Ақ Сарбаз Әлемі. indd


ҒАРЫШТЫҢ 7 ЗАҢЫ ҚАЗАҚТЫҢ МАҚАЛ-



Pdf көрінісі
бет47/109
Дата19.01.2023
өлшемі3.4 Mb.
#61959
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   109
ҒАРЫШТЫҢ 7 ЗАҢЫ ҚАЗАҚТЫҢ МАҚАЛ-
МӘТЕЛІНДЕ:
1. ЭВОЛЮЦИЯ ЗАҢЫ
Туа білмейді, жүре біледі»
«Өнер көпке де жеткізеді
Көкке де жеткізеді»
«Ақыл – көпке жеткізер
Өнер көкке жеткізер»
«Ұстаздан шәкірт озар»
«Адам болар жігіт
Әуелі өз нәпсісін билейді
Сонан соң ауылын билейді
Сонан соң аймағын билейді»
«Өнерді үйрен де жирен»
Көре-көре көсем боласың
Сөйлей-сөйлей шешен боласың»
«Адал адамның аты арып, тоны тозбас»
«Еңбек – ширатады
Өмір – үйретеді»
2. КАРМА ЗАҢЫ
«Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер» 
«Бала өз напақасын өзі ала туады» (Жеке карма)
«Жігітті тоқтық қосады,
Тоқтық қоспаса жоқтық қосады» (Топ кармасы)
«Басқа пәле – тілден» (жаман карма)
«Қызға бергенді қыдыр өтер» (жақсы карма)
«Бермегенді беріп ұялт» (карма қарызын қайтару)
«Таспен ұрғанды аспен ұр» (карма қарызын қайтару)
«Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер»


135
Алдыңа келсе атаңның құнын кеш»
«Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді»
«Жолдасты жол айырады»
«Еріншекке шегіншек тап болар»
«Көшпелі елде ақың болса,
Көше-көше қасыңа келер»
«Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас»
«Жолдасын тастаған жолда қалар» (жаман карма)
«Қолы ашықтың – жолы ашық» (жақсы карма)
«Біреу жәбір етсе, сен сабыр ет» (жаман кармадан сақтану)
3. ИЕРАРХИЯ ЗАҢЫ
«Үлкен бастар
Кіші қостар» 
«Ата балаға сыншы» 
Алдыңғы арба қайда жүрсе,
Соңғы арба соңынан жүрер»
«Алғыға қарап пікір ет,
Артқыға қарап шүкір ет»
«Ел ағасыз болмас
Тон жағасыз болмас»
«Бас-басыңа би болсаң
Манатауға симассың.
Бір данаға жол берсең
Жанған отқа күймессің»
«Мың қосшыға бір басшы»
4. ҚҰБЫЛУ ЗАҢЫ
«Бұрынғының кісісі –
Бүгінгінің кішісі»
«Құдайдан бала сұрасаң – әке береді»
«Келмек – сүндет, Кетпек – парыз»
«Тумақ – сүндет, өлмек – парыз»
Ғарыш Заңдары


136
Ақ Сарбаз Әлемі
5. ҰҚСАСТЫҚ ЗАҢЫ
«Ата – бәйтерек.
Бала – жапырақ» 
«Қарайғанға қарап тал өсер
Қатарына қарап бала өсер»
Балапан ұяда не көрсе
Ұшқанда соны алады»
«Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер»
«Мал да иесіне тартады»
6. ЕРІКТІЛІК ЗАҢЫ
«Көңілім келсе – көлдеймін.
Көңілім келмесе – шөлдеймін» 
«Қазаншының еркі бар – қайдан құлақ шығарса 
«Бас кеспек болса да
Тіл кеспек жоқ»
«Теңін тапса тегін бер» 
«Алашағым кетсе де,
Айташағым кетпесін»
«Ұялмаған бұйырмаған астан ішер»
7. ҚҰРБАНДЫҚ ЗАҢЫ
«Малым – жаным садағасы
Жаным – арым садағасы»
«Адам боп туған соң
Адам боп өлу ләзім»
«Отан үшін отқа түс – күймейсің
Арың үшін алыссаң – өлмейсің»
«Тізерлеп жүріп күнелткеннен
«Тік жүріп өлген артық»
«Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ»
«Өз басыңды дауға берсең де
Жолдасыңды жауға берме»
«Ер жігіт ел үшін туады
Ел үшін өледі»


137
Әйел туралы
ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ
Тым таныс мынау аяулы өң
Жаныма нені көксетті
Мың түрлі сиқыр бояумен
Бейнеңді жазғым кеп кетті!
Мұра ғып мәңгі ізімді
Әкетпей тұрып ажал, дем
Джоконда-сынды жүзіңді
Да Винчи құсап жазар ма ем!


138
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   109




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет