Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет37/109
Дата19.01.2023
өлшемі3.4 Mb.
#61959
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   109
ЕРКІН ЕРІК ЗАҢЫ
Ғарыштың алтыншы заңы – Ерік Еркіндігі. Бұл әрбір тіршілік 
иесінің өз қалауымен шешім қабылдау құқы.
Егер бізге жоғарыны түсіну қиын болса төменге қарап та 
сұраққа жауып табуға болады. Өйткені Ұқсастық Заңымен 
Жоғарыда қандай болса, төменде де сондай құрылым.
Мысалы қойды алайық. Сіз ауылдың қой кезегін бағып 
шықтыңыз делік. Ауыл қойының күнде жайылатын өрісі 
болады. Қойды сол өрістің қай жағынан бастап жаюды сіз 
шешесіз. Бұл сіздің ерік еркіндігіңіз.
Адамнан төмен сатыда тұрған тіршілік иесі – қой болса, 
Иерархия Заңымен сіздің еркіңізге бағынып, жайыла бастайды. 
Алайда сол өрістегі қандай шөпті жеуді қойдың өзі біледі. Қай 
жерде құмалақтауды да өзі біледі. Бұл – оның Ерік Еркіндігі.
Әрбір тіршілік иесінің ерік еркіндігі өзінен жоғарының еркіне 
бағынып өзгеріп отырады. Өзінен төменгінің ерік еркіндігіне 
өзгеріс жасай алады.
Мысалы қойшының қой бағатын өрісі округ әкімінің 
шешімімен басқа жерге ауыстырылуы мүмкін. т.б.
Осылайша аудан әкімі, облыс әкімі, министр, президент 
төменгінің еркіне өзгеріс енгізіп, жоғарының еркінің шеңберінде 
әрекет жасайды. Бәрінің үстінде Тәңірі тұр.
Әу бастан Тәңірден бөлініп шыққан біздің Жанымыз өзінің 
ұмтылыс-ниетіне қарай белгілі бір денелерді еркімен таңдап 
кіре бастайды да сол денелерде жазылған программа бойынша 
шыңдалады. Осыдан келіп әр түрлі қасиеті бар адамдар 
шығады.
Кейде маған мынау Әлемдер Рухты жетілдіру үшін арнайы 
жасалған Құдайдың стратегиялық ойыны сияқты боп көрінеді. 
Ғарыш Заңдары


110
Ақ Сарбаз Әлемі
ҚҰРБАНДЫҚ ЗАҢЫ
«Бар арманым айтайын,
Батырларша жорықта
Өлмедім оқтан қайтейін» (Ақтамберді)
Ғарыштың Құрбандық Заңы туралы ойласам есіме Ақ Сарбаз 
Ұстаз түседі. Адами өмірдің барлық қызық-шыжығын Ғарыш 
жолында құрбан етіп, Адамзатты жаңа Алтыншы Сатыға 
көтеру үшін бар өмірін сарп ету – мықты Рухтың ғана қолынан 
келер іс.
Ғарыштағы барлық тіршілік иелері өз денесін өзінен жоғары 
сатыдағы тіршілік иесіне құрбандыққа ұсыну арқылы дамиды.
Мысалы бірінші сатының тіршілік иесі – топырақ өзінің нәрін 
өсімдікке құрбандыққа береді. Екінші сатының тіршілік иесі – 
өсімдік өз денесін хайуанатқа құрбандыққа береді. Хайуанат 
– адамға, адам – аруаққа... Осылай Тәңірге дейін жалғаса 
береді.
Адамның аруаққа жасайтын құрбандығы – ең әуелі аруақты 
сыйлауы, оны ұмытпауы. Әруақ дәметкенде игі тілегін арнап 
иіс шығаруы.
Одан жоғары сатыларда құрбандық нәзік энергия қозғалысы 
түрінде көрініс табады.
Қазақ батырларының «қан майданда, қолымнан найзам 
түспей өлсем» деп армандайтыны Ғарыш Заңдарын 
білетіндігінен еді. Халқын қорғау жолында құрбан болған 
батырдың Рухы биік эволюцияланып әулиеге айналатын.
Діни шарттың бәрін сақтап тақуа ғұмыр кешкен әулие адамға 
астрал дүниесіне барғанда Жұмақтың есігі ашылуы мүмкін. 
Алайда Құдайға ғашық шын әулие Жұмақтан бас тартып, 
Құрбандық Заңымен Жерде қайта дүниеге келеді екен.
«Адамзаттың ақырзаманнан аман өтер-өтпесі сынға 


111
салынар дәл қазіргі уақытта Жұмақта бірде бір қазақ жоқ» – 
дейді Ақ Сарбаз.
Қазақтың бұрынғы ғасырда жасаған асыл тұлғаларының бәрі 
қазір Жерде, физикалық дүниеде жүр. Олардың көпшілігі 1978 
жылғы Астрал Дүниедегі Ғарыш Шайқасынан кейін Жерде
қазақ отбасында дүниеге келген. Мақсаты – Ақ Сарбазға 
көмектесіп, елін ақырзаманнан аман алып өтуге күш салу. 
«Олар 30 жастан асып, маңдайдағы жазмышын орындауға 
кіріскен кезде Жердүние қазақты мойындай бастайды» деген 
Ұстаз сөзі шынға айналып келе жатқандай.
Сексен алтыншы жылдағы қазақ халқының құрбандығы 
арқасында Люцифер құрған коммунистік Кеңес Одағы ыдырап, 
халықтар бостандық алды.
Адамзат ұрпағын Люцифер торынан құтқарып, алтыншы 
сатыға жол ашқан да желтоқсанда өлтірілген қазақтың пәк 
аруларының қасиетті құрбандығы еді...
Ғарыш жаралғалы тоқтаусыз жүріп келе жатқан Нұр 
мен Түнектің шайқасында Әлемнің тепе-теңдігі Құдыретті 
Күштердің құрбандығы арқасында сақталып келеді.
Ғарыш Заңдары


112
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   109




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет