Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет36/109
Дата19.01.2023
өлшемі3.4 Mb.
#61959
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   109
ҚҰБЫЛУ ЗАҢЫ
Мұны Рейнкарнация, Қайта Туу деп те атайды. Адам жаны 
түрлі денелерде дүниеге қайта-қайта келетіні қазір ешкімге 
жаңалық емес.
Құдай әу баста Адам Атаны жаратқанда мың жылға дейін 
өмір сүруге қабылетті қылыпты. Адам бір өмірінде мына 
Физикалық Дүниеде жинауға тиісті қасиетті меңгеріп, енді 
тумайтын болып қайтуы тиіс екен.
Люцифер Адамды да оның ұрпағын да жағымсыз істерге 
ұрындырып, кармасын шатастырды. Шатасқан карманы жазу 
үшін адамға бір өмір аздық етті. Екіншіден зұлымдық жолына 
түскен жан 1000 жыл өмірінде не істейтінін болжау қиын еді. 
Сол себепті Құдыретті Күштердің шешімімен адам жасы 10 
есе қысқарып, бойыңда ізгі қасиеттерді шыңдағанша адами 
денеде қайта-қайта туу міндеттелді.
Адамның ашқарақтығы мен дүниеге байланғыштығы оның 
кармасын әр өмір сайын шатастыра береді. Көпшілігі мына 
дүниеге карма-борышымды өтеймін деп емес, шашылған 
ырзығымды жеймін деп келеді.
Будда бастапқы өмірлерінің бірінде қарақшы болыпты. Қолға 
түсіп жазаланған кезде досын құтқару үшін оның дүресін өзі 
қабылдаған. Дүре астында жатып қайтыс болған. Осылайша 
оның ізгілік жолына бетбұрысы басталады.
«Менің бұрынғы өмірлерімдегі денелерімді бір жерге 
жинаса, тау шығар еді» деген сөзді Будда айтыпты деседі. 
(Будда Сакьямуни – Сақ патшасының ұлы)
«Ақ Сарбаз» кітабында Өзінің тарихта қалған бұрынғы 
айтулы ғұмырлары паш етілген.
Ақ Сарбаздың ғұмырларын зерттеген адам Оның Рухына тән 
қасиеттерді әр өмірінен аңғарар еді. Ол барлық ғұмырында 
сатқындықты кешірмейтін, ұсақ пиғылдан ада, досқа адал, 
Ғарыш Заңдары


108
Ақ Сарбаз Әлемі
дұшпанға қатал, бір сөзді, мәрт адам болған.
Ақыл-парасаты мен, кемел болмысы, жауын дос қыла 
алатын қасиеті, бойындағы алып күші оны көбіне лидер болуға 
алып келетін.
Алайда Ақ Сарбаз өзінің қазақ болып туған Физикалық 
Дүниедегі соңғы Ғұмырын бұрынғы барлық ғұмырынан жоғары 
қояды.
– Сіз бұрынғы өміріңізде Еділ патша, Ескендір, Шыңғысхан, 
Әмір-Темір болдыңыз. Сізді Әлем таныды. Қазір сіз қарапайым 
қазақ қанасыз. Сізді ешкім танымайды, танығысы да келмейді. 
Сонда осы өміріңіз бұрынғы атышулы ғұмырларыңыздан қалай 
жоғары тұрады? – деп сұрадым мен.
– Мен жазмышымды осы қазақ ғұмырымда орындадым. 
Менің рухымды көтеріп, жүрегімді оятқан, қасиет көздерімді 
ашқан қазақ ғұмырым болмаса өзге ғұмырларды сүруімнің 
мәні де болмас еді – деп жауап қатты Ұстаз.
Тірі жүрген әрбір адам бір уақ: «мен мына дүниеге не үшін 
келдім?» деп толғанары хақ. Бәз біреулер миссия арқалап 
тапсырмамен келеді. Көпшілігі бұрынғы ғұмырларындағы 
шатасқан кармасын шешу үшін келеді.
Адам өзінің Рух екенін ұмытып, әр өмірінің атын шығаруға 
тырысады. Осы жолда жүріп өмірі қалай аяқталып қалғанын 
байқамай да қалады.
Коммунистер «өмір адамға бір ақ рет беріледі» деген 
қағиданы ұстанды. Бұл: «менен кейін не болса о болсын, үріп 
ішіп, шайқап-төгіп қалайын» деген шешімге әкелді. Қазір елдің 
көбі: «бір рет өмір сүреміз» дегенді мақал қылып алған.
Бұл ғұмыр – Құбылу Заңын мойындамайтын қылмыскерлердің 
шынымен де соңғы ғұмыры болуы мүмкін.
Өйткені Ғарыш Күштері әу баста Жерге отырғызған егінін 
оратын кез келді. Бұған дейін күріш арқасында су ішіп келген 
күрмектер, арам шөптер оталып, піскен дәнді Жаңа Жерге 
апарып егетін күн жақын.
Сағымдай құбылып, сабындай бұзылып тұрған мынау 
жалған дүниеде адам боп келіп, адам боп кеткенге не жетсін!


109


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   109




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет