Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет32/109
Дата19.01.2023
өлшемі3.4 Mb.
#61959
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   109
ЖЕТІ САТЫ
«Адамзат Алтыншы сатыға өтті. Алтыншы Сатыда өмір 
сүрудің негізгі шарты – қазақтың тілін білу, ұлттық музыкасын 
түсіну, Тәңірлік сенімін қабылдау боп табылады» дейді Ақ 
Сарбаз.
Алтыншы саты дегеннің не екенін елдің бәрі біле бермесе 
керек.
Көпшілігі өзінің есте жоқ ескі заманда Тәңірден Жан 
қалпында бөлініп шығып, мынау 7 сатылы Әлемде Сана 
қалыптастыру жолында саяхаттап жүрген Рух екенін ұмытып 
кеткен. Әсіресе қазақты өзінің ешнәрсеге байланбайтын еркін 
болмысынан айыру үшін Түнек Күштері бар айла-шарғыны 
жасап бағуда. Қазір кредитке кірмеген қазақ аз. Мұның бәрі 
қазақтың кармасын шатастыру, ауырлату үшін жасалып отыр.
Бұрынғылар айтқан: «шерлі өлмейді, борышты өледі» 
деген мақалды ешкім ойланғысы келмейді. Бәсеке мен 
қанағатсыздық қоғамды жайлап алды. Той-томалақ арқылы 
өзінің бұрынғы ғұмырлардан тірнектеп жинаған карма қорын 
шашу белең алып тұр.
«Көп сыйлансаң – борышың көбейеді
Көп қиналсаң – өрісің кеңейеді» – деп бұрынғылар тегін 
айтпаған болар.
Біздің Жанымыз осы денемізде қазақ боп туғанға дейін 
топырақ та, өсімдік те, хайуанат та болып жаратылғаны мәлім. 
Бұған миллиондаған жылдар керек болды. Бәлкім кейбіреуіміз 
хайуанат, әлде өсімдік сатысын басқа планеталарда өтуіміз де 
бек мүмкін.
Орыс немесе қытай болса қай жер қолайлы, сол жерге 
барып қалып қоюға тырысады ғой. Ал, қазақ туған жерінен 
табан аудырғысы келмейді. Сол үшін шөлде де тұра береді. 
Мұның сыры неде?


95
Енді Ақ Сарбаз кітабындағы Ғарыш Заңдарын негізге ала 
отырып осыған жауап іздеп көрейік.
Әуелі жеті сатылы тіршілікті айқындап алайық.
Қазақтың жусанды даласында тұрған арғымақ мінген 
қазақты көзіңізге елестетіңізші. Мысал үшін бұл Балуан Шолақ 
болсын. Балуан бабамыз алып күш иесі еді. Бұл – төртінші 
сатының принципін орындап тұрғанын білдіреді. Ол ақылды, 
парасатты болған. Бұл – бесінші ақыл сатысына лайықты 
қасиет. Оның жүрегі халқына деген, Ғалияға деген махаббатқа 
толы аруақ қонған ер еді Бұл – алтыншы сатыға тән қасиет. 
Аруақтың үстінде періште, періштенің үстінде Тәңірі тұр.
Енді төмен түсейік. Балуан Шолақ бабаның астындағы ақбоз 
аты – үшінші сатының тіршілік иесі еді. Ат тұяғының астында 
туған жерінің жусаны өсіп тұрды. Өсімдік – екінші сатының 
тіршілік иесі еді. Өсімдіктің тамыры нәр алып тұрған топырақ 
– бірінші сатының тіршілік иесі еді.
Төменнен де жоғарыдан да Ғарыш Қуаты тоқтаусыз жылжып 
қазаққа қуат беріп тұратын. Осы Қуаттан ажырап қалмас үшін 
қазақ туған жерінен көшпеуге тырысатын.
XX-ғасырда біз аттың орнын автомобилмен алмастырдық. 
Оны – «темір тұлпар» деп әспеттедік. Қаншама жүрдек болса 
да темір – бірінші сатының жаратылысы еді. Сол себепті 
Ғарыштан келіп-кетіп тұрған энергобаланс бұзылды да, 
қазақтың рухани күші әлсіреп, азғындау дәуірі басталды.
Алтыншы сатыда адамдар көшпенді өркениет қалыптасты-
рып, табиғатқа оралады да, бұзылған энергетикалық тепе-
теңдік қайта қалпына келетін болады.
Қазағым кармалық қарыздарынан тезірек құтылып, Жаңа 
Әлемде өмір сүруге дайын болса екен деп тілеймін!!!
Ғарыш Заңдары


96
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   109




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет