Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет13/109
Дата19.01.2023
өлшемі3.4 Mb.
#61959
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   109
ЖЕРҰЙЫҚТЫҢ КАРТАСЫ
Ұстаз менің ауылыма қыдырып келген уақыт. Жайық қатты 
тасып су ауыл іргесіндегі сай-саланың бәрін толтырды. Менің 
үйім арты терең сайға түйе бойламайды. Күн ыстық. Бала 
біткен сол жерде шомылуда. Біз де шомылғалы келдік. Жас 
балалардың бос баклашканы қолтығына іліп жүзу үйреніп 
жүргенін көріп Ұстаз:
– Бұл тапқырлықтарына патент беру керек қой! – деп қояды.
Мен Ұстаздың арқасындағы қоңырқай үлкен қалға назар 
аудардым. Бұрын байқамаған екем.
– Бұл қал – карта, жаңадан пайда болды – деді Ақ Сарбаз.
– Қандай карта?
– Болашақ Жерұйықтың картасы.
Ғажап! Адам денесінің микрокосмос екендігін дәлелдеп Ақ 
Сарбаздың дәл сегізкөзі тұсында, омыртқаның үстінде карта 
пайда болыпты. Картада Алматы қызыл нүкте болып үлкен 
материктің шетінде қалыпты.
– Болашақта қазақ жері қыс болмайтын мал мен басқа 
жайлы Жерұйықтың орталығына айналады. Ол жердің бір шеті 
Батыс Сібір жазығы, Алтай аймағы болмақ. Дамыған елдер 
территориялық тұтастығынан айырылып арал-арал болып 
қалады – деді Ұстаз.
– Біздің жеріміз түгел сақтала ма?
– Кейбір экологиялық уланған аймақтарымыз су астына 
кетеді. Бірақ Әлемдегі жері мен мемлекеті тұтас сақталған 
алпауыт ел біз боламыз.
Бұдан 500 жыл бұрын Асанқайғы әулие болашақта орнайтын 
Жерұйықты қасиет көзімен көріп, іздеген екен ғой!
Асанқайғы бір күні елінің болашағын болжап отырып:
– Ат көріп тұрмын. Ат артынан ұзынша бірдеңе көріп тұрмын. 
Құйрық дейін десем одан ұзын. Не екенін біле алмадым – 


49
депті. Ол заманда атты ер серігі санап, арбаға жекпейді екен. 
Аттың арбаға жегіліп, азаматтың колхозға жегіліп қор болатын 
Кеңестік дәуірді болжаған екен.
Енді Асанқайғының осы болжамын расқа айналдырар 
Ақ Сарбаз келді. Аталық Негіз Иесінің дәл омыртқасы 
үстінде орналасқан Жерұйық картасына қарап мен Жер 
Ғаламшарының Ғарыштың дәл омыртқасында орналасқанын 
түсіндім. Люцифердің қандай жерге бекініп осы уақытқа дейін 
алдырмай келгені енді түсінікті.
Үйге келген соң Ұстаздың рұқсатымен Аға арқасындағы 
картаны суретке салдым.
– Бұл әлі толық айқындалып болған жоқ – деді Ұстаз. Толық 
айқындалып болған кезде Жердүние өзгереді!
Ұстаз туралы


50
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   109




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет