Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет46/109
Дата19.01.2023
өлшемі3.4 Mb.
#61959
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   109
РЕЙНКАРНАЦИЯ
Өзін рухани жолда жүрмін деп санайтын көптеген адамның 
ең бірінші білгісі келетіні өзінің бұрынғы ғұмырында кім 
болғаны. Өйткені Ақ Сарбаз өзінің 49 ғұмырын есіне түсіріп, 
соның ішінде жерді тітіреткен атақты есімдерімен елдің бәрін 
таң қалдырып қойды ғой!
Алайда Ұстаз жер бетіндегі адамзат үшін өзінің барлық 
өмірін есіне түсіруге Ғарыш тек бір адамға рұқсат бергенін 
ескертеді. Қалған адамдар өзінің бұрынғы ғұмырларының 
кейбір фрагменттерін есіне түсіруі мүмкін. Бұның өзі сол 
адамның осы өміріне зиянын тигізуі ықтимал.
Мысалы, сізге осы өміріңіздің шығармасын жаз деп ақ парақ 
берді. Сіз болсаңыз жан қалтаңызды қопарып, бұрынғы өзіңіз 
жазған ескі шығарманы тауып алдыңыз делік. Мұндайда не 
болады? Әрине көп бас қатырмай көне шығарманы көшіре 
салуыңыз бек мүмкін.
Әр қайта туу – рухтың белгілі бір қырын шыңдайтындықтан, 
бір өмірінде ұлы ақын болған адамның келесі өмірінде ақын 
болуы шарт емес. Оған енді басқа өнерді меңгеруі керек 
болады.
Мен Ұстазды алғаш тапқанда Мұқағалиды сүйіп оқитынмын. 
Ұстаз болса менің көңілімді тап басып:
– Мен қайта туған Мұқағалиды көрдім! – деді, – қазіргі есімі 
Нұрмағамбет, 12-13-ке келіп қалды. Осы өмірінде де өлең 
жазады екен!
Аниса апамыз өзінің түсінде арыстандарға таланып 
жатқанын айтқанда:
– Көне Римде алғашқы христиандарды арыстандардың 
жемтігіне тастаған. Бұл сондағы ғұмырдың фрагменттері 
болуы мүмкін – деп апайды үрейлендіріп қойды.
Ұстаз сөз арасында байқамай айтып қалатыны болмаса 


133
кімнің кім болғаны туралы құпияны аша бермейді. Өйткені 
санасы жетілмеген адам бұрынғы ғұмырындағы комфортты 
армандап, осы өмірінен безіп кетуі мүмкін ғой!
Меніңше бұрынғы ғұмырында аты мәшһүр болған небір 
тұлғалар қазақ боп қайта туса материялдық тұрмысы жағынан 
бұрынғы өміріне жете алмайды. Өйткені қазақ болудың 
шарты бөлек. Алтыншы сатының халқы боп таңдалған халық 
өркениеттің барлық комфорттарынан бас тартып, түптің 
түбінде табиғатқа қайта оралуы керек.
* * *
«Ғарыш Заңдарының ішінде Құбылу Заңы төртінші орында 
тұр. Сол себепті 4 санының туу мен өлімге қатысы үлкен» деген 
Ұстаз сөзін ойлап отырсам, шынында да ақындарымыздың 
көбі 40 пен 50-дің арасында көз жұмған екен.
Адамзатты үлкен қырғынға ұшыратқан Бірінші және Екінші 
Дүниежүзілік Соғыстың басталу жылында да 4 саны бар...
Өлім дегеннен қорқудың керегі жоқ. Ол жанның бір күйден 
екінші күйге ауысуы. Дегенімен 444 нөмірлі көлік айдап 
жүргендеріңіз болса нөмірін ауыстыра салыңызшы.
Ғарыш Заңдары


134
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   109




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет