Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет17/109
Дата19.01.2023
өлшемі3.4 Mb.
#61959
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   109
ҰСТАЗ ЖӘНЕ КАРМА
ЭВМ инженері боп жүрген жұмысынан өз еркімен кеткен 
кезде Ұстаз 50 жаста еді. СССР-ды толық ыдырату үшін 
мемлекет кармасынан өз қалауымен кетуі тиіс болды. Өйткені 
Өзі араласқан дүниенің күшейетінін білетін. Бизнесте жасаған 
алғашқы қадамы сәтсіз боп, бар қаржысынан айырылса да 
мойыған жоқ. Ешкімнен қарыз да сұрамады. Қиындыққа қыңқ 
етпей шыдауға бекінді.
Бұл бір жұмыссыздық жайлаған қиын уақыт болатын. Азық-
түлік түгел сарқылып, уақытылы қолданатын дәрі-дәрмегі 
бітіп, ауласындағы жеміс ағаштарының жемісін қорек қылып 
отырғанына бірнеше күн өткен. Бет-аузы мен тамағы аштық 
пен науқастан ісініп кетті.
Осындай күндердің бірінде Ақ Сарбаздың үйіне Құдай айдап 
туысқаны келе қалды. Жұмысы бар, жағдайы жақсы екені 
көрініп тұрды. Ағасымен әңгіме соғып кішкене отырды.
Ақ Сарбаздың туабітті қасиеті: ешқашан «менің жағдайым 
нашар» деп біреуге жақ ашып көрген жан емес. Халін 
сұрағандарға әрдайым: «бәрі жақсы» дейтін.
Бауыры «бәрі жақсы» ағасының дастарханында бұған 
ұсынатындай ештеңе қалмағанын көріп отырды. Қалтасында 
ақшасы да бар еді. Әлсірегеннен өзімен әзер сөйлесіп отырған 
ағасының жайы оны алаңдатпады.
Осы кезде Ақ Сарбаз, оның толған тамақтың ортасында 
отырып күндердің күнінде аштан өлетінін көрді.
Бұл – жаза емес, жақсылық жасау мүмкіндігін жіберіп алған 
жанның кармасы еді.
Ұстаз туралы


58
Ақ Сарбаз Әлемі
«ДОС»
Біздің «жан қиыспас дос» боп жүрген адамдарымыз бұрынғы 
ғұмырлардағы карма жібі үзілмеген жандар болуы мүмкін.
Адам рухани жолға түскен кезде ол карма жібі шешіле 
бастайды да, әркім өз шеңберінде қалып қояды.
«Ақ Сарбаз» кітабында аңшылық туралы естеліктер әдемі 
жазылған.
Ол демалыс күндері орыс досы екеуі ауылға қырғауыл атуға 
барып тұратын.
Осындай күндердің бірінде жеңіл көлікпен келе жатқан 
бұлардың жанынан аң қаша жөнелді.
Машина тоқтай қалды. Қимылы шапшаң Ақ Сарбаз 
мылтығын ала сала сыртқа ұмтылды. «Атқаны аман кетпеген, 
тигені тұяқ серппеген» мергендігі өзіне мәлім. Аңды атып 
жіберіп, құлағанын көріп кері бұрылған кезде көлік ішінде көзі 
бақырайып сұп-сұр боп отырған досын көрді. Мылтық ұстаған 
қолдары дір-дір етеді.
Сөйтсе ол аңды терезеден көздеп шүріппені басады. Осы 
сәтте шапшаң Ақ Сарбаз жауырынымен мылтықтың алдын 
жауып тұра қалған...
Құдай сақтағанда шүріппесі басылса да мылтық атылмапты.
Бұл – бұрынғы ғұмырда болған оқиғаның басқа жағдайда 
қайталануы еді. Бір күні досы оған түсін әңгімеледі:
– Түсімде мен сені атып жатыр екенмін. Атқанда да тура 
жүректен көздеппін – деді.
– Немен аттың, мылтықпен бе?
– Жоқ, пистолетпен. Дуэлдің ұзын оқпанды пистолетімен 
аттым...
Лермонтов кезінде өзімен «дос» боп жүрген Мартыновтың 
оғынан осылай қаза болған еді...


59


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   109




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет