2.

 

Өлеңнің қай жолы ұйқас сөзге құралмаған? 



  

 

Тапсырма: 

1.

 

Жорықбайдың  өлең шумағын айтыс әуеніне қосып  орында. 



2.

 

Домбырадан «Балбырауын» күйінің үйренген буындарын қайтала. 



 

 

          



 

                                  



Еске түсірейік: 

 

 



                           

 

                          



                                          Ақындар айтысы 

 

 

 

 

 

Қайталау сұрақтары: 

 

 

 

 

 

Қайталау сұрақтары: 

1.

 



Қағыспа айтыс дегеніміз не? 

2.

 



Не себепті қыз Біржанмен айтыса бастады? 

3.

 



Біржан сал табан астынан қандай жауап қайтарды? 

4.

 



Құлыншақ пен Майлықожаның айтысы айтыстың қандай түріне жатады? 

5.

 



Құлыншақ ақын Майлыға қандай мін тақты?  

6.

 



Майлықожа жауап қайтара алды ма? 

7.

 



Айтыс ақындарының өлеңдері неше буыннан құралады? 

8.

 



Он бір буындық өлеңнің ерекшелігі неде? 

9.

 



Он бір буындық өлеңдерді қалай атайды? 

10.


 

Жас ақын Бекетбайға не үшін келеді? 

11.

 

Жас ақынға Бекетбай батасын берді ме?  



12.

 

Өлең тармағындағы бунақтар қалай құралады? 



13.

 

Жорықбай не себепті өлең шығарады? 



 

Біржан сал мен қыз 

   

Жорықбай мен жолаушы 



     Қағыспа          

       айтыс 

   Құлыншақ пен   

      Майлықожа 

         Базарбайдың 

Бекетбайдан бата алуы 


25 

 

 



III – ТОҚСАН 

 

ЕУРОПА АСПАПТАРЫ 

 

Европа музыкасының шыңы - симфониялық оркестр. 

 

 

 

Біз  енді  Еуропа  халықтарының  музыкалық  мәдениетімен  танысқалы  отырмыз. 

Әлемдік  музыка  мәдениетінің  ең  биік  жетістігі  симфониялық  оркестр  болып  табылады. 

Еуропа  халықтарына  ғана  тән

 

ең  таңдаулы  деген  музыкалық  аспаптар  симфониялық 



оркестр  құрамына  топтастырылды.

 

Еуропада  ғасырлар    бойы  оркестрге  музыкалық 



аспаптарды  іріктеп  алу  жұмысы  үздіксіз  жүріп  отырды.  Көптеген  көне  аспаптарды 

өзгертіп, оркестрге лайықтап жасап шығарды. 

 

 

Симфониялық оркестрге арналған аспаптарды қалайша сұрыптап алды? Ең бастысы, 



оның  дыбысына  мән  берді.  Әрбір  аспап  өзінің  тембрі  жағынан  бірін  бірі 

қайталамайтындай  болды.  Мұндай  түрлі  дыбыстардың  бояуын  толықтыратын  аспаптар 

оркестрге  табиғаттың  барлық  үнін  беретіндей,  кез  келген  музыкалық  образды  жасай 

алатындай мүмкіндікке ие болды.   

Симфониялық оркестр құрамындағы аспаптар 4 топты құрады. Олар: ішекті-аспалы,  

үрмелі ағаш,  үрмелі жез және ұрмалы аспаптар. Әрбір топтың аспаптары тембірі жағынан 

ұқсас,  ал  олардың  көлемі  мен  диапазоны  әр  түрлі  болды.  Мысалы,  скрипка,  альт, 

виолончель мен контрабас бір біріне ұқсас бір текті. Скрипка жіңішке дыбысты болса, ал 

контрабастың дыбысы жуан болып келеді. Әрбір топқа аспаптар осындай заңдылықтарды 

ұстанып  таңдалып  алынды.  Бірі    жоғарғы  дыбысты  болса,  ал  қалғандары  ортаңғы  және 

төменгі дыбысты болды.  

 

Оркестрдің  дыбысы  жақсы  болу  үшін  аспаптардың  дыбысы  қатты  болып  шығуы 



тиіс. Елестетіп көрші скрипка аспабы трубамен қосылып ойнағанда скрипканың дыбысын 

басып  кетуі  мүмкін  ғой.  Сондықтан  симфониялық  оркестрде  скрипка  аспабы  он  шақты 

болады.  Ал  труба  аспабы  санаулы  ғана.  Сол  себепті  трубалар  оркестрдің  ең  түкпіріне 

 


26 

 

орналасады. Ал ішекті аспаптар көрермендерге жақын оркестрдің алдыңғы жағынан орын 



алды. Симфониялық оркестр құрамында жүзге жуық музыкант болады. 

 

Сөздік 



Тембр - дыбыстың бояуы. 

Диапазон – дыбыстың көлемі  

Музыка тыңдайық!  

          Л.В  Бетховеннің  №3  симфониясын  тыңдап  көрелік!  Кейде  оны  «Батырлық» 

симфония деп те атайды. Өйткені бұл симфонияны шығаруға француз революциясы әсер 

еткен болатын. Сол себепті симфония талас -тартысты, күресті бейнелеген.    

 

Бұл  симфонияның  құдіретті  күшін  білу  үшін  мына  бір  оқиғаны  еске  түсірейік. 



Есіңде болар  XX  ғасырдың  басында  «Титаник»  атты мұхиттың  алып  кемесе  суға  кетеді. 

Кеме  командирі  мен  оның  команда  құрамы  бастарын  өлімге  тігеді.  Сол  кезде  кемеде 

болған  оркестр  кеменің  үстіне  шығып  Бетховеннің  №3  симфониясын  ойнай  бастайды. 

Өйткені  сол  жерде  өмір  мен  өлім  арасында  тартыс  жүріп  жатқан  болатын.  Бетховеннің 

ерлік  пен  қайраттылықты  бейнелейтін  музыкасымен  бірге  өмірмен  қоштасып  мұхит 

түбіне барлығы кете барады. Ал музыканттар болса, кемені түгел су алмағанша ойнауын 

тоқтатпайды.  Мұндай  ерлік  жасау  үшін  музыканттарға  Бетховеннің  осы  симфониясы 

көмектескен еді.   



Сөздік: 

Симфония – симфониялық оркестрге арналған аспаптық    

 шығарма. Симфония  бір мазмұнды құрайтын  төрт бөлімнен тұрады  

 

Біліп ал!  

 

Қазақстанда  алғаш  рет  симфониялық  оркестр  XX  ғасырдың  отызыншы    жылдары 



опера  театры  үшін  құрылды.  Оркестрді  жасауға  көмектесу  үшін  Ресей,  Украина, 

Белоруссия,  Армениядан  көптеген  музыкант  келді.    Әр  түрлі  ұлттан  жиылған  әртістер 

қазақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібекті» қоюға көмектесті.  

 

Сұрақтар: 

 -    Дыбысы жағынан және аспаптарға бай қандай оркестр? 



-

 

Симфониялық оркестр құрамындағы аспаптар неше топты құрайды? Оларды атап бер. 



-

 

Оркестр құрамындағы аспаптар неліктен көп? 

 

 

 

Тапсырма: 

1. Шығармашылық тапсырма: 



Қане, балалар, өлең құрап көрейік! 

   “Дайындады” сөзiне ұйқас сөздер табайық. Олар:  тайынбады, пайымдады, қайымдады, 

уайымдады. Ал енді өлеңдегі көп нүктенің орнына мазмұнына сай етіп осы аталған ұйқас 

сөздерді тауып жаз.    



 

Құралай ойын десе       ..…………..., 

Қызық боп бiтпей қойды ойындары, 

Үйiнен оқып келмей тапсырмасын, 

Асығып үзiлiсте        ……………….. 

 

27 

 

2. Домбырадан «Балбырауын» күйінің үйренген буындарын қайтала. 



 

 

Скрипка аспабы қалай пайда болды? 

 

           

       

 

   

 

Симфониялық  оркестрдің  қалай  құрылғанын  түсініп  алайық.  Ол  үшін  оркестр 

құрамындағы мына бір аспаптың шығу тарихымен танысайық. 

 

      Көптеген  аспаптардың  ішінде  скрипка  оркестрде  жетекші  орын  алады.  Басқа  ешбір 



аспап дыбыс бояуымен, техникалық шеберлігімен скрипкаға жете алмайды. Оның дыбысы 

оркестрге сызылта шыққан әсем үн береді. Сондықтан ол Еуропада “Музыка патшайымы” 

атағына ие болады.  

 Скрипканың  шығу  тарихы    Еуропада  X  ғасырдан  басталады.  Ал  бүгінгі  түрі  XVI  -

XVII – ғасырларда Италия мен Францияда пайда болған. Скрипканың көне түрлері қазіргі 

скрипкаға мүлдем ұқсамайды. Олар жуан мойынды, қысқа келген, қампиған қарынды бір-

біріне  өте  ұқсас.  Ол  аспаптарды  фидель  және  ребек  деп  атаған.  Бұл  аспаптарда  аттың 

қылынан  жасаған  доға  тәрізді  ысқышпен  ойнаған.  Аспапты  сол  жақ  тізеге  тіреп,  ал 

ысқышты  алақанын  жоғары  қаратып,  оң  қолмен  тартатын  болған.  Аспапта  бұлай  ойнау 

Еуропада  бұрын-соңды болмаған. Ал қазақ халқы ерте заманнан бүгінге дейін қылқобыз 

аспабын  дәл  осылай  тартып  келеді.  Кейінірек  Еуропада  бұл  аспаптарды  иыққа  немесе 

кеудеге  тіреп  ойнаған.  Кейін  келе  аспапты  иықтың  үстіне  шығарып,  оны  иекпен  қысып 

ұстауды ойлап тапқан.  

 

 



 

 

    Европада фидель мен ребектен басқа XV ғасырда виола аспабы пайда болады. Виоланы 



да  ребек  сияқты  тіке  ұстап,  доға  тәрізді  ысқышпен  алақанын  жоғары  қаратып  тартқан. 

XVIII  ғасырға  дейін  Еуропада  виола  аспабы  өте  танымал    аспаптың  бірі  болады.  Кейін 

 


28 

 

келе скрипка аспабы бұл аспаптарды ығыстырып шығарып, өзінің сазды үнімен халықтың 



ықыласын жаулап алады. Осындай жүздеген жылдық тарихы бар скрипка аспабы бүгінгі 

күнгі аспаптардың ішінде « музыка патшайымы» атына ие болады.  



 

Музыка тыңдайық!  

Никколо  Паганинидің  скрипкаға  арналған  шығармалары  өте  күрделі 

болатын.  Әсіресе  оның  «24  каприсін»    көптеген  музыканттардың  

орындауына  қиынға  соғады.  Паганинидің  скрипкасын  «сайтанның 

аспабы»  деп  те  атайды.  Өйткені  Паганини  өзінің  аспабының  үнімен 

бірде адамдарды жылатса, бірде қуантып, кейде онымен билетіп немесе 

адамдарды  шыр  көбелек  айналдыра  да  алатын.  Оған  дейін  скрипка 

аспабында бұлай ойнаған адам болған емес. Италиялық скрипкашы әрі 

композитор  аспапта  ойнаудың  жаңа  түрін  ойлап  тапқан  асқан  шебер 

орындаушы  болды.  Ол  скрипкада  ойнаудың  жаңа  техникалық 

мүмкіндіктерін  көрсетті.  Қазіргі  кезде  скрипкашылар  өздерінің 

шеберліктерін  дәлелдеу  үшін  міндетті  түрде  Паганинидің  шығармасын  орындауға 

тырысады. Скрипка аспабында қалай шебер орындауға болатынын білген боларсың!   

  

Ал  енді  срипка  аспабы  мен  виолончель  аспабының  үнін  салыстырып  көрейік. 



Француз композиторы Сен-Санс өзінің «Аққу» атты шығармасында виолончель аспабын 

шырқата алған. Оның әуені ойлы да мұнлы. Үйірі алыс аймаққа ұшып кеткен аққу жалғыз 

қалып қайғырады. 

 

Мұқият  тыңдап  көр!  Естисің  бе,  виолончель  аспабының  үні  де  жалғыз.  Ал 



виолончельді  сүйемелдеп  отырған  фортепиано  болса,  оған  дем  беріп,  сылдырап  аққан 

судың дыбысын қосып, оның мұңын тарқатқандай.   

 

Біліп ал!  

 

Оркестрдің  түрі  көп:  үрмелі  және  ұрмалы  жез  аспаптардан  тұратын  әскери 



оркестр, халық аспаптар оркестрі, ішекті-ыспалы аспаптардан тұратын оркестр және 

джаз оркестрі.  Бұл оркестрлердің ішінде құрамы және мүмкіндігі жағынан бәрінен биік 

тұратын симфониялық оркестр. 

 

Сұрақтар: 

- Симфониялық оркестрдің негізін қандай аспаптар құрайды? 

- Не себепті Еуропада скрипка “Музыка патшайымы” атағына ие болды? 

- Скрипканың классикалық түрі қай ғасырда, қай жерде пайда болған?  

- Скрипканың шығу тарихы қай ғасырдан басталады?  

- Скрипканың көне түрлері қалай аталады? 

 

Тапсырма: 

1. Шығармашылық тапсырма: 



 

Қане, балалар! Өлең құрап көрелік! 

 

   «Сынап  отыр»  сөзіне  ұйқас  сөздерді  атаймыз.  Олар:  бұрап  отыр,  сұрап  отыр,  құрап 

отыр,  жылап  отыр.  Ал  енді  көп  нүктенің  орнына  ұйқас  сөзді  мазмұнына  сай  етіп  тауып 

жазамыз. 



                             

29 

 

                           Төлеубек, қыздар сені …………. 



                            Ұялып қаламсабын ……………. 

                            Үйіне тастап кетіп оқулығын, 

                             Жалынып көршісінен  …………..  

 

 



                                

 

 



2. Домбырадан Құрманғазының «Балбырауын» күйінің үйренген буындарын қайтала. 

 

 



 

Симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар                    

   


Скрипкамен қатар ішекті-ыспалы аспаптар тобын құрайтын – альт, виолончель және 

контрабас аспаптары. Бұл аспаптар симфониялық оркестр үшін 

ойлап  табылған.  Себебі,  олар  оркестрдің    дыбыс  кеңістігін 

мейлінше толтыру үшін қажет болды.  

 

Дыбыс  бояуы  (тембр)  жағынан  альт  скрипкаға  жете 



алмайды.  Оның  дыбысы  қысыңқы,  көмескі  реңді  болып 

шығады.  Ансамбль  немесе  оркестр  құрамында  басқа 

аспаптармен дыбысы жақсы үйлесім табады. Контрабас аспабы 

тек  қана  оркестрде  қолданылады.  Ол  өзінің  қою  және  төменгі 

дыбысымен  оркестрдегі  барлық  аспаптар  сүйенетін  тірек  іспетті.    Ал  виолончель 

дыбысының  тек  өзіне  тән  ерекше  бояу  бар.    Оның  қоңыр  да,  қою  дыбысы  Европа 

музыкасындағы қайғы мен мұң, аңсау мен күйініш сезімдерін жеткізе алады.  

        Аспаптардың  дыбыс  биіктігі  аспаптың  өлшемі  мен  оған  тағылған  ішектердің 

ұзындығына тікелей байланысты. Неғұрлым аспаптың өлшемі үлкейген сайын, соғұрлым 

оның дыбысының биіктігі төмендей түседі. Дыбысы ең жоғары аспап – скрипка болса, ең 

төменгі – контрабас аспабы.  

 


30 

 

                    



 

 

       Орындау кезінде виолончель мен контрабасты жерге тік тіреп, ал скрипка мен альтты 



иыққа бұғақпен тіреу арқылы көлденең ұстап ойнайды.  

       Бұл аспаптардың ең қарқынды дамыған шағы - XVIII ғасыр. Сонымен, скрипка тектес 

Еуропаның  қазіргі  ішекті-ыспалы  аспаптары    –  альт,  виолончель  және  контрабас  

симфониялық оркестр үшін құрылып, бүгін де оның негізі болып табылады.   

 

Музыка тыңдайық! 

Виолончель аспабында Сен- Санстың «Аққу» шығармасы. 



 

Сұрақтар: 

-

 



Скрипка тек тес қандай  ішекті-ыспалы аспаптарды білесің? 

-

 



Альт, виолончель және контрабас аспаптары не үшін қажет болды? 

-

 



Бұл аспаптардың дыбыс бояуының ерекшелігі неде? 

-

 



Аспаптардың дыбыс биіктігі тікелей неге байланысты? 

-

 



Аспаптарды қалай ұстап орындайды? 

-

 



Бұл аспаптар қай ғасырда қарқынды дамыды? 

 

Тапсырма: 

1.

 



Шығармашылық тапсырма: 

 

Қане , балалар! Өлең құрауды жалғастырайық! 

   “Беремін деп” сөзіне ұйқас сөздер атаймыз.  Олар: келемін деп, көремін деп, еремін деп, 

теремін деп.  Көп нүктенің орнына мағынасына сай ұйқас сөздерді тауып жаз: 

                               

                                Сабаққа ертең ерте ………………… 

                                Қиналды уәдесін …………………… 

                                Ұйқысы қанбай қалды Төлеубектің, 

                                Түнімен телевизор ………………….  

 

 

 

 

2.  Домбырадан  Құрманғазының  «Балбырауын»  күйінің 



үйренген буындарын қайтала. 

 

 

31 

 

 



Оркестрдегі  үрмелі ағаш аспаптар. 

 

 

Байқаған  боларсың,  оркестрде  біріне  бірі  ұқсас  аспапар  көп  кездеседі.  Ішекті-



ыспалы  аспаптар  бір  топты  құрайды.  Олардың  тіпті  дыбыс  бояуы  да  ұқсас  келеді.  Ал 

үрмелі  аспаптардың  әрбірінің  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Мысалы,  флейта  аспабы  тез 

қайталанатын  дыбыстарды  шығара  алса,  ал  гобой  аспабында  олай  ойнау  мүмкін  емес. 

Гобой  аспабы  сазды,  әуенді    дыбыстарды  орындай  алады.  Валторна  аспабы  болса 

аңшылықта  қолданатын  қатқыл  дыбыстарды  еске  салса,  ал  труба  аспабы  әскери  шеруге 

шақыратын өткір дыбыстарды береді. Бұл аспаптарсыз оркестр құрамын елестету мүмкін 

емес.  

 

Әрбір аспаптың өзіндік тарихы бар. Олардың әрбірі оркестр құрамына ену үшін көп 



жылдар мен ұзақ жолдан өткен. 

 

Флейта  –  көне  де  ең  танымал  аспаптырдың  бірі.  Барлық  ежелгі  халықтарда 

қамыстан жасалған аспаптар кездеседі. Қазақ халқында ол аспапты сыбызғы деп атайды. 

Кейін келе флейта аспабын жан-жануардың сүйектерінен жасауды ойлап тапқан. Флейта 

ғасырдан-ғасырға дамып жетіле түседі. Бірақ оның сол байырғы табиғаты сақталып қалды. 

Оның дыбысын ауаны үрлеп шығару арқылы береді.  

                

 

 

Флейтаны бұрын тік ұстап ойнаған. Кейін аспаптың үрлейтін жеріне жақын жағын жауып, 

аспапты  ауызға  қарай  көлденең  ұстайтын  болды.  Флейта  аспабы  симфониялық  оркестр 

құрамына XVII  ғасырда енген.  

       Кларнет,  гобой  және  фагот  аспаптары  әр  халықта  түрлі  уақытта  пайда  болған.  



Кларнет  аспабын  XVIII  ғасырда  неміс  шеберлері  жасаған.  Ал  XVII  ғасырда  гобой 

аспабының  Отаны  Франция  болды.  Фагот  аспабын  XVI  ғасырда  Италияда  жасап 

шығарды.  Оркестрде  бұл  аспаптар  бірін-бірі  толықтырып  отырады.  Мысалы,  кларнеттің 

дыбысы әсерлі және техникалық мүмкіндігі өте зор аспап болып табылады. Гобой аспабы 

қатқыл үнді болып келсе, ал фагот төменгі дыбыстарды орындайды.  

 

 



32 

 

Гобой аспабында жылдам музыкалық дыбыстарды ойнау қиын, бірақ оның созылмалы үні 

әсерлі де, айқын шығады. Симфониялық оркестр құрамына XVIII  ғасырда енген. 

 

 



     

 

 



Фагот  –  аспабы  симфониялық  оркестрде  төменгі  дыбыстарды  орындау  үшін  арнайы 

ойлап табылған. Фагот аспабының жасалу құрылысы ерекше. Егер екі бүктеліп жасалған 

фаготты  жазып  жіберсек,  оның  ұзындығы  үш  метрге  жетер  еді.  Фагот  аспабы  үшін  

күрделі  иірімдерді  ойнау  қиын.  Ол  –үрмелі    ағаш  аспаптардың  ішіндегі  ең  төменгі 

дыбыстарды беретін аспап. 

 

 



                              

 

 



Музыка тыңдайық! 

Симфониялық оркестрдің орындауында  М.Равельдің «Болеро» атты шығармасы. 



 

Біліп ал!  

Үрмелі аспаптардың тарихы тереңде жатыр. Үрмелі аспаптардың пайда болуына 

түрлі заттар әсер еткен. Мысалы, жануарлар мүйізі, теңіз бақалшақтары немесе жай 

қамысты  алғашқы  музыкалық  аспап  ретінде  пайдаланған.  Ертеде  біздің  ата 

бабаларымыз бұл аспаптарды аңшылықта немесе әскери жорықтарда бір біріне дыбыс 

беру  үшін  қолданған.  Ғасырлар  өте  келе  жай  қамыс  әсерлі  әуені  бар  сыбызғы  тектес 

аспапқа айналып, кейін оркестр құрамына енген түрлі үрмелі аспаптарға ұласады.    

Сұрақтар: 

-

 



Оркестрдегі үрмелі аспаптар қандай түрлерге бөлінеді? 

-

 



Қандай үрмелі ағаш аспаптарды білесің? 

 


33 

 

-    Үрмелі ағаш аспаптардың ерекшелігі неде? 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет